Өткізген: Солтүстік Қазақстан облысы



бет1/4
Дата06.07.2018
өлшемі1,43 Mb.
#47839
  1   2   3   4
Өткізген:Солтүстік Қазақстан облысы

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан

Новоишим қазақ орта мектебі

Тарих және география мұғалімі Дүйсенбин Ерболат Байтасұлы

Тақырыбы: 1950-1980жылдардағы толқулар,қозғалыстар және көтерілістер

Мақсаты:1.1986жылғы желтоқсан оқиғасының  тарихи

                  маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.

               2.Оқушылардың қосымша құжаттарды меңгере отырып, өздігінен

                 ізденіп, білімдерін толықтыру.

               3.Жасақшылардан қайтпаған, қаймықпаған желтоқсаншылардың ерлігін үйрете отырып, жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентациялар,рефераттар,саяси карта,

                       газет-журналдардан мақалалар

Сабақтың түрі: ақпараттық-коммуникативтік сабақ   

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы , қазақ әдебиеті ,география  пәндері

                                 Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй жұмысын тексеру

- 1950-1960жылдары Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары болды?

- Мыс қорыту зауыты қай қалада орналасты? /Балқаш/

- Тың игеру қай жылы басталды?Қай облыстарда жүргізілді?

 /1954ж.Ақмола,Көкшетау,Қостанай,Павлодар,Солтүстік Қазақстан,Торғай/

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру

                                             Жоспары:

А).1986жылғы Желтоқсан оқиғасының әлеуметтік-экономикалық және 

саяси астары.

Ә).Желтоқсан оқиғасының сипаты.

Б).Желтоқсан оқиғасының себептері,тарихи маңызы.

 

Эпиграфы: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті».

 

 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Ү пленумы өтті,ол 18 минутқа созылды. КОКП Орталық Комитетінің



Хатшысы Г.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаев қызметінен босатылды.

Оның орнына Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.Колбинді сайлады.

Шын мәнінде бұл ешқандай сайлауц емес, Қазақстанда орталықтың саясатын жүргізуге тиіс болған номенклатура өкілін пленумға жиналғандарға таныстыру рәсімі ғана еді.

17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңға жастар жинала бастады.Кешке қарай жиналғандардың саны 25-30 мыңға жетті.

 

Бұл бейбіт шеру болатын.Өйткені жастардың қолында: «Әр халыққа - өз көсемі!», «Жасасын біздің Қазақстан!» сияқты плакаттар ғана болатын.



Алаңға жиналғандар орталықтың саясатына наразылық білдірді.

 

Мұхтар Шаханов Алматыдағы 1986ж.желтоқсан оқиғаларын тексеру комиссиясының төрағасы мәліметтері.



Салдары:

- 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды;



- 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып, 2 адам өлім жазасына кесілді;

- 246 студент оқудан шығарылды;

- ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды;

- 1720 адам жарақат алды;

– Қайрат Рысқұлбеков ,Ләззат Асанова туралы реферат баяндалады;

 

 Қайрат Рысқұлбеков – 1966ж.Жамбыл облысы,Мойынқұм ауданы,Бірлік ауылында дүниеге келген.1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының 1 курс студенті.16-18 желтоқсанда болған. 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза өлім жазасыатуға бұйырылды.



  

 ІҮ.Сабақты қорытындылау.

Пікірталас.

- 1986ж.Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың қандай?

-Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызы қандай?

- Осы көтеріліске сен қатысар ма едің?

- Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?

 

Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді. 



Алматы қаласында орталық алаңға Желтоқсан көтерілісінің құрметіне Тәуелсізді таңы деп аталатын ескерткіш орнатылды.

1986ж. Желтоқсан оқиғаларына тарихи-ғылыми баға беру үшін құрылған комиссия оларға ғасырлар бойы азаттық,тәуелсіздік үшін жүргізілген қозғалыстардың жалғасы, Кеңес еліндегі демократия жолындағы қозғалыстардың басы, жаршысы деп баға берді.



Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.

1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматы қаласындағы жастар бейбіт  шеруге шықты. 

- Д.Қонаев  Қазақстанды 1960ж.қаңтардан – 1986ж.желтоқсан айына дейін басқарды.

- М.Горбачев КОКП ОК-ның бас хатшысы болған жыл – 1985жыл.

- 1990жылы «1986ж.желтоқсан оқиғасына қатысқандар Желтоқсан партиясын құрды.  

- Н.Назарбаев «1986жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» 1991ж.12 желтоқсанда Жарлық шығарды.



 

Ү.Үйге тапсырма:S32.оқып,мазмұнын айту, «Желтоқсан қаһармандары» атты эссе жазу.

ҮІ.Бағалау. Таймкипер қорытынды жасайды.

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966ж., Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.

1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айлашарғылар қолдана отырып, оны С.Савицкийдің өліміне кінәлі етеді. Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза өлім жазасыатуға бұйырылды. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.


1996 жылы 9 желтоқсан құрбаны Қ.Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы берілді.


Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылында туған — 25.12.86, Алматы) —1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. учщеге оқуға түскен.

Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан .

Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді!

Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында Алматыға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, қамауға алынды.

1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған.






Желтоқсан оқиғасының тағы бір қызғалдақ құрбаны - Сабира Мухамеджанова.

Ол 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылындағы Ленин жолы атындағы 8 жылдық мектепті үздік бітірді, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты, осы арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында зор беделге ие болды

1985 жылы сегіз жылдықты үздік бітірісімен, Өскемен қаласында мұғалімдер даярлайтын оқу орнының қазақ бөлімінде оқиды.

1986 жылдың 19 желтоқсанында Өскемен қаласындағы әмбебап дүкенінің маңайына жиналған жастар Алматы оқиғасының шындығын білуге, ізгі-тілек, ниетін білдіруге барған. 16-желтоқсан күні өткен жиналысқа анасымен бірге барған Сабира атып тұрды Ол: (Саңқ-саңқ етіп) -Бәріне кінәлі мен. Алаңға мен үгіттеп апардым .Оларды оқу орнынан қумандар. Шеруді де мен ұйымдастырдым, -деп таймастан. Күтпеген жерден кесіп айтқан Сабираның сөзінен жұрт тынып қалды. Оларды семсердей сөздің сесі басты.-О, не дегенің, қызым-ау,- деген анасының шарасыз даусы ғана естілді. Кенеттен Сабира жиналысты тастай салып жүгіре жөнелді.

Дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына, училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай Өскемен педучилищесінің 1-курс студенті Сабира Мухамеджанова жатаханың 5-қабатынан құлап өледі.Үлбіреген қызғалдақ мезгілсіз қиылды.

.

Желтоқсан оқиғасының тағы бір құрбаны - Ербол Сыпатаев.

1986 жылдың 18- желтоқсанында сағат 20.00-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Энергетика институтының екінші курс студенті Сыпатаев әкелінді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздын екінші бөлімшесінде туып өскен.

Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. Мектепті жақсы бітіріп, қазақ әдебиетіне ерекше бейімділігі жөнінде мақтау қағазын қоса алды.Әскер қатарында жүргенде де, институтта да мақтау қағазымен мадақталды.

Әділдік жоғалған кезде адамдар өмірін мәнді ететін ештеңе де қалмайды. И.Кант.

1. 1991 жылы 21 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаев “1986ж. желтоқсан оқиғасы кезінде жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде” жарлық шығарды.

2. Осы жарлық негізінде 17 желтоқсан – “Демократиялық Жаңару Күні” деп жарияланды.

3. 1996 жылы 9 желтоқсан құрбаны Қ.Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы берілді.

Күні: Қазақстан тарихы 11сынып.

Тақырыбы: 1950-1980жылдардағы толқулар,қозғалыстар және көтерілістер

Мақсаты:1.1959ж. Теміртау оқиғасын, 1979ж. Целиноград оқиғасын,

1986жылғы желтоқсан оқиғасының  тарихи маңыздарын ашып, оқушыларға жеткізу.

               Жасақшылардан қайтпаған, қаймықпаған желтоқсаншылардың ерлігін үйрете отырып, жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: интерактивті тақта,АК презентациялар,рефераттар,постер,маркерлер,

саяси карта, газет-журналдардан мақалалар



Сабақтың түрі: ақпараттық-коммуникативтік,талдау,пікір-талас сабақ   

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы , қазақ әдебиеті ,география  пәндері

                                 Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй жұмысын тексеру

- Қазақстанда қандай ГУЛАГ жүйесі қалыптасты?

- Карлаг,Степлаг, АЛЖИР дегеніміз не?

-Голощекин геноцидін қалай түсінесіңдер?

- 1950-1960жылдары Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары болды?

- Мыс қорыту зауыты қай қалада орналасты? /Балқаш/

-

 



ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру

                                             Жоспары:

А).1986жылғы Желтоқсан оқиғасының әлеуметтік-экономикалық және 

саяси астары.

Ә).Желтоқсан оқиғасының сипаты.

Б).Желтоқсан оқиғасының себептері,тарихи маңызы.

 

Эпиграфы: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті».

1. Тренинг өткізу.

2.Топтарға бөлу. І топ - «1959ж. Теміртау оқиғасы»;

ІІ топ – «1979ж. Целиноград оқиғасы»

ІІІ топ – «1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі»

Таймкипер тағайындалады,топтардың жұмысын бағалау үшін.

3.Тарихи концепт – Себеп және салдар;Ұқсастық пен айырмашылық

А)Бір немесе бірнеше себептердің немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдайды және бағалайды;

Ә).Ұқсастықтарды,себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып, тарихи оқиғалардың тарихи маңызын түсінеді .
І.- 1950-1960жж. Қазақстан Республикасына 2 млн-нан астам адамдар қоныс аударды.

2-3 жылдың ішінде Теміртауда металлургиялық комбинатты салуға 200 мыңнан астам халық қоныстанып, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы қиындай түсті.Тұрғын үй жетпеді,жұмысшылар палаткады тұрды,азық-түлік,ауыз су жетіспеді.1959жылы 1 тамызда барлық асханалар жабық болып, адамдар асханалар мен дүкендерге шабуыл жасады.Осылайша жұмысшылар мен милиция арасында қақтығыстар басталды.

Үшінші күні ереуіл күшпен тоқтатылды – 16 адам опат болып, 50-ден астам адам әртүрлі жарақат алды.
ІІ.- 1979 жылы КОКП ОК-нің саяси бюросы Қазақстанда Неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылдады.

Ол – Ақмола,Қарағанды,Павлодар және Көкшетау облыстарының кейбір аудандары беріліп, орталығы - Ерейментау қаласы болды деп шешілді.

1979жылы 16 маусымда Жоғары оқу орындары мен техникумдардың студенттері орталық алаңға шықты.Қазақ жастары «Қазақстан бөлінбейді!», «Неміс автономиясы болмасын!» Ұрандарын талап етіп шықты.содан кейін Атбасар,Ерейментау, Көкшетау қалаларында да бейбітшіл шерулер өтті.

 

 ІІІ.1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Ү пленумы өтті,ол 18 минутқа созылды. КОКП Орталық Комитетінің



Хатшысы Г.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаев қызметінен босатылды.

Оның орнына Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.Колбинді сайлады.

Шын мәнінде бұл ешқандай сайлауц емес, Қазақстанда орталықтың саясатын жүргізуге тиіс болған номенклатура өкілін пленумға жиналғандарға таныстыру рәсімі ғана еді.

17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңға жастар жинала бастады.Кешке қарай жиналғандардың саны 25-30 мыңға жетті.

 

Бұл бейбіт шеру болатын.Өйткені жастардың қолында: «Әр халыққа - өз көсемі!», «Жасасын біздің Қазақстан!» сияқты плакаттар ғана болатын.



Алаңға жиналғандар орталықтың саясатына наразылық білдірді.

- «Аллажар» , «1986ж.желтоқсаны» видеосы көрсетіледі.

Желтоқсан желі әні орындалады.

 - Осы видеодан қандай әсер алдықдар? Ұлтжандылық дегеніміз не?



Неліктен жастар алаңға шықты?

Мұхтар Шаханов Алматыдағы 1986ж.желтоқсан оқиғаларын тексеру комиссиясының төрағасы мәліметтері.

Салдары:

- 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды;



- 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып, 2 адам өлім жазасына кесілді;

- 246 студент оқудан шығарылды;

- ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды;

- 1720 адам жарақат алды;

– Қайрат Рысқұлбеков ,Ләззат Асанова туралы реферат баяндалады;

 

 Қайрат Рысқұлбеков – 1966ж.Жамбыл облысы,Мойынқұм ауданы,Бірлік ауылында дүниеге келген.1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының 1 курс студенті.16-18 желтоқсанда болған.



  1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза өлім жазасыатуға бұйырылды.

 ІҮ.Сабақты қорытындылау.

Пікірталас.

- 1986ж.Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың қандай?

-Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызы қандай?

- Осы көтеріліске сен қатысар ма едің?

- Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?

 

Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді. 



Алматы қаласында орталық алаңға Желтоқсан көтерілісінің құрметіне Тәуелсізді таңы деп аталатын ескерткіш орнатылды.

1986ж. Желтоқсан оқиғаларына тарихи-ғылыми баға беру үшін құрылған комиссия оларға ғасырлар бойы азаттық,тәуелсіздік үшін жүргізілген қозғалыстардың жалғасы, Кеңес еліндегі демократия жолындағы қозғалыстардың басы, жаршысы деп баға берді.

Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.

1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматы қаласындағы жастар бейбіт  шеруге шықты. 

- Д.Қонаев  Қазақстанды 1960ж.қаңтардан – 1986ж.желтоқсан айына дейін басқарды.

- М.Горбачев КОКП ОК-ның бас хатшысы болған жыл – 1985жыл.

- 1990жылы «1986ж.желтоқсан оқиғасына қатысқандар Желтоқсан партиясын құрды.  

- Н.Назарбаев «1986жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» 1991ж.12 желтоқсанда Жарлық шығарды.



Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»

 

Ү.Үйге тапсырма:S32.оқып,мазмұнын айту, «Желтоқсан оқиғасының қаһармандары» атты эссе жазу.



ҮІ.Бағалау. Таймкипер қорытынды жасайды.
Тақырып: 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі
Сабақтың мақсаты:

а) 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштері мен тарихи маңызы білдіру.
ә) Ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс пен жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныту.
б) Ұлттық байланыстың тоналуы; қазақ халқының экономикалық мүддесінің құлдырау себебін алу.
в) Ұлтшылдық, ұлтжандылық, ұлттық сөздерінің мән - мағынасын алу.
г) 80 - жылдардағы Пленумдар мен конференциялардың мән - мағынасы, мәніне талдау жасау, қоғамдық саяси өмірдің іріп - шіріп бара жатқан принциптерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты:
1986 жылғы Алматы оқиғасының алты құрылықты аралап кеткен ұлы оқиға екенін.
Жеңіп алған демократиясымен салыстырғанда құрбандығы жүз есе қымбатқа түскендігін.
Ар - намыстың ұлттық қасиеттің тәуелсіздік туының желбіреуіне жеткізген ұлы рух болғанын.
Қоғамды дағдарысқа алып келген тоталитаризм мен әкімшілік жүйе ғана емес, ең бастысы ұлттық проблемалардың шешілмеу екендігіне көз жеткізе отырып оқушы бойына патриоттық тәрбие мен саяси көзқарасты қалыптастыру.
Тақырыптық байланыс: Өткен сыныптардағы білімді еске түсіру.
Сырым, Кенесары, Исатай, Махамбет бастаған көтеріліспен байланыстыру.
Жаңаөзен, Қарағандыдағы оқиға, Теміртау, Орал қаласындағы жастардың қозғалысы туралы шолу жасау
Күнделікті өмірмен байланыс:
Тәуелсіздік шежіресі.
Заңдар, қаулы - қарарлар.
Әлемдік қауымдастыққа танылу жағдайларымен таныстыруда баспасөз құжаттарын басшылыққа алу
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар:
1. Оқушылар шығарған газеттер:
а) Желтоқсан желі
ә) Иесі - қазақ, киесі - ғажап
б) Желтоқсан құрбандары
Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы
Сабақтың әдісі: Оқушылардың өздігінен ізденіп ойларын ортаға салуға негізделіп құрылған.
Сабақта негізгі ой толғаушылар:
Тарихшы оқушы
Саясаткер оқушы
Заңгер оқушы
2 - саясаткер оқушы
Сарапшы оқушы
Әр ой - толғауға оқушы қатысады. Сұрақ - жауаптар болып, пікірталас туындайды. Зерттеу жұмысын мұғалім оқушыларға алдын ала береді. Тарих пәні кабинетінде қосымша әдебиеттер, газет - журналдар мен дидактикалық материалдың молынан болуы мен мектеп кітапханасының материалдық жағдайының жақсы болуы мұғалім мен оқушылар үшін тиімді болар еді.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып төрайымының сабаққа қатысушы оқушылар жайлы мәліметі тыңдалады.
2. Сабаққа кіріспе.
Мұғалімнің алғашқы сөзі. Сабақ жоспарында көрсетілген тақырып бойынша қаралатын білімдік, танымдық, тәрбиелік мәселелерге сипаттама жасайды. Бұл тақырыпты зерттеуге уақыт берілгендігі, онымен тарихшы, саясаткер, заңгер, сарапшы оқушылар айналысқанына тоқталып өтеді. Алғашқы сөз кезегі тарихшы оқушыға беріледі. «Қазақстан Республикасының Әнұраны» айтылады.
Тарихшы оқушы -
Елбең – елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген

Арғымақ мінген жаратып,
Ақсауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр!
(Қ. Рысқұлбеков)
Ғасыр айрығына жақындаған кезде бұрынғы өткен ата - баба рухы көтерілген тәрізді. Азаттық жолында халқына адал қызмет еткен еткен хандар мен батырлар есімі тарих бетінде алтын әріппен жазылып қалды. Енді солардың қатарына Қайрат пен Ләззат сияқты мыңдаған Отан сүйгіш ұлдар мен қыздардың есімі тіркелді. Олар ғасыр айрығында халқының азаттығы жолында құрбан болды.
2. Әміршіл - әкімшіл жүйенің қабырғасы қақырайтын уақыт келіп жетті. Бұл жүйенің қабырғасын қақыратып, күлін көкке ұшырған 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан оқиғаның дүмпуі алты құрылықты аралап кетті. Бұл оқиға себеп 1986 жылы Желтоқсанның 16 күні таңертеңгілікте Қазақстан Компартиясы Комитетінің 5 Пленумы болды. Пленумда КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г. П. Разумовский жүргізді. Пленум бар болғаны 17минутқа созылды. Республиканы ширек басқарған саяси қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселе осыншалықты қысқа мерзімде шешілді. Д. А. Қонаевты орнына Г. П. Разумовскийдың ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП - нің Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем бейтаныс Г. В. Колбин тағайындалды.
3. Мұндай волюнтаризммен Қазақстан бірнеше рет кездесіп отырған жақ еді. Желтоқсанның 17 - сі күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталды. Ол республиканың Басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды, онда басқа халықтарға қарсы атой салушылық, мемлекеттік құрылысты жоюға деген үндеулер болмады. Әміршілдікке дағдыланған республика басшылары жастардың талап - тілектерін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты үкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, сан жағынан демонстранттарды тарату кезінде партия комитеттері мен үкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді. Үкімет орындарының жағдайды болжау алмауы қасіретті салдарларға соқты. Демонстранттар мен тәртіп сақшылары жағынан адамдардың қазаға ұшырауына жол берілді.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қозғаушы күші студент жастар болып, кейінгі күндері әр түрлі мамандық иелері мен оқу орындарының, мекемелердің басшылары болды.
1986 желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы өте зор
17желтоқсан жаңару, жаңғыруды тарих бетіне алып келді.
Тәуелсіздікке жол ашты.
Қоғам ағзасында асқынып кеткен тоталитаризмнің жүрегін жаншып, миын шашты.
Әміршіл - әкімшіл жүйенің ауыр зардабынан белін көтере алмай тұрған демократияның басын көтеріп, қолына таяқ ұстатып, тәй - тәй бастырған қазақ жастары бүгінде халқының мақтанышы.
Қазақ халқының әлемдік қауымдастыққа танылуына. әлеуметтік - экономикалық, саяси - идеологиялық, жағынан еркін дамуына кедергі болған отаршылдықтың қамытын жұлып лақтырған желтоқсанның жұлдыздары еді.
2. Саясаткер оқушы:
Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86 - ның желтоқсаны туралы шындық, мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. «Қылышы - жоқ» деп баспасөз өз бетінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын жазушылардың есімін бүгінде бүкіл әлем таниды.
Ақын Мұхтар Шаханов былайша жыр толғады. Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның Айналайын, алтын әнім,, жас өркені халқымның Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындық. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның. Айналайын, жас өркені халқымның Егемендікке жетіп, еркін өмір сүру еліміз үшін қымбатқа түсті Қайрат пен Ләззат сияқты қызғалдақтардың өмірі қиылды.
Ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс, әкімшіл - әміршіл жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігі мен құлықсыздығы 80 - жылдардың ортасында басталған қоғамға реформа жасау жағдайында 1986 жылдың желтоқсанында әлі буыны бекімеген жас демократияның әміршіл - әкімшіл жүйемен ашық қақтығысын алып келді. Желтоқсанда Алматыда болған оқиғалардың негізінде тұтас тарихи, әлеуметтік - экономикалық және саяси факторлар жатыр. Мұның тарихи тамыры патша үкіметінің отаршылдық саясатында жатыр, большевиктер оны индустрияландыру, ұжымдастыру, тың және тыңайған жерлерді игеру барысында одан әрі жалғастырды. Осылардың салдарынан ұлт демографиялық жағынан үнемі «аза» берді, жалпы одақтың министрліктер мен ведомстволар ұлттық байлықты тонау саясатын мығым ұстап Қазақстанның мемлекеттік егемендігі аяққа басылды.
Маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директива ретінде жіберіліп отырды. Қандай болмасын жоғарғы жақпен келіспеушілік немесе қарсылық «партиялық тәртіпті бұзу» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, іле - шала қатаң жазаланды. Теміртау оқиғасы, Ақмоладағы жаппай толқу жасырын, жабық күйде қалдырылды. 70 - 80 жылдардағы ұлттық санадан гөрі Кеңестік салт - сана көбірек дәріптелді. Ұлт республикаларында, қоғамдық - саяси өмірде европоцентризм басым болды. КСРО халықтар мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің асыра бағалау процесі жүрді, мұның өзі социалистік республикалардың ұлттық мемлекеттік, егемендік мемлекеттік және территориялық тұтастығын мойындамауға алып келді. Біздің тарихымыздың бөліп алмауға болмайтын бөлігі болып табылатын көшпелілік цивилизациясы мен шығыс мәдениетінің бүкіл қабаты жауып тасталды, адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді
1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр етілді. Интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда болды. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдады.
Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді. Одақтас республиканың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың эзін - өзі билеуі іс жүзінде болмады. Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеліп соқтырды. Орыс тілін республикада қазақтардың 60 пайызы, қазақ тілін орыстардың 1 пайызы меңгерді. Кітаптың 95 пайызы орыс тілінде басылып, теледидар хабарларының 70 пайызы эфирге орыс тілінде шықты. Қазақ елінің аясы тартылып, елдің тозуына, Семей полигонындағы жарылыстан жер тозуға айналды. 1986 жылғы желтоқсаншы жастардың жан жарасының түйіні осында жатты.
Г. В. Колбиннің республиканың жоғары басшылығына тағайындалуы толқу үшін сылтау болды. Наразылыққа жылдар бойы қорланған себептер түрткі. Халықты ашындырған орталықтың дәстүрлік өктемдік әрекеттері мен қайта құру жарияланған демократиялық принциптер арасындағы қарама қайшылықтар еді.
1986 жылы желтоқсан оқиғасы үшін жауапқа тартылғандар өздерінің «Желтоқсан» партиясын құрды. Республика Жоғарғы Кеңесінің төралқасы 1986 жылы 16 - 17 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнаулы комиссия құрды.
Оқиғаға тарихы әділ саяси баға берілуін талап ету үшін 1986 жылы мамыр айында Алматыда «Желтоқсан» ұйымдық партия құрылды. Сонау жиырмасыншы жылдардың бас кезінде «Алашорда» партиясы тартылғаннан кейін Қазақстандағы құрылған алғашқы ұлттық саяси ұйым осы «Желтоқсан» болды.
1989 жылы Алматы медицина институтында өткен үлкен жиында 1986 жылғы оқиға кезінде өздерінің заң бұзар әрекеттерін ақтауға тырысқан сот, прокуратура өкілсымақтарына «Желтоқасандықтар» мықты тойтарыс берді. Содан кейін «Желтоқсан» оқиғасының үш жылдығы ҚазҰҮ - да, Қыздар педагогикалық, Халық шаруашылығы және Театр - көркемсурет институттарында үлкен басқосулар арқылы атап өтілді.
Осы жиыннан кейін 1989 жылғы 14 қарашада негізсіз жабылған М. Шаханов басқарған «Желтоқсан» тексеру комиссиясы өз жұмысын қайтадан жалғастыру керектігі туралы үкімет басшыларының алдында талап қойылды. Үкімет орындары бұл талапты атүсті тыңдағандықтан 1990 жылы 15 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің үйі жанында «Желтоқсандықтар» аштық жариялауға мәжбүр болды.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси аштық жариялаушы «Желтоқсандық» азаматтар Ә. Мүлкібаев, Қ. Халмұратов, М. Көбенов, Қ. Тәшеновтердің жанкешті батылдығының жанашыры бола білген астана халқы ауызбірлігінің нәтижесінде 14 жылға сотталған К. Күзембаев, 15 жылға сотталған Ж. Тайжұмаев түрмеден босатылды. Қазақстанның мемлекеттік Тәуелсіздігін қалпына келтіруде, қоғамды демократияландыруға бағытталған мәселелерді көтерді. 1990 жылы бірнеше рет мыңдаған адам қатысқан саяси митингілер өткізді. Сол жылы 20 мамырда «Желтоқсан» Қазақстанның ұлттық демократиялық партиясы болып жарияланды.
Ақиқат үшін, ел намысы үшін қандықол жазалаушыларға әділ жаза талап ету тек «Желтоқсандықтардың» ғана емес, демократияшыл барлық адамдардың азаматтық парызы деп білу керек.
3. Заңгер оқушы:
Алматыдағы желтоқсан оқиғасы «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланады. Демонстранттарды уақытша ұстау бөлмелері мен арнайы бөлімдерге, тергеу бөлімдеріне жеткізіліп, қаланың сыртына әкетілген адамдардың саны 8, 5 мың адамнан асқан. Оқиғаға қатысқандарға қарсы қылмыстық істер қозғау, сот - тергеу жұмыстары кезінде дөрекі заңсыздықтарға орын берілді. Тергеу, әдеттегідей асығыс, ойдан шығарылған және айыптаушылық пейілде жүргізілді.
Жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарда қудалау жүргізілді. Ашық сот процестері жүргізілді, Барлық жерде комсомол, партия кәсіподақ жиналыстары өткізіліп, оқиғаға қатысқандарды институттардан, жұмыстан шығару ұсынылды. Бұл шаралардың барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, жұмыстан шығарылды. 52 адам партия қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан шығарылды, Жоғары оқу орындарынан 12 ректоры қызметінен алынды. Тәртіп сақтау органдары ұстағандарын ұрып - соққан, киімсіз қала сыртына апарып тастаған. Партия органдары құқық органдарына айыптау қорытындыларын тез шығару жөнінде қысым жасады. Демонстранттарды қуып таратуда темір таяқтар, саперлық күректері, иттер пайдаланған. Прокуратура мұндай заңсыздыққа көңіл бөлмеді. Көптеген кінәсіз адамдар түрмеде жатты. Демонстранттарға нашақор, маскүнемдер деген жала жабылды. Әр түрлі себептермен Ләззат Асанова, Ербол Сиатаев, Сабира Мұхамеджанова сияқты қызғалдақтардың өмірі қиылды. Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков Тұтқындалды. Оған түрмеде Савицкийді өлтірдім деп мойнына алуды талап етіп, азаптап ұрып соғып қысым көрсетті.
Қайрат Рысқұлбеков 1987 жылғы 16 маусымда Қазақстан Жоғарғы сотының үкімімен қылмыс кодексінің 60, 65, 73 - і бабымен айыпталып, ату жазасына кесілді. Кейін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумі оған кешірім жасап, жазаны 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Ресейдің Ивдель қаласындағы колонияға кетіп бара жатқан жолда

1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген ол 21 мамыр күні өмірімен қоштасты. Еврейде, орыста, ұйғырда басқарған, қолы жеткеннің бәрі биліктің билігін үйіріп келіп, басынан құс ұшырмаған қазақ елінің кезекті 21 - шы басшысының зобалаңына ұшырып, 21 жасқа қараған шағында тұтқындалып, 21 кұн нақақтан шырылдап, Семей түрмесінің 21 - камерасында 1988 жылы 21 мамыр күні қапылыста дүниеден өткен Қайрат 21 ақпан 1992 жылы ақталды.
Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесіне Венгрия, Польша, Германия, Америка, Түркиядан өлім жазасына кесілген қазақ жасына кешірім жасауды сұраған жедел хаттар бірінен соң бірі келіп жатты
Бұл демократияның алғашқы қарлығашына деген дүние жүзі халықтарының көрсеткен құрметі еді.
М. С. Горбачев қайта құруды қолға алған сәтінде бостандық, гуманизм, демократия, адам құқығын биікке көтері идеяларына әрқашан бас иетінін мәлімдейтін еді.
Бірақ оның бәрі құр ауа, бос лепес болып шықты. Көп ұзамай КСРО бір - біріне жауыққан республикалар одағына айналып, көп жерде азамат соғысының алғашқы ұшқындары жылтырады. Деке адамның құқығы түгілі, бүкіл ұлттың құқығын табанмен таптап тұрған әкімшіл - әміршіл жүйедегі мемлекеттің Конституцияның күлі көкке ұшты. Қоғамдық өмірі қозғалмайтын қара судай болып борсып қалған коммунистік қоғам - КСРО - да демократия, адам құқығы, бостандық жолында қарлығаштай болып қазақ жастарының бас көтеруі бүкіл әлем халықтарын әлі күнге таң қалдырады.
Халық қаһарманы атанған Қайрат Рысқұлбековтің есімі тарих бетінде мұзда жанған алау болып мәңгі қалды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2002 жылы мамыр айында заң жобасы жасалды. Осы заңның 3 - бабында Мемлекеттік жастар саясатның мақсаттары мен принциптері қарастырылған.
. Жастардың рухани, мәдени білімін, кәсіптік қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік - экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлары мен жеңілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуметін ашу.
Олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету.
Жастардың әлеуметтік – маңызды бастамаларын қолдау мақсатында жүзеге асырылады.
2 тармақ 1 - тарау
Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдығы
Тән саулығын сақтау және нығайту.
Адамгершілік және рухани даму
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру
Жастардың құқықтары мен бостандығын қорғау
Азаматшылықты қалыптастыру
4. 2 - саясаткер оқушы
ХХ ғасырдың 80 жылдары іс жүзінде КСРО - дағы барлық республикаларды аса ауыр әлеуметтік - экономикалық жағдайлар қалыптасты.
Қоғамның саяси ұйымдасуы, экономикалық қатынастардың күні өткен жүйесі КСРО - ны күрделі дағдарысқа әкеліп тіреді. Дағдарысқа тіреген жағдай бұрынғы басшылықтың толғағы жеткен өзгерістерді жүзеге асыруға дәрменсіздігінен ғана емес, оның қажеттілігін түсінуге қабілетсіздігінен, барлық жастарының тіпті азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуынан, партиялық және мемлекеттік функциялардың қосылып кетіп, оның төрешілдерінен, заңдылықтың бұзылуынан, қоғамдық - саяси өмірдің аса маңызды мәселелері бойынша жариялылықтың болмауынан айқын көрінеді. Қоғамдық өмірдегі оның негізгі белгілері; тұрмыстық деңгейдің нашарлауы, материалдық игіліктерді бөлуде теңгермешіліктің етек алуы, әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылып отыруы, күнделікті тіршіліктің бұрмалануы, ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер, адамгершіліктің азуы асқындады. Сондықтан сәуір (1986ж) пленумы, одан кейінгі пленумдар да, КОКП - ның 27 съезді де КСРО - ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмайтын еді. Жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауына негізгі кінәлілері жекелеген басшы коммунистер Мәскеуде В. В. Гришин, Ленинградта Г. В. Романов, ұлттық республикаларда Д. Қонаев пен Г. Алиев сияқты басшылар аталып тұрды. Қоғамдық саяси өмірдегі қарама - қайшы ситуациялар 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына жеткізген процесс болды.
1986 жылдың 16 желтоқсаны күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің кезектен тыс пленумын шақырып, 17 минутта еліне деген орасан зор еңбегі бар ұлы тұлға - Д. А. Қонаевты кетіру, тіпті Отанның ыстық - суығына отыз жылдай күйіп - піскен, жүрегі, жаны ауырған әзиз адамға бір ауыз алғыс сөз айтылмауы, демократия, гуманизм, адам құқығына еш күмән келтірмейтін аңғалақтаған қазақтарды алаңнан бірақ шығарды. Ақыры сақылдаған сары аяздан, тоталитаризмнің темір шоқпарынан сескенбеген қазақ жастарының қызыл қаны демократияның тұңғыш ізіндей болып ақ қардың бетінде алаулап, лапылдап жатты. Қара тамған қызыл қанның орнына көктемде қызыл раушан гүлі пайда болды. Қасиетті «Құран Карим» кітабында «Раушан гүлі» бірігу және рухани ашылудың белгісі деп қаралады. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы рухани орталыққа айналған тәрізді.
Тәуелсіз қазақ халқының құшағында ал қызық раушан гүлдері құлпырып, олар желтоқсандықтардың рухына бас иіп, тағзым етеді. М. С. Горбачевтың басындағы бақ құсын үркітккен алғашқы қоңырау - Қазақстандағы саяси, экономикалық, ұлттық, әлеуметтік жағдайды ескерместен авторитарлыққа салынуы, нәтижесінде Желтоқсан оқиғасына әкеліп соққан кеудемсоқтығы болды. М. Горбачевтың кеудесі Ұлы Қытай қорғанындай болып тұрған империяның қабырғасын қазақ жастары түкке тұрғысыз қаңбақтай лақтырып, нақақтан қан төккен адамның басында бас тұрмайтының тарих бетінде мәлімдеп, дүние жүзінде паш етті.
5. Сарапшы оқушы
Кеңес дәуірінде қазақ мектептерінде ұлт тарихы оқытылмады. Тіл мен дінді жойып, ұлт тарихын жауып тастап, салт - дәстүр, әдет - ғұрыптан жұрдай етіп жалаңаштап, гендік жағынан жоюды мақсат еткен сұрқия саясат жүзеге аспай қалды. Тарихшы оқиғасының мазмұнын толық ашты.
Саясаткер оқушы қоғам ағзасындағы ауруларды дәл тауып, оның асқынбаған жағдайларын нақтылап көрсете білді. Отаршылдық саясаттың бейнесін ашты. «Алаш» партиясының ізін басқан «Желтоқсан» ұлттық саяси ұйымының жұмысының жеңіске толы істерін толық баяндап өтті.
Саясаткер өз сөзінде қоғамдық дағдарысқа жеткізген процестер мен ситуациялық жағдайларға тоқталып идеологиялық күретамырына балта шабу ешқандай нәтижеге апармайтынын мәлімдеп өтті. Авторитарлық өктемдіктің ешуақытта абырой таппайтындығын, ерте не кеш пе оның күйремей қоймайтын жағдайларын көрсетті.
Бақыттың бастау бұлағы еркіндік екендігіне тоқталды. Авторитарлық тұрған жерде еркіндік жоқ, еркіндік болмаған жерде дамудың болмайтындығына көз жеткізді.
Ия, еліміз еркіндік алды және еркіндікте дамудың, танылудың әлемдік деңгейге көтерілудің қиындықтарын бастан көшіріп көптеген жеңістерге өзі жеткізіп келеді. Тұңғыш Президент сайлауда, мемлекеттік рәміздер қабылдаудан бастап ұлы оқиғаға толы жылдарды өткізіп келеміз. Тәуелсіздік алғаннан бері бүгінгі күнге дейін, атқарылып жатқан істер, көзі ашылған бұлақтың өзіне айналып, өзінің теңізге құйылғаны тәрізді. Еуразиялық экономикалық САММИТ - тен, Еуропалық саяси ұйымдар мен әлемдік даму деңгейінен көріне білу, қазақ халқының рухани күштің иесі екендігінің дәлелдеді
3. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Сарапшы оқушының сөзін қуаттай келіп Мағжан Жұмабаевтың: «Мен жастарға сенемін» өлеңінен бірнеше шумақтар оқиды.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар.
Сөздерінде жалың бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Бекітемін: Новоишим қазақ орта мектебі КММ

Мектеп директоры

_____С.Т.Сүйесінова

Тақырыбы: «1950-1980 жылдардағы толқулар,қозғалыстар және көтерілістер»

Өткізген: тарих және география мұғалімі

Дүйсенбин Ерболат Байтасұлы

Желтоқсан құрбандары



Мұхтар Шаханов











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет