Үшінші, баланың мектеп ортасына үйренгендігінің ең маңызды белгісі сыныптастары мен мұғаліммен тұлғаішілік қарым-қатынастан қанағаттануы болып табылады
Үшінші,баланың мектеп ортасына үйренгендігінің ең маңызды белгісі сыныптастары мен мұғаліммен тұлғаішілік қарым-қатынастан қанағаттануы болып табылады.
Ата-аналар балаларын мектептен кеш келетіндігі үшін, оған достарының себепсіз телефон соғатыны үшін, оның көп уақыты серуендеумен өтетіні үшін жиі сөгіп жатады.
Алайда, осы кезеңде бірінші сынып оқушысы белсенді түрде қарым-қатынас орнататынын, балалар арасында өзінің орнын іздейтінін, өзге балалармен бірге іс атқаруды үйреніп және олардың өзіне деген көмектерін қабылдауды үйренетінін ұмытпағанымыз жөн. Және осындай күрделі жұмыста оған көмек қажет!
Баланың әлеуметтік рөлдерді бөлу кезінде кандай текшеге орнығатыны оның мектепте білім алуы қаншалықты сәтті өтетініне байланысты.
Есімізге алайық, «сараң», «білгішсымақ» деген таңбадан құтылу қандай қиын, бір кездерде кішкентай баланың өзін лайықты деңгейде ұстай алмағаны үшін жасөспірім шағында көптеген мәселелер туындайды.