ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет12/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей. 2012 ж.


2. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016 ж.
3. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы , нұсқаулық. 2016 ж.
Лекция 9


Жаңартылған білім мазмұны қазақ тілі мен әдебиет сабағында.


Қарастырылатын мәселелер:
Жаңартылған «қазақ тілі»мен «қазақ әдебиеті» пәні оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері.
Оқу бағдарламаларын жоспарлау. Жоспарлаудың түрлері: ұзақ мерзімді жоспарлау, орта мерзімді жоспарлау, қысқа мерзімді жоспарлау, қазіргі сабақтың мақсатты технологиясы.

Қазіргі таңда, мұғалімдер үшін ең маңыздысы болып отырған мәселе – XXI ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды? Мектепте мұғалім көшбасшылығы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасында мазмұны осы екі мәселені шешуге бағытталған. Біз өзімізге «Өзгеріс не үшін қажет?», неліктен?, қалай істейміз?, одан кейін сыныпта не істеуіміз керек? Деген сұрақтарды алға тарта отырып, қарастыратын болсақ онда ең алдымен теориялық білімімізді тереңдетуден, толықтырудан басталады.


Ия, сабақтың өзгеше өтуі, яғни дәстүрлі емес сабақтың өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан басталады. Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар. Осы күнге дейінгі біздің жасап келе жатқан «Күнтізбелік — тақырыптық» жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады.
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Қысқа мерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады» (2, 6).
Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы (ҰМЖ) негізінде құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспардан алынады. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі міндет. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін. Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру. Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (40 минуттан кейін)  үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта (40 минут барысында) не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды.
Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім ҰМЖ-да оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес негізгі сұрақтарды (оқу мақсатын толығымен немесе бір бөлігін) таңдайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс (алайда барлығы да мұнда КТЖ-ға байланысты: күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қанша мақсат көрсетілсе, бір сабақта да сонша мақсат болады). Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек ықшамдауға немесе түсіндірууге болады.
Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс деп есептелінеді. Алайда сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмайды. Дегенмен оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз да керек. «Оқушылардың басым бөлігі» мен «кейбір оқушылардың» сабақта қандай нәтижеге жететіндігін көрсету-көрсетпеуді әрбір мектеп өздігімен шешу керек деп ойлаймын. Ол үшін мектепте ҚМЖ құрастыру мәселесі жан-жақты талқыланып, содан кейін «ҚМЖ құрастыру ережесі» қабылданып, ереже педагогикалық кеңесте бекітілсе, бүкіл мектептің бір сарын мен ыңғайда жұмыс жасауы үшін жағдай жасалынатындығы хақ.
Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:

  • Оқушылар нені білу керек?

  • Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?

  • Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:

  • сабақтың тақырыбын анықтау;

  • әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;

  • оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;

  • тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;

  • төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;

  • уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;

  • жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.

  • сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;

  • оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;

  • тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет