1. Тақырыбы: №1 жұмыс. ЭКГ тіркеудің негізгі тәсілдері.
2. Мақсаты: Электрокардиографтың құрылысын, жұмыс iстеу принципiн оқыту.
3. Оқыту мақсаты: Жүрек жиырылған кезде адам денесiнiң бетiмен таралып отыратын электрлiк потенциалдардың өзгерiсiн электрокардиограмма түрінде жазуды үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Электрлiк диполь, электр өрiсi дегеніміз не?
Эйнтховен теориясының физикалық негiзi неде?
Электрокардиограф қалай жұмыс iстейді?
Вектор-кардиограмма дегенімiз не ?
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс жасау.
1. Автоматты режимде жұмыс істеу үшін:
- «>О<» тетігін басып, тыныштандырғышты өшіру керек. Индикатордағы «◄» белгі, «─» белгісіне ауысады;
- «ПУСК/СТОП» тетігін басып, ЭКГ – ны тіркеуді қосу керек. Индикаторда ЧСС көрсеткішінде «ЭКГ» жазуы пайда болады. ЭК – ның жадында синхронды ЭКГ жазылады. ЭКГ –ны жазу соңында индикаторда ЧСС жанады да кезегімен I, II, III, aVR, aVL, aVF, V1 - V6 тармақтарын басып шығарады.
- Мүмкіндік болмаған жағдайда «ПУСК/СТОП» тетігін қайта басу арқылы, басып шығаруды тоқтатуға болады.
2. Үш арна бойынша тіркеуді автоматты режимде жұмыс істеу үшін:
- «>О<» тетігін басып, тыныштандырғышты өшіру керек. Индикатордағы «◄» белгі, «─» белгісіне ауысады;
- «←» тетігін басып, автоматты режимде үш арна бойынша тіркеуді таңдау керек. Индикатордағы «***» белгі, «ЗК» жазуға ауысады;
- «ПУСК/СТОП» тетігін басып, ЭКГ – ны тіркеуді қосу керек. Индикаторда ЧСС көрсеткішінде «ЭКГ» жазуы пайда болады. ЭК – ның жадында синхронды ЭКГ жазылады. ЭКГ –ны жазу соңында индикаторда ЧСС жанады да кезегімен топтап I - III, aVR - aVF, V1 – V3, V4 – V6 тармақтарын басып шығарады.
3. ЭКГ- ны тіркеуді қолмен жұмыс істеу үшін:
«>О<» тетігін басып, тыныштандырғышты өшіру керек. Индикатордағы «│◄» белгі, «─» белгісіне ауысады;
«→» тетігін басып, І-ші тармақты қосу керек. Индикатордағы «***» белгі «І» белгіге, «А» әрпі «Р» әрпіне ауысады;
«ПУСК/СТОП» тетігін басқанда біршама QRS тіс комплекстері тіркелінеді. «ПУСК/СТОП» тетігін қайта басқанда тіркеу тоқтатылады. Тармақтарды тіркеу соңында индикаторда ЧСС жанады және термоқағазға тіркелінеді;
жазу сызығының жоғары немесе төмен ауытқуын «▲» немесе «▼» тетіктерін басып тұрып жазу сызығын қалпына келтіруге болады;
«→» тетігін басып, кардиографиялық тармақтарды кезегімен I, II, III, aVR, aVL, aVF, V1, V2, V3, V4, V5, V6 қос. «→» тетігін басқанда, тармақтарды тіркеу керісінше қосылады.;
Сапалы ЭКГ жазуын алу үшін, науқас тыныш және еркін, ыңғайлы жағдайда болуы тиіс. ЭКГ жазу кезінде науқас ЭК – ге жанаспау тиіс.
ЭКГ – ны тіркеу кезіндегі сигналға айнымалы токтың әсерінен болатын периодтық синфазалық сигнал қосылады. Болған ауытқулардың түрлерін қалпына келтіру үшін:
«ФИЛЬТР» тетігін басып, режекторлы фильтрін қосу керек. Индикатордағы «-» белгінің орнына «С» әрпі пайда болады.
науқас электродтары мен кабель сымдарының дұрыстығын тексеру керек.
электродтардың науқас терісімен байланысуының сапасын тексеру керек.
БПС шнурының вилкасын айнымалы ток көзіне ауыстыру керек.
«ФИЛЬТР» тетігін басып, фильтрді қосу керек.
науқас орнын басқа жерге ауыстыру керек.
Ауытқуларды болдырмау үшін:
науқасты өте ыңғайлы жерге ауыстырып және оған еркін жатуға мүмкіндік жасау керек.
«ФИЛЬТР» тетігін басып, индикаторда «Т» әрпі пайда болғанша немесе «ФИЛЬТР» тетігімен бірге басып, индикаторда «F» әрпі пайда болғанша фильтрді қосу керек.
науқасқа бірнеше минут дем алуға мүмкіндік жасау керек.
|