Оѕтїстік америка



бет9/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
05 (8)
практика 11
Материктің шығыс шетінде, экватордан оңтүстікке қарай солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың пассаттары кездеседі, ал батысқа таман жатқан аудандарда әр жарты шардың жазғы кезінде пассат тасқындарының басқа жарты шарға ауысуы және муссон желдерінің түзілуі байқалады.
Материктің батыс шетінің едәуір бөлігіне Оңтүстік Тынық мұхит максимумының шығыс шеті және онымен байланысты оңтүстік және оңтүстік-батыс желдері мен пассаттық инверсия әсерін тигізеді.
Материктің қиыр оңтүстігіне қоңыржай ендіктердің батыс тасымалы ықпал етеді.
Январьда Оңтүстік Амернканың экватордан оңтүстікте жатқан бөлігі көбірек қызады да, оның үстінде төмен қыеым аймағы орнайды. Солтүстік Атлант максимумы біршама онтүстікке ауысқан, сөйтіп, оның оңтүстік шеті арқылы жететін ауа тасқыны, солтүстік-шығыс пассаты түрінде Оңтүстік Американың солтүстік бөлігін қамтиды. Ол Гвиана таулы қыратының шығыс беткейі мен Гвиана ойпатында едәуір мөлшерде жауын- шашын болып тү-седі де, тау қыратынын ішкі аудандары мен Ориноко ойпатында құрғақ жел түрінде соғады. Қүрғақшылық кезеңі соған байланысты. Экваторды кесіп өткеннен кейін ол өзінің бағытын солтүстігі; және солтүстік-батысқа ауыстырады да, Бразилия

таулы қыратының көпшілік бөлігімен Гран-Чако жазығын жаңбырмен ылғалдандырады.


Оңтүстік Атлант антициклоны жағынан қызған матернк жағына қарай муссон сипатындағы желдер соғып, олар Бразилия таулы қыратының оңтүстік-шығыс шеті мен Ла-Плата ойпатына жаңбыр әкеледі.
Батыс жағалаудың көпшілік бөлігі 30° о.е. бастап экваторға дейін дерлік Тынық мұхит максимумының шығыс шетінің ыкпалында болады және онда жауын-шашын болмайды. Гуаякиль шығанағынан солтүстікке қарайғы жағалаудың бөлігінен ғана экваторлық ауа массалары әсер етеді, жаңбыр көп жауады.
Материктің қиыр оңтүстігіне батыстан мұхиттық ылғалды ауа келеді. Сөйтіп, Тынык, мұхит жағалауында, әсіресе Аңд тауының батыс беткейлерінде жауын-шашын мол болады, ал Анд тауынын қалқасында жатқан және шығысынан салқын ағыс өтетін Патагония қоңыржай ендіктердің біршама құрғақ континенттік ауа массалалары қалыптасатьш орталығына айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет