Оңтүстік Американың климаты мен табиғат зоналары. Африканың жер бедері, пайдалы қазбалары. Орындаған: Даурен Ақниет Тексерген: Кулбекова Айман Абдижаппаровна Жоспар


Климаттық белдеулер. Материкті 6 климаттық белдеу кесіп өтеді



бет2/5
Дата10.02.2023
өлшемі1,36 Mb.
#168305
1   2   3   4   5
Байланысты:
Оңтүстік Америка
Срс 1 Бақтай Азамат, МКБ емтихан сұрақтары (1)

Климаттық белдеулер. Материкті 6 климаттық белдеу кесіп өтеді.

  • Экваторлық климаттық белдеу Амазонка ойпатының едәуір жері мен Тынық мұхитының экватор сызығынан солтүстікке қарай жатқан жағалық бөлігін алып жатыр. Жыл бойы ауа температурасы +250С-тан төмен түспейді, жауын-шашын мөлшері Амазонкада 1500-мм-ден 3000 мм-ге дейін, ал Тынық мұхит жағалауында 3000 мм-ден артық түседі. Жауын-шашын жыл бойы мол, әсіресе көктем мен күздегі күн мен түннің теңелуі кезінде айрықша көбейеді.
  • Материктегі екі субэкваторлық климаттық белдеу бар, олар Амазонканың шығысында бір-бірімен түйіседі. Бұл белдеулер жазда ылғалды экваторлық, ал қыста құрғақ тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Мұндай климатты ауыспалы ылғалды климат деп атайды. ауаның орташа температурасы құрғақ кезеңнің соңына қарай +280С-қа дейінжоғарылайды, қыс айларының өзінде орташа температура +200С-тан төмен түспейді. 

Тропиктік климаттық белдеу Бразилия тау үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтаржы алып жатыр. Бұл белдеуде де температура жыл маусымдары бойынша өзгеріп, жазда орташа температура +280С-қа дейін жоғарылайды. Гран-Чако жазығында материктегі ең жоғары температура (+47 С) байқлған жылдық жауын – шашынның мөлшері Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік – шығыс жағалық бөлігінде жылы ағыс әсерінен 2000 мм-ге жетіп, тропиктік ылғалды климат ауыспалы ылғалды сипатқа көшеді.

  • Тропиктік климаттық белдеу Бразилия тау үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтаржы алып жатыр. Бұл белдеуде де температура жыл маусымдары бойынша өзгеріп, жазда орташа температура +280С-қа дейін жоғарылайды. Гран-Чако жазығында материктегі ең жоғары температура (+47 С) байқлған жылдық жауын – шашынның мөлшері Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік – шығыс жағалық бөлігінде жылы ағыс әсерінен 2000 мм-ге жетіп, тропиктік ылғалды климат ауыспалы ылғалды сипатқа көшеді.
  • Субтропиктік климаттық белдеу материктің 300 және 400 о.е. аралығын алып жатыр. Белдеудің шығысында климат ылғалды субтропиктік, мұнда орташа температура жазда +250С-тан қыста +150С-қа дейін ауытқып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет