ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет8/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)
algebraly-tedeuler-zhyesn-sheshud-klassikaly-dster, қоректену.зат тасымалы, көңіл күй даптер, 11-mzh-him, КТП по химии 9 класс, www.idum.uz 9 класс КТП Химия 2022-2023
Салыстырмалы эссенің мақсаты бірнеше мәселелердің өзара қарым-қатынасын ашып тарқатып жазу. Салыстырмалы эссенің мәтінінде «салыстыра келе», «айырмашылығын атап кетсек», «ұқсастығы бар», «өзіндік ерекшелігі» деген сияқты сөздер кездеседі. Салыстырмалы эсседе мысалы, ортақ идеяны алға тартып, бір тақырып төңірегінде қалам тіреген екі немесе одан да көп ақын-жазушылардың шығармаларын салыстыра зерттеп, оларға баға беріледі. Салыстырып отырған шығармалардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын саралай келе, автор өзінің субъективті пікірін білдіреді. Шығармаларда кездесетін кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін бір-бірімен салыстыра отырып, өзі алға тартқан ой-пікірді дәлелдейді. Мысалы, кейіпкерлердің жасын, түр-тұлғасын, дүниеге көзқарасын, іс-әрекетін, ішкі ойлары мен мінез-құлқын, психологиясын, рухани дүниесін салыстыруға болады.
Эссе жазудың негізі бастауыш сыныптарда тіл дамытудан бастау алуы тиіс. Оқушы ойын логикалық жағынан дұрыс, анық құрауға үйрену, сондай-ақ әдеби тілдің нормасына сай сөз саптап, өз ойын жазбаша сауатты жеткізуге дағдылану үшін тіл дамыту жұмыстырын жүйелі жүргізіп отыру керек. Оқушының тілін дамыту жұмысы – баланың ойын дамыту деген сөз. Тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушының ауызша және жазбаша ойын сауатты дұрыс жазуға, сөйлемдерді грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Тіл дамыту жұмысының бірі – мәтін құрау. Мәтіннің әңгімелеу, сипаттау, пайымдау түрлері бар.
Пайымдық эсседе мәселенің себебі анықталып, түсіндіріледі, ой дәлелденеді. Пайымдау мәтініде сөйлемдер мәселенің себебін ашып көрсетеді, белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және «не үшін?», «не себепті?», «немен дәлелдейсің?», «неліктен?» деген сұрақтарға жауап береді. Пайымдау мәтінінде «өйткені», «себебі», «біріншіден», «екіншіден» деген тірек сөздер қолданылады. Мәтін құрауда тірек сөздерді пайдалану өте тиімді. Тірек сөздер ойды нақты жүйелі жеткізуге, мәтіндегі ойды байланыстырып жазуға көмектеседі. Пайымдау мәтінінің бірінші сөйлемінде ой айтылады, содан кейінгі сөйлемде ой дәлелденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет