БЕСІНШІ КЕҢЕС: балаға құрдастарымен қарым-қатнас құрып, өзін сенімді сезінуіне көмек беріңіз
Баланы адамға үйірлігі үшін мақтаңыз, оның мектептегі жаңа таныстықтары үшін қуанғаныңызды айтып білдіріңіз.
Балаңызбен құрдастарымен қарым-қатынастың тәртібі жайлы сөйлесіңіз, өз балаңыздың өзгелерге көз тартарлық болып көрінуіне көмек беріңіз.
Балаңызды достарына көрсете алуы үшін жаңа ойындарға үйретіңіз.
Жай ғана шай ішуге балаңыздың сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз, ал кішкентай қожайын қонақ күтуді үйренеді.
Балаңыздың мектептегі жолдастарының назарын қымбат ойыншықтар мен киімдермен сатып алуға тырыспаңыз. Бұлай балаңыз өзгелерге керек болуды үйрене алмайды. Мұндай жағдайда қызыңыз немесе ұлыңыз сыныптастарының тарапынан қызғаныш пен көреалмаушылық сезімдеріне тап болуы ықтимал.
Өзіне сенімді және көпшіл бала кез-келген жағдайға тез бейімделеді.