ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет15/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.


2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.
3.Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.
4.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 .
5.Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы 2002 жыл.
6. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан //Қазақстан халқына
Жолдауы//, 28.02.2007.
7. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М. 1988.
8. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, , 2005.
9. Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау жолдары - Өскемен, 2004.

Лекция 12
Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі педагогикалық технология.
Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері. Оқытудың компьютерлік технологиясы.
1) Виртуалды кеңістіктегі жүйе және компьютерлік ойындар.
2)Web-сайт арқылы оқыту
3) Интерактивті жүйедегі жұмыс
4)Компьютерлік техниканың көмегімен атқарылатын жұмыс туралы ақпараттармен жедел алмасу (интернет, электорндық почта, видеоконференциялар)
5)Мультимедиялық құралдардың мүмкіндіктері

Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Қаншама қиынықты бастан өткеріп, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсат – болашаққа ұмтылыс. Қазақстанымыз үшін ерінбей еңбек етіп, еліміздің ертеңі – жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай тер төгу. Ол үшін жас ұрпақты терең біліммен қаруландырып, ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгертіп, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойларына сіңіруіміз қажет. Қазіргі кезеңде мұғалімдер түрлі технологиялармен жұмыс жасаудамыз, ақпараттар кеңістігі қалыптасқан заманымызда оған мүмкіншілігіміз мол.


омпьютерлік технологияны оқыту процесінде қолданылу ерекшеліктері.
Қазіргі қазақстандық қала мектептерінің көпшілігінде дерлік компьютерлік сыныптар, кабинеттер жабдықталған. Ал кейбір мектептерде мультимедиялық кабинеттер білім сапасын кетеруге үлес қосып келеді. Өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқытуда осы даму деңгейін мүмкіндігінше молырақ қолданылу барысын қарастыра келе, қолдан келетін әдістердің тиімділік қол жеткізу үшін жеткілікті екенін байқадық. Соның бір мысалы ретінде компьютердің көптеген мүмкіншіліктерінің кейбірін сипаттай отырып, сабақта қолдану жолдарын қарастырып өтейік.
Компьютердің үлкен әрі кең мүмкіншіліктерінің бірі – ИНТЕРНЕТ жүйесі екені белгілі. Таяу арада қазақстандық мектептерді компьютерлендірудің жаңа деңгейінде жүзеге асырылатын бір түрі – қаламен бірге ауыл мектептерінде тұтастай дерлік интренет жүйесіне қосу деп күтіп отыр. Осы мақсаттың орындалуы білім беру ісін өзінен-өзі сапалы дәрежеге көтермейтіні белгілі. Ол үшін пәндерді оқыту әдістемесін сол компьютерлік интернет жүйесіне қосудың амалын қарастыруымыз керектігі белгілі.
Мектептегі оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге көтеруге мүкіндігі мол деп отырған интернеттегі бағдарламалардың қоры туралы айтатын болсақ, ол бағдарламаларды оқыту процесіне қосып алудың кейбір жолдары ғана белгілі екенін компьютерді оқыту процесінде қолдануды зерттеген ғалымдар атап көрсетеді.
Жалпы, ингренетті қазақ тілін оқытуда қолдану жолдарын зерттеу – болашақтағы үлкен міндетіміз десек те, осы мәселені мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша таңдап өткіміз келеді. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқытуда интернет жүйесін қолданудың тамаша үлгісі деп Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменованың интернетке қосылған қазақ тілін үйрету бағдарламасын айтуға болады. Сонымен бірге Л.Құрышжанованың еңбегі де осы мақсатқа лайықталған үлкен жетістіктердің бірі болып табылады. Орыс тілін компьютер арқылы оқыту мәселелерін зерттеген ресейлік және қазақстандық әдіскерлердің еңбектері де осы бағытта яғни тілді оқыту бағытындағы құнды қорға енетін зерттеулер болмақ.
Интернет жүйесін қолданудың дидактикалық мақсатын мынадай түрде белгілеуге болады деп ойлаймыз:
- қазақ тілін қазіргі кезде мемлекеттік тіл ретінде оқыту ісін дамыту үшін қазақстандық барлық мектептерге озық және тиімділігі үлкен әдістемелік тәжірибелерді таратудың оңай әрі тез жолын ұстану;
- қазақ тілін боашақта халықаралық тіл ретінде оқыту ісіне алғашқы іргетастары қалау мүмкіншілігін қолға алу;
- қазақ тілін ана тілі және екінші тіл, шетел тілі ретінде оқыту әдістемелерінің орталықтанған жүйесін жасауға жол салу.
Біздің көзқарасымыз бойынша, интернетте қазақ тілін оқытуда пайдалануда тек оқу-бақылау бағдарламалары ғана сөз болмайды. Сонымен бірге түрлі жарнамалық қызметті де осы мақсатқа лайықтап пайдалану жүргізіледі. Мысалы, егер қазақ тілін сапалы және тиімді оқыту мәселелері туралы жарық көрген ғылыми-әдістемелік еңбек пайда болса, онда оны интернет арқылы кең түрде таныстырудың өзі қазақ тілін оқыту әдістемесіне тигізілген көмек болар еді.
Сонымен бірге интернет арқылы қазақ тілі өз бетімен үйренушілер мен үйретушілер арасындағы хат жазысу ісі қалыптасып, соның нәтижесінде қазақ тілін оқыту әдістемелік нұсқаулары мен құралдары таратылады. Мұндай қызмет көрсету де интернет жүйесінің бір мүмкіншілігі деп бағаланады. Интернеттің дидактикалық мүмкіншіліктері, әсіресе, электорндық пошта арқылы кеңейе түседі. Электорндық пошта арқылы түрлі мәлімет алу, ақпарат алмасулар жүріп жатады. Осы қызметті қазақ тілін тиімді оқыту ісінде жоспарланған түрде пайдалану арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болатыны анық. Интернет арқылы қазақ тілін оқыту ісін ұйымдастыруда оның мынадай мүмкіншіліктері осы істі жандандыра түседі әрі өте үлкен дәрежедегі тиімділікке алып келеді деп үміттенеміз, олар:
- қазақ тілін оқыту материалдарын ақпарат түрінде жібергенде мәтін, суреттер, дыбыс, анимациялар сияқты интернеттің мүмкіншіліктері адамның сезім мүшелеріне толық дерліктей әсер етіп қабылданатындай тиімді жолдары бар;
- сондай жан-жақты ақпаратты алыс қашықтықтарға жіберу мүмкіндігі болады;
- провайдердің сол алынған ақпаратты сақтау және кей дәрежедегі өңдеулер жүргізу мүмкіндігі болады т.б.
Қазақ тілі туралы грамматикалық анықтағыштар, қазақ тілінің дыбыстық және лексикологиялық жүйесі туралы материалдар, қазақ тілінің тарихы туралы материалдар, кейбір қысқаша сөздіктер интернетке орналастырылуы үшін осы жобаны қолға алатын автор немесе ұйымның біраз көретін қиындықтары да болады. Осындай үлкен істі ұйымдастыратын болсақ, онда қазақ тілі теориясы мен әдістемесінің электрондық кітапханасын жасауға да болар еді деп ойлаймыз. Өйткені, қазақ тілінен оқу жоспарларында берілетін білім мазмұнын кеңейте отырып электрондық кітапханаға енгізетін болсақ, онда көптеген қиын мәселелер шешіліп те қалар еді. Интернеттің қарыштап дамуын күтіп отырған осы кезенде, біздің ойымызша, қазақ тілін оқыту ісіне қосып жіберетін әдістемелер жасауды осы кезден бастап қолға ала білу керек. Соның бірі, әрине, электрондық кітапхана жасау. Сол электрондық кітапхананың негізін құрасақ, онда ол уақыт өте келе құнды мұраға айналатын үлкен іс болып табылар еді.
Қазақ тілін оқытуда интернетті пайдаланудың бір жолы - интерактив қызметті қолдану болып келеді. Мектептерде интернетті пайдалануға бөлінген сағаттардың біраз бөлшегін қазақ тілін оқыту ісіне арнайтын болсақ, онда оқушылардың басқа ел балаларымен диалог құруын да қамтамасыз ету керек. (Бірақ бұл жерде оқушылардың ағылшын немесе орыс тілдерін білуі мәселесі — басқа мәселе екенін атап кетеміз).
Интернет жүйесін қазақ тілін оқытуда пайдаланудың жемістілігін мынадай модель негізінде анық керсетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет