ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы


Лекция 15 Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет20/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)
algebraly-tedeuler-zhyesn-sheshud-klassikaly-dster, қоректену.зат тасымалы, көңіл күй даптер, 11-mzh-him, КТП по химии 9 класс, www.idum.uz 9 класс КТП Химия 2022-2023
Лекция 15


Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Қарастырылатын мәселелер:
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сынып жетекшілерінің тәрбиелік қызметі.


Қазір мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Ол үшін кәсіби біліктілігімізді көтеріп, жаңалықтарға назар аударып отыруымыз керек. Жаңартылған білім мазмұнының белсенді әдістерін игеріп, сабақ беруде оны ықпалдастырудың өзі менің тәжірибемдегі үлкен жаңалық болып табылады.Жаңартылған білім мазмұнынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп,соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.Бағдарламаның ерекшелігі-білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның таным қабілеттері мен таным үрдістерін арнайы жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым-қатынас, ойын арқылы шығармашылық қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталуы.
Осыдан келіп мұғалімнің жұмысында және оқу үдерісінің құрылымында өзгерістер болды. Атап айтсақ, білімді толық меңгерту әдістемесінде мұғалімнің жұмысы мынадай жүйеде құрылады:

  • жекелеген оқушылардың тақырып бойынша оқу материалын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;

  • оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;

  • кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі;

  • мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі;

  • оқушыларға оқу материалы зерттеу жұмысы негізінде берілуі;

  • оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және кері байланысты ұйымдастыру.

  • Міне, осы бағытта қазіргі білім беру жүйесінде жеке тұлғаға бағытталған оқытудағы тәсілді енгізу болып отыр. Бұл бағдарламаның ерекшелігі топтық жұмыс жасай отырып, бала өзін еркін сезінеді, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым –қатынас орнайды және оқушылардың өзінің тұлғалық маңыздылығын

сезінуі, өзін көрсете білуі мен өзіне деген сенімділігі артады. Жаңартылған білім мазмұнының мұғалім мен оқушыға берері көп. Бірақ осы бағдарламамен жұмыс жасайтын мұғалім ретінде айтарым, кез келген сабақта ұлттық болмысымызды ескеруіміз қажет. Мағжан:"Ұлт тәрбиесі баяғыда сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті,-"деп жазды."Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару",-деу арқылы Мағжан тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді.
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігі оқушының өзіне еркіндік бере отырып, белгілі бір сұраққа жауапты оның өзіне ойландыра отырып, көзін жеткізу."Бала нашар істі өзі істемеуіне, нашар мінезден өзі қашуына тырыссын.Ешкім айтпай, қорқытпай, баланың өзі жамандықтан, нашар мінезден жиренетін болсын. Балаға махаббат, жылылық сезім, жұмсақ іс арқылы ғана болуға мүмкін", - дейді педагог.
Жаңартылған білім мазмұныбойынша курстан өту барысында мен соңғы уақытта әлемдік деңгейде қолданысқа енгізіліп жатқан педагогикалық әдіс-тәсілдердің жай-күйлерімен таныстым. Бұған дейін «Оқу мен жазуда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасап жүргеніме де оншақты жыл болып еді.Cондықтан өз іс-тәжірибеме ертерек еніп кеткен әдіс-сын тұрғысынан ойлауды дамытуға тоқталғым келеді.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сын тұрғысынан ойлау әдісін өз сабақтарымда қолданып жүрмін.Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған әдіс.Сабақта сын тұрғысынан ойлау әдісінің стратегияларын пайдалана отырып, оқушылардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым.Әрбір стратегия оқушылардың терең ойлауына және шарықтау қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, , 2005.


2.Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау жолдары - Өскемен, 2004.
3.Алимов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы. Астана: «НЗМ» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 188б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет