ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы»



бет26/67
Дата27.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#182753
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-3-курс

VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
ІІ. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы өз ұлысын тәуелсіз мемлекет етуге күш салды. Ол 1227 жылы қыста аң аулап жүріп қазаға ұшырады. Мирасқоры оның ұлы Батый болды. Батый қолының Руське және Еділден батысқа жасаған жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан, орталығы төменгі Еділде орналасқан ұлан-байтақ мемлекет құруға мүмкіндік берді. Тарихи әдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деп аталады. Алтын Орданың астанасы Сарай Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды. Кейінірек астана Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай Батудан жоғарырақ) көшірілді. «Алтын Орда» ұғымы біртекті емес: кей авторлар Алтын орда деп Батый мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелегіндегі жерлерді, яғни Төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды, ал басқа бір деректерде түгелдей Жошы ұлысын қамтыған дейді.
1227-1255 жылдарда билік құрған Батый зор беделге ие болды. Алайда Батыйдың да, оның мирасқорлары тұсында да Алтын Орда біртұтас мемлекет бола алмады. Жошы ұлысы үлестерге – оның көптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады. Өз кезегінде Алтын Ордада ұлыс жүйесі қалыптасты. Мысалы: 1236-1242 жылдарда Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық жорықтан оралғаннан кейін өзінің ағасы Орда Еженге Жетісудің солтүстік—шығыс бөлігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең-байтақ аймақ, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлерді ұлыс етіп берді. Бұл ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді. ХIII ғасырдың екінші жартысында-ақ Орда Еженнің немересі Қонышының тұрған жері деректеме бойынша Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған; ұлыстың саяси орталығы осы жерге ауысқан еді.
Іс жүзінде ХIII ғасырдың ортасынан бастап Орда Ежен ұлысы дербес мемлекет болып, шығыс деректемелерінде Ақ Орда деп аталған.
Орда Ежен ұлысынан батысқа қарай Шайбани иелігіндегі жерлер жатты. Ол туралы Махмуд ибн Уали былай деп хабарлайды: «...Шыңғысханның ұлы Жошы ханның баласы Шайбани хан жеті жылдық жорықта астар, орыстар, чернестер және бұлғарлар елдерін жаулап алған кезде ептілік көрсетіп, ағасы Батый ханнан сыйлық ретінде төрт аймақ алды». Шайбани үлысының аумағы туралы Әбілғазы былай деп хабарлайды: «Шайбани жазда Орал бөктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең-байтақ жерлерде, ал қыста – Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерін бойлап және Сырдарияның төменгі ағысында көшіп жүрген».
ХIII ғасырдың екінші жартысындағы – ХIV ғасырдың басында Алтын Орданың тарихы орыс князьдықтарымен, Иранның Хулагу әулеттері мен болған үздіксіз соғыстарға толы; бұлардан Берке (1257-1266) мен оның мирасқорлары Азербайжанға және Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иелену құқығына таласты. Менгу Темір тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола оқшауланып, тұнғыш рет өз атынан теңге соға бастады, Орта Азия мен Жетісуда Шағатай ұрпақтарының билігін нығайту үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап отырды.
Өзбек ханның (1312-1342) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357) тұсында Алтын Орданың күш-қуаты барынша кемел кезіне жетті. Ислам діні мемлекет діні деп жарияланды.Өзбек хан Орда Ежен ұрпақтарын бұрынғы вассалдық тәуелділігіне қайтаруға тырысып, Сығанақта өзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды; алайда ол көп кешікпей өлтірілдіп, билік Орда Еженнің ұрпақтарына қайта көшті.
Шаруашылықтың жаңғыруы, феодалдық қатынастардың нығаюы жағдайында жергілікті түрік және түріктеніп кеткен феодалдық үстем таптың жағдайы күшейе түсті. ХIV ғасырдың басында Жошы ұрпақтары иеліктерінің Еділ бойындағы даланы, Еділдің батыс жағындағы жерлерді, Қырымды, Солтүстік Кавказды және Хорезмнің солтүстік бөлігін қамтыған батыс бөлігі (оң қанат) бұрынғысынша Алтын Орданы құрады; Жошы ұлысының қазіргі Қазақстанның (Жетісуды қоспағанда) Жайық өзенінің шығыс жағындағы және Арал теңізі мен Сырдарияның солтүстік жағындағы кеңбайтақ аумақты қамтыған шығыс бөлігі (сол қанат) Ақ Ордада Орда Еженнің ұрпақтары билік құрды. Ұлыстың екі бөлігінде де Жошының 13-шы ұлы Тоқа Темірдің ұрпақтары билік етті.
Орда Еженның иеліктері мен Алтын Орданың арасында орналасқан Қазақстан аумағы Шайбани ұрпақтарына бағынышты болды. ХIV – ХV ғасырдың басында бұл аумақты шығыс авторлары бірде Ақ Орда, бірде Көк Орда деп атайды.



Ақ Орда – моңғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған тұнғыш ірі мемлекеттік құрылым. Оны осы жерлерде ежелден мекендеп келе жатқан және моңғолдардың жаулап алуынан көп бұрын-ақ қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген, сондай-ақ Шыңғысханның шапқыншылығы кезінде Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аудандары мен Алтайдан қоныс аударған түрлі тайпалар мекендейтін еді. Онда қыпшақтармен қатар қоңыраттар, наймандар, қарлұқтар, маңғыттар, үйсіндер, керейіттер (керейлер) және басқалар болды.
Мұсылман әулеттерінің хронологиялық кестелерінде Ақ Орда хандарының есімдері мынандай ретпен келтіріледі: Орда-Ежен, Сартақ, Қоныша, Байан, Сасы-Бұға, Ерзен, Мүбәрек, Шымтай, Ұрұс хан, Қойыршақ және Барақ.
ХIV ғасырдың бас кезінен Орда-Ежен ұрпақтарының Сыр өңірінің қалалары мен Жетісу жайылымдары үшін Шағатай ұрпақтарымен күресі жүргізілді. Сонымен бірге далалық аудандардың көшпелілері мен жартылай көшпелілерінің және Сыр өңірі жазирасының отырықшы аудандарының халқы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды қалпына келтіру күшейді. Ақ Орда билеушілерінің әкімшілік орталығын өз иеліктерінің оңтүстік шет жағына, яғни Сығанақ қаласына көшіруі кездейсоқ емес.
Мүъин ад-дин Натанзи Ақ Орда хандарының бірі Ерзеннің Сығанақты көркейтіп, Отырарда, Сауранда, Жентте, Баршыкентте біраз үйлер салдырғанын хабарлайды. ХIV ғасырда Ақ Орда хандары теңгелерді енді тек өз атынан соқтырды.
Оңтүстік Қазақстанағы астанасы Сығанақты Ақ Орданың орталығына айналдыру Орта Азия мен Хорезмнің отырықшы аудандарымен байланыстардың кеңеюіне жәрдемдесті. Бұл байланыстарға Алтын Орданың орталығы – Еділ бойында қала өмірінің тіршілігін тоқтатуы мен сауда жолдарының өзгеруі едәуір әсер етті.
Түрік және түріктеніп кеткен жергілікті феодалдық үстем таптың экономикалық және саяси жағдайының нығаюы негізінде Ақ Орда билеушілері Мүбарак Қожа ханнан (1320-1344) бастап, Алтын Ордадан біршама болса да тәуелсіз бола бастады.
Жәнібек хан (1342-1357) қайтыс болғаннан кейін Алтын Ордада кезекті аласапыран кезең мен сарай төңкерістері басталды, олардың әрқайсысы өз теңгелерін соқтырды. Бытыраңқылық сарыны күшейіп, тәуелсіз иеліктер құрыла бастады, оларды өз билеушілері басқарды. Алтын Орда мемлекетіндегі жоғарғы билік жолындағы күреске сол қанаттың феодалдары белсене қатысты және Қызыр ханнан (1359-1361) бастап, Алтын Орда тағына бірінен кейін бірі, ал кейде бір мезгілде Жошы ұрпақтарының шығыс тармақтарының өкілдері, атап айтқанда, Темір – Қожа, Орда-Шейх, Мүрид және басқалар көтерілді. Ақ Орданің үстем табы Алтын Ордада қалыптасқан жағдайды пайдаланып, Жошы ұлысының екі бөлігін де саяси жағынан тұтас етіп біріктіргісі келді. Бердібек хан өлгеннен кейін Сарай тағына отыруға Ақ Орда ханы Шымтай (1344-1361) ресми тұрде шақырылды, ол шақыруды қабылдамады, бірақ оның балалары, әсіресе Ұрұс хан Алтын Орда тағы үшін күреске белсене қатысты.
Ұрұс 1368 жылы Ақ Орда ханы болды. Қадыр-Әли Жалаири, Муъин ад-дин Натанзи оны батыл мінезді, күшті әрі құдіретті билеуші деп сипаттайды. Шығыс Дешті Қыпшақта жергілікті мемлекеттік әсіресе Ұрұс хан кезінде нығайды. Ұрұс хан, одан кейін Ақ Орда (Өзбек ұлысы) тағына Әмір Темір отырғызған Тоқтамыс та Алтын Орданы қалпына келтіруге тырысты, бірақ соншалықты табысқа жете алмады; бұл жаулап алынған көптеген елдер мен халықтардың орасан зор бірлестігінің заманы ХV ғасырдың бірінші жартысында біржола күйреп тынды. Шығыс Дешти Қыпшақта дербес, берік этникалық негіздегі мемлекет күш ала берді, дегенмен онда да әулеттер алмасты: билік Орда – Еженнің ұрпақтарынан Тоқа-Темірдің ұрпақтарына (Тоқтамысқа) көшті; сонан соң қайтадан Ұрұсханның мұрагерлері қайтарып алды, Шайбани ұрпақтарына ауысты. Негізінен Шайбани ұрпақтары дәріптелетін деректемелерде Ұрұс хан мен оның ең жақын бабалары Жошының 13-шы ұлы Тоқа – Темірден тараған деп көрсетеді.





ІІІ. Шағатай әкесі мен ағасы Жошы өлгеннен кейін хан тұқымындағы үлкені ретінде зор беделгі ие болды. 1228-1229 жылдары ол Үгедейді ұлы хан деп жариялаған ханзадалардың басшысы болған еді. «Ясыны, биліктер мен қағидаларды, патшалықты сақтаудың амалдарын» жетік білген Шағатайдың беделі зор болғандығы соншалықты, тіпті ұлы хан Үгедейдің өзі де ағасының мақұлдауынсыз қандай болса да маңызды шешімдер қабылдамайтын болған.
Шағатай өлкесі Алорғу ели деп аталды. Оның басты қаласы Алмалық, жазғы ордасы Іле алқабындағы Құяш деген жер болды.
ХIV ғасырдың басында Шағатай әулетенің Орта Азиядағы және Жетісудағы рөлі қалпына келді. Хайду өлгеннен кейін көп кешікпей, 1306-1307 жылдар шамасында мемлекеттегі билік Барақ ханның баласы, Шағатайдың шөбересі Тоуваға(Дуваға) ауысады. В.В.Бартольдтің бағалауы бойынша ол «Шағатай державасының негізін салушы» болды.
Экономикалық күйзеліс, Моңғол империясиның, оның ішінде Шағатай ұрпақтары мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды талап етті. ХIV ғасырда Шағатай ұлысы хандарының іс-әрекетінде орталықтану және Мауараннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұрғыда Кебек хан (1318-1326) неғұрлым елеулі қадам жасады.
Кебек ханның мирасқоры, оның інісі Тармашырын (1326-1334) орталықтандыру саясатын жалғастырды. Кебек сияқты, ол да Мауараннахрда тұрды, Ала ад-Дин деген есімге ие болып, исламды Шағатай ұрпағы мемлекетінің ресми дініне айналдырды.
ХIVғасырдың 50-жылдарының аяғында Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі түрік-моңғол әскери көшпелі шонжарлары мен жергілікті феодалдардың өкілдері басқарған оннан астам иелікке ыдырап кетті. Қашқария алқабында - барластар, Ходжент аймағында-жалайырлар, Солтүстік Ауғанстанда – арлаттар, Әмударияның жоғары ағысында - қаушындар күшейді; бұл рулардың әрқайсысының басшысы өз өлкесінде дербес әмірші болды.
Оның үстіне 1346 жылдың өзінде Шағатай ұрпағы мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ бөлініп шықты. Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы Мемлекетінің шығыс аймақтарының көшпелі шонжарлары хижра бойынша 748 жылы 1347-1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді хан қойды. Мұнда ХIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі басты ролді Мауараннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дуғлат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дуғлаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір аумақты жерді мекендейтін.
Дуғлаттардың феодал үстем табы ХIV ғасырда Шығыс Түркістанның отырықшы-егіншілік жазираларына да иелік етті. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати дуғлат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (ихта) ХIII ғасырда-ақ алған деп жазады.
Дуғлаттардың үстем табының басшысы әмір Поладшы Мауараннахрдан бөлектенген хандық құрмақ болып, өзінің басшылық жағдайын нығайтуға және феодалдық егестерді бәсеңдетуге ұмтылды. Бұл егестер туралы деректемелер былай деп жазады: «Моңғол ұлысы хансыз қалды, моңғол халқы арасында әркім өзін билеп, ұлыста тәртіпсіздік орнады», «әрбір моғол әмірі тәуелсіздік пен өз билігіне ұмтылып, қарсы әрекеттер мен егестердің жалауын көтерді». /«Тарих-и-Рашиди», л.5а, 5 б./.
Дуғлат көсемдері арқылы моңғол шонжарлары Жетісу мен Шығыс Түркістанда өз билігін нығайтқанымен, көршілес Мауараннахр мен Ақ Орданың феодалдары сияқты қалыптасқан дәстүрді бұзуға және Шыңғыс әулетінен билікті тартып алуға батылы бармады. Поладшы таққа өзі қойған ханды отырғызбақ болып, Шағатай әулетінен Дува ханның немересі 18 жастағы Тоғлық Темірді таңдады. Күрделі, саяси жағынан тұрақсыз жағдайда дәл осы хан өзінің билігін күшейтті және моғол хандарының Моғолстанда, сонан соң Қашғарияда ХVI ғасырдың басына дейін билік еткен жаңа, едәуір орнықты әулеттің негізін қалады.
Өздері қойған адамды хан етіп бекіте отырып, дуғлат әмірлері ел ішіндегі өз ықпалын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар өз иеліктерін түрік әмірлерінің билік үшін шиеленіскен күресі жүріп жатқан Ферғана мен Мауараннахр тарапынан болатын шапқыншылықтан қорғауға, ол былай тұрсын, көрші елдің ісіне араласуға тырысты.
Моңғолстанның шекарасы тұрақты болған емес, оның бір жарым ғасырлық өмір сүрген уақыты бойынша өзгеріп отырды. Алғашқы хан Тоғлық Темір мемлекетінің құрамына Моғолстанның өзі мен вассалдық иелік ретінде Шығыс Түркістан бірде Темір ұрпағының мемлекетіне кірсе, бірде қайтадан Моңғолстан билеушілерінің қол астына қарады; ХV ғасырдың 80-жылдарынан бастап Моғолстан хандары иеліктерінің құрамына Ташкент пен Сайрам енді, бірақ Жетісу кірмей қалды. ХVI ғасырдың басында Моңғолстанның ыдырауы кезіне қарай оның хандарының билігі тек Қашқариямен ғана шектелген еді.
«Тарих-и Рашиди» бойынша, Тоғлық Темір едәуір дәрежеде жағдайды біршама түрақтандырып, Моңғолстанның бүкіл аумағын өз билігіне біріктіре алды; оның ордасы Алмалықта болған. Алғашқы моғол ханы ұлыстық жүйені сақтады; жоғарғы ұлыс бегінің мұралық лауазымын (ұлысбегі) ол дуғлаттардың басшысына бекітті.
Мауараннахр хандарының үлгісімен Тоғлық Темір өзінің жоғарғы билігін ортағасырлық Шығыстағы сыннан өткен идеологиялық тірек-мүсылман діні арқылы нығайтуды көздеді. Ислам дінін қабылдамағандарға, тіпті әмірлер мен бектерді қоса, өлім жазасына, адам басына сәдені шегелеуге қатаң шаралар қолданылды.
Тоғлық Темір өз билігін Мауараннахрға да жүргізбек болды. Өзінің сыртқы саяси, әскери істерімен Тоғлық Темір Жетісудан 1360 жылғы ақпан-наурыз айларында аттанды. Әскерімен Ташкентке жақын тоқтап, Тоғлық Темір хан ілгері қарай қосын жіберді, ол Сырдариядан өтіп, Кеш (қазіргі Шахрисабз) қаласына қарай жүріп кетті. Тоғлық Темірдің өзара жауласып жатқан жергілікті әмірлер өзіне қарсылық көрсетпейді деген есебі ақталды. Олардан бірі – Орта Азияның болашақ билеушісі Әмір Темір Тоғлық Темірге бағынатынын білдіріп, сол үшін Кеш қаласын үлесті жерімен бірге басқаруға алды.
Моңғол әскерлерінің одан әрі ілгерілеуіне Тоғлық Темір әскербасыларының өзара іс-әрекетінің үйлеспеуі кедергі келтірді. Олардың арасында деректемеде керейт, аргинуд, қаңлы тайпаларының әмірлері мен бектері аталған. Олар әуелі хан ордасына келіп, содан соң бүлік шығарып, Моңғолстанға кетіп қалды. Моңғол ханы Мауараннахрды бағындыру жөніндегі одан арғы әрекетін тоқтатуға мәжбүр болды. Әмірлердің бүлігін басқан соң Тоғлық Темір 1361 жылы көктемде тағы да Мауараннахрға аттанды. Ол Мауараннахрдың бүкіл аумағы арқылы өтіп, оңтүстікте Құндызға дейін жетті. Мұнда көктем мен жаз бойы болып, күзде Самарқандқа оралды. Тоғлық Темірдің Мауараннахрда уақытша орнығуына өлкедегі саяси жағдай – жиырма жыл бойы, ХIV ғасырдың 40 және 50-жылдарында орталық билік болмауы жәрдемдескен еді.
Өзінің баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың билешісі етіп қалдырып, Тоғлық Темір Моғолстанға оралды. Моғол әскербасылары өздерін жаулап алушылардай ұстап, тек өздерінің баюын ғана көздеді. Халық бұқарасының ашынуы мен жаулап алушылар орасындағы талас-тартысты пайдаланып, Әмір Темір Мауараннахрда билік жүргізуге күш сала бастады. Тоғлық Темірдің өлімі хан тағын мұралану ісімен айналысу үшін Ілияс Қожаны Мауараннахрдан кетуге мәжбүр етті. Бірақ Ілияс Қожа қайтар жолында Темір мен Әмір Хұсайнның біріккен әскерлерімен шайқасуға мәжбүр болды. Ол жеңіліп, тұтқынға түсті, бірақ Моңғолстанға босатылып жіберілді. Темір жеңілген моңғол әскерін Ташкентке дейін қуды.
Моңғолстанның (хижра бойынша 764 /1362-1363/ жылы) ханы болған соң Ілияс Қожа 1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге жаңа әрекет жасады. Темір өз әскерлерімен оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында қарсы алды. Бұл жерде өткен белгілі «Батпақ шайқасының» («Жанг-и лой») екі жақ үшін де зор маңызы болған еді. Шайқас кезінде әскерлердің соғыс қимылын қиындатқан қатты нөсер құйды. Моңғолстанның қатаң ауа райына неғұрлым көндіккен және неғұрлым жақсы жасақталған Ілияс Қожаның әскері бұл шайқаста жауға төтеп берді. Дуғлат әмірі Шамс ад-дин басқарып жеткен тың моңғол әскері Темірді кері қайтуға мәжбүр етті.
Жеңіс моғол әскерлеріне Мауараннахрға жол ашты. Темір мен Хұсайын Самарқандты тастап, Әмударияның арғы бетіне өтіп кетті. Бірақ моңғолдар Самарқандты ала алмады; орталығы Хорасанда болған сарбадорлар қозғалысына қатысушылар басшылық еткен Самарқанд халқының қаһармандық күресі моңғолдардың шегінуінің себебі болды.
Моңғолстанның алғашқы хандарының Шағатай ұрпағы мемлекетін қалпына келтіру жолында жасаған әрекеттері осылай аяқталды.
1462 жылы Моғолстанның ханы Есен Бұға өлгеннен кейін Жетісуда қазақ билеушілеріне қарсы тұра алатын нақты кұш болған жоқ. Оның інісі Жүніс хан бұл кезде Ташкентте жүрген. Осындай жағдайда бұл аумақта жаңа саяси құрылым – Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы заңды құбылыс еді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет