Госпитализациядан бас тартатын және қабылданған науқастарды тіркейтін журнал (№ 001/у формасы).
Мейірбике журналға: науқастың фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған жылын, мекен-жайын, қызметін және дәрежесін, телефонын (үй, жұмыс және жақын туысқандарының), түскен күні мен уақытын, қайдан және кіммен келгенін, госпитализация түрін (жоспарлы, шұғыл, өздігінен), жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімшесінің диагнозын және науқас қай бөлімшеге жіберілгені жайлы ақпараттарды тіркейді.
Науқас госпитализациядан бас тартқан жағдайда журналға бас тарту себебін және көрсетілген медициналық көмек жайлы жазылады.
«Стационардағы науқастың медициналық картасы» (дәстүрлі түрде ауру тарихы деп аталады). Мейірбике алғашқы бетін, паспорттық бөлімін толтырады. Науқаста педикулез анықталса арнайы «Педикулезді тексеруге арналған журналға» тіркеледі және ауру тарихына қосымша «Р» деген белгі қойылады.