Шығыс ислам әлемінің көркем мәдениеті айрықша. Онда кескіндеме жоқ, өйткені Алла мен құдайға қатыстының барлығын бейнелеуге рұқсат етілмеді. Нәтижесінде бейнелеу өнері кілем тоқуда жақсы дамыды, оған тән белгілер түрлі-түстілігі мен өрнектілігі болды. Араб сәулет өнері ерекше дамиды, ол арабтардың ең алдымен барлық грек, рим, иран көркем дәстүрлерін қайта өңдеу негізінде дамыды. Сол кезеңнің ең белгілі сәулет ескерткіштері Фустаттағы Амра мешіті мен VII-VIII ғ.ғ. салынған, Куфадағы собор мешіті. Осы кезеңде мозайкамен және әр түрлі мәрмәр таспен өңделген Дамаскідегі «Құз күмбезі» храмы салынды. Кейіннен мешіттерді әсем өсімдік және геометриялық өрнектермен безендіре бастады, оған стильденген жазу- араб вязі қосылды. Мұндай өрнекті европалықтар арабеска деп атаған, ол өрнектің шексіз дамуы мен ырғақты қайталануы принципі бойынша құрылды. Орта ғасырлық араб мәдениетінде поэзия мен проза тығыз байланысты болды: өлеңдер табиғи түрде махаббат жырларында да, медициналық трактаттар мен батырлар жырларында да кездеседі. Халифтар, сұлтандар, шахтар өзіне сарай ақындарын алу үшін қаражаттарын аямады. Поэзияны олар өзін-өзі таныту, мадақтау құралы ретінде қарады. Бұл жағынан ұлы парсы ақыны, «Шах-намэ» («Патшалар кітабы») өшпес эпопеясын жазған Фирдоуси (993-1030 ж.ж.) шығармашылығы белгілі. Мұнда ол иранның мифтік және тарихи патшаларын жырға қосқан. Ең басты кейіпкер - өз халқының ұлы, эпикалық қаһарман Рустам. Поэма әділдік пен ізгілік идеяларына толы. X-XV ғ.ғ. әлемге танымал араб халық ертегісі «Мың бір түн» жазылды. Оның негізін парсы, үнді, грек ертегілерінің қайта өңделген сюжеттері құрады. Парсы ақыны, математик, философ Омар Хайямның (1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы көпшілікке белгілі. Философиялық төрт жол өлең – рубаилар оны танымал етті, оның әрқайсысы тұлға еркіндігіне, антиклерикальды еркін ойға, гедондық мотивтерге толы кішкене поэма. Поэзияның әрі қарай дамуы парсы-тәжік ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және өзбек әдебиетінің негізін қалаушы Әлішер Навои (1441-1501 ж.ж.) есімдерімен байланысты. 9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%) Бақылау сұрақтары: 1. Ортағасырлық мұсылмандық кезеңді ата? 2. Орта ғасырдың негізгі ерекшеліктері қандай? 3. Философиялық жүйесі қалай аталады? 4. Шығыстық ғұламаларды ата? 5. Мұсылман дінінің шығуы және таралуы? 6. Исламның бес парызын ата? 7. Сопылық бағыттың ерекшелігі қандай? 8. Қазақстан жеріндегі мұсылмандық Ренессанстың өкілдерін ата? 9.Құран кітабының ислам мәдениетіндегі орны. 10.Исламдағы негізгі ағымдар. 11. Мұсылмандық Шығыс елдеріндегі ғылым мен мәдениеттің дамуы. 12. Ислам дінінің мұсылман мемлекеттерінің саяси - әлеуметтік құрылымына әсері. 13.Қазіргі заманғы әлемдік мәдениеттегі ислам дінінің орны мен ролі. 14. Діни экстремизм және саясат. 15. Ислам әлеміндегі философия мен өнер. 1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу. 2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктермен жұмыс: Мұсылман, Қағба, Хижра, Құран, хадистер, намаз, зекет, қажылық, саум, сунниттер, шейіттер, суфылық, Фирдоуси, Низами, Омар Хайям, Ибн Сина, Әл – Фараби. 10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%) 1. Оқушыларды бағалау. 2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. 11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%) Сабақтың тақырыбы: Ресей мәдениеті. Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер: 1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006. 2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004. 3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
№7- сабақ. 1. Сабақтың тақырыбы: Ресей мәдениеті. 2. Сағат саны: 90 мин (100%) 3. Сабақ түрі: теория 4. Сабақтың мақсаты: Ресей мәдениеті — адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынысына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру. *тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау; *дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту; 5. Материалды техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар. б) оқыту орны: дәріс аудиториясы 6. Әдебиеттер: Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. Ежелгі орыс өнері Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |