Шала туылған нәрестелердің диагностикалық белгілері: Басы салыстырмалы түрде үлкен және бас сүйек жіктері жиі ашық
Кіші және үлкен еңбектерінің көлемі үлкен, ал бас сүйектері түсіңкі
Тері шелмай қабаты әлсіз етілген, денесі түкті, тырнақтары жетілмеген болуы мүмкін
Кіндік сақинасы төмен орналасқан. Ер балаларда аталық бездің ұмаға түспеуі, ал қыздарда жыныс ернеулері жетілмеуі мүмкін
Рефлекстері әлсіз, тез аяқталады, ал кей шала туылған нәрестелерде жұтыну және ему рефлекстері болмауы мүмкін
Қалыпты жағдайда дені сау жаңа туылған нәрестелерде анықталатын рефлекстердің болмауы:
Сору рефлексі.Егер баланың аузына емізікті салса, ол белсенді түрде емеді. 1 жастың аяғына дейін жоғалады.
Ұстау рефлексі. Бала алақанын ұстағанда саусақтарын жұмады. Кейде баланы сол күйінде көтеруге болады. (Робинсон рефлексі). Бұндай рефлексті аяққа да жасауға болады, табанның негізін басса, башпайдың табандық бүгілуін шақырады. 2-4 ай соңына қарай жоғалады.
Бабкин рефлексі (алақан- ауыз). Баланың алақанын тенорға жақын үлкен саусақпен басқанда, жауап ретінде ауызын ашып, басын бұрады. 3 айға қарай жоғалады.
Моро рефлексі. Қатты дыбысқа жауап ретінде алдымен қолын екі жаққа жайып, саусақтарын жазады. Содан кейін қолын бастапқы қалпына келтіреді. 4 айға дейін сақталады.
Тірек рефлексі.Дәрігер баланы арқа жағынан қолтық астынан ұстайды да ,басын сұқ саусақпен сүйемелдейді. Осындай тұрған қалыпта бала аяғын жамбас-сан, тізе буынында бүгеді де, табанымен толық тұрады, еденде денесін тік ұстайды,2 айға қарай жоғалады.
Бабинский рефлексі. Егер табанның сыртқы шетін штрихті тітіркендірсе, үлкен башпайдың жазылуымен басқа башпайдың бүгілуі болады. Екі жасқа дейін сақталады.
Бауэр еңбектеу рефлексі. Егер баланы ішке жатқызса, ол бір сәт басын көтеріп, еңбектейді. Егер нәрестені табанына қолмен тіреу қойса бұл әрекеті белсене түседі, қолмен қимылдап, аяғын кедергіден алады. 4 айға қарай жоғалады.
Галант рефлексі. Қырымен жатқан нәрестеге дәрігер үлкен және сұқ саусақпен паравертебральді сызықпен мойнынан жамбасына дейін жүргізеді. Терінің тітіркенуі кеуденің доға тәрізді бүгілуі. 4 айда жоғалады.