Оѕтїстік америка



бет3/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
05 (8)
практика 11
Кайнозойдың басынан бастап материктердің әрқайсысының флорасы дербес калыптасты.Бор дәуірінің аяғында және палеоген бойы Анд зонасында қатпарлану, көтерілу және жанар тау әрекеті жүріп жатты. Палеогеннің аяғына қарай геосинклинальдың орнына оңтүстікте Антарктида материгіне денін баратын, ал солтүстікте Антиль-Кариб аймағының жүйелерімен қосылып жатқан орасан зор тау жүйесі пайда болған. Көтерілу платформаның едәуір бөлігінің теңіз деңгейінен төмен батуымен және перикратондық майысу синеклизалардың алабында және Атлант мұхиты жағалауында шөгінді жыныстардың калың қабаттарының түзілуімен бір кезде болған.
Неогенде ішінара шөгу әсіресе қалқандар аймағы мен Анд зонасында күшті көтерілулерге ауысқан. Көтерілулерге байланысты өзендер арнасын тіліп терендеген және сарқырамалар пайда болған. Атлант және Кариб жағалаулары ғана төмен түскен, ол жерлерде эстуарийлер мен лагуналар түзілген.
Анд жуйесінің жалпы көтерілуіне платформаның көршілес алаптары да қамтылған, соның нәтижесінде Андымен орография жағынан байланысты Прекордильер, Пампа сьерралары және кейбір басқа жоталар көтерілген.
Тау түзілу процестерімен бірге күшейе түскен жанар тау әрекеті орын алған. Жанар тау әрекеті әр кезде тау жүйесінің әр түрлі бөліктерінде және Патагония плитасы алабында кездесіп отырған.
Көтерілу мен жанар тау әрекеті бүкіл плиоценде, антропогеннің басында жалғасып отырады және қазіргі кезгедейін тоқтаған жоқ. Анд тауының көтерілуімен бір кезде күшті бүзылыс жүріп жатты, Жүмсақ материалдар жинақталды, жер беті тегістелді.
Анд тауының көтерілуіне байланысты оның батыс зонасында тереңдікте жарылулар болды және оның шеткері аймақтары Тынық мұхит суының астына батып кетті.
Плиоцен дәуірінде сәл үзілістен кейін Оңтүстік Америка солтүстік материкпен түпкілікті жалғасты. Бұл жалғасу материктердің жануарлары мен өсімдіктері түрлерінің алмасуына жағдай туғьгзды.
Оңтүстікте Антарктика аймағында климаттың салқындауына және Антарктиданы жабынды мұз басудың басталуына байланысты антарктика флорасының элементтері ене бастады. Анд көтеріле түскен сайын тау табиғаты жағдайына бейімделген неотропикті- элементтерден, антарктикалық түрлерден және Андтың өзінде түзілген эндемиктік тау түрлерінен тұратын оның ерекше органикалық дүниесі қалыптасты.

Анд тауының күшті көтерілуінің тағы бір салдары таулық мұзбасу болды, ол қазіргіге қарағанда анағұрлым қалың болғанымен қиыр оңтүстіктен басқа еш жерде дерлік тау жүйесінен шеткері шыққан жок. Материктің оңтүстік-батысында төмен түсуінен және мұз әрекеті әсерінен Чилидің фьордтық жағалауы түзілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет