Емі. Дәрі-дәрмексіз ем: а) күн тәртібін жөнге келтіру, тәулігіне 9-10 сағаттай ұйықтау (күндіз ұйықтау), жастықтарды көтеріңкіреп салу, салқын таза ауада тәулігіне 2-3 сағаттан аса болу; б) ертенгі гимнастика, су процедуралары (салқын сумен жуыну, душқа түсу, шырша-минеральдық ванналар, бірақ су ыстық болмауы керек; в). тағамға ас тұзын жеткілікті (немесе көбірек) косу, шай, кофе ішкізу; г) дене шынықтыру (жай жүгіру, тез жүгіру, велосипедпен жүру, бірақ ауыр спорт түрлері емес); д) массаж – қолды, желкені уқалау; е) физиотерапия. Магний, кальций, бром-кофеин, мезатонмен электрофорездер, кейде (бас сүйегі ішінің гипертензиясында) эуфиллинмен жасау. Рефлексті ем, лазерлік пунктура, бүйрекүсті безі тұсына индуктотермия пайдалы нәтижелер береді.
Достарыңызбен бөлісу: |