Патша өкіметінің отаршылдық саясаты және Ресейдің Қазақ жүздерін құрамына қосып алуы. Абылай хан. XVIII ғ. басында қазақ-орыс қатынастарында Бекболат Екешов және Байдәулет Буриевтің басшылығымен Қайып ханның елшілігінде, 1716 ж. қыркүйегінде, 1716ж. қазанында Никита Белоусовтың басшылығымен елшілігі, 1717 ж. аяғында Б. Брянцевтің елшілігі, 1718ж. қазанында Шабу және Багадур басшылығымен елшіліктер қазақ-орыс қатынастарының жақындауына әкеледі. Әбілқайыр ханның бастауымен Кіші жүздің көптеген тайпалары Жайыққа жақындап және одан әрі оң жақ жағаға шығуға тырысты. Бұл жағдай орыс бодандығындағы башқұрттар мен қалмақтармен күресуге әкеп соқты. Шекаралық келіспеушіліктерді реттеу мақсатында Кіші жүз басшылары 1726ж.Ресейге елшілік жіберілді. Әбілқайыр ханның 1-і жіберген елшілігі нәтижесіз болды. 1730ж. маусымында Әбілқайыр хан өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Ионовнаға тағы өтініш хат жолдайды. Сейітқұл Қайдағұлов пен Құтылымбет Қоштаев бастаған хат жеткізуші елшілікті 1730ж. қыркүйекте петербургке жібереді. 1731ж. 19 ақпанда Анна Ионовна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына Ресейге ерікті түрде қабылданғаны туралы грамотаға қол қойды. 1731ж. А. Тевкелев 5 қазанда Ырғыз өзеніндегі Майтөбе деген жердегі Әбілқайырдың ордасына жетеді. Қазақстанның Ресейге қосылуы қиын жағдайлармен басталды және бейбіт түрде жүріп, XIXғ. 50-60ж. әскери зорлау шаралары арқылы іске асырылып аяқталды.
XVIII ғ. 30ж. ортасында жоңғарлар қайтадан қазақтарға, әсіресе орта жүзге қысым көрсете бастады. Орта жүз ешкімгі тәуелді болмай, өз еркімен өмір сүрді. Сәмеке хан өлгеннен соң да (1822ж. Сібір қазақтарының жарғысына дейін) Орта жүз тәуелсіз болып қала берді.
Абылай хан (1771-1781ж.) қазақтың мемлекеттігін сақтап, берік ұстау үшін данышпандық саясат жүргізді. 1740ж.- 1750ж. Орынборда Ресеймен жақсы көршілес болу жөніндегі және оны сақтай отырып, Әбілмәмбет ханмен бірге Қытаймен бейбіт қатынаста болу жөнінде келісімдерге қол қойды. 1733-1734ж. Ұлы жүздің бірнеше сыйлы адамдары Ресей бодандығына көшуге ниет білдіреді. 1734ж. 10 маусымдағы императрицаның грамотасына Ұлы жүздің ірі-ру басшыларының орыс бодандығын қабылдағанын жариялады. Бірақ Ұлы жүз жерінің Ресейден алыс орналасуы, халық-аралық және ішкі жағдайлардың жиынтығына байланысты Ұлы жүз шын мәнінде Ресейге кейінірек қосылды.
XVIII ғ. ортасында 1745ж. Галдан Цереннің өлімінен соң, жоңғар державасының құлдырауына әкелді. Галдан Цереннің кезінде Жоңғария күшті империяға айналды, оған дәлел, осы кезеңде Жоңғарияның Қытай империясымен бірнеше рет соғыс жүргізуі. 1734ж. Ұлы жүз, ал 1742ж. Орта жүз билеушілері аманатқа өздерінің балаларын беруге мәжбүр болды. 1730ж. орта басында, Орта жүздің саяси өмірінде, одан соң барлық қазақ одағында Абылай сұлтан үлкен рөл атқарды. 30ж. аяғында Абылай сұлтан бір шайқаста атақты Шарыш деген жоңғар батырын өлтіреді. Ал Шарыш Галдан Цереннің жақын туысы еді. Шарышты өлтіргені үшін жоңғарлар қазақтарға қарсы үлкен шайқасқа дайындалады. 1741ж. Орта жүздің қазақ көшпелілері 3 жағынан қалмақ әскерлерінің қоршауында қалады. Қазақ шежіресінде бұл оқиға, және Абылай сұлтанның тұтқындалуы аңыздарда «Сүзектің қолы» деген атаумен кездеседі. Жалыбы Абылайды Ұлытау тауында қолға түсіреді.
Абылайдың артынан қазақтар жоңғар ордасына Қаз Дауысты Қазыбек би мен Малайсары батырдың басшылығымен 90 би, батырларды жібереді. Келіссөздер нәтижесінде қазақтар мен қалмақтар бірнеше келісімдерге келеді. Абылайды босатуда және Жоңғариямен бейбіт келісімдер жасауда 30-60ж. Қазақ ханы Әбілмәмбет те маңызды рөл атқарды. 1740 ж. Ор бекінісінде Әбілмәмбет хан Ресейге адал болатынын айтып ант береді. Әбілмәмбет пен Абылай В.Урусовпен келімімге қол қойғанда Галдан Церенге қарсы шайқаста орыстар көмек көрсетеді деген үміт те болды. XVIII ғ. 40ж басында Орта жүзге жоңғарлар тағы да шабуыл жасайды, бірақ орыстар тарапынан ешқандай көмек көрсетілмейді. 1742ж. ол өзінің ұлы Әбілфейзді Галдан Церенге аманатқа береді. Осының арқасында Абылай сұлтан босатылады. Ақылды, дипломат Әбілмәмбет Түркістандағы қалалардың билігін өз қолына алады. Галданның үш ұлы болды. Галдан өлгеннен соң билікке талас басталады. 1755ж. Қытай Жоңғарияны жаулап алып, толық жойып жібереді.