Егер науқас қабылдау бөлімшесіне даладан ессіз жағдайда және ешбір құжаттарсыз жеткізілетін болса, онда мейірбике дәрігермен бірге қарап болғаннан кейін шұғыл медициналық көмек көрсетіп және қажетті құжаттарды толтырады. Осыдан кейін поллиция бөлімшесіне және қайғылы оқиға бюресіне телефонограмма жіберуге міндетті. Телефонограммаға түскен науқастың жынысын, мөлшерлеп жасын, бойын, дене бітімін және қандай киіммен болғанын сипаттап жазады. Науқастың аты-жөні белгілі болғанға дейін барлық құжаттарға белгісіз деп жазылады.
Бұдан басқа мынадай жағдайларда мейірбике туысқандарына телефонограмма беруге және «телефонограмма журналына» толтыруға міндетті.