ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Психология негіздері»


Материалды техникалық жабдықталуы



бет5/10
Дата31.01.2018
өлшемі1,62 Mb.
#37014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1. Ес психиканың дамуының ең жоғары сатысы ретінде.

2. Естің түрлері мен жүйелері.

3. Қоғамдық және дара ес.Ес,Естің бұзылуы.



8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Кіріспе.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.



1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Адамға еріксіз және ерікті белсенділік тән.Еріксіз белсенділік адамға алдын ала ешқандай мақсатсыз пайда болады,ол белгілі бір сыртқы себептердің негізінде қалыптасады.Еріксіз белсенділік саналы әрекетсіз іске асады.

Ерікті белсенділік біздің қажетіміз бойынша алдын ала қойылған мақсат негізінде пайда болады.Ол негізінен саналы әрекет болып табылады.

Ерік бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психологиялық іс әрекеті.Адам алдына әртүрлі мақсат қояды.Сол мақсатты орындау жолында ерік қайраты мен күш жігерін жұмсайды.Кей жағдайда мақсатты орындау ешқандай қиындықты,күш жұмсауды қажет етпейді.Ерікті үрдістер әр уақытта еріксіз белсенділіктің негізіне байланысты іске асады.



Еріксіз қозғалыстарға рефлекторлық қозғалыстар жатады,мысалы жөтелу,түшкіру,қас қағу,укол салу,күйген кезде қолды тартып алу.Бұл қозғалыстардың жүйке физиологиялық негіздері шартсыз рефлекстер болып табылады.Ерік қозғалыстары мен әрекеттеріне,адамның эмоциялық көңіл күйін білдіретін қозғалыстар мен әрекеттер жатады.Ерік ойлаумен тығыз байланысты,себебі ол мақсатты,саналы іс әрекетпен байланысты.Адам алдына мақсат қойғанда,сол мақсатқа жетудің жолын қарастырады,кедергілерді жеңудің жолдары мен тәсілдерін ойластырады,ол ойлау іс әрекетін іске асырады.Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына  «даналық мұраты» ұғымын қолданған.  Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы»  еңбегінде «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді» деген пікірлер санада «бұл алманы жеу керек»  деген қортынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс таныс болған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис – жын-шайтан қуу үрдісінен көруге болады. Бұл үрдісте адам ылғи да енжар астама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын, «ұя» ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Ол күштерді танудан адамның «шын» қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылдаған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы-балгер, от пен металды бағындарған темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы –қанішер т.б.    
Мүмкін, ерік түсінігінің жаңа «Қайта тіктелу» заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, «тіпті қателер жіберуге де бейім» дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады.Қалыптан шығып,тек ортасымен бөлінуімен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе  - ерік бостандығы. Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады.
Ерік – қайратының күшеюі талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де әртүрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Алға қойған мақсатқа жету үшін  адам өз мінезіндегі  бұрыннан қалыптасқан мүддесін сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға бақылау жүргізе білу керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапаболыптабылады.
Адамның еркі сонымен мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік. оқушының бұл мақсаты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп болады. Кез келген адамнан «сен не үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы – тілек немесе ниет деп атайды. Тілек – келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, «газетке мақала жазсам», «өзенге барып шомылсам», «домбыра тартып үйренсем», т.б. деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі, яғни оның жоспары сызылмаған. Дегемен осы секілді тілектерде еріктік амалға тән талғамалық сипат бар. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал-айла,әдіс қарастырады. Соңғы жағдай ғана адамның тілегін, нақтылы кесімді түрге келтіреді.
Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалады да, әрекеттің орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Егер адам өзіне мақсат қояр кезде өзіне «Не істеу керек?» деп сауал қоятын болса, әрекетті жоспарлау үстінде «Қалай істеу керек?», «Қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады?» деген сұрақтар қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді, айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтардың сыр-сипатын, оны жеңудің жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудің стол жасап алғысы келді дейік. Ол алдымен бұған қандай материалдың жарайтындығын, оны қайдан алуға болатындығын, қандай құрал-сайман керектігін, жұмыстың жұмысын т.б. топшалап алады. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау – күрделі процесс. Ол – адамның белгілі білімін, өмір тәжірибесінің, ойының орамдылығын қажет етеді.
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау – мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік-жігеріне үйлесе алмай, қайшы келіп отырады

Еріктік әрекет себептері сонымен адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынаста келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы адамды қандай да қылыққа мәжбүрлеп, көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы – табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын терістеу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білу.  



9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1. Ерік,ұғымы,функциялары.

2. Еріктік процестің кезеңдері.Пайдалы әдеттер арқылы еріктік қасиеттерді қалыптастыру.

3. Стресспен күресу тәсілдері.

4. Стресс жағдайында қалыпқа келтіру.

5.Аутогенндік жаттығулар өткізу. Түрлі жаттығулар арқылы еріктік қасиеттерді қалыптастыру.

1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

Ерік,түрткі,рефлекс.

3.Реферат пен баяндамалар тақырыптары:

Жеке тұлғаның белсенділігін дамытуда ерік қайраттың рөлі.

Ерікті әрекеттің физиологиялық негіздері.

Ерік туралы әртүрлі психологиялық теориялар мен көзқарастар.

10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Оқушыларды бағалау.

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

Сабақтың тақырыбы: Эмоционалдық және ерік сфераларының бұзылуы.



Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Рувинский Л.И.,Хохлов С.И. Как воспитать волю и характер.М.1988.

3.Селиванов В.И.Воля и воспитание.Рязань.1974.

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994

1.Т.Тәжібаев«Жалпы психология»Алматы.1993.
2.СәбетБап-Баба«Жалпыпсихология»Алматы2005.
3. Ә. Алдамұратов «Жалпы психология» Алматы 1996.
4. Қ. Жарықбаев «Психология» Алматы 1970.
5. «Психология адамзат ақыл-ойының қазынасы» Мәдени мұра 2005.
6. В.В. Богословский, А.Г. Ковалев, А.А. Степанов,
С.Н. Шабалин  «Жалпы психология»   
7. А.Ш. Намазбаева «Психология»
8. Абай «Қырық үшінші қара сөзі» Алматы 1993.

8- сабақ



1. Сабақтың тақырыбы: Эмоционалдық үрдістер мен күйлер.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасында білдіріп отырады, ол бірнәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Өз қажетіне қарай айналасына түрлі көңіл-күйін білдіріп отырады.

*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).

*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру (Қазақстандық патриотизм,ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).

*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.

5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1. Ерік,ұғымы,функциялары.

2. Еріктік процестің кезеңдері.Пайдалы әдеттер арқылы еріктік қасиеттерді қалыптастыру.

3. Стресспен күресу тәсілдері.

4. Стресс жағдайында қалыпқа келтіру.

8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Кіріспе.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.



1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Эмоция (көңіл шарпуы, сезім) – әрекет-қылықты бейберекет (импуль­сив) реттеуші психикалық құбылыс. Ол сыртқы ықпалдардың қажеттілік маңызы мен олардың тек өкілі тіршілігіне қолайлы не зияндылығының сезімдік бейнесіне негізделеді. Эмоциялар адам іс-әрекеті мен мінез-қылығында маңызды роль атқарып, төмендегі қызметтерді орындайды:

- эмоцияның қарайлас – бағалау (отражательно-оценочная) қызметі. Әрқилы адамдар бір затқа өздерінің сезімдік тұрғысына қарай түрліше көңіл аударып, қабылдайды.

Біреудің «жақсы» дегенін, екіншілер «жаман» деп таниды. Бір адамның құндылық деп жинағанын және біреу қоқыс деп айналып өтеді. 53

- эмоцияның басқарушылық қызметі. Эмоция адам қылық-әрекетін басқарудың психофизиологиялық тетігі ретінде қабылданған.

- эмоцияның қорғаныстық қызметі. Адамды шынайы не жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.

Мұндай қорқыныш адам басына төнген қауіпті жағдайды дұрыс барластыруға, алдағы жеңіс не жеңіліске жету ықтималдығын тиянақты анықтауға мүмкіндік береді. Осынысымен де қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады, тіпті тірі қалудың кепілі де осы бо­лар. «қорықпайтын адам - ақымақ». – деп әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған.

- эмоцияның ынталандырушы қызметі – адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағышталған рухани батылдықты пайда етеді.

- эмоцияның толықтырушы қызметі. Қандай да проблема бойынша шешім қабылдауға не шешім шығаруға жеткіліксіз ақпаратқа қосымша толықтырулар беруде жәрдемге келеді.

- эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер жасауымен байланысты. Эмоциялы көңіл-күй сырттай көріністі, сол арқылы тек өкілі екіншіге өз жағдайы жөнінде хабар бере алады (адам сөйлейді, айқайлайды не түртеді, ал жануар өзінше дыбыс шығарады, сүзеді, тебінеді және т.б.)

Эмоциялар ұнамды немесе болымсыз – екі сипатта көрінуі мүмкін, яғни көзделген нысан тиісті қажеттікті қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайды. Эмоциялар генетикалық тұрғыдан инстинкт және құмарлықпен байланысты келеді. Алайда, қоғамдық – тарихи даму барысында арнайы адами жоғары эмоциялар – сезімдер қалыптасты. Бұл сезімдердің негізі – адамның әлеуметтік мәні, қоғамдық талап, қалыптар, қажеттіктер мен ұстанымдар.

Көптүрлі эмоция көріністері арасында төрт бастау көңіл шарпулары бөліне ажыралған: қуаныш (рахат), қорқыныш, ашу-ыза, таңдану. Эмоциялардың көбі аралас сипатты, себебі олардың бәрі қажеттіктер жүйесінің басымдық (иерархиялық) ұйымдасуынан.

Ертеден-ақ ерік табиғаты жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі қөзқарас материалистік және идеалистік көзқарастар қалыптасты.


Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы жоқ рухани күш деп санайды. Олар ерікті біздің санамыздың нұқаушылық, қызмет атқаратын жоғары агенті деп санайды. Ерік ешкімге және ешнәрсеге де бағынбайды. Ол еркін. Олардың пікірінше, адам кез келген жағдайда ешкіммен есептеспей-ақ өзінің ойына келгенін істей алады. Ол еркін әрекет етеді. Басқаша айтқанда, адам не тілесе соны істейді, қалауына қарай қылық жасайды. Бәрі оның ерікті еркіне байланысты.
Ерік еркіндігінің идеалистік концепциясы философиялық және этикалық көзқарас тұрғысынан да жалған. Идеалистердің ойынша рух бостандығы әрекет бостандығына алып келеді. Бірақ қоғам мүшелерінің мүдделерімен санаспайтын жеке адам мінез-құлқы мораль және заң нормаларын менсінбеу, кейде оны бұзу болып табылады.
Материалистік ұғым – ерік табиғаты жөніндегі бірден-бір дұрыс түсінік. Онда психиканың басқа жақтарымен бірге еріктің де нервтік ми процестері түрідегі негізі болады. Ерікті материядан, мидан бөліп алу мүмкін емес. Материалистер адам қоршаған ортамен өте тығыз байланыста болады деп қарайды. Тиісті сыртқы жағдайлар болмаса, ол өмірін сақтай да, жалғастыра алмайды. Ерік сананың басқа да түрі тәрізді объективтік шындықты мидың бейнелендіруі. 
Ерік табиғаты жөніндегі материалистік көзқарасты баяндай және оны идеалистік көзқарасқа қарсы қоя отырып, Ф. Энгельс: «Еркідік табиғат заңдарына ой жоруындағы тәуелсіздікте емес, еркіндік сол заңдарды білуде және сол білудің негізіде табиғат заңдарын жоспарлы түрде белгілі мақсаттар үшін қызмет етуге көндіру мүмкіндігенде» - деп жазды және онан соң: «Олай болса, ерік еркідігі – істі жете біліп, қортынды жасай алуда, одан басқа еш нәрсе де емес» - деді.
Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады.
Ерік табиғатын материалистік түсіну әрекеттер мен қылықтардың қозғаушы күштері адамның өзіде емес, сыртқы ортада жатады деген жайтты сөзсіз мойындаудан көрінеді. В.И.Ленин: «Адамның мақсаттарын объективтік дүние туғызады және оны өзінің шарты етеді, оны нақты, бар нәрсе ретінде табады. Бірақ адамға өзінің мақсаты дүниеден тыс алынған дүниеге байланысты емес тәрізді болып көрінеді еркіндік» - деп жазды.
Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория. Бұл теорияны жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір сүріп, негізін салған Э.Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интелектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді.
Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оға алдына ала дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады. Бірі – ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы, екіншісі – ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады, ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет ету үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестеудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның ерік- жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды, өздігінен ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)

1.Эмоцияның бұзылуы туралы жалпы түсінік

2. Еріктің бұзылуы туралы

3. Эмоционалдық еріктік процестері бұзылған науқаспен медицина қызметкерінің жұмысы.

1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.

2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.

апатия, эйфория, дисфория, депрессия, мания.

гипобулия, гипербулия, абулия, негативизм, клептомания, мутизм.



10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)

1. Оқушыларды бағалау.

2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.

11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)

Сабақ тақырыбы: Тұлға және жеке бас даралылық.Қабілет,нышан және темперамент.

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994

9- сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Тұлға және жеке бас даралылық.Қабілет,нышан және темперамент.

2. Сағат саны: 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: теория

4. Сабақтың мақсаты: Жеке адам, тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмады. Өйткені оың жан дүниесі айналасындағылар мен қарым-қатынас жасау үстіінде, тәлім-тәрбие, оқу, іздену, іске талпыну арқылы әркез белгілі мазмұнға ие болып отырады.

*оқыту: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімдерін қалыптастыру;

*тәрбиелік: Табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білетін, шығармашылық қабілетін дамыту;

*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту;



5. Материалды техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.

б) оқыту орны: дәріс аудиториясы

6. Әдебиеттер:

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994


1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.



7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

1.Эмоцияның бұзылуы туралы жалпы түсінік

2. Еріктің бұзылуы туралы

3. Эмоционалдық еріктік процестері бұзылған науқаспен медицина қызметкерінің жұмысы.



8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)

Кіріспе.

мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.

1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.

1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.



1.4. Қорытынды.

Ақпаратты – дидактикалық бөлім.

Адам бұл ,бір жағынан,биологиялық құбылыс,санасы бар жануар,қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы,ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.

Екінші жағынан, адам қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық, дене құрылымын өзгертіп және өзіне бағындырды.

Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға бұл сол адам, бірақ тек қана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамда қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.

Психологияда адам және жеке тұлға ұғымдарымен қатар даралық ұғымы да қолданылады.Әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын еркшелігі бар, сондықтан да екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.

Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі айтылады.

Жеке тұлға тек тарих, философия, социология, этика , эстетика, психология, педагогика сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны.

Жеке адам қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын индивид және белгілі қоғамдық ролді атқарады.

Жеке тұлғаның үш ерекшеліктерін атап өту керек: жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы, бірлігі, белсенділігі.

Кез келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасы.

Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.

Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік етеді,жетекшілік етеді, бақалары оған бағынады. Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанымен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік жігерінің, интелектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді. Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда мен деген ұғымды білдіреді. Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді.

Психикалық үрдістер психикалық құбылыстардың әртүрлі түрлерінде шындықты динамикалық тұрғыда бейнелеу.Психикалық үрдістер жеке тұлғаның шындықпен байланысын қамтамасыз етеді. Олар арқылы жеке тұлғаның қасиеттері қалыптасады. Психикалық үрдістердің негізінде психикалық қасиеттер ұйымдасады. Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері бұл индивидке тән психикалық іс әрекет пен мінез құлықтың белгілі сандық сапалық деңгейін қамтамасыз ететін тұрақты құрылым.

Психикалық қалып дегеніміз жеке тұлғаның көтеріңкі немесе түсіңкі белсенділігі түрінде көрінетін психологиялық іс әрекеттің тұрақты деңгейін айтады. Кез келген оқиғаны бейнелеу күрделі құбылыс. Ол өз құрамына біршама үрдістерді кіргізеді:түсіну мен қабылдау, қайта жаңғырту, ойлау, сезім және т.б. қоғамдық және жеке мәні бар ықпал мен ой түйінін түсіну, соған сәйкес сезім туғызады, оның сипатына қарай жеке тұлғаның жалпы белсенділік деңгейін төмендетеді немесе арттырады.

Демек, жеке тұлғаның психикалық құрылымы өте күрделі, жан жақты және сан қырлы. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Жеке тұлғаның дамуымен оның құрылымы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар әрбір жеке тұлғаның құрылымы салыстырмалы түрде тұрақты. Әрбір адам тұрақтылық пен өзгермеліктің бірлігі, тек қана сондай құрылым адамға өзімен өзі болуға, икемділік көрсетуге , өмір салтын сол жағдайларына сай жүргізуге көмектеседі.

Әртүрлі адамдардың өмірін бақылай отырып, олардың жұмыстағы жетістіктері мен ерекшеліктерін салыстырып, адамдардың қабілеттіліктеріне қарай бір бірінен ерекше айырмашылықтары бар екендігін аңғару қиын емес.Қабілеттіліктердің дара ерекшеліктері туралы мәселенің қоғамдық мәні орасан зор. Қабілеттіліктер тек қана іс әрекетте аңғарылады.Адам белгілі іс әрекетке қабілетті болып тумайды, оның қабілеттіліктері қалыптасады, дұрыс ұйымдасқан іс әрекетте дамиды.

Бір немесе бірнеше іс әрекеттің түрін ойдағыдай орындаудың шарты болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетін қабілеттіліктер деп атаймыз.Қабілеттіліктер әруақытта да белгілі бір іс әрекетті орындау тұрғысынан қарастырылады. Қабілеттіліктер жалпы және арнаулы болып бөлінеді.

Жалпы қабілеттіліктерге жеке тұлғаның қасиеті ретінде бақылағыштық жатады. Сонымен қатар жалпы қабілеттілік байқалған адамдар әртүрлііс әрекетпен ойдағыдай айналыса алады.Жалпы қабілеттіліктті меңгерген мектеп оқушылары көп жағдайда барлық пәндерден жақсы оқиды.

Арнаулы қабілеттілік қандай да бір белгілі іс әрекетті ойдағыдай орындауға мүмкіншілік жасайды. Математикалық, әдеби, музыкалық т.б. қабілеттілік қалыптасуы мүмкін.Белгілі бір істі өз бетімен және ойдағыдай орындауда қабілеттіктердің қиысып келуін талант деп атайды. Талантты адамдар шығармашылық қызметке ерекше қабілеттілік аңғартады.Таланттылықтың жоғары деңгейін дарындылық деп атайды. Ғұламалық қоғамдық өмірде, ғылымда,әдебиетте,өнерде т.б.жаңалықты аша білетін дарынды адамдар.Дарындылар, ғұламалар адамзат дамуында жарық жұлдыздар, тарихи қайталанбас белгілі дәуірдің тұлғалары.Дарындылық пен қабілеттіліктіт дамыту үшін бір ғана ортаның ықпалы жеткіліксіз.Бұл жерде оқыту мен тәрбиенің мәні орасан зор. Орта оқыту және тәрбие адамның өзінің белсене қатысуының нәтижесінде нышандарды оятады және дарындылық пен қабілеттілікті дамытады. Адамның қабілеттілігі оның іс әрекетімен байланысты ғана емес, осы іс әрекетте олар дамиды және қалыптасады. Адамның өз іс әрекетіне қатысы ерекше мәнге ие болады.Егер адам өз ісіне сүйіспеншілікпен қарайтын болса,онда ол белгілі бір салада оның дарындылығы тез және күшті аңғарыла бастайды, оның қабіллллеттіліктері мен ептіліктері тезірек дамиды.

Табиғатта екі бірдей адамды жеке тұлғаны кездестіру қиын. Әрбір адамның жеке тұлға ретінде даралық ерекшеліктері қайталанбайды. Адамдар бір біріне ұқсас болып келуі мүмкін. Адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктері әртүрлі болады. Осындай тұрақты және адамға туғаннан берілетін психологиялық қасиеттер темпераменттің қасиеті болып табылады. Демек, темпераменттің қасиеттеріне ең алдымен туа біткен және даралық өзіндік психикалық қасиеттер жатады. Тіпті ерте кезден бастап темпераменттің төрт түрін кездестіре аламыз: сангвиникалық, флегматикалық, холерикалық, меланхоликалық.

Темперамент туралы ілім ерте кезде пайда болған. Ертедегі грек медицинасының көрнекті өкілі Гиппократ(б.з.д.V ғ.) және оның шәкірттерінің айтуынша, адамағзасының жағдайы негізінен адам ағзасында болатын шырындардың немесе сұйық заттардың сандық арақатынасына байланысты (қан, шырын, өт). Осы сұйық заттардың араласу пропорциясы грекше «красис» деп аталады.Рим дәрігерлері жүздеген жылдар кейін жұмыс істеген бұл ұғымды латынша «temperamentum» деп атады, кейін келіп «темперамент»термині шықты. Белгілі адам анатомы және дәрігері б.з.д.II ғ.өмір сүрген Гален алғаш рет темпераментті жан жақты жіктей отырып, сипаттама берді. Ол темпераменттің санын 13 ке дейін жеткізді. Кейіннен бұл темпераменттің саны төртеуге дейін жинақталады.Олардың әрқайсысы белгілі бір сұйық заттың басымдығына қарай сипатталды.

Ағзада сұйық заттардың бірігуінде қанның пропорциясы басым болса , сангвиникалық темперамент деп аталды(латын сөзі «сангвиник» қан), сұйық заттардың бірігуінде шырынның пропорциясы басым болса, флегматикалық темперамент деп аталады(грек сөзі «флегма»сөл);сары өттің пропорциясы басым болса, холерикалық темперамент деп аталады (грек сөзі «холэ»сары өт);қара өттің пропорциясы басым болса, меланхоликалық темперамент деп аталады (грек сөзі «мелайна холэ»қара өт).

Темперамент дегеніміз психикалық үрдістер мен мінез құлықтың жүру қарқынын анықтайтын адамның дара ерекшеліктері. Темпераменттің қасиеттерін мінез құлықтың қасиеттерімен немесе қабілеттіліктерімен шатастыруға болмайды.

Темпераментті анықтайтын төмендегідей негізгі қасиеттерін атап өткен жөн:

Адамның психикалық іс әрекетінің және құлқының жалпы белсенділігі әрекет етуге ұмтылудың әртүрлі деңгейінде, қоршаған дүниені меңгеру және өзгерту, әртүрлі іс әрекетте өзін көрсете білуде аңғарылады. Жалпы белсенділік әртүрлі адамдарда әртүрлі аңғарылады.

Қозғалыс немесе моторлы белсенділік және тілдік қозғалыс аппаратының белсенділік жағдайын көрсетеді. Адамның бұлшық ет қозғалысы мен тілінің шапшаңдығында,күшінде,тездігінде аңғарылады, оның сыртқы қозғалысында(ұстамдылығында), сөзшеңдігінде(үндемейтігінде)байқалады.

Эмоциялық белсенділігі эмоциялық көңіл күйінде(эмоциялық әрекеттерге әсерленгіштік),эмоциялық қозғалғыштығында(көңіл күйінің тез өзгеріп отыруы) т.б.көрінеді.

Темпераменттің табиғатын ғылыми тұрғыдан И.П.Павлов жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері туралы ілімінде түсіндіріп берді. Оның ілімі бойынша, мінез құлықтың дара ерекшеліктері, психикалық іс әрекеттің жүру қарқыны жүйке жүйесінің қызметінің даралық айырмашылықтарына байланысты.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің үш түрлі негізгі қасиеттерін бөліп көрсетті:

1) қозу және тежелу үрдісінің күші.Ол жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілетіне байланысты;

2)жүйке жүйесінің тепе теңдігі, демек,қозудың күшінің тежелудің күшіне сәйкес келу дәрежесі;

3)жүйке жүйелерінің қозғалғыштығы, демек, қозудың тежелуге ауысу жылдамдығы және керісінше. Барлық бұл қасиеттер, жалпы жүйке жүйесі ретінде,бір ғана биологиялық қызметті атқарады, өзуақытында ағзаны қоршаған ортамен тепе теңдікте ұстайды.

И.П.Павлов әрбір жануардың темпераменті осы қасиеттердің қандай да бір қасиетімен байланысты емес,олардың бірігіп келуінен тұратындығын дәлелдейді. Шартты рефлекторлық іс әрекеттің дара ерекшеліктері және темпераментін анықтайтын жүйке жүйесінің қасиеттерінің осындай бірігіп келуін ол жүйке жүйесінің түрі деп атады.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің төрт негізгі түрін ажыратты:

1) күшті , ұстамсыз;

2) күшті , ұстамды,қоғалғыш;

3) күшті , ұстамды, сылбыр;

4) әлсіз;

Көрсетілген жүйке үрдістері қасиеттерінің қозу мен тежелудің бірігіп келуі жоғары жүйке жүйесінің типін анықтаудың негізіне жатқызылды.

И.П.Павлов темпераментке былай деп анықтама береді: «Темперамент әрбір жеке адамның жалпы сипаттамасы болып табылады, оның жүйке жүйесінің негізгі сипаттамасы, әрбір индивидтің барлық іс әрекетіне мөр қалдырады». Психологтар Б.И.Теплов және В.Д.Небылицын И.П.Павловтың зерттеу жұмыстарын жалғастырды.Жүйке жүйесінің қасиеттерін зерттеуде өте нәзік инструментальді әдістерді қолдана отырып, жүйке жүйесінің қасиеттерін жоғары дәлдікпен сандық түрде көрсете отырып, адамның жүйке қызметінің кейбір дара ерекшеліктерінің өзара байланысын ғалымдар дәлелдеді.

И.П.Павлов жүйке жүйесінің жалпы типін генотип деп атады, демек, тұқым қуалайтын тип жүйке жүйесінің типі бұл жүйке жүйесінің табиғи, туа біткен қасиеті,бірақ, өмір және іс әрекет жағдайымен өзгеруі мүмкін.Жүйке жүйесінің типі адамның мінез құлқына ерекшелік береді. Темперамент типінің қалыптасуында тұқым қуалау негізгі рөл атқарады.Осы қағида бірдей тұқым қуалау физиологиялық қасиеттері, темпераменттің қасиеттері ұқсастықтары бір жұмыртқалы егіздерде әртүрлі жұмыртқалы егіздерге қарағанда біршама артық, оларда бұл физиологиялық қасиеттер бірдей еместігі айқын дәләлденді.

Темпераменттің бір түрін жағымды, бір түрін жағымсыз деп бағалау дұрыс болмайды.Әрбір темпераменттің өзінің жағымды жақтарымен қатар жағымсыз жақтары да болады. Таза күйінде темперамент өте сирек кездеседі. Адамда темпераменттің белгілі бір түрінің қасиеті басым келеді, бірақ бұл жағдайда, басқа темпераментке тән жекелеген белгілер байқалуы мүмкін.

Темпераменттің түрлеріне тоқталып,әрқайсысына психологиялық сипаттама беретін болсақ:


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет