Тыйым сөздер.
Сапарға шықпайды;
Ешкіммен ренжіспейді;
Жаман,
блапыт сөздер айтпайды;
Жаман қылықтар көрсетпейді.
Шаш, тырнақ алмайды.
Іс тікпейді, Кір жумайды
Наурыз дастарқанын мол етіп жасаса,
келер жыл ырысты, берекелі болады деп
болжаған.Қазақ халқының ұлттық тағамдары: бауырсақ, шелпек, қатық, жент, наурыз
көже т.б (слайд арқылы суреттерін көрсету)
- Міне осындай керемет көктемде, табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi,
жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады.
Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп,
адам баласына құт-береке, бақ-дәулет
сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы
даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем
төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап,
ұлттық
салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, Ұлы күнiн тойлайды. Ендеше балалар, бүгінгі
«Наурыз»
мерекелеріңіз құтты болсын,аспанымыз ашық, деніміз сау,бейбітшілік болсын!
Енді балаларымыздың өнерлерін паш етейік.
Балалар:
- Армысыздар халайық! Әркез аман болайық. Наурыз тойын қуанып.
Жылды бір қарсы алайық! Балалар: Наурыз күні той думан Ортамызды ашайық Ән мен
күйді төгілдіріп Інжу маржан шашайық Балалар :Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Балалар: Наурыз тойы салтымыз
«Көгерсін»
деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Балалар: Наурыз тойы-елдің тойы,
Көктем тойы- төлдің тойы.
Ән айтамын күні бойы,
Жақсы көрем Наурыз тойын.
Балалар:
Ата-бабам тойлаған Наурызым армысың Қызығына тоймаған Дархан дала,
қырлы шың
Балалар: Жақсылыққа бас болып Алдымызға ас болып Келген Наурыз құт болсын Берері
тағы мол болсын! Балалар : Наурыз келді балалар Көктемді қыр
жағалар Наурыз тойын
тойлайық Жаңа жылды қарсы алайық Балалар: Ал, балалар ойнайық Ойнайық та, ойлайық
Күні, түні он үш күн Наурыз
тойын тойлайық
Қыздардың орындауында «Қамажай биі».
Ұлттық ойындарды дәріптеу.
« Арқан тартыс» ойынын ойнату. «Қол күрес» ойыны.
Барлығымыз бірге «Қара жорға» биін билейік.