Үшінші «Б» заңы БЕЛСЕНДІЛІК Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығы Ата-аналар жасайтын төрт негізгі қателік
бет 11/24 Дата 31.01.2022 өлшемі 3,98 Mb. #116635
Байланысты:
1 сын ата аналар жиналысы Үшінші «Б» заңы БЕЛСЕНД ІЛІК Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығы Ата-аналар жасайтын төрт негізгі қателік
Бірінші қателік:отбасы мен мектеп арасындағы әрекеттердің келісілмегендігі
Мектептегі келіспеушілікті бала бар жерде талқылауды доғарыңыз. Мұғалімдер туралы теріс пікірлерге жол бермеңіз. Мектеп әкімшілігі мен психологтардың , мұғалімдердің ұсыныстарын елеусіз қалдырмаңыз. «Мектептен де басқа маңызды шаруалар бар» деген ұстанымды ұстанбаңыз.
Мектепке келу мәселесі «жайғдайдан жағдайға» ұласып не болмаса төтенше жағдайдың болуына байланысты сиреп кетпеуін қадағалаңыз.
Ата-аналар жиналысын және өзге шараларды елеусіз қалдырмаңыз.
Мектеппен қарым-қатынасыңыздың ауық-ауық және сирек болуының нәтижесі балаңыздың өмірі , оның достары мен қызығатын нәрселері , неге еліктейтіні жайлы өте аз білетініңіз болмақ.
Мұның барлығы түсініспеушіліктің көбеюі, ұстаздың, бала мен ата-ананың бір-бірінен алшақтауы мен ата-ананың ұстаздық мәдениетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.
Осының салдарынан бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаз көптеген қателіктер жіберуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: