Электрокардиографты қосып, ырғақты дыбыс сигналы пайда болғанша күту керек. «▼» тетігін басып электрокардиографты компьютермен байланыстыратын режимге ауыстыру керек. Сонда сұйық кристалды индикаторда шамамен 20 с сақталынатын *СВЯЗЬ С ПЭВМ* жазуы пайда болады. Сол уақытта компьютер экранында «Найти пациента» терезесінде кардиограмма тіркеуді бастау үшін «Запись» тетігін басу керек.Содан соң «Найти пациента» терезесі жабылып, компьютер экранында жазылған кардиограмма кескінделеді. Тіркеуді аяқтау үшін компьютер экранының төменгі жағында орналасқан «Стоп» тетігін басу керек. Ашылған «Сохранить результаты?» терезесінде («Да» немесе «Нет») керекті жауапты таңда. «Да» жауабын таңдағаннан кейін компьютер экранында жазылған кардиограмма кескінделеді, экранның жоғарғы жағында «ЭКГ – науқас фамилиясы – жазылу күні – жазылу уақыты» жазылады. Мысалы: «ЭКГ – Иванова В.А – 18.11.2007 – 14.09».
Ескерту: Егер компьютер экранында «Запись» тетігін баспаған жағдайда компьютермен байланысты орнатқаннан кейін 20 с аралығында ЭК индикаторында «КОНЕЦ СВЯЗИ» жазуы пайда болады.
Байланысты қайталап орнату үшін қайтадан «▲» тетігін басу керек.
Егер жазылған кардиограмманың сапасы қанағаттанарлықсыз болса, онда сол науқастың жазылған кардиограммасын қайталау үшін экранның төменгі жағында орналасқан «Старт» тетігін басу керек.
Кардиограмманы көру:
Кардиограмманың компьютер экранында жеке фрагменттерін көруге, оның параметрлерін өзгертуге, терезедегі жол жағдайындағы сәйкес шамаларды орнатуға болады. Ол үшін:
сезгіштік «Масштаб» - 5, 10, 25 мм/Мв;
тармақтар «Кол-во» - I, II, III, aVR, aVL, aVF, V1, V2, V3, V4, V5, V6;
ЭКГ кескіні терезесінің жоғарғы жағында секунд бойынша кардиограмманы тіркеу ұзақтығы қойылған. Экранның төменгі жағында орналасқан жұмыстық командалар пиктограммасын басу арқылы ЭКГ кескінін қозғауға болады: