Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Тақырып: Өтілген тақырыптар бойынша аралық



бет13/24
Дата15.12.2022
өлшемі379 Kb.
#162920
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
метод-СРС-неорг-хим-фармация-каз-неор-каз-колон

Тақырып: Өтілген тақырыптар бойынша аралық

бақыла № 1.

  1. Мақсаты: Студент дәріс, тәжірибелк-зертханалық сабақтар мен СРС өтілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық материалдарды меңгеру деңгейін көрсетуі керек.

  2. Сабақты өтукізу түрі: ауызша сұрау және компьютерлік тестілеу.

  3. Аралық бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

I Атом құрылысы және химиялық байланыс:

  1. Атом жүйесіндегі электрон күйлерінің квант сандары бойынша сипаттау.

  2. Паули принципі, төменгі энергия ережелері, Хунд ережесі.

  3. Атомдардың электрондық және электронды-құрылымдық формулалары.

  4. Валенттік байланыс (ВС) әдісі. Ковалентті байланысты қасиеттері: қанығуы, бағытталуы, полярлылығы, ковалентті байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмі,  және  байланыстар.

  5. Иондық байланыс, сутектік байланыс.

  6. Молекулалық орбитальдар (МО) әдісі. Байланыстырушы және босаңдатушы орбитальдар.

ІІ. Эквивалент. Эквивалент заңы.
1. Эквивалент, элемент, оксид, қышқыл, негіз және тұз эквиваленттерінің
анықтамасы.
2. Реакциядағы қосылыстардың эквиваленті.Эквивалент факторы.
Эквиваленттік көлем.
3. Эквивалент заңы.
4. Клайперон – Менделеев және Бойль – Мариот, Гей-Люссак
теңдеулері.
5. 2,45 г. қышқылды бейтараптауға 2,00 г натрия гидроксиді жұмсалды. Қышқылдың эквиваленттік массасын анықта.
6. Салмағы 1 г екі валентті металл қалыпты жағдайда көлемі 0,92 л сутекті ығыстырып шығарды. Металдың эквивалентік массасын тауып, оның қандай металл екенін анықта.
7. 101,4 кПа және 900с температурада өлшенген газдың көлемі 608 мл тең. Осы газдың қалыпты жағдайдағы көлемін есепте.
8. Келесі реакциядағы Н3РО4 және АІ(ОН)3 эквиваленттік массасын анықта.
H3PO4 + 2NaOH Na2HPO4 + 2H2O
Al(OH)3 + HCl Al(OH)2Cl + 2H2O
IIІ. Кинетика, химиялық тепе-теңдік және химиялық реакциялардың энергетикасы.

  1. Химиялық реакциялардың жылдамдығы, оның әртүрлі факторларға тәуелділігі.

  2. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік заңы. Ле-Шателье ережесі.

  3. Процестің жылу эффектісі. Термохимия заңы және оның салдары.

  4. Термодинамиканың I және II-ші заңдары. Энтальпия және энтропия. Гиббс энергиясы және химиялық процестің бағытталуы.

  5. Катализ. Ағза тіршілігін катализаторлардың маңызы.

IV. Ерітінділер, сұйытылған ерітінділердің қасиеттері.

  1. Ерітінділер, ерігіштік. Ерітінді концентрацияларын белгілеу тәсілдері.

  2. Осмос, осмостық қысым. Вант-Гофф заңы. Изо, гипо және гипертонды ерітінділер.

  3. Рауль заңы және оның салдары.

  4. Изотондық коэффициент.

V Электролит ерітінділердегі иондық тепе-теңдік.

  1. Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы. Диссоциация тұрақтысы мен дәрежесі.

  2. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш.

  3. Ерігіштік көбейтіндісі (ЕК), тұнба түсіру және еру шарттары.

  4. Гидролиздің негізгі жағдайлары. Гидролиз константасы мен дәрежесі. Гидролиз тепе-теңдігінің ығысуы.

VI.Тотығу-тотықсыздану реакциялары

  1. Тотығу дәрежесі. Тотығу процесі, тотықсыздану процесі. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш. ТТР-дағы эквиваленттік фактор.

  2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері.

  3. Тотықтырғыш-тотықсыздандырғыштық екі жақтылық.

  4. ТТР-ның жүруіне ортаның әсері.

  5. ТТР-ның бағытталуы, стандартты электродтық потенциал.

VIІ.Типтік тапсырмалар:

  1. Эквиваленттік массасы 9-ға тең 3г металл тотыққанда түзілетін оксидтің массасын есептеңіз?

(жауабы: 5,7г)

  1. Келесі реакциялардағы қышқылдар мен тұздардың эквиваленттік массаларын табыңыз:

HNO3 + Bi(OH)3  Bi(OH)2 NO3 + H2O
H3PO4 + Ca(OH)2  CaHPO4 + 2H2O
H2S + NaOH  NaHS + H2O
H2SO4 + 2Al(OH)3  Al2(SO4)3 + 6H2O

  1. 500С-та реакцияны H2(г) + J2(г)  2HJ(г) жылдамдық тұрақтысы –0,16 тең. Бастапқы концентрациялар [H2]=0,08 моль/л [J2] =0,04 моль/л. Иод және сутек концентрациялары 20%-ға азайған сәттегі реакция жылдамдығын табыңыз: (жауабы: 3,3*10-4 моль/л.)

  2. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 2,5-ке тең. Осы реакцияның температурасын 500С-қа арттырғанда жылдамдық қалай өзгереді? (жауабы: 97,7 есе артады).

  3. 2HBr  H2 + Br2 реакциясының тепе-теңдік тұрақтысын анықтаңыз, егер бромды сутектің бастапқы массасы 0,908г, ал тепе-теңдік кезінде 5% затпен әсер етсе. (жауабы: 0,9*10-4)

  4. Массалық үлесі 5% болу үшін судың қандай массасына 15г натрий хлоридін қосу керек. (жауабы: 285г-ға)

  5. Тығыздығы 1,3г/см3 40%-тік күкірт қышқылының эквивалентінің молярлық концентрациясы қандай? (жауабы: 10,6 н)

  6. Қышқылдық ортада тотығу-тотықсыздану нитрлеуге 1л 0,02н KMnO4 ерітіндісін дайындау үшін, қанша г кристалды калий перманганатын алу керек? MnO4- ионы бұл кезде Mn+2 ионына дейін тотықсызданады.

(жауабы: 0,63 г)

  1. 350С-та 2,5М C12H22O11 сахароза ерітіндісінің осмостық қысымы неше?

(жауабы: 6,4 кПа)

  1. С3Н7СООН май қышқылының диссоциациялану тұрақтысы 1,510-3 тең. 0,005М ерітіндіде оның диссоциациялану дәрежесін табыңдар.

(жауабы: 5,5*10-2).

  1. рН=3,6 болатын ерітіндідегі [H+] ионының концентрациясы тең болады? (жауабы: 2,5-10-4)

  2. 250С-та PbBr2 ерігіштік көбнйтіндісін (ЕК) анықтаңыз, егер тұздың ерігіштігі бұл температурада 1,32*10-2 моль/л болса. (жауабы: 9,2*10-6)

5.Әдебиеттер:

  1. Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия», Оқулық. Шымкент, 2007ж.

  2. Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия пәнінің лабораториялық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба», Шымкент, 2002ж.

  3. Піралиев С.Ж., Жайлау С.Ж. т.б, “Жалпы химия”, Алматы., 2003ж.

  4. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. «Жалпы химия» Алматы, 1998ж.

  5. Аханбаев К.А. «Химия негіздері». Алматы, 1999ж.

  6. Өтелбаев Б.Т. «Химия» Алматы, 1998ж.

  7. Остапкевич Н.А. «Бейорганикалық химия практикумы», Алматы, 1992ж.

  8. Лекциялар.

11 тақырып


1.Тақырыбы: Гидролиз және сольволиз реакциялары. Дәрілік заттарды алу, сақтау, талдау және тазалаудағы гидролиздің маңызы. Дәрілік заттардың ағзадағы химиялық сыйымсыздығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет