Интерннің өзіндік жұмысы (ИӨЖ)
Оқу түрлері:
Оқытушының жетекшілігімен жұмыс істеу;
Интерндердің оқу уақытында айналысатын өзіндік дәрігерлік жұмысы;
Дәрігер-интерндердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы.
Интерндердің оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін практикалық жұмыстары:
Клиникалық қарап шығуға, консилиумдерге, клиникалық және патология-анатомиялық конференцияларға қатысу;
Стационарлардың хирургиялық бөлімшелерінде және қабылдау бөлімінде жұмыс істеу (кемінде 5 науқасқа курация жасау, бағдарламада қарастырылған диагностикалық және емдік шараларды орындау, медициналық құжаттамаларды жүргізу);
Стационарда кезекшілік жасау (12 сағаттан айына 4 рет).
Дәрігер-интерндердің сабақ уақытында жүргізілетін өзіндік жұмысы:
Мамандандырылған кабинеттерде (рентген-кабинет, компьютерлі томография, ЭКГ, УДЗ және функционалдық диагностика бөлімшесінің басқа да кабинеттері) жұмыс істеу;
Науқастарды клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессорлардың немесе доценттердің қарап шығуына даярлау;
Медициналық құжаттамаларды жүргізу;
Ғылыми-зерттеу жұмысы, кафедралардың СҒЖ қатысу, ғылыми конференцияларға шығып баяндама жасау;
Кәсіби қарап тексеруге және диспансеризация жасауға қатысу;
Хирургтар қауымдастығының жұмысына, ғылыми-практикалық конференцияларға, симпозиумдерге, съездерге қатысу;
Дәрігер үшін міндетті санитариялық-ағарту жұмыстарын орындау.
Дәрігер-интерндердің аудиториядан тыс өзідік жұмысы:
анайы медициналық әдебиеттерді оқу;
эектронды ақпаратты ресурстармен, оның ішінде интернет желісіндегі медициналық порталдармен жұмыс істеу,
жеке компьютерлермен жұмыс істеу машығын жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |