ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы»



бет31/67
Дата27.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#182753
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-3-курс

Қазақ хандығының құрылуы.
Ел президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 1999 жылы 15 желтоқсанда жолдауында: "Он бесінші ғасырда алғашқы қазақ хандығының құрылуы халықтың тарих төсіндегі, уақыт кеңістігіндегі өзіне тиісті бөлекше орынды алып тынғанын тиянақтайды. Ұлы хандарымыз Керей мен Жәнібек оны саяси тұрғыдан бедерлеп берді. Ұлттық тарихымыздың соңғы бес ғасыры халқымыздың өмір сүретін кеңістік үшін арпалысының тарихы болып табылады. Біз өзіміздің өткендегі өмірімізге кілең бір кездейсоқ оқиғалар тізбегі деп қарамауымыз керек. Шұғыл өркендеп кеткен Еуропа мен дами түскен Қытай ХVІ-ХVП ғасырлардың өзінде көшпелі халықтардың мүмкіндіктері күрт кемітіп, олардың бойындағы күш-қуатын бір-бірін жойып жіберуге жұмсатып қойды. Қазақтар мен жоңғарлардың трагедиясы осылайша басталды. Ұлттың бойындағы қуат кернеуінің күштілігі сондай, біз сол "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға" да төтеп бере алдық сөйтіп жеңіп шықтық. Бір болсақ бізді алар жау жоқ деген карапайым ғана, қарапайым да болса мәңгілік ақиқат ойға да сол тұста ден қойғанбыз. Елді қос өкпеден қысқан құрсаудан халықтың басын қосқан айбынды ханымыз Абылайдың сөзі мен семсері құтқарып қалатыны да сол тұста болатын деді.
XV ғасырдың бірінші жартысында қазақ хандығының құрылуына мұрындық болдан маңызды тарихи оқиға мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде, олардың арасындағы өзара тартыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілқайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілқайыр хан бұрын Орда-Ежен ұрпағы билеген Ақ Ордаға қарасты Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1428-1468ж.) үстемдік етті. ХV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығында толассыз болып отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар барған сайын үдей түсті. Дешті Қыпшақ даласында қалыптасқан мал жайылымын пайдаланудың дағдысы - көшіп-қону тәртіптері бұзылды. Бұл көшпелі мал шаруашылығына ауыр тиді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілқайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Әбілқайырдың 1456-1457 жылдары қалмақтардан ойсырай жеңілуіне байланысты күшейе түскен бұқара халық наразылығын Әбілқайыр ханның дұшпандары - Шыңғыс әулетінен шыққан сұлтандар, Ақ Орда билеушілері Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей шебер пайдаланды.
Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады. Моғолстан ханы Есен-бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алады. Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы - Шу бойынан қоныс бөліп берді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет