ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Психология негіздері»


Сабақтың тақырыбы: Жады және назар.Ойлау және тіл.Интеллект



бет3/10
Дата31.01.2018
өлшемі1,62 Mb.
#37014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сабақтың тақырыбы: Жады және назар.Ойлау және тіл.Интеллект.

Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Адам есін жақсартудың жолдары, тәсілдері және құралдары;

2. Ойлау дамуының ауытқуында психикалық депривация рөлі;

3. Тұлғаның жан қуаттары;

4. Түйсікті қалайша дамытуға болады;

Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994

3- сабақ

І. Тақырыбы: Жады және назар.Ойлау және тіл.Интеллект.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Адамның жан қуаттарының ішінде зейін мен ес ерекше орын алады. Зейін – адам санасының көптеген обьектілерінің ішінен біреуін бөліп алып, сананың бір бөлігін арнайы бағытталуы мен шоғырландыруы.

*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру

*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994



1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1. Түйсікке әсер ететін сыртқы факторлар;

2. Сыртқы түйсік, ішкі түйсік, қозғалыс түйсігі;

3. Түйсіксіз психофизикалық заң;

4. Түйсік мәдениетін дамыту;

5. Қабылдаудың талғамалығы, уақытты қабылдау;

6. Апперцепция деген не?

8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Тақырыбы: Жады және назар.Ойлау және тіл.Интеллект.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.

1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Адамның жан қуаттарының ішінде зейін мен ес ерекше орын алады. Зейін – адам санасының көптеген обьектілерінің ішінен біреуін бөліп алып, сананың бір бөлігін арнайы бағытталуы мен шоғырландыруы. Адам ерік жігері мен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оның ойы бөлініп, басқа обьектілерге де бөлініп отырады. Зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын оның толқуы дейді. Зейінін дұрыстап ұйымдастыра алмайтын, назары әр нәрсеге тез ауып кете беретін адамдар да кездеседі. Зейінділіктің бірінші белгісі адамның іске кең түрде қызығушылығы. Ештеңеге қызықпайтын адамның зейіні нашар болады. Зейіндегі кемістіктерді жою үшін адам тиісті жаттығу жұмыстарын жүргізбесе болмайды. Адам өзінің есте сақтау қабілетіндегі мүмкіндіктерінің 10 пайызын ғана пайдаланады. Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты. Ес күрделі процесс. Ол бірнеше бөліктерден тұрады: есте қалдыру, тану, қайта жаңғырту, ұмыту.Ойлау - құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Ойлау тәжірибе мен білімді сақтап қалады, ақыл-ойын, икем, дағдысын молайта түседі. Ойлау сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады. Ойдың бастапқы формасы – ұғым. Ойлау қашанда белгілі қажетке байланысты адамға белгісіз жайтты іздестіруден туындайды. Адамның ойлау мәдениеті бірден жетілмейді. Ойлау, ой, ойлану ұғымдары - әрқайсымыз жиі айтатын ақыл деген сөздің синонимі.Адамның білімі неғұрлым жоғары болса, оның интеллект деңгейі де соғұрлым биік болады. Терең пайымдау, қорытынды жасау, кемел ес, нәзік талдау мен шебер жинақтау арқылы адам өз интеллектісін жоғары дәрежеде көрсете алады. Интеллектінің қарқынды дамуы балалық және жастық шақтан басталады. Интеллект пен ойлау тығыз байланысты.Сыртқы ортамен байланыс үшін зейіннің ырықсыз,ырықты.үйреншікті дейтін түрлерінің қайсысы болмасын ерекше маңызды.Мәселен,ырықты зейін адамның алдына нақты мақсат қойып,ерік-күшін жұмсауын қажет етсе,ырықсыз зейін күшті тітіркендіргіштер әсерінен(қатты дауыс,жарық күші,мұрын жаратын иіс,т.б.өзінен-өзі туындап отырады.Кісінің үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін емес.Ұзақ уақыт бір объектіге зейінді шоғырландыру,яғни ерік-күшін жұмсау кісіні шаршатады,қажетсіз алаңдауға әкеліп соқтырады.Қызығып істеген әрекет қана кісіні шаршатпайды.Адам іс-әрекеттің мақсаты мен бағыт-бағдарына біртіндеп төселе бастағанда ерік-күшін жұмсамай-ақ оның зейіні өзінен өзі ұйымдасып жатады.

Зейінді танымдық іс-әрекеттің динамикалық ерекшеліктерін сипаттайтын психофизиологиялық процесс,ахуал ретінде анықтауға болады.Олар белгілі бір уақыт кезеңінде адамның психикалық және физикалық күштерін өзіне бағыттайтын және осы сәт уақытында ұғынылатын сыртқы немесе ішкі ақиқаттың салыстырмалы тар бөлігіндегі оның шоғырланушылығынан көрінеді.Кез-келген құбылысты қабылдау үшін біздің сезім мүшелерімізді оған дұрыстауға мүмкіндік беретін бейімділік реакциясын тудыра алуы қажет.Психикалықіс-әрекеттің ерікті немесе еріксіз бағыттылығы мен шоғырланушылығы зейін деп аталады.Онсыз қабылдаудың болуы мүмкін емес.Зейін-бұл,сезім мүшелері арқылы түсіп,басқасымен ескерілетін бір ақпаратты санасыз немесе саналы іріктейтін процесс.Зейіннің негізгі қасиеттерінің,көбіне адам қабілеттері мен мүмкіншіліктерінің сипаты болып табылатын белгілі бір параметрлері мен ерекшеліктері бар.Адам зейіні бес негізгі қасиетке ие,тұрақтылық,шоғырланушылық,қайта қосу,бөлу және көлем.Тұрақтылық-зейіннің топталуы мен интенсивтілігінің жоғары деңгейін ұзақ уақыт ұстап тұра алу қабілеті.Зейін тұрақтылығы,зейінді әлсіретпестен қандай да бір объектіге,іс-әрекет затына ықыласты ұзақ уақыт бойы сақтап қала алу қабілетінде көрініс табады.Зейіннің шоғырланушылығы-зейіннің бір объекттерге топталуы мен оны басқалардан алаңдату дәрежесінде болатын өзгешіліктерде көрінеді.Зейіннің шоғырланушылығы адамның барлық психологиялық белсенділігінің уақытша орталығы ретінде құрылуын білдіреді.Зейіннің қосылуы іс-әрекеттің бір түрімен келесісіне тез өту мүмкіндігі ретінде түсініледі.Адам зейінінің бұл сипаттамасы еріксіз немесе ерікті болатын жылдамдықта көрінеді.Алғашқы жағдайда индивид өзін кездейсоқ қызықтырған әйтеуір бір нәрсеге өз зейінін еріксіз аударады,ал екінші жағдайда-саналы түрде,яғни өзін ерік күшімен өзі үшін мүлде қызық емес объектіге топталуға мәжбүр етеді.Зейіннің қосылуымен екі түрлі бағыттағы процесс функционалды түрде байланысты,олар зейіннің қосылуы мен бөлінуі.Біріншісі адамның бір нәрсеге ықыласы түсуімен және оған толығымен шоғырлануымен сипатталса, екіншісі-зейінді аудару процесі қалай іске асырылатындығымен сипатталады.Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын ойы бөлініп,басқада бір объектілерге ауып отырады.Осылайша зейіннің бірде әлсіздене,бірде күшейіп тұруын оның толқуы дейді.Толқу-зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі.Ісіне тындырымды әр нәрсеге де үлкен жауаптылықпен қарайтын адамды зейінді кісі деп айтуға болады.Зейіндегі кемістіктерді жою үшін адам тиісті жаттығу жұмыстарын жүргізбесе болмайды.Зейін мен тығыз байланыстағы жан қуаттарының келесі бір түрі ес ,жад деп аталады. Біздің күн сайынғы естіп,көріп-біліп жатқан нәрселеріміз есепсіз мол. Бұлардың бірі кейде есте өзінен-өзі қалады,екіншілері әдейілеп қайта жаңғырады,қажетсіздері ұмытылып жатады.Адамдарда осындай қасиет болмаса,оған заттардың бәрі ылғи белгісіз,не жаңа болып көрінер еді.

Ойлау қоршаған ортаны ми арқылы бейнелеудің жоғарғы түрі,тек қана адамға тән ерекше күрделі танымдық психикалық үрдіс.ойлау бұл ерекше дәл,терең,толық жалпы және жанама түрде шындықты бейнелеуге,негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі.Біз қабылдауымыз бен түйсіктеріміз арқылы танып білуге болмайтын заттар мен құбылыстардың ішкі мәні мен заңдылықтарын тек қана ойлау арқылы танып білуге болады.Ойлау барлық жерде де қажет,онда қорытынды жасау арқылы біз жасырын,қабылдауға мүмкін болмайтын заттардың қасиеттері мен арақатынасын табамыз.Сонымен,ойлаудеп қоршаған дүниедегі заттар менқұбылыстарды жанама және жалпы сөздік түрде бейнелеу үрдісін айтамыз.

Ойлау-құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты.Сөйлеумен тығыз байланысқан ойлау да ми қызметінің нәтижесі. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан,мәселені шешуден.оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады. Ойлану-түрлі тәсіл, амал-операциялардан тұрады.Олар анализ, синтез, жалпылау,нақтылау, абстракциялау, жүйелеу. Ойдың бастапқы формасы-ұғым. Бұл-заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері туралы ой. Ойлаудың күрделі формасы-ой қорытындылары. Бұларда бірнеше пікірлерден жаңадан бір пікір туындайды. Ой қорытындылары дедукция, индукция, аналогия болып үшке бөлінеді. Ойлау қашанда белгілі қажетке байланысты адамға белгісіз жәйтті іздестіруден тұрады. Проблемалық ситуация-адам ойлауының түрткі қазығы. Белгісіз, ойланып-толғануды қажет ететін құбылыстың бәрі-бәрі проблемалық жағдай болып есептеледі.Адам ойлау мәдениетіне бірден жетілмейді. Ойлауды тәрбиелеу-кісінің жеке басын жан-жақты дамытумен тығыз байланысты. Ойлау, ой, ойлану ұғымдары- әрқайсымыз жиі айтатын ақыл деген сөздің синонимі. Ақыл-ойлау процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа байланысты көрінетін қасиет. Ойлану үшін білім керек. Бірақ білімі бардың бәрі бірдей ақылды боп келе бермейді.Адамның ойлану әрекеті тікелей сезімдік таным үрдістерімен ғана емес тілмен де,сөйлеумен де тығыз байланысты.Осындай ерекшелік адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық өзгешелігін көрсетеді.Жануарлардың қарапайым ойы нақтылы әрекетке байланысты, ол, жанама, абстракты ой бола алмайды.

Адам сөйлеу, дыбысты тіл нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың мәнді, тұрақты белгілерін ой арқылы бейнелей алады. Бұл ретте тіл адам ойының заттық қабыршағы болып табылады.Адамның ойы әрбір нәрсенің сипаты мен қасиеттерін сөз арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтіп заттар мен құбылыстарды әртарапты танып білуге мүмкіндік туады. Адам тілдік материалдар негізінде ойланады.Өз ой пікірлерінің жүйесін, нәрселер жайындағы нақты түсініктерін жасайды. Адам ойының жүйелі болып,оның нәрселердің мәнін түсініп білуі сөйлеу арқылы жүзеге асып,өзгелерге жеткізіледі.Адамның ойы тілмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау осы тілдік материал арқылы өзінің шындығы менақиқаттығын бейнелей алады.Ойлаудың тілмен тығыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәні адам ойлауы дамуының қоғамдық тарихи сипатта болатындығын көрсетеді. Адамның дүниетанымы, білімі және өмір тәжірибесінен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан ұрпаққа мұра болып ауысып отырады.Бұл тарихи фактор. Адам ақыл ойының дамып жетілуі мен білімнің өсуі әрбір ұрпақ жасаған білім қорын меңгеріп, оларды әлеуметтік өмір қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға пайдаланады. Сөйтіп, тарихи даму адам баласының қоғам өміріндегі қарым қатынасын нығайтады.



9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1.Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу.

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді семинар дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.

Ес, жалпылау, механикалық интеллект, эксперимент, алғырлық, шапшаңдық, актив, пассив, анализ, синтез;

және т.б.

10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Оқушыларды бағалау.

3.Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

1. Есті тәрбиелеудің тиімді жолдары.

2. Ес теориясы: физиологиялық, химиялық, физикалық.

3. Адам есін жақсартудың жолдары.



2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

Сабақтың тақырыбы: Танымдық психикалық үрдістердің бұзылуы.

4- сабақ



1.Сабақтың тақырыбы: Танымдық психикалық үрдістердің бұзылуы.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты:

*оқыту: Білімді қалыптастыру;

*тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі,,мамандыққа бағдарлау;

*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту;



5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы



6. Әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994



1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1. Есті жіктеу,анықтау,естің ерекшелігі,ұмыту.

2. Зейін және түрлері, зейінсіздік.

3. Ойлаудың формалары мен түрлері.Сөз,сөздің жіктелуі.

4. Жалпы интеллектуалдық қабілет.

4. Модальды анализатордың жетекші орнын анықтау(көру,есту,тактикалық).

5. Есте қалдырудың айрықша типтері

8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Тақырыбы: Танымдық психикалық үрдістердің бұзылуы.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.

1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Түйсік – қарапайым жан қуаттарының бірі.Адамзаттың, жан-жануардың айналасын танып білуі түйсіктен басталады.Түйсік бізге тікелей әсер ететін сыртқы факторлар мен тітіркендіргіштердің әртүрлі жеке қасиеттерінің мида бейнеленуі. Түйсік айналадан мағлұмат алудың алғашқы көзі. Біздің түйсіктеріміздің бәрі де мимен байланысып тұрады. Түйсіктер бірнеше түрге бөлінеді. Сыртқы, ішкі, қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер. 19 ғасырдың орта шенінде неміс ғалымдары Э.Вебер мен Г.Фехнер адам түйсігінің пайда болу заңдылығын тұжырымдаған. Мұны сезгіштік, табалдырық немесе түйсіксіз психофизикалық заңы дейді.

Өмір құбылыстарының жүйесі ретінде психология әрбір адамға таныс.Ол оған жеке түйсіктер,қабылдаулар мен зейін,ес,елестер,ойлау құбылыстары түрінде ұсынылуы.Бұлардың көмегімен адам дүниені таниды.Оларды танымдық процестер деп атайды.Мәселен түйсіну өзінің әр алуандығы мен қасиетінде адам үшін қоршаған ортаның маңызды қасиеттерінің түрлілігін көрсетеді.Адам өз іс қимылдарын жоспарлап,оқиғаларда болжап,болашаққа үңіле алады.Еңбекке кірісе отырып,ол өз басында алдын-ала оның нәтижелерін құрастырады,Іс-әрекет жағдайларын ескереді,бұрын алған білімдері мен көзқарастарын пайдаланады.

«Түйсіну» дегеніміз, сезім органдарына тікелей әсер ететін заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің бас миы қабындағы психикалық көрінуі. Түйсінуге қабілеттік нерв жүйесін иеленген барлық тірі жануарда бар, бірақ өз түйсігін ұғынуға тек жоғары дамыған қабықты бас миы барлардың ғана мүмкіндіктері бар. Егер соңғысы уақытша бөлініп қалса (наркоз немесе наркотик көмегімен), онда индивид өте күшті тітіркендіргіштердің өзін саналы түрде түйсіну қабілетін жоғалтады. Түйсінулер дистанттық (көру есту) және контактілік (иіс, дәм сезу) деп бөлінеді. Ең ерте органикалық (аурулық) сезімталдық, содан соң контактілік (иіс сезу) формалары пайда болды. Ал эволюциялық ең жас ретінде рецепторлардың есту және көру жүйелерін есептеуге болады. Адам психикасының қызмет етуі үшін ең маңыздысы көру (сыртқы дүние туралы ақпараттардың 85 %), есту, дене арқылы, органикалық- иіс сезу және дәм сезу түйсіктері болып табылады.

Түйсінудің әрбір типі өзінің спецификалық ақпаратын береді, оның орны толықтырылуы мүмкін. Бірақ түйсінудің барлығына тән жалпы заңдылықтар да бар. Оларға түйсіну бастамалары, олардың бейімделулері мен әрекеттесулері, контраст пен синтезия жатады. Түйсіну интенсивтілігі мен оның тітіркендіргішін тудыратын күш арасындағы психологияның тәуелділік «Түйсінулер бастамасы» деген түсінікпен анықталады.

Түйсінудің абсолютті төмен бастамасы- бұл әрең байқалатын түйсінуді тудырушы тітіркендіргіштің минималды мөлшері. Адам байқаған әрекет етуші тітіркендіргіштің күші мен сипатындағы аз өзгерістер, дифференциалды бастама деп аталады. Мұның арқасында, біз жарықтандыру дәрежесі, дыбыс күшінің ұлғаюы мен төмендеуі, вибрациялар сияқты сыртқы және ішкі ортаның параметрлерінің кішігірім өзгерістерін үнемі байқай аламыз. Барлық түйсінулердің бастамалары әрбір адам үшін жеке, олардың сипаттамалары үлкен жастық өзгерушілеріне қарамастан біршама тұрақты және генетикалық белгіленген.

Түсіну органдары өзгерген жағдайларға үйрене отырып, өз сипаттамаларын ауыстыруға қабілетті. Бұл қабілеттілік түйсінулер бейімделігі деп аталады.Мысалы, жарықтан қараңғыға және кері өтуде көздің түрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығы он рет өзгереді. Толық көру бейімділігі 40 минутқа дейін қажет етуі мүмкін, мұның барысында түсті сезіну жоғалып немесе қайта пайда болады: қараңғылыққа бейімделуде түстік көру жоғалып, барлығы қара-ақ гаммада қабылданады, жарыққа бейімделуде адам алдымен ашық-көк түсті, кейін қызғылт-сары және қызыл түстерді қбылдайды. Мұның барысында сезімталдық болу 40 минутта 20 мың есеге сезімталдықты жоғарлатады.

Әр түрлі түрлі сенсорлық жүйелерінің бейімделіліктерінің жылдамдығы мен толықтығы бірдей емес: жоғары бейімділік иіс сезуде, тактильдік түсінулерде байқалады және көру мен есту бейімділігі баяу жүреді. Бейімділіктің ең төменгі дәрежесімен аурулық түйсінулер ерекшеленеді: ауру- бұл ағза жұмысындағы қауіпті бұзылулар туралы белгі, сондай-ақ аурулар түйсінулердің тез бейімділігі оған өлім қаупін тудырады.

2. Қабылдау-адамның сезім органдары арқылы түскен ақпараттарды қабылдау және өңдеу, ол зат немесе құбылыстар бейнелерінің пайда болуымен аяқталады. Бұл образдарды қалыптастыру процесі қабылдау деп аталады. (кейде «перцетивті процесс», «перцепция» термині қолданылады.)

Сонымен бірге көру, есту, түйсіну, кинестезиялық, иіс сезу және дәм сезу кабылдаулары деп бөлінеді. Бізді қоршаған заттардың қимылын біз төмендегінің арасында қабылдауға қабілеттіміз: ауысу әдетте әйтеуір бір фонда болады, бұл көздің тор қабығына, алдында немесе артында зат орналасқан әлементтерге қатынас бойынша қозғалушы денелер жағдайында болған өзгерістерді жүйелі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Қызықтысы сол, қараңғыда қимылсыз жарқырап тұрған нүкте қимылдан тұрған сияқты болады, (автокинетикалық эффект).

Көрінетін қозғалысты қабылдау оъектілердің кеңестіктік жағдайы туралы мәліметтермен анықталады, яғни ол заттың ара-қашықтығы дәрежесін көру қабылдауымен және орналасу бағыттарын бағалаумен байланысты.

Кеңестік қабылдау көру, бұлшық ет және түйсіну сезімдері синтезінің көмегімен заттардың көлемі мен формаларын қабылдауға, сондай-ақ бинокулярлы көрумен қамтамасыз етілетін заттардың көлемі мен ұзақтығын қабылдауға негізделеді.

Біз ұзақтықты (кеңестік сияқты) қажеттіліктің ояну сәті мен оны қанағаттандыру сәті арасында уақытша интервал болған кезде ғана ұғынамыз. Басқаша жағдайда біз өзіміздің басымыздан өткен уақытқа назар аудармаймыз. Осы жерден Вундт қалыптастырған, уақытты қабылдаудың негізгі заңы шығады: «Біз өз назарымызды уақыт ағымына аударған кезде, әрдайым ол бізге ұзақ болып көрінеді» . 60 бөлшектен өтетін сағат тілін бақылаған кезде, 1 минуттың өзі бізге ұзақ болып көрінеді.

Кеңестік пен уақытты қабылдаудың негізгі механизмдерінің тума сипаты бар. Белгілі бір жағдайдағы тіршілік әрекеті процесінде олар бұл жағдайлр параметрлерінің үстіне орнығады, бірақ мұндай орнығудың жалпы құрылымдылық элементтері сапалы жаңа жағдайларда оңай құлайды. Эксперименттер толық сенсорлы изоляциямен есеңгіретерлік мәліметтер берді. Адамдарды ыңғайлы температурадағы суы бар ыдысқа батырды, олар онда ештеңе көрген де жоқ, естіген де жоқ, ал олардың қолдарындағы бүркеулер түйсіну сезімін алуға кедергі жасады. Сынаушылар көп ұзамай олардың қабылдау алаңдары құрылымдарының өзгере бастағандығын, уақытты қабылдаудың өзін-өзі сендіруі мен галлюцинациялардың жиілей бастағандығын байқады. Изоляция кезеңі аяқталған кезде қоршаған дүниеге бейімделу қабілетінің жоғалғандығы байқалды. Бұл адамдар объектілердің формаларын айыруға қабілетсіз болып шықты.

Адам өзінің іс-қимылдарын жоспарлап, оқиғаларды болжап, болашаққа үңіле алады. Еңбекке кіріспе отырып, ол өз басында алдын-ала оның нәтижелерін құрастырады, іс-әрекет жағдайларын ескереді, бұдан алған білімдері мен көзқарастарын пайдаланады. Адамдар, әлі өмірде жоқ объектілердің образдарын жасай алады. Адамның мұндай мүмкіншілігі көбіне оның елестеулеріне негізделген. Елестету- басқа психикалық процестерден бөлек тұрған және қабылдау, ойлау және жад арасындағы жағдайды иеленген адам психикасының ерекше формасы. Елестету өзгігінше ақиқатты көрсетеді. Ол өмірмен келісілген. Елестету образдары көзқарастар образдарынан ерекшеленеді. Елестету образдары – бұл бұрын біз қабылдап көрмеген заттар мен құбылстардың образдары (мәселен, атом жарылысы және оның зардаптары немесе космостағы салмақсыздық жағдайы т.б. ) Олар бар елестетулер негізінде, олардың өңделуі мен араласуының арқасында пайда бола алады. Ал бұл ойлаусыз мүмкін емес. Бірақ елестету тек жадымен, көзқарастармен және ойлаумен ғана байланысты емес. Оған адамның қажеттіліктері, оның тілегі, қызығушылығы, ерік-жігері, т.б. жатады. Адамдар әлі өмірде жоқ объектілердің образдарын жасай алады.

Адамның жан қуаттарының ішінде зейін мен ес ерекше орын алады. Зейін – адам санасының көптеген обьектілерінің ішінен біреуін бөліп алып, сананың бір бөлігін арнайы бағытталуы мен шоғырландыруы. Адам ерік жігері мен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оның ойы бөлініп, басқа обьектілерге де бөлініп отырады. Зейіннің бірде әлсіздене, брде күшейіп тұруын оның толқуы дейді. Зейінін дұрыстап ұйымдастыра алмайтын, назары әр нәрсеге тез ауып кете беретін адамдар да кездеседі.Зейінділіктің бірінші белгісі адамның іске кең түрде қызығушылығы. Ештеңеге қызықпайтын адамның зейіні нашар болады. Зейіндегі кемістіктерді жою үшін адам тиісті жаттығу жұмыстарын жүргізбесе болмайды.

Адам өзінің есте сақтау қабілетіндегі мүмкіндіктерінің 10 пайызын ғана пайдаланады. Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты. Ес күрделі процесс. Ол бірнеше бөліктерден тұрады: есте қалдыру, тану, қайта жаңғырту, ұмыту.

Ойлау - құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түснуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Ойлау тәжірибе мен білімді сақтап қалады, ақыл-ойын, икем, дағдысын молайта түседі. Ойлау сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады. Ойдың бастапқы формасы – ұғым. Ойлау қашанда белгілі қажетке байланысты адамға белгісіз жайтты іздестіруден туындайды. Адамның ойлау мәдениеті бірден жетілмейді. Ойлау, ой, ойлану ұғымдары - әрқайсымыз жиі айтатын ақыл деген сөздің синонимі.

Адамның білімі неғұрлым жоғары болса, оның интеллект деңгейі де соғұрлым биік болады. Терең пайымдау, қорытынды жасау, кемел ес, нәзік талдау мен шебер жинақтау арқылы адам өз интеллектісін жоғары дәрежеде көрсете алады. Интеллектінің қарқынды дамуы балалық және жастық шақтан басталады. Интеллект пен ойлау тығыз байланысты .

.Сыртқы ортамен байланыс үшін зейіннің ырықсыз,ырықты.үйреншікті дейтін түрлерінің қайсысы болмасын ерекше маңызды.Мәселен,ырықты зейін адамның алдына нақты мақсат қойып,ерік-күшін жұмсауын қажет етсе,ырықсыз зейін күшті тітіркендіргіштер әсерінен(қатты дауыс,жарық күші,мұрын жаратын иіс,т.б.өзінен-өзі туындап отырады.Кісінің үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін емес.Ұзақ уақыт бір объектіге зейінді шоғырландыру,яғни ерік-күшін жұмсау кісіні шаршатады,қажетсіз алаңдауға әкеліп соқтырады.Қызығып істеген әрекет қана кісіні шаршатпайды.Адам іс-әрекеттің мақсаты мен бағыт-бағдарына біртіндеп төселе бастағанда ерік-күшін жұмсамай-ақ оның зейіні өзінен өзі ұйымдасып жатады.

Зейінді танымдық іс-әрекеттің динамикалық ерекшеліктерін сипаттайтын психофизиологиялық процесс,ахуал ретінде анықтауға болады.Олар белгілі бір уақыт кезеңінде адамның психикалық және физикалық күштерін өзіне бағыттайтын және осы сәт уақытында ұғынылатын сыртқы немесе ішкі ақиқаттың салыстырмалы тар бөлігіндегі оның шоғырланушылығынан көрінеді.Кез-келген құбылысты қабылдау үшін біздің сезім мүшелерімізді оған дұрыстауға мүмкіндік беретін бейімділік реакциясын тудыра алуы қажет.Психикалықіс-әрекеттің ерікті немесе еріксіз бағыттылығы мен шоғырланушылығы зейін деп аталады.Онсыз қабылдаудың болуы мүмкін емес.Зейін-бұл,сезім мүшелері арқылы түсіп,басқасымен ескерілетін бір ақпаратты санасыз немесе саналы іріктейтін процесс.Зейіннің негізгі қасиеттерінің,көбіне адам қабілеттері мен мүмкіншіліктерінің сипаты болып табылатын белгілі бір параметрлері мен ерекшеліктері бар.Адам зейіні бес негізгі қасиетке ие,тұрақтылық,шоғырланушылық,қайта қосу,бөлу және көлем.Тұрақтылық-зейіннің топталуы мен интенсивтілігінің жоғары деңгейін ұзақ уақыт ұстап тұра алу қабілеті.Зейін тұрақтылығы,зейінді әлсіретпестен қандай да бір объектіге,іс-әрекет затына ықыласты ұзақ уақыт бойы сақтап қала алу қабілетінде көрініс табады.

Зейіннің шоғырланушылығы-зейіннің бір объекттерге топталуы мен оны басқалардан алаңдату дәрежесінде болатын өзгешіліктерде көрінеді.Зейіннің шоғырланушылығы адамның барлық психологиялық белсенділігінің уақытша орталығы ретінде құрылуын білдіреді.

Зейіннің қосылуы іс-әрекеттің бір түрімен келесісіне тез өту мүмкіндігі ретінде түсініледі.Адам зейінінің бұл сипаттамасы еріксіз немесе ерікті болатын жылдамдықта көрінеді.Алғашқы жағдайда индивид өзін кездейсоқ қызықтырған әйтеуір бір нәрсеге өз зейінін еріксіз аударады,ал екінші жағдайда-саналы түрде,яғни өзін ерік күшімен өзі үшін мүлде қызық емес объектіге топталуға мәжбүр етеді.Зейіннің қосылуымен екі түрлі бағыттағы процесс функционалды түрде байланысты,олар зейіннің қосылуы мен бөлінуі.Біріншісі адамның бір нәрсеге ықыласы түсуімен және оған толығымен шоғырлануымен сипатталса, екіншісі-зейінді аудару процесі қалай іске асырылатындығымен сипатталады.Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын ойы бөлініп,басқада бір объектілерге ауып отырады.Осылайша зейіннің бірде әлсіздене,бірде күшейіп тұруын оның толқуы дейді.Толқу-зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі.Ісіне тындырымды әр нәрсеге де үлкен жауаптылықпен қарайтын адамды зейінді кісі деп айтуға болады.Зейіндегі кемістіктерді жою үшін адам тиісті жаттығу жұмыстарын жүргізбесе болмайды.Зейін мен тығыз байланыстағы жан қуаттарының келесі бір түрі ес ,жад деп аталады. Біздің күн сайынғы естіп,көріп-біліп жатқан нәрселеріміз есепсіз мол. Бұлардың бірі кейде есте өзінен-өзі қалады,екіншілері әдейілеп қайта жаңғырады,қажетсіздері ұмытылып жатады.Адамдарда осындай қасиет болмаса,оған заттардың бәрі ылғи белгісіз,не жаңа болып көрінер еді.

Ойлау-құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға,мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты.Сөйлеумен тығыз байланысқан ойлау да ми қызметінің нәтижесі. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан,мәселені шешуден.оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады.Ойлану-түрлі тәсіл,амал-операциялардан тұрады.Олар анализ,синтез,жалпылау,нақтылау,абстракциялау,жүйелеу.Ойдың бастапқы формасы-ұғым.Бұл-заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері туралы ой. Ойлаудың күрделі формасы-ой қорытындылары.Бұларда бірнеше пікірлерден жаңадан бір пікір туындайды.Ой қорытындылары дедукция,индукция,аналогия болып үшке бөлінеді.Ойлау қашанда белгілі қажетке байланысты адамға белгісіз жәйтті іздестіруден тұрады.Проблемалық ситуация-адам ойлауының түрткі қазығы.Белгісіз,ойланып-толғануды қажет ететін құбылыстың бәрі-бәрі проблемалық жағдай болып есептеледі.

Адам ойлау мәдениетіне бірден жетілмейді.Ойлауды тәрбиелеу-кісінің жеке басын жан-жақты дамытумен тығыз байланысты.Ойлау,ой,ойлану ұғымдары-әрқайсымыз жиі айтатын ақыл деген сөздің синонимі.Ақыл-ойлау процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа байланысты көрінетін қасиет.Ойлану үшін білім керек.Бірақ білімі бардың бәрі бірдей ақылды боп келе бермейді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет