ХVғ. 70- жылдарынан кейінгі және ХVІғ. басындағы Қазақ хандығы.
XV ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілқайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды. Ең алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді. 1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды. 1486 жылы қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбаниді жеңді. XV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы күшейді. Қазақ хандығының құрамында Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары болды.
XVI ғасырдың I жартысында Қазақ хандығы күшейе түсті. 1511 жылы Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Қасым ханның алға қойған басты міндеті - Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу. Қасым ханның бұл істі орындау жолындағы басты кедергісі Мұхаммед Шайбани болды. 1510 жылы Қасым ханның әскерлері Мұхамед Шайбаниді жеңді. XVI ғасырдың аяғына қарай Қасым хан Қазақ хандығының жерін ұлғайтты.
Қорыта келгенде, ХІV-ХV ғасырда тамырын тереңнен алатын қазақ халқының қалыптасу процесі негізінен аяқталды. Оның негізін Қазақстан жерін алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінен бастап феодалдық қатынастардың қалыптасу дәуіріне дейін мекендеген сақ, үйсін, қаңлы, түркеш, қарлұқ, оғыз, қыпшақ, қимақ, найман, керей, арғын және басқа ежелгі, сондай-ақ көшіп-қону, жаулап алу кезінде қоныс аударған тайпалар құрады. Қазақ халқының қалыптасу процесіне моңғол нәсілінің белгілері әсер еткенімен халықтың көне европалық антропологиялық типі сақталды. Жайлап болса да алға жылжыған шаруашылық эволюциясы, отырықшы және көшпелі аудандардың экономикалық байланысының кеңеюі, қоғамдық қатынастар сипатындағы өзгерістер - осылардың бәрі тілі жағынан жақын, шаруашылық-тұрмыстық құрылымы біртекті тайпалар мен тайпалық топтардың бірігуіне, феодалдық дәуірдің этникалық бірлестігі - қазақ халқының қалыптасуына ықпал етті.
Қорытынды сұрақтары:
1. Қазақ хандығының пайда болуына қандай жағдайлар себеп болды?
2. Қазақ халқын біріктіруде Қасым ханның қызметі қандай?
3. Қазақ халқының қалыптасуына қандай себептер негіз болды?
4. Үш жүзге бөліну қазақ қоғамында қашан және қалай қалыптасты?
5. Қазақ қоғамында феодалдық қарым-қатынастың ерекшелігі неде?
6. Қасым хан тұсында қандай өзгерістер болды?
7. Бұхара және Сібір хандығының одағына қарсы жүргізілген қазақ хандарының күресінің негізгі себептерін атаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |