I . ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Отбасылық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне теориялық шолу
Отбасылық қарым- қатынастың маңызы. Өмір есігін ашысымен кез-келген адам қандай да бір қоғамға келіп түседі. Ол сол қоғамда өсіп, өркендеп, қалыптасып әрі сонда өледі. Адамның дамуына көптеген факторлер оның ішінде биологиялық және әлеуметтік факторлер әсер етеді. Тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды фактор ол - отбасы. Отбасыда қанша адам бар екеніне, отбасыдағы адамдардың қарым-қатынасына байланысты т.с.с. отбасылар әртүрлі болады. Отбасыда адам өзінің әлемге өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Отбасыдағы қарым-қатынас адамның болашақ өмірін қалай жасайтынын, қай жолмен жүретінін айқындайды.
Әрбір баланың өмірінде ата ананың орны ерекше. Олар балаға жүріс тұрыстың жаңа үлгісін береді. Солардың көмегімен ол өзін қоршаған әлемді таниды. Ол барлық іс әрекетінде соларға еліктейді. Бұл тенденция баланык ата анасымен арасындағы жағымды эмоционалды байланыстардың арқасында күшейе түседі. Бала әкесі мен анасына ұқсауға тырысып бағады. Балаға үйреткісі келетін барлық адами қасиеттерді өз әрекеттерімен тырысатын болады. Бұндай тәрбие процессін саналы деп айтуға болады. Себебі басқа адамдармен қарым қатынас кезінде өзін өзі қадағалау отбасыға үлкен мән беру баланы қолайды жағдайларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осындай отбасыда бала жан жақты болады.
Отбасы ересектерге бала тәрбиелеу арқылы ғана ықпал етпейді. Отбасыда әртүрлі ұрпақ өкілдерінің ара қатынасы үлкен роль атқарады. Отбасы кішкентай әлеуметтік топ болғандықтан, өзінің мүшелеріне ықпалын тигізеді. Олардың әрқайсысы жеке ерекшеліктерімен өздерінің жүріс тұрыстарымен отбасы өміріне әсер етеді. Бұл кішкентай топтың жекелеген мүшелері, оның басқа мүшелерінің рухани құндылықтарының қалыптастыруына және бүкіл өмірлік қағидаларымен мақсаттарының қалыптасуына ықпал ете алады.
Отбасы тұлғаның дамуында үлкен маңызы зор. Оған туысқан, жақын адамдардан тұратын кішкентай топтың өміріне араласа алмайтын бала яғни отбасысы жоқ бала көп нәрсені жоғалтады, әсіресе бұл отбасыдан тыс балалар үйінде немесе сол сияқты жерлерде тәрбиеленіп жатқан кішкентай балаларда қатты байқалады. Бұл балаларда тұлғалық даму отбасыда тәрбиеленіп жатқан балаларға қарағанда өзгеше болады. Бұл балалардың ақыл-есімен әлеуметтік дамуы кешігіп жатады, ал эмоциялық дамуы тежеліп қалады. Ересек адаммен де дәл осындай жағдай болады. Жекелеген қатынастардың аз болуы жалғыздықтың болмысы болып келеді. Ал бұл көптеген теріс құбылыстардың көзіне айналып тұлғаның күйреуіне әкеліп соғады.
Көптеген адамдардың жүріс тұрыстарына басқа адамдардың қатынасы әсер ететіні бегілі. Көптеген адамдар басқа адамдардың көзінше өздерін жеке қалған кездегіден өзгеше ұстайды. Егер адам достық қатынасты сезетін болса, ол адамда осындай әрекеттерге деген стимул пайда болады. Ал ол өз алдына қоршаған адамдардың қолауын тауып оған жақсы жағынан көрінуге көмектеседі. Егер адам қастық қатынасты сезетін болса, ол адамда қасарысушылық пайда болады. Ол бар күшін салып қасарысатын болады. Жақсы тәрбие көрген адам бұндай қастықты саналы күрес арқылы жеңеді.
Достық қарым-қатынас орнаған кішкентай топтарда, коллективтің тұлғағаға үлкен ықпалын тигізеді. Бұл әсіресе рухани құндылықтардың қалыптасуында, жүріс-тұрыс үлгілерінің, адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуынан көрінеді. Отбасы кіші топ ретінде өзінің ерекшелігінің арқасында өзінің мүгешелерінің эмоциональді қажеттіліктеріне жағдай жасайды. Ол адамның қоғамға қажет екенін сезінуне, сол арқылы басқа адамадарға көмек көрсеткісі келетін сезімдердің оянуына көмектеседі.
Ата-ананың ролі жан-жақты. Ата-ана баланың өмірлік позициясын таңдауына ықпалы зор болғандықтан, үлкен жауапкершілікке ие. Баланың дүниеге келуі және оның дамуына қажетті заттармен қамтамасыз ету отбасылық өмірдің қандай да бір ұйымдасқандығын талап етеді. Баланы асыраудан басқа, ата-ана баланың тұлға болып қалыптасуында да ролі жоғары. Баланың гармониялық дамуы тек ата-ананың әрқайсысы белсенді әрекетімен және қатысуына ғана байланысты емес. Олардың тәрбиелеу кезінде бір-бірімен бір келімге келулеріне байланысты.
Ата-ана бір ымыраға келмей баланы әрқайсысы өз жақтарына тартқылайтын болса, бала ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай есі шығады. Онымен қоймай ата-ана арасындағы ымыра бұзылып, ұрсысып жатса, оның үстіне бұның бәрі соның кесірінен болып жатқан күнде естіп жүретін болса, ондай бала өз өзіне деген сенімділікті жоғалтып алады. Бұндай жағдайда ол өзін қауіпсізмін сезінбейді. Бұдан келіп балалық үрей туады. Бала қорқақ болып, тіпті жүйке ауруна шалдығуы мүмкін. Бала үшін отбасы мүшелерінің ара-қатынасы өте маңызды. Әсіресе ересектердің оған деген қарым-қатынасы қандай екенін сезіну ерекше маңызды.
Ата-ананың балаға деген эмоциональді қарым-қатынасының сипатын ата-аналық позиция деп атауға болады. Бұл фактордың басымдықтан бастап толық бей-жайлыққа дейін бірнеше вариациялары бар. Оларды балаға үнемі телу де, балаға мүлдем қармай қою да балаға зиян. Бала саған өз тарапынан жылылық көрсеткісі келген ата-анаға баламен қатынасты дұрыстап алу өте маңызды. Баланы тым еркелетіп те, тым өзіңнен алыстатып та қажеті жоқ. Баламен арадағы қарым-қатынас еркін болу керек. Бала шынымен нені қалайды соны түсінуге тырысу қажет. Және сол қажеттіліктерді беруге ұмтылу керек. Балаға тек бұйрық беріп, немесе тек оның айтқандарын істей бермеу қажет. Белгілі бір деңгейде оған еркіндік яки тәуелсіздік беріп, дұрыс емес жақтарын көрсетіп отыру қажет. Баламен ортадағы қатынастың бұзылғанын шамадаг тыс агрессивті болудан немесе баланың мінез-құлқын толық түзеуге күш салудан байқауға болады.
Өте ерте жастан бастап баланың даму прцессінің дұрыс болуы бірінші орында ата-ананың мейіріміне байланысты. Кішгкентай бала ата-анасынан ойлауды, сөйлеуді, түсінуді, өзінің реакцияларын қадағалауды үйренеді. Ата-анасының тұлғалық үлгілерінің арқасында ол басқа отбасымүшелерімен қалай араласк керек екенін үйренеді. Қалай жақсы көру керек, кімнен аулақ болу керек, кіммен санасу керек, кімге өзінің симпатиясын я болмаса антипатиясын көрсету керек, қай кезде өз реакцияларын ұстап қалулары керек деген сияқты қатынастарды бала бірінші орында ата-анасынан үйренеді.
Отбасы баланы қоғамда болашақ жеке өмір сүруге дайындайды. Ол рухани құндылықтарды, моральді нормаларды, жүріс-тұрыс үлгілерін, салт-дәстүр, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның мәдениетін дәл осы отбасыдан үйренеді. Ата-ананың келісіліп жасалған тәрбие тәсілдері баланы аламгершілік қасиеттерге сай өзінің сезімі мен әрекеттерін басқара алуға үйретеді. Балада құндылықтар әлемі қалыптасады. Бұнлай жан-жақты дамудың барысында ата-ана өздерін үлгі ретінде көрсету арқылы балаға үлкен көмек көрсетеді. Алайда кейбір ата-ана өздерінің балаларының жүріс-тұрысын қиындатып, тежеп, тіпті бұзылуына себеп болып жатады.
Тұлғалық үлгі ата-ана болған отбасыда тәрбиеленген бала келесі әлеуметтік рольдерге дайындық алады: әйелдер немесе еркектер, әйелі неме күйеуі, ана немесе әке. Онымен қоймай әлеуметтік қысым өте күшті. Балаларды әдетте оның жынысына қарай мақтайды, ал ұрсіанда қарсы жынысқа зиян тигізгенде даттап, ұрсады. Дұрыс жыныстық тәрбие, өзінің жынысына тән сезімнің қалыптасуы тұлғаның ары қарай дамуының бірдін бір негізі болады. Дұрыс мақтау, қолпаштаулар көрсету арқылы адамды тұлға ретінде тез қалыптасуына себеп болуға болады. Егер балаға жазалау керек болатын болса онда оның намысына тиіп кетпейтіндей әділ жазалау қажет. Бала ата-анасы жазадап жатқан кезде не үшін жазалап жатқанын өзі түсінуі қажет. Егер баланы тым қатты жазалап қойса балада қорқыныш немесе ашу сияқты сезімдер пайда болуы мүмкін. Балаға қол жұмсалатын болса онда балада кез келген ұнамсыз нәрсені күшпен жеңуге болады екен деген теріс пікір қалыптасуы мүмкін.
Баланың жүріс-тұрысы көбіне үйдегі көрген тәрбиесіне байланысты болады. Осылайша, ересектер тарапынан көретілегн теріс яки дұрыс қатынас балада өзін өзі бағалауы қалыптасады. Өзін өзі бағалауы төмен балалар өздеріне көңілі толмай жүреді. Бұл ата-ана көп ұрсып баласының алдына тым жоғары мақсаттар қоятын отбасыларда болатын жағдай. Онымен қоймай ата-анасының бір-бірімен тіл табыспай жүргендерін көрген бала, оған өзін кінәлайды.
Нәтижесінде өзін өзі бағалауы төмендеп кетеді. Бұндай бала өзін ата-анасының қалауына мүлдем сәйкес келмейтін сияқты сезінеді. Бірақ тым тәкәппарлық деген де проблема бар. Әдетте тәкаппар балалар не бүлдірсе де бәрән аузына тосып, мүлдем жазаламайтын отбасылардан шығады. Өзін дұрыс бағалай алмайтын бала кейін өзіне де маңайындағыларға да қиындық тудырып жатады. Сондықтан да ата-ана өз балаларының бойында қалыпты бағалаудың қалыптасуына тырысу керек. Бұд жерде жазадау мен мақтауда сақтық танытқан жөн болады. Баланың көзінше таң өалып тым мақтауға болмайды, және тым қатал жазаны да қолдануға да болмайды.
Өзін өзі бағалаумен қатар ата-ана талаптану деңгейін де береді. Талаптың жоғары деңгейіне ие, өзін өзі бағалауы тым жоғары балалар тек жеңісті ғана көздейді. Ал егер жеңіліп қалса ол оларға үлкен психикалық соққы болады. Ал талабы төмен оған өоса өзін өзі бағалауы да төмен балалар болашақта да осы шақта да ешнәрсене ұмтылмайды. Олар алдарына жоғары мақсаттар қоймайды. әрдайым өздерінің мүмкіндіктеріне күмәнданып жүреді. Жеңілісті оңай қабылдайды, бірақ сөйте тұра өмірде көп жетістіктерге қол жеткізеді.
Әрбір отбасыда тәрбиенің қандай да бір түрі қалыптасады. Көбінеки отбасыларда әлі толық жетілмеген тәрбие жүйесі қалыптасқан. Тәрбиенің мақсатын түсіну , тәрбиенің түрлерін түсіну, баланы тәрбиелегенде не нәрсе болады не нәрсе болмайтынын білу керек. Ол үшін отбасыдағы тәрбиені төрт тактиға бөлуге болады . Сонымен бірге отбасылық қарым-қатынасқа жауап беретін төрт типке бөлеміз: диктат яғни артықшылық, қамқорлық, «араласпау», серіктесіп бірігіп істеу.
Балалардың беделі мен ынтасын үнемі түсіре беруі отбасыда диктатты бар екенінің белгісі. Әрине ата-ана тәрбиелеу мақсатында өзінің баласына әртүрлә талаптар қоюы керек. Алайда ол талаптардың ішіндегі асыра сілтеушілікке бала екіжүзділікпен, өтірік айтумен, дөрекілік көрсетумен, тіпті кейде ащық түрде жек көретіні көрсетумен қайтаруы әбден мүмкін. Бірақ қарсыласу әлсіз сипатта болса онда ол баланың бойындағы өз өзіне деген сенім, ынталылықтың жойылуы, дербестік сияқты барлық жақсы қасиеттердің де жойылып кету қаупі төнеді. Бұл жағдай тұлғаның сәтсіз қалыптасуының кепілдігі болады.
Отбасыдағы қамқорлық дегеніміз ата-ананың баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс істеп, баланы қандай да бір болмасын қиындықтардан қорғап бала үшін жанын беруге даяр қарым-қатынас жүйесін айтады. Тұлғаның белсенді түрде қалыптасуы туралы мәселе екінші орынға кетеді. Ата-ана балаларының үйдің сыртындағы шындыққа дайындық процесін гектен тыс қамқорлығымен жауып тастайды. Бұндай шектен тыс қамқорлық, тығыз эмоциональді қатынаста шектен тыс баланы қадағалау гиперқамқорлық деп аталады. Ол баланың енжар, тұйық, өздігінен еш нәрсе істей алмайтын болып өсуне жағдай жасайды. Бұған қарама-қарсы гипо қамқорлық деген ұғым бар. Ол дегеніміз атаөананың бала тәрбиесіне қалай болса солай қарап, өз бетімен жіберуі. Бала ойна келгенді істеп жүре беруге мүмкіндік алады. Нәтижесінде өскен кездерінде ондай балалар ешкімді силауды білмейтін, өздері силауға татымайтын өзімшіл, міншіл онымен өоймай, өзінің тілегін орындауды талап еткіш болып шығады.
Балалардың ата-анасыз, ата-ана балаларсыз дербес өмір сүуге болады деген отбасыда тұлғааралық қатынас жүйесі «аралспау» тактикасынан пайда болуы мүмкін. Бұл жерже екі әлем болуы мүмкін деп қарастырылады. Яғни бала және ересек әлемі. Екеуі бір бірінің шекарасынан аспау керек. Ара қатынастың бұл типінің негізінде ата-ананың тәрбиеші ретінде енжар болуы жатыр. Бірлесіп, ақылдасып істеу деп отбасыда тұлға аралық қарым-қатынаста ортақ мақсат пен міндеттер қойып оны ұйымдастыруды айтады. Дәл осындай жағдайда ғана баланың өзімшілдігін жеңуге болады. Ара қатынастың ең жоғары типімен тәрбиелеп жатқан отбасы өте жоғары деңгейде дамыған топ болады.
Көптеген ата-ана балаларының өтпелі кезеңін қорқынышпен күтеді. Кейбір балаларда бұл кез мүлдем білінбей өтіп кетеді, ал біреулерде кәдімгідей қиындықтар туады. Жақында ғана тіл алып тып-тыныш жүрген бала аяқ астынан ашуланшақ, маңайындағылармен қақтығысқа түсе беретін болып кетеді. Бұл ата-ана мен мұғалімдерде ойланбай теріс әрекет жасап қоюына түрткі болады. Олар балаға дегенімізді істетеміз деп қатты қателеседі. Егер күшпен көндірмек болсаңыз жағдай мүлдем ушығып кетеді. Бала бұндай жағдайда ересектерден қашып кеткісі келеді. Өтпелі кезеңде бала ата-анадан оның таусылмас қамқорлығынан құтылғысы келеді. Ата-ананың махаббаты мен қамқорлығына мұқтаж болса да дербес болғылары келеді. Бұл қиын кезең өткеннен кеін қарым-қатынас ары қарай қалай дамитыны дұрыс тәрбиеге байланысты. Ата-ана баласының ересекпін деген сезімін қабылдауы керек.
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады.Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.
Отбасы – ежелден қалыптасып ғана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды.Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады. Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б зерттеу.
Соның қарым-қатынасындағы негізгі объект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді. Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік кезең. Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн, Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон, Дубровина зерттеді, ал жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Г.П. Гаврилова, Т.В. Драгунова, ал танымдық эмоциялық- еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский, жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы В.В Баруалкина, тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Е.Г. Дозорцева сияқты ғалымдар зерттеді.
С. Холл бойынша отбасыдағы жалғыз бала ерке бала болып өседі. Жалғыз бала дамуындағы ерекшелік ол ұзақ уақыт бойы үлкендермен өте жақын қарын-қатынаста болады. Бұл бала үшін оңай емес. Бала көп жағдайда өзінің әлсіздігін пайымдауы мүмкін.
Нәтижесінде өзіне деген сенімін жоғалтады. Жалғыз бала ата-анасының көз алдында өседі. Егер оның қолынан бір нәрсе келмей жатса оған тез арада көмек береді. Ал егер үлкен отбасыда бала түймені қадай алмаса он рет немесе бірнеше рет қайталу барысында үйренеді. Отбасыдағы жалғыз баланың бір ерекшелігі олар өзімен жасты балалармен жақын араласа алмайды. Және де өзінде қайталанбас құнды деп санайды.
Олар өзімен құрдас балалармен қалай сөйлесу керектігін біле бермейді. Отбасысының суретін салғанда туысқан апа інілерін салып қояды. Бала ата-аналарының өзіне деген қатынасын сезінеді. Көп балалар көмек беріп, серік болып өседі. Бірінің білмегенін бірі айтып, қол ұшын беріп, қолынан келгенін аямайды, өзінен үлкеннен үлгі -өнеге алып, соған ұқсауға тырысып бағады. Ал үлкендері кішіге ізет көрсетіп оларды жетелейді. Өзін бауырлары үшін жауапты сезінеді. Осындай даму жағдайында белгілі бір мінез қырлары өмірге деген көзқарасы қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |