Балаларды өздігінен қарау кезінде қажет: Науқастармен жұмыс жасағанға дейін және кейін қолды жуу;
Этика және деонтология принциптерін ұстану;
Клиника науқастары мен ата-аналарына, олардың жасына, жынысына, ұлтына және дініне қарамастан, бәріне бірдей дұрыс және сыпайы қарау;
Балаламен және/немесе олардың ата-аналарымен баланың ауруы жайында (болжамы, зерттеуі, емдеу әдістері және т.б.) әңгіме жүргізбеуге тырысу;
Балалар және/немесе олардың ата-аналарының тарапынан «ағайынгершіліктен» алшақ болу, өзіңді тек аты-жөнің бойынша атауды талап ету,сондай-ақ ата-аналарын да да аты-жөнімен атау (олардың жасына және тек атымен атауға болады деген сөздеріне қарамастан);
Науқастарды өздігінен қарау кезінде туындаған барлық қиындықтар жөнінде дереу өзіңіздің мұғаліміңізге немесе оны алмастырушы кафедра қызметкеріне хабарлау керек.