ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы»



бет44/67
Дата27.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#182753
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-3-курс

VІ. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиет
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997.
VІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ( 6%)
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті
VІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Үй тапсырмасы: Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. ХІХ ғ. 60-90 жж. Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары.
VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Қазақстанның Ресейге қосылуның кезеңіндегі азаттық қозғалыстардың негізгі этаптары мен мәселелері.
2. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы (1793-1797 жж.) басқарған көтерілісі.
Әр түрлі шапқыншылықтар қазақтарды зор материалдық шығынға ұшыратты және қауымдарды әлсіретті. Бұл және қазақ жүздеріндегі ішкі саяси жағдай қазақтардың Е.И.Пугачев көтерілісіне үн қосуына себеп болды. Нұралы хан тұсында Кіші жүздегі қайшылықтар шиеленісе түсті. Орта жүздегі жағдайдың күрделілігі де кем болмады. Осының бәрімен, сондай-ақ патша өкіметінің отаршылдық саясатының қатайтылып, күшейтіле түсуімен қатар қазақ қоғамы ішінде, оның әр түрлі топтарында патша үкіметінің саясатына наразылық пісіп-жетілді. Қатардағы малшы шаруалардың отаршылдық саясатқа наразылығы патша үкіметінің белгілі бір жеңілдіктерін пайдаланған қазақ ақсақалдарына, рубасыларына, сұлтандар мен хандарға еселене түскен өшпенділікке ұштасты. Бұл ойды жақтаушылар бейшаралық халге тұскен көшпелі қазақтар еді.
1773-74 жылдардағы шаруалар соғысына 1772 жылғы жайық казактарының көтерілісі жол ашып берді.
Көтеріліс басталғанға дейін Нұралы хан өкілінің Пугачев төңірегіндегі адамдармен кездесуі болды. Онда көтеріліс басталғаннан кейін қазақтардың көтерілісшілер жағында қымылдауы туралы сөз болды. Сондықтан Пугачев Кіші жүз қазақтарының қолдайтынына сенімді болды.
Пугачев пен оның төңерегіндегілер қазақ даласындағы істің жайынан хабардар еді, патша өкіметінің саясатына өрши түскен наразылықты түсінді. Олар мұны өз мүдделеріне пайдаланғысы келді. Пугачевтың отряды Жайық қалашығына аттанар алдында Жоғарғы Богдан бекінісі жанындағы Көшім сайында оған Нұралы ханнан сыйлықтар алып, Забир молда мен Оразгелді Аманов барды. Осында 1773 жылғы 6 қыркүйекте Е.Пугачевтің Кіші жүз ханы Нұралыға арналған қазақтарға манифесті жазылды. Онда былай делінген: «Мен сендердің бәріңді қалдырмай, адал, алдамай жер, су мен шөп, азық-түлік, жылғалар мен өзендер, тұз бен нан, қорғасын беремін, бастан аяққа дейін киіндіремін». Ол 200 адамнан тұратын жауынгерлік қосын жіберуді сұрады.
Ол Жайық қалашығына келіп, өзін ІІІ Петрмін деп жариялады.
20 қыркүйекке қарай Нұралы хан адам саны 1000-ға жуық жасағымен Жайық қалашығына келді. Бұл кезде қазақ ханының ордасындағылар жаңа патшаның жалған атты жамылушы екенін түсінді және оқиғалардың қалай өрбитіні әлі белгісіз болатын. Сондықтан ханның жасағы Жайық қаласына шабуыл жасамақшы болған жоқ, оның үстіне қалашықты қоршау да созылып кетті.
Пугачевтің қазақтарға алғашқы үндеулері мен манифестері қауымдар мен жүздерде қолдау тапты. Патша өкіметі мен казактардың қазақтар жөніндегі әрекеттері дала жақтан шептерге, станицалар мен кордондарға шапқыншылықтар жасауды жандандыра түсті.
1773 жылғы 5 қазанда Орынборды қоршау басталып, ол 1774 жылдың наурызына дейін созылды. Орынборды қоршау барысында Пугачев екі манифест жазуға өкім берді. Олардың біреуі қазақтарға арналды. Орынборды қоршаудың түрлі кезеңдерінде көтерілісшілерге 2000-дай қазақ қолдау жасады.
1775 жылдың жазынан Кіші жүздің қоныстарында «Көзге көрінбейтін адам» немесе Көктемірдің пайда болуы туралы кауесет тарала бастады. Тек 1776 жылдың жазына қарай ғана «Көрінбейтін адамның» қозғалысы тоқтарылды.
Сонымен 1773-75 жылдардағы шаруалар соғысының оқиғалары Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының арасында үндестік тапты. Қазақ шаруалары шаруалар соғысының оқиғаларына тез арада үн қосып, онда өздерін белсенді түрде көрсетті. Бұл стихиялы бой көрсетулерден қазақтардың қазақ жерлерін отаршыл казактардан азат етуге ұмтылысы аңғарылды және ол қазақ халқының патшалық самодержавиеге қарсы ұлт-азаттық қозғалысының бір арнасына қосылды. Бұл да оқиғалардың дамуына прогресшіл фактор болды. Сонымен бірге қазақ шаруаларының бой көрсетулері қазақ жүздеріндегі ішкі әлеуметтік қайшылықтарды ашып берді.
Әбілқайыр хан Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін Кіші жүздің көшіп жүретін қоныстары орналасқан көптеген аудандарда аймақтың әлеуметтік-экономикалық жәңе саяси өмірінде үлкен өзгерістер орын алды. Сонымен бірге Ресей империясының отаршылдық етуі барған сайын Кіші жүздің кең-байтақ аймақтарын қамти түсті.
Малшыларды ашықтан-ашық тонау, тарихи қалыптасқан көшіп-қөну жолдерінің бұзылуы қазақ еңбекшілері шаруашылығының құлдырауы-на әкеп соқты. Малшалар «ішкі жақта» мал жайғаны үшін салық төлеуден бас тартты, мұны «шөп пен су құдайдың бергені» деп, оларды өздерінің пайдалануға құқығы бар екенімен дәлелдеді.Жаппай халықтық бой көрсету үшін алғышарттар пісіп-жетілді. ХVIII ғасырдың аяғындағы Кіші жүз қазақтарының еңбекшілері көтерілісінің негізгі себептері жер мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің «ішкі жаққа», Жайықтың арғы бетіне өтуіне тыйым салуы, ру ақсақалдарының құқықтарына қысым жасау, хан, сұлтандар, жайық казак әскері мен патша әкімшілігі тарапынан ашықтан-ашық талап-тонау мен халыққа зорлық-зомбылық жасалуы болды.
1783 жылға қарай даладағы жағдай абден шиеленісіп кетті. Саяси аренада дәстүрлі әлеуметтік институттардың өкілі болған билердің, батырлардың салмағы арта түсті. Осы кезге қарай казак отрядтарының ауылдарды және қазақ батырларының бекіністерді алма-кезек шабуы жиілады. Мұндай әрекеттерде сәттілік те, сәтсіздік те болып отырды. 1783 жылғы шапқыншылықтардың бірінде Сырым орал казактарының тұтқынына түсті, ал 1784 жылдың көктемінде Нұралы хан Сырымды босату үшін 70 жылқы және күміспен 350 сом мөлшерінде өтем төлеуге мәжбүр болды. Сырым Нұралы ханның қарындасына үйленген еді. Сырымды өтем төлеммен босатып алуға туыстық қана емес, оның ел арасындағы жоғары беделі де себеп болып, Нұралы ханды осыған баруға мәжбүр етті.
Бұл кезде қазақтардың бой көрсетулері жаппай сипат ала бастады. 1784 жылдың қарашасында Сырым батыр Сағыз өзенінде 1000 адамнан тұратын ірі жасақ жинады, оның маңызды міндеті патшалық өкімет орындарына қарсы қимылдау болатын. Сырымның өз бетімен әрекет етуі ханмен алшақтасуды туғызды және олардың бір-бірімен ат құйрығын кесісуі байқалды. Cырымның әрекетіне жауап ретінде ақпан айында жаза отрядтары жіберілді.
Көтерілісшілердің ханға, сұлтандарға және жазалаушылаоға қарсы куресі халықтың қызу тілектестігін туғызды. Көтерілісшілер әр рудан, әрбір ауылдан пана тауып, көмек алды.
Нұралы ханның билігі көрінеу дағдарысты бастан кешірді, одан халық сырт айналып кетті, ал патшалық өкімет орындары ханның дәрменсіздігіне көз жеткізді.
Кіші жүз ақсақалдарының 1785 жылғы Игельстром іскерлікпен дайындаған съезінде ең басты екі мәселе – жүзде билікті ұйымдастыру туралы және қысқы қоныстарды кеңейту туралы маселе-лер қойылды. Съезд Нұралы ханды орнынан алу және Кіші жүзді үш бөлікке, «Бас Орда» дейтіндерге – Байұлы, Жетіру және Қаракесек ордаларына бөлу туралы мәселе қойды, ал Сырым батыр барлық Ордадағы «бас кеңесші» болып тағайындалды. Игельстромның әрекеттері көтеріліске көп жағынан бейтараптандырушы ықпал жасады. Игельстромның әдістері белгілі бір дәрежеде Сырым мен оның серіктеріне әсер еткенін мойындау керек, сондықтан да көтеріліс Қазақстандағы отаршылдықтың шайқалуына объективті түрде себебші болғанымен, құлдырау бағытымен үнемі бәсеңдей береді. Реформа ұстарасының өткір жүзі ханды тайдыру жолымен хан билігін жоюға келіп тірелді.
Падша әкімшілігінің кеңесіне құлақ аса отырып, ақсақалдар съезі 1785 жылдың күзінде Кіші жүзді үш бөлекке немесе «бас ордаларға» бөлу туралы шешім шығарды. Олардың әрқайсысының басында съезд сайлаған ақсақал тұруға тиіс болды.
Осы кезде көтерілісшілер хан ауылдарына тағы да шабуыл жасай бастады. 1786 жылдың сәуірінде көтерілісшілердің тегеуірінімен Нұралы хан патшалық өкіметі орындарының қорғауына қашып баруға мажбұр болды. 1786 жылғы 3 маусымда Ресей патшайымы ІІ Екатерина Нұралыны хан билігінен шеттету туралы рескриптіге қол қойды. Нұралы Оренборға шақарап алынып, ол жерден Уфаға жөнелтілді.
Патша үкіметі қалаптасқан жағдайды пайдаланып, хан билігін жоймақшы болып шешті. Сыртқы істер алқасы Игельстромға Кіші жүзді басқару жобасын әзірлеуді тапсырды. Ол табыс еткен, «Игельстром реформасы» деп аталған жоба 1786 жылдың көктемінде мақұлданып, бекітілді.
Саяси билік Оренбор әкімшілігінің қолына шоғырландырылды. Генерал – губернатордың жанынан жүздерді басқарудың жаңа органы – феодал шонжарлар мен патша әкімшілігінің өкілдерінен Орынборда Шекаралық сот құрылды. Әкімшілік органдар – ру ақсақалдары кіруге тиіс болған «расправалар» сотқа бағынды.
Сойтіп, патшалық өкімет орындары сол кезде дәстүрлі билік иелері шонжарларға сүйенуге үміттенді. Ең ақсақалдарға «бас ақсақал» атағы енгізілді, оларға барлық руларды қадағалап отыру міндеті жүктелді. Басқару жүйесіндегі төменгі буын ру ақсақалдары болды, оларға айлық тағайындалды.
Алайда беделді ақсақалдар мен билердің көпшілігі «реформаға» қарсы шықты. Олар ақсақалдардың пайдасына ханның құқықтарын шектей отырып, хан билігін сақтап қалғысы келді.
«Реформаны» жүргізу кезінде Игельстром Орал казак әскерінің қазақ ауылдарын шабуына тыйым салды. Қазақ малшыларына қыста Жайық пен Еділ арасындағы жерге көшіп бару мүмкіндігі берілді. Жайық арқылы өтуге 17 ақсақал құқық алды, олардың басқаруында 45 мыңнан астам қожалық болды.
Сырымның қимылдары маневрлік сипатта болды. Қозғалысқа тілектестік және қолдау көрсетіп, ақсақалдардың немесе сұлтандардың қатысуынсыз қарапайым халық Сырым батырға барған сайын өз көмегін көбірек көрсететін болды. Бырақ көптеген ауылдар күйзеліп қалған еді, сондықтан 1793-94 жылдарда олар пәрменді қолдау көрсете алмады, күрес ара-тұра болатын ұсақ қақтығыстармен шектеле бастады.
Сырымның ымырасыз көзқарасы одан көптеген ақсақалдарды аулақтатты. Сонымен бірге ол өзі қолдау таба алатын өз қоныстары-ның шегінен тыс қалды.
Қайтадан Орынбор губернаторы болып тағайындалған Игельстром 1797 жылдың көктемінен Сырыммен оны бейтараптандыру үшін келіссөз жүргізе бастады. Алайда Сырымның ымырасыздығы көтеріл-ісшілердің Есім ханды өлтіруіне әкеп соқты, яғни қозғалыстың көрінеу қайта жандануы басталды. Соның салдарынан Игельстром жаңа хан сайламай, жүзді басқаруды хан Кеңесіне тапсыруға әрекет жасады, оның орналасатын жері Кіші Кобда өзенінің өңірі болып белгіленді. 1797 жылдың тамызында хан Кеңесі жұмысын бастады, оның төрағасы болып Айшуақ сұлтан тағайындалды. Алайда сұлтандар өз бетімен, халық өкілдерін қатыстырмай, Қаратай сұлтанды хан етіп сайлады. Қаратай Сырымның Хиуаға көшіп бара жатқан кезінде оны өкшелеп қуды. Көп кешікпей С.Датовтың өлтірілгені туралы хабар тарады.
1783-1797 жылдардағы халық бұқарасының күресі қазақ халқының тарихындағы маңызды оқыға болды. Ол хан билігінің негізін шайқалтты. Бұл халықтың ең белсенді бөлігінің отаршылдық езгі мен феодалдық зорлық-зомбылыққа қарсы стихиялы наразылығының бытыраңқы көріністері болды. Сонымен бірге Сырым патшалық режимнің отарлау саясатына он төрт жыл бойы қарсы тұра білді. Патша өкіметі Орынбор әкімшілігі арқылы көтеріліске шыққандардың қымылын көп жағынан бейтараптандыра білді, ал дәстүрлі демократия лық билік қалдықтарының сақталуы қозғалыс нәтижелерінің бірі болатын. Сол арқылы мемлекеттіліктің қалдықтары және дәстүрлі тұрмыс салты сақталып қалды. Тұтас алғанда, қозғалыс ұлттық сана-сезімнің артуына жәрдемдесті және ұлт-азаттық сипатта болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет