Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Бірлестік орта мектебі
«Менің тұңғыш Президентім»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің
25 жылдығына орай өткізілген ашық тәрбие сағаты
Өткізген: Оспанова Ш.С.
2016-2017 оқу жылы
Сыныбы: 5
Күні: 28.11.16
Мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, туған жарге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: портреттер, фотосуреттер, еліміздің рәміздері, Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары, презентация, бейнеролик.
Барысы:
Кіріспе сөз: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз. Тәрбие сағатымызды ҚР Мемлекеттік Әнұранымен бастауға рұқсат етіңіздер. (Оқушылар Әнұранды орындайды)
Мұғалім: Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір-бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан, аққуы ұшып, қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел болыпты. Жаны таза, жүрегі адал паң даланың иесі, сұлу сөзбен садақ иген, ешкімге ұқсамайтын, дара болмысты мұндай халық жер бетінде болмаса керек. Тағдырдың тар жол тайғақ кешуіне дес бермеген қажыр-қайраты, қаһармандығы, адалдығы, бірлік-берекесі біте қайнасқан ерекше қасиетімен әлем жұртын назарына аударыпты. Бақыт деген құстан қайда барып тұрақтайсын десе ынтымағы жарасқан елге деген екен. Ал, бақыт құсы бұл елден ешқайда кете алмапты. Ендеше балалар осы бір құпияның сыры неде, бұл қай ел екенін бәріміз бірдей іздеп көрейік. Елбасының балалық шағынан үзінді.
Көрініс:
Таңертеңгі шайдың кезі
Нұрсұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.
Анасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)
Нұрсұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төмен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығағарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.
Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен. (Анасы баласына ақ батасын беріпті)
Мұғалім: Иа балалар, анасының жорыған түсі дәл келіп, бүгінде аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ-дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті. Ендеше балалар бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына арналған «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында өтпек. Сөз кезегі балалар өздеріңде.
Мұғалім: Ендеше балалар бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына арналған «Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде» тақырыбында өтпек. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз мектеп директоры Бекмағанбетова Бағила Құдайбергенқызына беріледі.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік! Сөз кезегі оқушыларда. (Оқушылар өлеңдерін оқиды.)
Алихан: Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!
Әли: Әнге толсын барлық қала ауылдар,
Қағылсын бір барабандар, дабылдар.
Елбасының туған күнін ардақтау.
Бәріміздің борышымыз, бауырлар!
Ерсін: Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір құрайықшы салтанат
Басшымыздың бүгін туған күні деп!!!
Айзада: Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы!
Дильназ: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз!
Ақжол: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Диас: Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Ниязбек: Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
Айбек: Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
Әбілмәнсүр: Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
Бекжан: Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Бахтияр: Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып!
Оқушылар хормен: Тұңғыш Президент күні баршамызға құтты болсын!
Мұғалім: Назарбаев – әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі. Бәріміз жақсы білетін Назарбаев, міне, осындай адам. Елбасының өмірбаяны, еңбек жолы. (презентация)
Мұғалім: Елбасы ата-бабалардың төрт аманатын көзінің қарашығындай сақтап, қорғап, әлемге танытуға күш салып, еңбек етуде. Ол аманат-Ел, аманат-Жер, аманат-Тіл, аманат-Тәуелсіздік. Осы аманатқа адалдық көрсетіп, бүкіл Қазақстан халқының тағдыр-талайын жауапкершілікке алуы. Сондай-ақ еліміздің 25 жылдағы қол жеткізген жетістіктері Елбасының атқарған еңбегінің көрінісі. Жылдар сөйлейді.
Дильназ: Елдің, халықтың сенімін, үмітін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті жаны Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетті құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін, нағыз патриот қана атқара алады. Балалар Елбасымызды тағы да қандай қырынан танимыз? (Оқушылар флипчарт толтырады)
Біз білетін Н.Назарбаев - ол
Ұлағатты әке
Мейірімді ата
Өнер иесі
Жазушы
Ұлтжанды азамат
Ақын
Әнұранның авторы
Қазақстан Республикасының президенті
Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасының бас қолбасшысы
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы
Елбасы оқушы көзімен…
Дильназ: Елбасының аз ғана жылдарда адам айтса нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа аңыз болып жетері сөзсіз. Аумалы-төкпелі, алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақтың, үш ғасыр бодан болған елдің тізгінін Нұрағаңдай азаматтың ұстауы- Алланың халыққа берген сыйы еді. Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жетті.Осы жылдарда біз Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін айқын таныдық.
Ерсін: Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, текшіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, өз елім менің – өзегім дейтін Азамат.
Айбек: Н.Назарбаев – адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер.
Әбілмәнсүр: Назарбаев – әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.
Ән: Нұр аға
Мұғалім: Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз, — елдігіміз үшін мақтанғанымыз. Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Н.Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Дені сау, ел-жұрты аман болсын. Халқының мерейі үстем бола берсін. Қазақстанымыз қарыштай берсін. Асқақтай берсін азаттықтың Астанасы. Бүкіл түркі дүниесінің, Алты алаштың айбары мен қорғаны болып отырған Елбасына Алла ұзақ ғұмыр берсін! Есейген еліміз, еңселі еріміз аман болсын. Талай халықаралық жобаларды табыспен жүзеге асырып келе жатқан Қазақстанымыз ендігі жерде нұры тасып, абыройы аса берсін! Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан Қазақ елі - күн сайын емес, сағат сайын өсіп, Өмір — атты дауылды теңізде, Нұрсұлтан - атты кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде жүзіп келеді. Осымен оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |