ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы»


V. Материалдық техникалық жабдықталуы



бет40/67
Дата27.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#182753
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-3-курс

V. Материалдық техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, т.б.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
VІ. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиет
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997.
VІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ( 6%)
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті
VІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Үй тапсырмасы: Қазақ –жоңғар соғыстары.Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы.
VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Қазақстанның Ресей құрамына кіру себептері.
2. Ресей империясының Қазақстандағы отаршылық саясатының көріністері.
3. Абылай ханның ішкі, сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарын атаңыз?.
Ресей өкіметі мен ірі орыс саудагерлерінің ХVIII ғасырдың бірінші ширегінде шығыста қол жеткен шептерін нығайту жөніндегі әрекеттері жаңа күшпен жаңғыртылды. Оған әр түрлі жағдайлар себеп болды: Ресейдің сауда-экономикалық мүдделерін қорғау негізгі себеп болды. Сонымен Ресейдің алған иеліктерді қолдан шығармау қажеттігі, көрші елдермен өзара сауда байланыстарын орнату елдің табиғи ресурстар, әсіресе алтын жөніндегі өскелең талаптарымен ұштасып, Петербург сарайын стратегиялық маңызды бағытта орналасқан жерлерді иеленуге, ең болмағанда игеруге деген ниетке ынталандырды, ал онда сол кезде өз қуатына жеткен Жоңғар хандығы мен маңызды мақсат-үш жүздің күштерін топтастыруға зиян келтіретін ішкі қайшылықтар араздастырған қазақ хандықтарының алысты көздеген мүдделері үнемі тайталасып қақтығысып жатқан еді. Осының бәрі алыстағы Үндістан мен Қытайға ең қысқа жол іздеген I Петр кезінде-ақ Ертістің жоғарғы жағындағы аумақты иелену жоспарын жүзеге асырудың жеделдетілген сипатын анықтап берді.
Сібірдің бірінші губернаторы, Жаркент қаласын иеленіп алуға жан салған М.П.Гагариннің арандатушылық жоспарларына байланысты орыс-жоңғар қатынастары ерекше шиеленіскен сипат алды. Ол патшаны Тобылдан Жаркентке дейінгі жол бойында: біріншісін Ертісте, Ямышев көліне жақын және одан арғы жерде, ал басқаларын «істің барысы бойынша керек етілетін» жерлерде «орыс бекіністерін салу» қажеттігіне иландыра келіп, губернатор сол арқылы I Петрге бекіністі шептердің тұтас тізбегін салу жоспарын ұсынды.
Патшаға өз «жоспарын» ұсына отырып, кінәз бұл аудандағы халықаралық қатынастардың қиын екенін көрінеу жете бағаламады, ал ол қатынастар бұл жылдарда көршілес Жоңғарияның жаулап алушылық жоспарлары салдарынан өте шиеленісіп, саяси жағдайдың қазақ хандықтарының мүдделеріне зиян келтіретін өзгерісін туғызған еді, оның үстіне әскери-тірек базаларын салуға арналған аудан әскери басымдық салдарынан уақытша ойрат күштерінің бақылауында болатын, ал олар өздерінің жетістіктерінен айырылғысы келмейтін. Cондықтан ол 1714 жылы 22 мамырда «Алтынды құм бар жерлерді иеленіп алу үшін подполковник И.Д.Бухгольцтің басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы» жарлыққа қол қойды. Ертіс өңірінің шебі шын мәнінде сол бойынша жасала бастап, оны салу 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды.
1715 жылғы 1 қазанда И.Д.Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті, оған жақын жерде ежелден жергілікті тұрғындар мен сібір татарлары, сондай-ақ Тобыл, Томск халқы арасында айырбас саудасы жүргізілетін, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды.
Орыстардың бұл әрекеттері туралы хабар алған Цеван-Рабтан орыс экспедициясының бекініс салуына да, жерді иеленіп алуына да кедергі жасау мақсатымен, 10 000 әскермен өзінің немере інісі Церен-Дондобты аттандырды.
Күтпеген жерден шабуыл жасауда табысқа жетпей, И.Д.Бухгольцтің батыл қарсыласуы есеңгіретіп тастаған Церен-Дондоб бекіністі ұзақ уақыт қоршау арқылы қиратудың мүмкін еместігіне көзі жетіп, келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Орыс экспедициясының бастығына 1716 жыл 2 ақпанда жазған хатында Ресей мен Жоңғар хандығы арасында біршама төзімді қатынастар бар екенін айта келіп және бұл ауданда бекініс салуға қандай да бір құқығы жоқ екеніне оны қорғаушылардың назарын аударып, ойрат күштерінің қолбасы орыстарға кетуді ұсынды, олай істемеген жағдайда оны бұған «аштық пен күш» арқылы мәжбүр ететінін айтып қорқытты.
И.Д.Бухгольц өзінің бекіністен кетпеуге бел байлағанын білдіре келіп, «татулықты бұзуға ниетім жоқ және бекіністі патша Ағзамның әмірі бойынша Жонғарияға тиесілі емес жерде салдым» деп жауап қайтарды, сөйтіп ойрат қолбасшысына шегінуге кеңес беріп, мұны татулықты сақтаудың бірден-бір жағдайы деп санады. Экспедиция бастығының хаты сенімділік және бірсыпыра қорқыту сарынында жазылғанымен, қоршаудағылардың жағдайы ауыр болып шықты. Ойраттардың Ямышевск бекінісін қоршауы жалғаса берді, ал патша нинг М.П.Гагарин арқылы жібертуге уәде берген қосымша күш келіп үлгермеді. Жағдайды жоңғарлардың Ямышевск бекінісіне жақын, Орта жүз қазақтары көшіп жүретін жерде азық-түлік және ақша әкеле жатқан керуенді тұтқындауы асқындыра түсті. Алайда керуенді ұстауға қазақтардың ешқандай қатынасы болған жоқ. Онда 450-ден астам адам жоңғарлардың тұтқынына түсті, оның ішінде кейіннен атағы шыққан, Полтава маңында орыстарға тұтқынға түскен швед артиллер- иясының бұрынғы сержанты, кейіннен Жонғария картасын жасаған Иоганн Густав Ренат бар еді.
Орыс отряды үш ай қоршаудан кейін көп адамынан, сондай-ақ 2500 аттың 2200-інен айырылып, Тобыл керуенін күтіп алмай, солдаттар арасында тараған аурулар титықтатқан 700 адамнан тұратын Бухгольц отряды бекіністі тастап шығып, 1716 жылы 28 сәуірде Ертіс арқылы кері қарай жүзіп кетті.
Қиратылған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.
1717 жылдың жазында Железинск, Колбасин бекіністері салынды. Одан әрі жүріп, жаңа бекініс Семей салынатын жерді белгіленді. 1718 жылда салынды.
1730 жылы Аңырақай шайқасынан кейін Қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да қүрделі міндет – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды. Халық үшін осы ауыр жағдайда қазақтың неғұрлым көреген деген билеуші топтары қиыншылықтан шығудың бірден-бір амалы Ресей әскери одақ болу деп білді.
Осындай өте қиын жағдайдарда Петербург сарайына жүгінуге өзі бастамашы болудың, сол кезде-ақ ыдырап кеткен біріккен қазақ одағының сыртқы саяси бағдарында түбірлі бетбұрыс жасау жауапкершілігін өз мойнына алудың және ойрат күштерінің бейбіт ауылдарға кезекті жойқын шабулын күтпей, орыс императрицасының көзқарасын айқындаудың күрделі миссиясы Әбілқайыр ханның еншісіне тиді.
1725 жылдың басында-ақ Петербургке қазақ-қарақалпақ елшілігі жіберілген еді, ол жауапсыз қалды. 1730 жылы 8 қыркүйегінде Уфаға Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған 7 кісілік елшілігі келді. Олар императрица Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясымен одақ болу жөнінде өтініш жасады. Алайда, Ресей Қазақ хандығының қиын жағдайын пайдаланып құрамына мәжбүрлеп кіргізуге кіріседі. Нәтижесінде патша 1731 жыл 19 ақпанда Кіші жүз қазақтарының Ресей империясы құрамына қабылданғаны туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл хабарды жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірінде А.И.Тевкелов бастаған елшілік жіберілді. Олар 5 қазанда Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбеге жетіп келеді. Атақты мейманды бастап жүруді хан үлкен ұлы Нұрмұхамед-Әли Баһадүрға (Нұралыға) тапсырды. Сойтіп, 10 қазанда қазақ сұлтандары мен ақсақалдарға ант қабылдатуға дайындық басталды.
Өз миссиясын сәтті аяқтаған А.Тевкелов Найзатескен алқабынан қайтар жолға аттанды. 1733 жылы 2 қаңтарда ол Әбілқайырдың Петербургке жіберген жауап елшілігімен Уфаға жетті. Бұл миссияны ханның екінші ұлы Ералы сұлтан басқарған.
Дегенмен Қазақстандағы жағдай тым шиеленіскен күйінде қала берді. Жоңғариямен шекаралас өңірде шиеленістің бірсыпыра әлсіреп, майор Угримовтің миссиясынан кейін орыс-ойрат айырбас саудасының едәуір жанданғанына қарамастан, Орта жүз бен Ұлы жүз шектеріне тұтқиылдан басып кіру қатері сақталып қалды.
XVIII ғасыр 30-жылдарының екінші жартысында Галдан-Церен Орта жүздің шекарасына әскер төге бастады. Осыған байланысты Ресей императрицасының 1734 жылғы маусымда Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлығы саяси жағынан ақталды. Дегенмен бұл этноаумақтық бірлестіктің көп бөлігі I Александр императордың кеңесшісі, граф М.М.Сперанский әзірлеген 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» күшіне енгенге дейін дербес болып қала берді. Ол ол ма, Орта жүз ханы Шахмұхамед өз автономиясын қызғыштай қорып және Ресейдің алысты көздейтін тойымсыз мүдделерін көріп, өз иеліктерінің Ресей билігіне бағынуынан айнып, тіпті орыс селоларына шапқыншылықтар жасады.

Ұлы жүздегі жағдай оның кейбір аудандарын ойраттардың уақытша басып алуына байланысты Галдан-Цереннің көзқарасына біршама тәуелді болып шықты. Солай бола тұрса да, Жолбарыс хан Петербургке өтініш жасамақшы болып ұйғарды. Императрицаның Ұлы жүздің ықпалды адамдарына, солардың ішінде ерекше көзге түскен Қодар би, Төле би, Сатай, Хангелді, Бөлек батырларға 1734 жылғы 10 маусым- дағы жарлығы «аса зор мейірімділікпен...статс-кеңесші полковник И.К. Кирилловқа осының бәрі туралы білуге рақым білдірді».


Императрицаның 1734 жылғы 9 сәуірдегі басқа бір жарлығында Әбілқайыр ханға Ұлы жүзден басқа «Орал ханын»да бодандыққа «келтіруге» жәрдемдесу бұйырылды. Арал жағалауындағы аудандар әрқашанда Қайып хан ұрпақтарының ықпал өрісінде болып келді.
Қосып алынған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту үшін 1734 жылдың мамырында «Қырғыз-қайсақ экспедициясы» құрылып, көп кешікпей ол Орынбор комиссиясы деп аталды, оны Сенаттың обер-хатшысы И.К.Кириллов басқарды, оның көмекшісі болып Кіші жүздегі үкіметтік миссияны сәтті орындағаны үшін тілмаштықтан полковникке көтерілген А.И.Тевкелев тағайындалды.
1734 жылы И.К.Кириллов Ор өзенінде шығысқа отаршылдық ілгер-ілеуді кеңейтудің тірегіне айналған бекіністі, қазіргі Орынбор қаласын (Орскіні) салып алды.
1737 жылдың сәуірінде И.К.Кирилловтың қайтыс болуына байла-нысты аса көрнекті тарихшы, қабілетті әкім, жаңа шеп құрылысын жалғастырган В.Н.Татищев Орынбор өлкесінің жаңа губернаторы болып тағайындалды, ал Кіші жүз бен Орта жүздегі ықпалды шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту оның ең басты саяси мақсаты болып қала берді.
Патша өкіметі Әбілқайырдан қайталап ант алуға ұйғарды. 3 тамызда оның В.Н.Татищевпен кезекті кездесуі болып, онда хан «бодандық» бұрынғы адалдығын қуаттады және «бағынатынын» білдірді. Нақ сонда 1740 жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен ықпалды сұлтан Абылай бодандыққа ант қабылдады, соңғысының беделі бүкіл дала өңірінде жоғары болатын. Абылай В.Н.Татишевті «қажет болған жағдайда өз жанын аямайтынына» үміттендірді, дегенмен саяси күрес тәжірибесін жинақтаған жас сұлтан өз үміттерін Цин империясымен де байланыстырды.
ХVIII ғасырдың 30-жылдарының орта шенінен бастап Ресей мемлекеті қазақтардың жеріне де, империяның бодандары ретінде қазақтардың өздеріне де орыс мемлекеттілігі идеологиясы тұрғысында көз тіге бастады. Өлкенің әрбір әкімшісі Ресей империясының толық және шексіз билігіне көшкен жерді ұлғайта түсуге өз үлесін қосуға ұмтылды. Осы саясатты жүзеге асыру барысында қазақтар, қалмақтар, башқұрттар дербестігінің қалдықтары толық жойылды, бұл орайда ресми өкімет орындары жергілікті халықтың қайтпас қарсылығына душар болды. Сондықтан оны бөлшектеу, халықтарды қырқыстыру, халықтың барлық топтарында өз агентурасын құру, отарлаудың басты күші ретінде қазақтарды біржолата бағындырып, оларды осы мақсатта пайдалану жөнінде әр түрлі әдістер қолданыла бастады. Бұл саясат И.И.Неплюевтің «запастағы» жоспары түрінде қалыптасып, империяның Қазақстандағы бүкіл үстемдігі шеңберінде әр түрлі нұсқауларда жүргізіліп отырды. Алдыменен империяның шекарасына өте жақын орналасқан аймақ ретінде Батыс Қазақстанда мейлінше толық жүзеге аса бастады.
ХVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ қоғамында біртұтас және орталықтандырылған билік пен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Билік иелері арасындағы түрлі топтардың үстемдік үшін күресі 1748 жылы Әбілқайыр ханның өлтірілуіне әкеп соқты. Осы арқылы қазақ жүздерін біріктіру жолындағы күш-жігер едәуір дәрежеде әлсіреді.
1748 жылдың қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Нұралы өз жағдайының солқылдақтығын сезініп, сайлаудан кейін бірден патша үкіметіне өзін хан атағына бекітуге өтініш жасады. Сонымен бірге 1748 жылдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде мемлекеттік айлық тағайындалды.
Әбілқайыр қаза тапқаннан кейін Орта жүз иеліктері оның мирасқорларынан аулақтап кетті. Нұралы тіпті Кіші жүздің өзінде әкесінің барлық иеліктерін сақтап қала алмады. Шектілер Батырды өздерінің ханы деп мойындады. Нұралының інілері Айшуақ пен Ералы тәуелсіз болуға ұмтылды.
Шектілер Батыр сұлтанды өздерінің ханы деп мойындады. Ол өзіне бағынышты рулармен Сырдарияның төменгі ағысы мен солтүстік Арал өңіріндегі жайылымдарды иемденді. Оның иелігіне шекті, шөмекей, төртқара рулары ауылдарының бір бөлігі қарады.
Кіші жүз үшін маңызды мәселелердің бірі «ішкі жаққа», яғни Жайық пен Еділдің төменгі ағыстары арасындағы кеңістікке көшіп бару туралы мәселе болды. 1756 жылы патша жарлығы шығып, ол бойынша қазақтардың қыс кезінде өз малын Жайықтың батыс жағына айдап апаруына тыйым салынды.
Қазақ даласының батысындағы, солтүстігіндегі және солтүстік-шығысындағы кең-байтақ кеңістікте патша өкіметі бекініс шептерін құрды, олар әскери база ғана емес, сонымен қатар патшалық Ресейдің отаршылдық мақсаттарын жүзеге асыруындағы тірегі де болды. Қазақ даласы жағына қарай кеңейе отырып, орнығып алған қазақ әскери шептері қазақтардың көшіп жүретін аймақтарын шектеді.
ХVIII ғасырдың 30-40 жылдарында Верхнеяицкіден Звериноголов бекінісіне дейін созылып жатқан үй бекініс шебі салынды. Оның жалпы ұзындығы 770 шақырым болатын. Нақ сол жылдары ұзындығы 930 шақырым болатын Ертіс шебі салынды. 1752-55 жылдарда жаңа Есіл шебі салынды, оның ұзындығы – 662 шақырымға жетті. Бұл жағдай отарлау саясатының алғашқы көрінісі болып, олар қазақтардың көшіп жүретін қоныстарын шектеп тастады.
Патша өкіметі сауданың дамуын да өзінің саяси мақсаттарына пайдалануға тырысты.
1781 жылы Абалайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақ-тары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. Ол былай тұрсын, 1795 жылы екі сұлтан, 19 ақсақал императрица II Екатеринаның атына Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жіберді. Үкімет ол кезде хан билігін жою жөн емес деп тапты, алайда оны әлсірету мақсатымен біраз кейініректе Орта жүзде қуатты Уәлімен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады.
1810 жылғы 27 желтоқсанда Сібір әкімшілігі «бодандыққа ант беруді» әзірлеп, Есіл, Верхнеиртышск, Алтай шептерінің барлық бекіністеріне жіберді. Ол Ресей бодандығын қабылдаған қазақтарды Ресейге бағдар алуды қатаң ұстануға міндеттеді және «ант бұзушылық» үшін қатаң жазалау көзделді. Мұндай пәрмендер Орта жүздегі жағдайды, керісінше, шиеленістіре түсті және біршама тыныштыққа қарамастан, ең көреген сұлтандар, билер, ақсақалдар, көптеген қазақ ауылдары төніп келе жатқан қауіпті сезініп, «бөтен елдерге» әсіресе Шынжаңға, Орта Азия иеліктері шегіне көшіп кетті.
Ресейдің әкімшілік-аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанының болмауы, Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс-қимылын әлдеқалай тежеп отырды. 1817 жылы – Бөкей хан, ал екі жылдан соң Уәлы хан қайтыс болды. Петербург бір жақты қадамға – Орта жүзде енді хан тағайындамауға және, оның үстіне, оларды ертедегі ғұрып бойынша сайламауға бел байлады.
Бұл кезде Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып, нақты биліктің қандай нысаны да болмаған ерсі жағдай орын алды. Хандық ықпалды сұлтандармен көзбе-көз келіспей немесе алдын ала келіссөз жүргізілмей, іс жүзінде жоғарғы жақтан жойып жіберілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет