ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы»



бет47/67
Дата27.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#182753
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-3-курс

Кестені толтыру.
VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы басқарған Бөкей ордасындағы көтеріліс.
2. 1837-1847 жылдардағы Қенесары хан басқарған көтеріліс.
XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың басында Кіші жүздегі қазақ халқының едәуір топтары Жайық пен Еділ өзендеріеің төменгі ағыстарының аралығына көшіп барып, 1801 жылы Ішкі, яғни Бөкей хандығын құрды. Бастапқыда Жайықтың оң жағасына бес мыңдай отбасы өтті. Одан кейінгі жылдарда хандық халқы Жайықтың арғы бетінен ағылып көшу есебінен өсе берді. Орынбор шекаралық комиссиясының есептеуі бойынша, 1828 жылы Бөкей хандығының халқы 10 225 шаңырақ болған. Деректемелер боцынша, 1845 жылы мұнда 30 мыңнан астам шаңыраққа жеткен, 1860 жылы оның халқы 26 209 шаңырақтан тұрған.
Қазақтардың Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына көшуімен жайылым мәселесі де шешілген жоқ, жер қатынастарының күрделілігі бұл жерде Кіші жүздегіден кем болмаған күйінде қалды. Топырақ-клименттык және өзге де табиғи-географиялық жағдайлары бойынша Бөкей хандығының аумағы қоныстанушылардың көшіп келген жағындағы аумаққа қарағанда нашар болмаса, жақсы емес еді. Мал- шының өмірлік циклында қаншалықты айқындаушы маңызы болса да, қоныстанудың сол бір нақты жағдайларында жайылымдар туралы мәселе ең бірінші орынға қойылған жоқ.
Хандық құрылуының негізгі себебі отаршылдық саясаттың күшеюі салдарынан көптеген көшпелі қауымдардың бұрынғы көшіп жүретін орындарында қалуының мүмкін еместігі деп есептеу керек.
XVIII ғасырдың аяғына қарай хан билігіне қарсы жаппай қарулы бой көрсету бәсеңдеп кетті. Халық көтерілісінің найзасы қарсы бағытталған хандар, сұлтандар және олардың төңірегіндегілер есін жиып, кек алу актілерін жүргізе бастады. Көтеріліске қатысушыларды және оған тілеулес болған рулық қауымдарды қудалау кең ауқым алды. Қашандағысы сияқты, мұндай жағдайларда рулардың үстем тобы мен Ресей әкімшілігі қазақ руларын өзара соқтығыстыруға, олардың арасындағы алауыздықтарды тартыстар мен қақтығыстар ошағына айналдыруға тырысты. Көшпелілердің біршама тыныштығы мен дағдылы шаруашылық ырғағы бұзылды.
Осындай жағдайларда ауылдардың үдере көшуі мен билеушілер билігінен неғұрлым қауіпсіз аймақтарға барып паналау бел алды. Бұл өмірлік қажеттілік болатын.
Кіші жүздің оңтүстігінде қазақтардың қоныстарын күшпен басып алу және ауылдарын тонау саясатын жүргізген Хиуа хандығы болды. Бірден-бір амал - Жайықтың оң жағасына – бос жатқан дерлік құмды ауданға қоныс аудару ғана қалды, ол жаққа бұрын шекаралық өкімет орындарының келісуімен қазақ ауылдары өз малымен, негізінен алғанда, қыс кезінде талай рет өтіп жүрген еді. Бырақ та, сол кезге дейін қазақтарды Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына тұрақты тұруға қоныстандыру туралы мәселе қойылған емес.
Қазақстанда патша өкіметінің саясатын тікелей жүзеге асыра отырып, Орынбор шекаралық әкімшілігі екі жақты көзқарас ұстанды. Бір жағынан, ол «ішкі жақта» сол кезде-ақ пайда болған әскери казак поселкелері тұрғындарын шаруашылық мүдделерін түгелдей жақтады. Екінші жағынан, отарлауды жүргізу үшін оған қазақ шонжарларының ықпалды бөлігінің қызметі қажет еді. Патшалық өкімет орындары мен қазақ ақсақалдарының бірлескен күш-жігері ғана патша өкіметінің саясатын жүзеге асыра алатын. Осы себептерге байланысты шекаралық өкімет орындары қазақ шонжарларының өз малын қос өзен аралығындағы аудандарға өткізу туралы өтініштерін ара-тұра қанағаттандыруға мәжбүр болды.
Өз кезегінде, билікке ұмтыла отырып, оны Кіші жүзде алуға үміттен-беген Бөкей сұлтан үкімет органдарының батыл қолдауын пайдаланып, Жайықтың оң жағасына өтуге және сонда өз хандығын құруға құлшынды. 1801 жылы 1 наурызда I Павелдің жарлығымен Бөкей сұлтанға «патша суреті бар алтын медаль» беріліп, оған «қай жерді қаласа, сонда көшуге рұқсат» берілді.
Рубасылар мен ақсақалдардың міндеттері қиындады: есеп беру еңгізілді, олар жайылымдық алаптарды жалға алу кезінде, пішен сатып алу, мал көтерме саудасы кезінде рудың немесе бөлімшенің мүдделерін білдірді, халықтан орталық билік белгілеген алым – «зекет», «соғым» жинады, жекелеген ауылдардың көшіп жүретін шекарасын белгіледі. Оларға бағыныштыларының арасында «орыс қарқындары», «бүлікшілер», қазақтардың басқа руларынан келгендер тұрмауын қадағалау жүктелді, оларға «тыныштық пен бейбітшілікті» сақтау міндеттелді.
Ру сұлтандары мен ақсақалдары жанында іс-қағаз жүргізушілер мен дін жолына бастаушылардың міндеттерін қоса атқарған молдалар болды. Олардың кейбіреулері хан кеңсесімен және ауылдар арасында байланыс жасау үшін «шабармандар» және «қызметкерлер» ұстады.
Жәңгір хан өз билігін бұрынғы қазақ хандары билігінің жалғасы деп санады. Алайда ол мазмұны мен нысаны жағынан олардан көп жағынан жағынан ерекше болатын. Ордадағы әкімшілік, сот және құқықтық билік хан қолына шоғырландырылды.
Жәңгір хан тұсында басқару әдістері де басқаша болды. Егер қазақтың бұрынғы хандарының тұрақты ордасы болмай, көшпелілерді өзі де көшіп жүріп басқарса, ол 1827 жылы Нарын құмындағы Жасқұс алқабында хан әкімшілігінің тұрақты орталығын құрды. Оның жанынан ерекше басқару аппараты құрылды. Хан жанында сұлтандар арасынан 10 «хан депутаттары» деп аталатындар болды.
1827 жылы құрылған хан Кеңесі 12 биден - әрбір ру басқармасынан бір-бір биден тұрды. Олардың кейбіреулері сұлтандармен тең құқықта руларды басқарды. Хан Кеңесінің мүшелері отбасыларымен және малымен тұрақты тұруға хан ордасына көшіп келді және сол арқылы олар шынына келгенде, хан аппаратының шыллуына айналды.
Оған қоса, хан жанындағы оның арнаулы тапсырмаларын орындау үшін жасаулдар ретінде 12 старшын, сондай-ақ «базар сұлтандары» болды. Сонғыларының міндетіне баж жинау(орда ішінде), қазақтардың мүдделерін білдіру(ордадан тыс жерде), сауда орындарындағы тәртіпті қадағалау жатты.
Хан билігінің және оның фискалдық міндетінің күшеюі қабаттасып отырған басқаруды қайта ұйымдастыру шенеуніктік жүгенсіздіктің жаңа нысандарын туғызды және дәстүрлі қауымдық-ауылдық ұжымдар институттарын шектеуге әкеп соқты.
Жәңгір хан қайтыс болған кезде Қазақстанның барлық боліктерінде хан билігі жойылған еді. Үкіметтік топтарда Ішкі Ордада да хан билігі қалпына келтірілмейтін болып шешілді. Оны басқару орыс шенеунігі басқарған уақытша кеңеске көшті.
Ресейдің Сібір қазақтары туралы 1822 жылғы Жарғысы қазақ мемлекеттілігінің тіршілік етуіне төнген, зардабы ұзаққа кететін қатер болды. Бұрынғы Бөкей ханның иелігінде – Қарқаралы округі, ал Уали ханның иелігінде – Көкшетау округінің құрылуы Орта жүз бен Ұлы жүз түйісетін қазақ жерлерін отарлауды тездете түскен әкімшілік-саяси жаңалықтардың тұтас сериясы мен «Ресейдің Қазақ даласындағы билеп-төстеуін» нығайтудың негізін қалады.
Уали хан қайтыс болғаннан кейін оның жесірі, ұлы ғалым Ш.Уали-хановтың әжесі – ақылды, көреген және өз заманында білімді болған әйел Айғаным Абылай әулетінің басшысына айналды, ол Азия депар-таментінің, Сыртқы істер министрлігінің және Сібір комитетінің шенеу-ніктерімен жиі хат алысып тұрды. Алайда оның бойындағы даналық қасиеттерге қарамастан, ол халықтың қарулы қарсыласуы жатекшісі бола алмады.
Бұл қиын міндет Абылайдың отыз ұлының ең кенжесі Қасым сұлтан ның үлесіне тиді, оның бәйбішеден туған ұлдары – Саржан, Есенгелді, Ағытай, Бопы, Көшек, Кенесары, кіші әйелінен туған баласы Наурыз-бай жиырма жылға жуық уақытқа созылған титықтатарлық күрестің табанды қатысушылары, ал солардың ішіндегі Саржан, Есенгелді, Ке-несары оны ұйымдастырушылар ретінде тарихқа енді, ал ол күрестің барысында патшалық режимге зор моральдық-саяси нұқсан келтірілді.
1825 жылдың 14 маусымында Көкшетау өлкесінде едәуір ықпалды Қасым сұлтан алғашқы өз наразылығын округтік приказдардың құрылуына қарсылық білдірді. Қасым төре жоғары дәаежелі шенеунік-терге барлық жолданымдарында, хаттарында Ресейдің отарлауға арналған тірек базасы – округтерді патша өкіметінің заңсыз әрекеттері деп қарастырып, номадтардың көпшілік бөлігінің ызалану сезімін білдіре отырып, жаңадан құрылған округтік приказдардың таратылуын үзілді-кесілді талап етті.
Бұрынғы хан билігі құрылымын, аумақтық бөлініс пен басқарудың дәстүрлі принциптерін түгелдей қорғаған Қасым төренің 12 болысты басқарған он екі ер жеткен ұлы бар еді, олардың әрқайсысының жанында жан-тәнін салып қызмет ететін 500 шаңырақтан «өз» төлен-гіттері болды, олар өздері әскери қызмет ете жүріп, қамқорлығын көрген Абылай ұрпақтарының алғашқы шақырумен ұрысқа кіруге дайын болатын. Көптеген ауылдардың қарсы әрекеттері шектеулі болса да, егемендікті сақтап қалуға бағытталды.
Ықпалды сұлтандарға елемеген көзқарас көрсетілген жағдайда Уәли ханның тікелей ұрпақтары тарапынан қауіп-қатер төнетінін ұғынған Омбы облыстық бастықтары оның үлкен ұлдарының бірі Ғұбайдолланы Көкшетау округіна аға сұлтан, ал Тұрсын Шыңғысовты Қарқаралы округінде нақ сондай қызметке сайлады.
Округтік приказдар құрудың алғашқы қадамдарының өзі көрінеу оппозицияға тап болды – Көкшетау округінде Сартай Шыңғысов; Қарқаралы округінде – Саржан Қасымов, Шоң батыр, Торайғыр би жаңа тәртіптерге ашық қарсылық білдірді, алайда кейбір рулар сол кезде-ақ хан деп жариялаған Ғұбайдолла сұлтанның өз көзқарасын білдіретін кезін дегенмен де күтіп отырды.
Омбы облысы қарауында болған, сұлтандардың үстем тобының едәуір бөлігі Жарғыға жақтырмай қарағанынан хабардар Батыс Сібір губернаторы П.М.Капцевич өзіне бағыныштыларға реформаларды жүзеге асыру кезінде бейбіт азаматтық өкімдермен әрекет ету, қатаң әділеттілікті ұстану керек екенін көрсетіп, азиялық халықтарға толық үстемдікке ақырын жүріп, анық қадамдар арқылы қол жеткізу үшін асқан сақтық көрсетуге пәрмен берді.
Үкіметке қарсы оппозицияны бастап, сонымен бірге Көкшетау округ-тік приказының аға сұлтаны қызметін атқаруды жалғастарап отырған Ғұбайдолла өзінің хан тағын иелену тілегінен бас тартпады және орыс үкіметі арқылы хан құрметіне жету мүмкін еместігіне көз жеткізіп, қыт-айлар жағымен құпия байланыстар жасады.
Ғұбайдолла сұлтан Ресей мен Цин империясы жөнінде қосбірлік саясатын өмірінің ақырына дейін ұстанды. Ол Ресейдың барған сайын өсе түскен ықпалын қайткен күнде де бейтараптандыруға және шығыстағы көршісінің қолдауына сүйене отырып немесе екі империяның Қазақстанға ықпал жасау үшін тайталасы үрдісінде Орта жүздің бұрынғы оқшаулығын біршама қалпына келтіруге ұмтылып, қытай жағымен байланыстар жасады.
1825 жылға қарай Ғұбайдолланың ықпалы айтарлықтай өсті және аймақтағы даулы саяси мәселелерді шешуде маңызды факторға айна-лды. Енді қазақ халқы оны дала билеушілеріне тән барлық міндеттері бар заңды әмірші деп есептеді. Ол Омбыға шақырылып, мұнда қамал-ға «отырғызып қойды». Ғұбайдолла сәтін тауып қамаудан шығып жас-ырынды. Сонымен Көкшетау округтік приказының төрағасын сайлау іске аспай, бұл қызмет бос қалды, мұның өзі жергілікті отаршылдық өкімет орнының едәуір дәрежеде беделін түсіріп, қуғынға түскен сұлтан жақтастарының топтасуын тездете және күшейте түсті.
Ол жартылай жария жағдайда жүріп, өзін қауіпсіз ету, ал екінші жағынан, Солтүстік-шығыс Қазақстанның көптеген руларын азаттық күресіне тарту мақсатымен патша округтерінің әкімшілік қызметі әлі қамтымаған аудандарға өзінің сенімді адамдарын жіберді, сол арқылы болашақ көтеріліс ошақтарын әзірлемекші болды.
Бұл мақсаттың орындалуы үшін Қытайдың қолдауына үміт артқан оның жоспарларына 1825 жылғы 27 сәуірде П.М.Капцевичтың Жеке Сібір корпусының командашысына Ғұбайдолланың «Баянауыл таулар-ына әскерімен келген қытайлық албандармен тікелей қатынастар жасауына» кедергі келтіру ниетімен оны ұстау үшін Сібір шептік казак әскерінің Қарқаралы ішкі отрядының бастығы жүзбасы Карбышевті жіберуге бұйрық беруі кедергі болды. Сұлтан сәтсіздікке ұшырады. Күшейтілген айдаумен Омбыға апарылып, алыстағы сібір қалашығы Березовқа жөнелтті.
Оның қозғалысты ұйымдастырудағы тактикалық қателіктері, қоғам-ның қарама-қарсы екі лагерьге жіктелуі тереңдете түскен саяси жағдайдың қиындығы қозғалысты сәтсіздікке ұшыратты.
1822 жылғы Жарғыны күш қолдау әдісімен іске асырудың жалғасты-рылуы, көрнекті Шыңғыс ұрпақтарының қарсылығын елемеу оппозиц-ияның бытыраңқы күштерінің біртұтас қозғалысқа бірігуін тездетті, оны Саржан Қасымұлы сұлтан басқарды.
Ғұбайдолла сұлтанды алыстағы сібір қалашығына жер аудару бүкіл Орта жүз бойынша өрістеп кеткен қозғаласты тоқтата алмады. Соны-мен бір мезгілде Қарқаралы округінің ауылдарындағы толқулар одан әрі күш ала берді, оған Қасым төре балаларының бірі Саржан сұлтан-ның қарамағындағы Қарпық болысының қазақтары ұйытқы болды. Соның нәтижесінде Абылай ұрпақтарының ықпалы күшті болған Орталық Қазақстанда 1825 көктемінде үкіметке қарсы толқулар басталды.
Жарғының VI тарауына сәйкес «қазақтардың тәртіпсіздіктері мен бетімен кетушіліктері үшін» жауапкершілік ең алдымен сұлтандарға жүктелгенімен, 1826 жылдың бүкіл жазы бойында Саржан жасақтары-ның белсенді қимылы әлсіремей, барған сайын жаңа болыстарды қозғалысқа тарта берді. Қазақтар арасында ашу-ыза туғзу ниетін ойла-ған көптеген сұлтандар округтік приказдардың бастапқы құрылысын күйрету жөніндегі саяси талапиармен шектелмей, жер-жерде қарулан-ған «көп адамдық» топтастырды, бұл орайда отаршыл әкімшілікке адалдығын сақтап қалған ауылдарды қорқытудан да тайынбады.
XlX-дың 20-жылдарының екінші жартысында Орта жүзде уақытша тыныштық орнады: үкімет 1824 жылдың өзінде-ақ ашылған Қарқар-алы, Көкшетау округтерін нығайту жайын ойластырып және 1826 жылы Баянауыл округін құрып, көтеріліске шыққан ауылдардың ізіне түсу үшін ірі казак отрядтарын жабдықтаудан тартынды. Алайда ол округтік приказдарға жақын жерлерде қарулы шолғыншылар күзеті күшейтіл-ген казактардың егінші-отырықшылық қоныс тебуін едәуір кеңейтті, олар есіл бойы, ертіс бойы және алтай бекіністерінің гарнизондары-мен қатар шаруалардың отарлауын біртіндеп кеңейте берді, бұл орайда далаға тереңдеп баруға баиылдық жасамады, ал онда нақты билік негізінен алғанда бірте-бірте ілсіреп, барған сайын екінші қатар-ға ығыса түскен бұрынғы хандық басқару құрылымының қолында бол-атын. Бұл жағдай 1830 жылға дейін сақталды.
Ресейдің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіріп, империяның Солтүстік Кавказда таулықтарға қарсы соғыс қимылдары үшін ірі күштер бөлуі арта түскен жағдайда аймақта саяси қатысуын әлсірет-кен талай рет керуендерді тонау фактісі Петербург сарайында алыста жатқан және онша мәлим емес азиялық шет аймақта отарлау пробле-масын күш қолданып шешуді жақтаушылардың көзқарасын барынша күшейте берді.
1831 жылдың қазанында Саржан сұлтанның Ташкентке барып Қоқ-анмен жақындасуы, Ресейге қарсы түркі тілдес одақтық бірлестіктің топтасу ықтималдығы көтеріліс жасаған ауылдарға жазалау отрядтар-ының жаппай шабуыл жасауды жалғастыруын тездетті.
Оның үстіне Ресейдің ықпалы біршама күшті сақталып қалған айма-қтарындағы ауылдар оған ағылып келіп жатты. Ал Сарыарқаның қақ ортасында көтерілісшілер қатарын барған сайын жаңа рулар толықты-ра түсті.
1831 жылдың аяғы – 1832 жылдың басында Батыс Сібірдің генерал-губернаторы жергілікті жағдайларды ескере отырып, әр түрлі бағыт-тарда қимыл жасап, Саржан ауылдарының керек-жарақтарымен, мал-жанымен қоныс аударатын аудандарын тарылту және қайсар күреске-рді күресін тоқтатуға немесе өкімет орындарына берілуге мәжбүр ету үшін мұқият жабдықталған бірнеше шағын топтарды аттандырды.
Саржан күресі жалғаса берді. Оған қоқанның құсбегісі уәде еткен көмек сөз жүзінде қалды. Саржанның бүкіл далаға таралап кеткен атақ-данқы қоқандықтар тарапынан қастық туғызды, оның Ұлы жүздің кейбір руларын қамтыған жігерлі іс-қимылын олар мазасыздана қадаға лап отырған еді, ол аймақтағы қазақ руларынан зекет жинап, бағын-баушылықтың кез келген көрінісін аяусыз басып тастап отыратын ташкент билеушісінің де алаңдаушылығын туғызды. Патша отрядтары ығыстырып, бұрынғысынша қоқан ханының қолдауына уміттенген Саржан Ұлы жүз шегіне көшіп барды, бұл орайда қазақ аймақтарының бытыраңқы күштерін біріктіруге, ташкент құсбегісіне бағынышты қазақ-тарды да өз жағына тартуға тырысқан еді, бұл сұлтанның қоқандық-тармен жанжалына негіз болды. Саржанды ташкент билеушісі 1836 жылдың жазында зұлымдықпен өлтірді. Саржанның, оның інілері Ержанның, Есенгелдінің, сондай-ақ оған еріп барған басқа да атақты қазақтардың қаза табуы азаттық күресінің одан әрі өрістеуіне теріс әсерін тигізді.
Саржан сұлтанның есімі, дала дарындары жырға қосқан оның істері мен идеялары патшалық отарлауға қарсы шығушыларды күші тең емес күресті жалғастыруға жігерлендірді.
ХІХ ғасырдың екінші ширегінен бастап Бөкей хандығында қазақ халқына экономикалық қысым еселене түсті, ғасырлар бойы қалып-тасқан қоғамдық қалыптың бірқатар маңызды жақтары кұрт қиратыл-ды. Астрахан губернаторының үйінде тәрбие алған Жәңгір хан далаға кейбір салт-дәстүрден бастап, жер қатынастарын, салық саясатын және хан сарайын қоса, хандықтағы қоғамдық түрмыс пен саяси құры-лысты қайта құрудың «аристократиялық-өркениетті» жоспарларын ойластырып оралды. Ол өзіндік салт-дәстүрі бар жартылай көшпелі қазақ қоғамының негізінде хан билігі мен патша тағының саясатына бірдей дәрежеде құлақ асатын, өзінше бір «сауатты» аймақтық хандық құруды ойластырды. Алайда көшпелі және жартылай көшпелі қауымдар ханның бұл «жаңалықтарын» қабылдауға әзір емес еді.
Патша әкімшілігінің жергілікті ұйымдарына және негізінен алғанда, патша өкіметінде қызмет арқарған ірі және орташа жергілікті шонжар-лар бөлігіне біржақты сүйене отырып, хан билігі зор табандылықпен жүргізген саясат хандық және отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, ауылдық-қауымдық жерлерді шонжарлардың жаппай тартып алуына әкеп соқты. Бұл жағдай салдары ретінде шаруашылық өмірдің мықтап бұзылуын, ауылдық ұжымдардың экономикалық әлеуетінің құлдыра-уын, жоқшылыққа ұшырап, кедейленген қожалықтар санының едәуір көбеюін, хан билігінің беделі мен ықпалының күрт құлдырауын, сол кездегі тәртіпті өзгертуге ұмтылушылықты туғызды.
Осындай жағдайда 1836-1838 жылдары кіші жүз қазақтары малшы-шаруалар бұқарасының көтерілісі хандықты мықтап дүр сілкіндірді.
Бұл күреске Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық етіп, ол өз дамуында үш кезеңнен өтті:

  • бірінші кезең – 1833-1836 жылдарды қамтиды және қарулы көтеріліске дайындық кезеңі ретінде сипатталады;

  • екінші кезең - көтерілісшілердің ханға қарсы аттануымен баста-лып, олардың жеңіліске ұшырауына (1837 жылдың басы – 1837 жылғы қарашаның орта шеніне) дейін созылады;

  • үшінші кезең – көтерілісшілердің Исатай мен Махамбет баста-ған шағын тобының Жайықтың сол жағасына өткен кезінен, күш-терді жаңа шайқастар үшін топтастыру және Ақбұлақда жеңіліс-ке ұшырау (1837 жылғы желтоқсан – 1838 жылғы шілде) кезеңі-мен аяқталады.

Шаруалар бұқарасы мен көптеген ауыл старшындарының хан саясаты мен басқаруына наразылығы тез өрістеді. Орың тұтануына Жәңгірдің 1833 жылы қайын атасы Қарауылқожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауын өздеріне қоныс еткен ру бөлімшелерінің билеушісі етіп тағайындауы себеп болды.
Кіші жүздің өңтүстігінде көшіп жүрген беріш руының ауылдары қоғамдық ашу-ыза мен қозғалыстың орталығына айналды, ол ауылда-рды старшын Исатай Тайманов басқаратын. Ол көтерілістің басшысы-на айналды. Оған әуел-бастан-ақ жалынды шешен, дарында суырып салма ақын Махамбет Өтемісов қосылды.
Жағдайдың зиянды өрістеуінің алдын алу үшін Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті өзіне тарту саясатын жүргізді. 1834 жылы М. Өтемісов старшын болып тағайындалды.
Алайда ханның әрекеттері нәтиже бермеді. Сол кезде Жәңгір оларды қудалау шараларына көшті. Махамбет Өтемісовті тұтқынға алды. 1829 жылғы 15 шілдеден 1830 жылдың қыркүйегіне дейін Калм-ыков бекінісіндегі түрмеде ұсталды. Исатай Таймановты ұстауға да әзірлік жасалды.
1833 жылғы жаздың аяғынан бастап хандықтің оңтүстігіндегі көпте-ген ауылдарының өмірі өзгеріп кетті. Азаттық қозғалысы бүкіл хандық-ты қамтыды. 1836 жылдың басынан бастап сұлтандар мен билардің ауылдарына шабуыл жасау, олардың малы мен жерін басып алып, қоныстарын талқандау жиіледі. Сөйтіп бірте-бірте екі лагерь: хан лагері мен азаттық қозғалысының лагері құрылды.
Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қозғаушы күштері жағынан шаруалар көтерілісі болды, мұның өзі ордада терең әлеуметтік жіктелу үрдісі болғанын дәлелдеді. Көтерілістің бағытын, дәлелдері мен идео-логиясын көп жағынан оның шаруа мүддесін қорғау сипаты анықтады.
1837 жылдың көктеміне қарай қарулы қарсыласудың жергілікті ауыл мүдделерін қорғау шеңберінен шығып кеткен негізгі ошақтары қалыптасты. Қозғалыс қамтыған аудандарда хан басқаруының толық дерлік берекесі кетті.
Хандықта қалыптасқан жағдай Орынбор генерал-губернаторлығын да мықтап алаңдатты. Рас, патша әкімшілігі күштердің көрінеу тең емес екенін, қажет болған жағдайда қазақ шаруаларының қарсыласуы мен бой көрсетулерін өзінің кез келген уақытта басып тастай алаты-нын түсінді. Сондықтан Орынбор губернаторы бастапқы кезде ханның өтініштерін қанағаттандыруға ұстамдылық көрсетсе де, көтерілісшілер лагеріндегі өзінің агентуралық қызметін дегенмен де күшейте түсті. Олардың деректері бойынша, 1837 жылдың 11 маусымда Исатай Тайманов пен Жүніс Жантелин басшылығында Құлбай және Көктөбе алқабында «қаруланған 500-дей руластары...» болған болса, 1837 жылдың жазында көтерілісшілер саны 3-5 есе көбейіп, барлық топтарды есептегенде 4-5 мың адамға дейін жеткен.
1837 жылғы тамыз айында Орынбор губернаторы көтеріліс басшы-лары Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовті ұстауға өкім берді. Кейінрек Исатайды оның ханға қоятын талаптарын «тыңдау» үшін Орынборға келуге көндіруге ұйғарым жасалды. Бастапқыда Исатай губернатордың шақыруына келісті де, кейіннен оған барудан бас тар-тып, «қысымға жол бермеуге» өзі кірісетінін мәлімдеді.
Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің ірі күштері бірне-ше топқа бөлініп, үнемі орын ауыстырып отырды, сөйтіп барған сайын хан ордасына жақындай түсті. Қазан айының соңында хан ордасына 4-8 шақырым жерге жетіп қос тіккен. Қоршау екі аптаға созылған.
Сол уақыт ішінде Орынбор губернаторы көтерілісшілерді қоршауға алып, оларды жойып жіберу жөніндегі операцияны жүзеге асырды. Жақсы қаруланған тұрақты бөлімдер мен казак бөлімдері, Кулагин, Горск бекіністерінен, Зеленов форпостынан, Орал мен Астраханнан әкелінген жекелеген әскери бөлімшелер шабуылға шықты. Көтерілісш-ілерге қарсы бүкіл операцияларды үйлестіру және оларға басшылық ету үшін Орынбордан подполковник Геке шықты.
Босқындар мен төленгіттер арасынан хан жанынан шамамен 600-700 адам болатын қарулы топ ұйымдастырылды. Көтерілісшілердің шегінетін жолын байлап тастау үшін бүкіл Өзен және Приурал шептері бойындағы қарауыл бекеттері күшейтілді.
Орыс әкімшілігімен және оның үстіне патша үкіметінің қарулы кушт-ерімен қақтығыстан аулақ болуға тырысқан көтеріліс басшылары әске-ри отрядтардың келуін күтпеген еді. Бастапқыда ханмен, одан соң хан ордасына 30 қазанда келген подполковник Гекемен бірнеше күн бойы хат алысқаннан кейін көтерілісшілер патша үкіметінің жазалау отряд-тарын қоршап алуын және олармен кездесуді болғызбау үшін орданы қоршауды тоқтатты. Алайда олар жазалаушылардың қуғынынан көп ұзап кете алмады.
1837 жылы 15 қараша күні таң алдында 2000 солдат пен хан адам-дарынан тұратын Геке отряды мен көтерілісшілер арасында Тастөбе алқабында қысқа бырақ кескілескен шайқас болып, онда көтерілісші-лер жүзге жуық адамынан айырылды. Ұсақ топтарға бөлініп, олар әр түрлі бағыттарға бытырап кетті. Исатай мен Махамбеттің оларды қайта жинауға жасаған әрекеттері табысқа жетпеді. Бұдан кейін жаза-лау отрядтарының іс-қимылы көтерілісшілердің Исатай мен Махамбет бастаған негізгі шағын тобын жоюға бағытталады. Көтерілісшілер жауға шеткі топтарымен ұсақ қақтығыстар жасай отырып, өздерінің ізіне түскен отрядтармен ашық қақтығыстан жалтарып кетіп отырды.
Ханға және бай-сұлтан шонжарларға қарсы тегеурінді күрес жүргізу-ден үміт үзген Исатай мен Махамбет бостандық жолындағы күрестегі ең табанды сарбаздарының шағын тобымен бірге 1837 жылдың 13 желтоқсанынан 14 желтоқсанына қараған аязды түнінде Жаманқала форпосты түбінен өтіп, Жайықтың сол жағалауындағы кең далаға сіңіп кетті.
Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысы осылай аяқталды. Бірақ ол Жайықтың сол жағасына ауысты. Исатай мен Махамбет бастаған ат төбеліндей көтерілісшілер Жайықтан өткен соң да қаруын тастауды ойлаған жоқ. Олар 1838 жылдың көктеміне қарай билеуші-сұлтан Айшуақов пен оның жақтастарына ғана емес, Жәңгір ханның өзіне де қорқыныш туғызған көтерілісші ірі отряд құрып алды.
1838 жылы 12 шілдеде көтерілісшілердің шамамен алғанда саны 500 жігіт болатын негізгі тобы Ақбұлақ және Қиыл өзендері арасын-дағы ауданда подполковник Геке басқарған біріккен ірі жазалау отрядымен түйісті. Онда көтерілісшілер нағыз ерлік пен жанқиярлық көрсеткен бөлса-да, бірақ күш мүлде тең емес еді, көтерілісшілер тал-қанданып, олардың басшысы Исатай Тайманов қаза тапты.
Халық бұқарасының 1833-38 жылдардағы шырқау шегінде шаруа-лар көтерілісіне айналған азаттық күресі өзінің өрлеуі кезеңінде ханға қарсы және отаршылдыққа қарсы бағытта болды. Ол жер үшін күрес шеңберінен шығып кетті, дегенмен бұл оның әлеуметтік-экономикалық себептерінде айқындаушы жәйіт болып қала берді.
Көтеріліс талқандалғаннан кейін отаршылдық өкімет орындары мен хан жағындағы үстем топтың оған қатысушылар мен оған тілектес бей-біт ауылдарды қатыгездікпен қудалауы басталды. Казак жүздіктері мен арнаулы жазалау отрядтары көтеріліске белсене қатысушыларды қол-ға түсіріп, көптеген ауылдарды талап-тонауға ұшыратты.
Көтеріліске қатысушылар дүре соғылып, өлімші етіп жазаланды, каторгалық жұмысқа кесіліп, тұтқындар роталарына жіберілді, Сібірге айдалды, мүліктері тәркіленіп, мәнгілікке жер аударылып жіберілді. 1838 жылдың маусым айында Орынбордың әскери орындары көтеріл-іске белсене қарысушылардың 16 адам құрамындағы алғашқы тобын кейіннен крепостниктік және каторгалық жұмыстарға айдайтын болып, қамшымен және сым шыбықпен дүре соғуға кесті. Нақ сол кезде Орал-да, ресми деректер бойырша, көтеріліске белсене қатысқан 39 адам сотсыз және тергеусіз қамауда ұсталған. Біраз көтерілісші түрмелерде сотқа дейін-ақ өліп керкен.
Халықтың ханға, билеуші сұлтандар мен олардың төңерегіндегілер-ге, сондай-ақ отаршылдық өкімет орындарына деген өшпенділігі көтер-іліс жеңіліс тапқаннан кейін өзі қарсы бағытталғандарға әлі де көп уақ-ыт бойы үнемі үрей туғызған қаһарлы күш болып қала берді. Көтеріліс жетекшісі Исатай Тайманов қаза тауып, көтерілісшілердің соққы беретін күштері жеңіліске ұшырағаннан кейін Махамбет Өтемісов дала өңірінде бой тасалап жүрді, бірақ бірсыпыра уақыт өткен соң халық бұқарасы арасында ханға және патшаны жақтайтын пығылдағы барл-ық шонжарларға қарсы қайтадан үгіт жүргізуге кірісті.
Шаруалардың бұл көтерілісі жеңіліс тапты. Сол бір тарихи жағдайда оның басқаша-да бітуі мүмкін емес еді. Алайда көтерілісшілердің бат-ылдығы сүйсінуге лайық. Олар өлкеде езушілерге қарсы күрес туын жоғары сатыға көтеріп, әлеуметтік бостандық жолындағы күрес эста-фетасын жаңа ұрпақтарға ұстатты.
Орта жүзде әкімшілік-саяси жаңалықтардың қатаң енгізілуі жағдай-ында отаршылдыққа қарсы күрестің жалғастырылуына тың тыныс қос-қан, қазақ жерлерін біріктіруші Абылай хан ұрпақтарының тар өрісті рулық, әулеттік мүдделерін екінші қатарға ығыстырып, қозғалысқа неғұрлым айқын көрінген халық-азаттық сипатын берген 1837-1847 жылдардағы көтерілісті Абылай немерелерінің бірі - Кенесары (1802-1847) сұлтан басқарды.
Айлакер, ерекше сипатты саясатшы ретінде Кенесары сұлтан құдір-етті Ресей империясымен күрес қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіру-ді, едәуір құрбандықты, әскери ғана емес, дипломатиялық та күшжігер жұмсауды талап ететінін жақсы білген. Ол халық қозғалысынан бөлініп қалған жекелеген сұлтандардың, старшындардың, билердің бетімен кетушілігін аяусыз басып, Ресей саясатын қолдағандарды қараң жаза-лағанмен, патша үкіметімен түсініспеушіліктерді, негізінен алғанда, бейбіт жолмен шешуді жақтаушы болып қала берді.
Ақылды саясатшы Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып, титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломат-иялық қасиеттерін көрсетті.
Кенесары үш жүздің дәстүрлі топтарын, рулық бөлімшелерін бірікті-руге барлық амалдарды қолданды. Ресей империясының отаршылдық билігі едәуір берік орныққан Ертіс, Есіл, Жайық шептері бойындағы аудандарды қоспағанда, Кенесары құрған мемлекет өз билігін бүкіл Қазақстан аумағына таратқан дәстүрлі мемлекет болды.
Дегенмен көтерілістің ең басынан-ақ қазақ шонжарлары қарама-қарсы екі лагерьге бөлінді: олардың үкімет қолдаған бір бөлігі отаршы-лдық әкімшіліктің қолдауына сүйеніп өздерінің саяси дұшпандарын күйретуге ұмтылды. Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдай-мендин Кенесарының ымырасыз жауы болды, Кіші жүздің билеуші сұл-тандары Ахмет және Мұхаммед Жантөриндер, Айшуақов сұлтандар көтерілісшілерге қарсы өршеленген күрес жүргізді. Кенесары Жетісуға барғаннан кейін азаттық күресі жетекшісінің өз туыстары, Абылай ханның балалары Әли, Сүйік, Әділдер көтерілісшілер жөнінде ымыра-сыз көзқарас ұстанды.
Ал қазақ шонжарларының екінші бөлігі, көтерілісшілерді қолдап Кенесары Қасымов үш жүз қазақтары руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре білді. Бір кездерде Кенесары әскерінің саны 20 000 адамға дейін жетті. Көтерілісшілердің ұйытқысы Орта жүздің қатарда-ғы көшпелілері болды. Тарихи деректер бойынша, Құсмұрын, Көкше-тау, Ақмола, Қарқаралы және Баянауыл окрегтерінде ғана көтеріліс-шілерді 80-нен астам сұлтандар, билер, старшындар қолдаған.
1841 жылдың қыркүйегінде қазақтың үш жүзінің ықпалды билері, сұлтандары Кенесары Қасымовты қазақ жерінің ханы етіп сайлады. Қазақ мемлекеттілігі қалпына келтірілді.
Бұл көтеріліс әуен бастан-ақ бұқаралық сипат алды. Тегінде XVІІІ ғасырдың аяғындағы және XlX ғасырдың бірінші жартысындағы азат-тық қозғалыстары тарихында бұл – қазақ рулары қоныстанған негізгі аудандарды қамтыған бірден-бір көтеріліс: оған Орта жүздің ру бірле-стіктеріне қоса, Кіші жүздің шекті, жағалбайлы, табын, алшын, шөме-кей, жаппас және басқа рулары, Ұлы жүздің үйсін, дулат және басқа рулары қатысты. Кенесарыны үш жүздің ханы деп танудың мұрағат деректері арқылы расталатын фактісі оның ұлт мүдделерін бірден – бір, жоғары дәрежеде білдіретін, бүкіл халық сайлаған билеуші ретін-дегі өкілеттігінің заңдылығын дәлелдейді.
Кенесарының соғыс қимылдары 1838 жылдың көктемінде Ақмола приказын қоршауға алып, өртеуден басталды. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай даласы өңіріне қоныс аударды. Бұл қадамды өзінің Орынбор шенеуніктеріне жазған хаттарында Кенесары жақын-дап көшіп барып, келіссөздер жүргізуді жеңілдетуге деген тілегімен түсіндіреді. Ал негізінде мақсат Кіші жүзді қамту еді. Жоламан Тілен-шиев батыр бастаған төртқара, шөмекей, табын және басқа рулар көтерілісшілерге қосылды.
Бірақ, Ресей империясының өкілдерімен болған келіссөздер күтіл-гендей нәтиже бермеді.
1841 жылдың күзінде Оңтүстікке қарай жорық бастап, қоқандықтардың едәуір күштері орналасқан Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршады. Бұл жағдай бостандық жолын-дағы күрескерлерді жігерлендірді.
Қоқан билеушілерінің 1836 жылы Кенесарынің ағасы Саржанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені, ағалары Есенгелді, Ержан сұлтандар-ды және Абылайдың басқа ұрпақтарын сатқындықпен қырып салуы да қозғалыс жетекшісінің қоқанға қарсы көзқарасын қатайта түскен-ді.
Қазақ ханының Хиуа ханымен өзара қатынастары әбден сенімділік-те болған. Бұған қоса, Хиуа билеушісі қазақ жасақтарын ара-тұра астықпен, зеңбіректермен, оқ-дәрімен жабдықтап отырды. Ол Бұхара әмірлігі сияқты Кенесарымен өзара қолайлы «одақ» жасасуға әзір болған.
Осы мән-жайлардың бәрі Кенесарының өзбек хандықтары жөніндегі саясатының сипатын, мәнін белгілі бір дәрежеде алдын ала анықтап берді, хандықтың әкімшілік басқару құрылымына ықпал жасады.
Бұрынғы мемлекеттік құрылыс едәуір қайта ұйымдастырылды. Жоғ-ары кеңесші орган ретіндегі Хан кеңесі халық мүдделеріне берілген батырлардан, билерден, сұлтандардан, туыстарынан тұрды. Бірақ шешуші дауыс Кенесарының өзінде болды.
Хан кеңесі шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда таралуын, түсін-дірілуін және орындалуын арнаулы басқару қызметі қадағалап отыр-ды. Мемлекет басында болғанында Кенесары шыққан тегіне қарамас-тан, теңдесі жоқ жеке қасиетін көрсеткен адамдардың басқару ісіне тартылуын көтермелеп отырғандығы тарихтан белгілі.
1846 жылдың жазында Кенесары Балқаш көлінің жағалауындағы Қамал түбегін басып алды. Сол жерден ол жазалау отрядтарына жан-сала қарсыласу мақсатымен жаңа ауылдарды тарту есебінен өз негізін кеңейтуге ниет етті. Бұл жағдайда азық-түлікпен қамтамасыз етілу аудандарынан шеттеп қалған хан өз ауылдарын астықпен жабдықтау проблемасын өзіне бағынғысы келмеген, жергілікті халықты тұтқында ұстаумен шешпекші болды....
Жетісуда болған кезінде Кенесары қырғыз манаптарына жергілікті халықтан зекет жинау үшін екі мың адамдық жасақ жіберді. Алғашқы қақтығыстардың өзі-ақ қырғыздардың қазақ ханы өктемдігіне бағынба-уға бел байлағанын көрсетті.
Кенесарының жасақтары жат жерде ұсақ-түйек қақтығыстарға бар-ғанмен, түбегейлі бетбұрысқа қол жеткізе алмады. 1847 жылғы сәуір-дің ортасына қырғыздар негізгі күштерін біріктірді. Шешуші шайқас 1847 жылғы 17 және 25 сәуір аралығында қазіргі Тоқмаққа жақын, қаз-ақ сарбаздарын қырғыздар қақпанға түсірген терең шатқалда болды... Үш тәулікке созылған тең емес шайқас қазақтардың күшін титықтатты. Жағдайды ұрыс алаңынан Рүстем сұлтан Әбілфейізов пен Сыпатай би Мырзагелдин жасақтарының кенеттен шегініп кетуі қиындата түсті. Кенесары және 30-дан астам сұлтан мен мыңнан астам сарбаз тұтқынға түсті. Олар құлақ естіп көрмеген қатегездікпен өлтірілді.
Сөйтіп, құлдықтың қасіретті шынжырын лақтырып тастағысы келген көшпелілердің үміті, қазақтың соңғы ханы осылайша қаза тапты, ол бастаған көтеріліс мақсатына жете алмай жеңіліспен аяқталды.
Кенесары бастаған көтерілістің жеңілуіне біршама қайшылықтар мен анықталмаған мән-жайлар өз ықпалын тігізген:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет