Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер Эссе Тақырып: Кәсибі маманның ерікқасиеттерінің дамуы



Дата06.10.2022
өлшемі115,55 Kb.
#151985
Байланысты:
Ирискулов эссе психология 3 (копия)


Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер




Эссе
Тақырып: Кәсибі маманның ерікқасиеттерінің дамуы
Орындаған: Болат Ұлан
Қабылдаған:Ибраимова А.Ж.
Шымкент 2022
Ерік — адaмның өз мінeз-кұлкын саналы түрде мeңгере алу қабілеті. адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.
Әрбір жeке адамнық ерікті іс-әрекеттерінін өзіндік синаты бар. Бұл сипат қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соған бағындырып, өзінін жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінез-құлқы .мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.
Ерік-жігердің негізгі психологиялық функциясы - бұл іс-әрекетті саналы түрде реттеу негізінде уәждемені нығайту және жетілдіру. Іс-әрекетке қосымша импульс тудыратын нақты механизм - бұл оны жүзеге асыратын адамның іс-әрекеттің мағынасындағы саналы түрде өзгеруі. Іс-әрекеттің мәні әдетте ақыл-ой күштері арқылы мотивтер мен өзгерістермен күресумен байланысты. Ерікті әрекеттің қажеттілігі уәжделген әрекетті жүзеге асыру жолында кедергі туындаған кезде туындайды. Ерікті акт оны жеңумен байланысты. Алайда алдымен мәселенің мәнін түсініп, түсіну керек.
Адам үнемі жетіліп отыруы тиіс. Бұл ауқымды тақырып дер едім. Себебі, бұл тақырыпта бос уақытыңды қалай өткізген дұрыс, кітапты қалай таңдауға болады, тайм – менеджмент деген не, күнделікті әдеттер, пайдалы, ойлау қабілетің мен сананың ашылуына жол жасайтын кинолар немесе хобби, олар тым көп. Әрбір адам өзіне не қажет екендігін білмейінше, оны зерттеп түсінгенінше, өмір лезде, әп – сәтте өтіп кетеді дегім келеді. Өмірде белгілі бір нәрсеге деген қызығушылық пен жақындарыңа сыйлаған қайырымдылық пен жақсылық өмірге деген құлшынысыңды арттырады дегім келеді. Әркімнің өзінің шындығы бар, тек ақиқат біреу. Яғни, біреуге алты саны тоғыз болып көрінуі мүмкін.

Ал енді, әр маманның ерік – жігерінің бар болуы, ол өте маңызды болып табылады. Неге десеңіз, себебі маманның ерекшілігі оның кәсібилігінде, шеберлігінде дегім келеді. Ал, ондай дәрежеге жету тек мықтының мықтысында. Мысалға, өзімнің өмірлік тәжірибе сүйене отырып, бір ойға тоқталғым келіп отыр. Жетістікке жетіп, сан мадақтамалар алып, өз мақсатыңа жету – ол қиынның қиыны, тек өзіңнің сүйген ісің болса, ол бір қатты шаршап – шалдыққаннан кейін, дем алып, анаңның өзіңе берген, дәмі бал татыған шәй сияқты дегім келеді. Көрермендер тек жетістіктің өзін көреді. Ал, сол шыңның не болмаса әрбір айсбергтің астында оның негізі – қызықтары мен шыжықтары қатар жүретінін көре алмайды. Міне, ерік – жігері мықты, өзіне сенімді болу арқылы адам бағындырмас асуларды алады дегім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет