4. «Иттен қорқудан қалай ұялмайсың?", «Әкеңе ашулануға қалай дәтің барды?".Ашу, қорқыныш, өкпе сияқты сезімдерге тиым салынады. Бұл сезімдер тұлғаның жан тыныштығын бұзатын күшке ие. Нәтижесінде адам өзінің сезімдерін сөзбен жеткізе алмайды.
5. «Болмашы жараға бола". Баланың түйсінуін елемеу. Болашақта қауіпсіздікке деген қабілетін жоғалтатын баланың физикалық ауруын, ауруды сезінуін ата-ана елемейді. Нәтижесінде дене-бітімін бақылауды жоғалтады (оның бір көрінісі ретінде – семіру)
6. «Сенен бәрібір түк шықпайды!"Баланың жетістікке жетуіне сенімсіздік. Бала еңбекқор және ынталы болса да ол өзінің жеткен жетістіктеріне лайық емеспін деп санайды. Балаға деген осындай қарым-қатынастың себебі ата-анадағы жасырын қызғаныш болуы да мүмкін.