Отбасылық Тәрбиелеу Институты, Астана қ. ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет17/24
Дата31.01.2022
өлшемі3,98 Mb.
#116635
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
1 сын ата аналар жиналысы

Ата-ананың негативті әдеттері


7. «Менен басқа ешкімге сенбе!", «Менен басқа саған кім шынын айтады?". Берілген бұл тіркес, баланы басқа адамдарға сенбеуге, кез-келген жақын қарым-қатынас ол үшін қауіпті деп санауға үйретеді. Нәтижесінде: адам өзгелерге сенуге болатынын анықтай алмайды, өтірікті сезінбейді немесе керсінше барлық нәрсеге күдікпен қарайтын болады.

8. «Өзің жасама қауіпті!", «Өзім жасаймын", «Әкел, мен көмектесейін", «Өзің жасама, мені күт! ". Ата-аналар ең кенже баласына немесе кеш туған баламен осылай сөйлеседі. Нәтижесінде: кез-келген жұмыс бастамасында қорқыныш сезімі пайда болып , кез-келген жұмысты артқа қалдыруды әдетке айналдырады. 9.«…ұқсауға тырыс (мәселен, «Сен бұдан да жақсы жасай аласың ", «Өз мұратыңа талпын!"). Бұл тіркестерде ата-аналар көңіл толмаушылықпен, балаларының басқа балалардан асып түсуін қалайтын ниетпен айтады. Нәтижесінде: адам өз-өзіне үнемі көңілі толмайды. Мұны түзетуші әрекет: Адамды нақты нәтижеге бағыттау, Әділ және оң баға беру.



10. «Сен сондай нәзік болсаң да тоқсанды жақсы бағамен бітірдің". Бала денінің сауығатынына сенбейді, оның өзін жақсы сезінуіне нақты тиым салынады. Ол ауруға таңылып тәрбие алады. Бала оған тек оның ауруының арқасында көңіл аударылатынына үйреніп алады, ал кез-келген әңгімеде ең басты екпін сырқатқа жүктеліп айтылады. Ол өзіндік бағасын көтере отырып өзгелердің өзін кінәлауын дамыта расымен де өзін жайсыз сезінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет