Отбасындағы дау- дамайлар, олардың бала тәрбиесіне тигізетін теріс әсері.
Отбасындағы дау-дамайлар ерлі -зайптылар, ата -ана мен балалар, орта буын мен аға буын , балалар арасында болып тұрады. Дау- дамайлар жақсы отбасында да болып тұрады. Сондықтан оның дұрыс шешу жолдарын білу қажет.
Дау-дамайлар - отбасында адамдардың көзқарастарының, қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің қарама- қайшы келу барысында туындайтын келіспеушіліктер.
Дау-дамайлар дауласу,жанжалдасудан басталып, дау-дамайлық жағдаятқа ауысады. Егерде осы кезде алдын алу, үдетпей тоқтату жолдары қарастырылмаса , онда даудамайға ауысып қыза түседі. Ең қызған кезі инцидент деп аталады.
Дау-дамайлардың жиілігіне, тереңдігіне қарай В.Торохтий отбасның төмендегідей түрлерін белгілеген: кризисті, конфликті, проблемалы және неврозды (В. Торохтий).
Кризисті отбасы-тбасының өмір сүру жағдайында қажеттіліктердің, қызығушылықтардың қарама-қарсы келіп шиеленіске айналуы. Ерлі -зайыптылар бір біріне өшігіп қарсы тұруларымен сипатталады
Проблемасы бар отбасы-бас пананың болмауы, бір адамның аурушаңдығы, материалдық жағдайдың төмендігі, бір адамның қылмыс жасап сотталуы т.б. проблемалар болып тұратын отбасылар. Мұндай отбасында қарым- қатынастар бұзылып, психикалық ауруға шалдыққандар жиі кездесіп тұрады.
Неврозды отбасылар-бұл отбасы түрлерінде тұқымқуалаушылық арқылы пайда болған аурулармен ауыратын адамдар кездеседі, отбасындағы басым алған қорқыныш сезімдері, ұйқының бұзылуы, агрессия көрсету т.б. тән отбасылар.
Дау-дамайлы отбасылар. Отбасында жағымсыз эмоциялар көп орын алған, жиі-жиі ұрыстар, кікілжіңдер болып тұратын отбасыларды жатқызуға болады. Дау-дамайлар бастауы отбасындағы даулардан, келіспеушіліктерден басталып, дау-дамайлар жағдайларына ауысады.Ғалымдар отбасындағы дау-дамайларды төрт түрге бөледі: тұлғаның өзімен өзі,тұлғааралық, тұлға мен топ арасындағы, топтар арасындағы. Дау-дамайлардың жалпы мәселелерін зерттеген (В.Шуман), балалардың жастарына байланысты кризистерді (И. Кон), ерлі-зайыптылардың арасындағы дау–дамайлардың бала тәрбиесіне ықпалы (А. Ушатиков, А. Спиваковская) т.б.Отбасындағы негізгі дау-дамайлар ерлі-зайыптылар арасындағы кездесетін дау-дамайлар. Олардың пайда болу себептері орындалмаған қажеттіліктер арқылы белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |