Бүйрек үсті безі (glandulae suprarenales) — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі
Бүйрек үсті безі (glandulae suprarenales) — бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі.
Бүйрек үсті безі (glandulae suprarenales)— бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі.
Оның массасы 4 г-ға жуық, жасқа қарай бездердің үлкеюі байқалмайды, өлшемдері: вертикальді 30-60 мм, көлденеңі 30мм, алдыңғы және артқы өлшемі 4-6 мм. Сыртқы түсі сарғылт немесе қоңырлау. Бүйрекүсті бездерінің алдыңғы бетінде бір немесе бірнеше жүлгелер байқалады, бұлар қақпа hilus, олар арқылы бүйрекүсті венасы шығып, артериялар кіреді. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр. бБүйрекүсті безднерінен көптеген гармон түзіледі.