ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық универстеті қазақ тілі мен әдебиеті әдебиеті кафедрасы



бет9/20
Дата22.09.2022
өлшемі86,82 Kb.
#150438
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Лекция 1-15 Жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту» (1)

Көркем әдеби эссе – көркем әдебиет стилінде жазылған эсселер. Оларға көркем әдебиетте көрініс тауып жүрген жазушылар мен әдебиет сыншыларының жазған эсселерін жатқызуға болады. Көркем әдеби эссе естелік, хат, әдебиет туралы ойлар т.б. түрінде жазылады.
Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті техника ғылымдарының кандидаты, доцент Б. Қожагелдиев пен аға оқытушы Ж.Үркінбаеваның «Жазбаша емтиханның артықшылықтары, эссенің рөлі мен түрлері» атты мақаласында эссенің түрлерін төмендегідей топтастырады: сипаттау (описательный, expository); сендіру (убеждающий, persuasive); аналитикалық (аналитический, analytical); аргументтік (аргументирование, argumentative) [6].
Сипаттау эссесі – сипаттау эссесінде оқушы тақырып бойынша мәселені сипаттап жазады. Сипаттау эссесі ең қарапайым жазылатын эссенің түрі. Берілген тақырыптың негізгі идеясын ашатындай етіп сипаттап жазып шығу – эссенің осы түрінің негізгі мақсаты болып табылады.
Жалпы эссе жазу зерттеушілік қабілетті дамытады. Эссе көп ақпараттарды оқып үйренуді талап етеді, сол оқыған материалдардың негізгі идеясын ұғынып, оларды сауатты түрде жазбаша жеткізу білуге үйретеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қожагелдиев Б., Үркінбаева Ж. «Жазбаша емтиханның артықшылықтары, эссенің рөлі мен түрлері»/group-global.org/.../30176-zhazbasha-emtihannyn-artykshyl...
2.Бешимбаев Қ. «Эссе деген не?» /gulnarairex124.ucoz.ru/ ehsse_beshimbaeva_k.e_astana.docx
3.Бешимбаев Қ. «Эссе жазу әдістері»/bilimdinews.kz/index.php /vysshee.../2785-esse-zhazu-disteri
4.Жақсылықова «Эссе жазу әдістемесі»/gimnaziya6.kz/ images/doc
Лекция 6
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы
1.Блум таксономиясы туралы түсінік.
2.Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
3.Оқытудың жетістігін бағалауда Блум таксономиясын қолдану әдістері
4. Б.Блум таксономиясын қолдану тиімділігі 
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктеріннің бірі – таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерархиясы. Оқу мақсаттары білім алушылардың пәнді меңгеруін дамытуы қажет білімі мен дағдыларын анықтайды. ҚР МЖМББС күтілетін нәтижелерді анықтау, осы дамытуды ақпараттандыру үшін оқу бағдарламасындағы негізгі бағыт болып табылатын Б.Блумның таксономиясы қолданылады.
Білім берудің қай деңгейінде болса да бағалау жүйесі оқушының оқу материалының қаншалықты деңгейде меңгергенін, оларда қандай дағдыларының қаншалықты қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік қажет. Блум таксономиясы Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңартуды ең тиімді иерархия ретінде алынған. Таксономия білім алушылардың жеткен деңгейін, оқу нәтижелерін бақылауға, өлшемдерін салыстыруға берілген. Бұл таксономия оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда, білім алушылар дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді, оқудағы жетістіктерінің және білім беру процесінде орын алатын қиындықтарының шынайы сипаттамасын алуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпаратты меңгеруі, ақпаратты өңдеуі, шығармашылық және жобалық қызмет, ойын жеткізу және т.б. танымдық қызметінің динамикасын тіркеуге қолайлы.
Блум таксономиясы арқылы критериалды бағалау мұғалім, оқушы, оның ата-анасы, сынып жетекшісі, сонымен бірге әкімшілік пен білім беру ұйымының педагогикалық ұжымы арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етеді. Білім беру процесінде туындаған сұрақтарға нақты жауап беруге, жүйелі көзқарасты қалыптастырып, тұтастығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Өз кезегінде мұндай жүйе білім алушыларға білімді сәтті алуға, мұғалімдерге кері байланысты тиімді орнатуға, сабақтың деңгейін анықтауға қажетті құрал ретінде қолданылады.
Американдық психологтар Дж. Керолл және Б. Блумның оқу нәтижелерін бөліп көрсету қажеттілігін жазған ережесі бүгінгі күнге ҚР МЖМББС білім беру аясындағы білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылған талаптар осы таксономияға негізделген. Б.Блумның теориясында оқудың басты шарттары білім алушылардың барлығымен берілген нәтиже-критерийге жетуі үшін өзгеріп отырады делінген. Осындай көзқарастың негізінде критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясы әзірленген, оны сонымен қатар толық меңгеру технологиясы деп те атайды, себебі оның бастама беретін сәті ретінде барлық білім алушылардың қажетті оқу материалын меңгеруге қабілетті болатыны алынған. Бұл бүгінгі таңда барлық мектептердегі пәндер бойынша ұсынылатын стандарттар меңгерудің анық критерийлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады. Тапсырмалар түрлерін, бақылау нұсқаларын, білім алушыға көрсетілетін түрлі көмектердің қолданылуы аталмыш оқыту технологиясының тиімділігі. Яғни, әр оқушыға оларды меңгеріп, жеке тұлғаның толыққанды оқуы мен дамуының мүмкін болмайтын білімділік критерийлердің белгіленген деңгейіне жетуге мүмкіндік беретінінде.
Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:

  1. Тақырыпты меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты оқу нәтижелерінің тізімінде көрсетіледі (білім беру бағдарламасының шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары бойынша).

  2. Тексеру жұмыстарын әзірлеу арқылы оқу ресімдерінің қажеттіліктері анықталады.

  3. Оқу материалы оқу бірліктеріне бөлінеді, оқыту барысында қол жеткізуге жататын критерийлер анықталады. Ағымдық тексеру жұмыстары құрастырылады. Олар әрбір оқушының оқу мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

  4. Критерийлерге сәйкес оқу әдістері таңдалады, білімділік тапсырмалар алынады.

  5. Әр тапсырма сұрағы бойынша балама түзету материалы беріледі.

Мұғалім сабақтарында оқушылардың оқу мақсаттарға жету деңгейін анықтау оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты болып табылады. Яғни оқу деңгейін, оқыту деңгейін, бағдарламалық материалдарды жетік меңгеру және оқыту нәтижесінің сапасын арттыру үшін оқушылардың жеке дара траекторияларын анықтауы керек.
Оқушының жеке оқу траекториясын анықтап, онымен жұмыс жасау үшін ең алдымен оның қабілетін анықтап алған дұрыс. Себебі Блум таксономиясы бойынша деңгейлерге сәйкес берілетін тапсырмалар түрі, тапсырмаларға берілетін іс-әрекеттер әр түрлі келеді.
Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың аясында беріледі: білу және түсіну; қолдану; жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау). Тапсырмаларды құрастыру кезінде мұғалім әр ойлау дағдыларының деңгейін көрсететін етістіктерді ала отырып құрастырғаны ескерілуі керек. Себебі тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейіне қарай бөледі. Сыныптағы саралау жұмысының жалпыға ортақ қабылданған жеті тәсілінің ең біріншісі – тапсырма беруде саралау. Тапсырмаларды қабілеттеріне қарай саралап беру арқылы сыныптағы барлық оқушыларды оқу үдерісіне толыққанды қатыстыруға болады. Саралап берілген тапсырмалар оқушылардың зияткерліктерін арттырып, дарынды оқушыларды ашуға мүмкіндік береді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет