Оѕтїстік Ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Тақырыбы: № 3 жұмыс. Сұйықтардың беттік керілу коэффициентін анықтау. Мақсаты



бет9/41
Дата27.05.2023
өлшемі5,39 Mb.
#177830
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Метод-Физика-ФК-каз

Тақырыбы: № 3 жұмыс. Сұйықтардың беттік керілу коэффициентін анықтау.




  1. Мақсаты: Беттік керілу коэффициентінің ерітінді концентрациясына тәуелділітін зерттеуді оқыту.



3. Оқыту мақсаты: Биологиялық сұйықтардың беттік керілу коэффициентін анықтауды уйрену.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Беттік керілу коэффициентін анықтау әдістері қандай?

  2. Беттік керілуді тамшының үзіліп түсу әдісімен анықтаудың физикалық негізі қандай?

  3. Беттік керілу коэффициентінің ерітінді концентрациясына қалай байланысты болады?

  4. Беттік керілу коэффициентін есептейтін формуланы қалай қорытып шығарады?




  1. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс жасау




  • Өлшеу жұмыстарына қажеттi құрал-жабдықтар:

1. Тамызғыш.
2. Термометр.
3. Зерттелетін ерітінділер.
4. Қалыпта ерітінді.

  • Қ ондырғының сипаттамасы.

Сұйықтың (немесе ерітіндінің) беттік керілу коэффициентін тамшының үзіліп түсу әдісімен анықтау үшін штативке (1) тік жағдайда орнатылған тамшылатқыш қолданылады (1-сурет).
Тамшылатқыш – төменгі үшкір ұшында (2) сұйықтың тамшылауын реттеп отыратын бұрандасы (кран) (3) бар шыны түтік (5). Оның бүйірінде құйылған сұйықтың көлемін анықтауға арналған арнайы бөліктер (шкала) (4) көрсетілген.



  • Жұмыстың орындалу реті

1-тапсырма. Тамшының үзіліп түсу әдісімен беттік керілу коэффициентін анықтау.
1. Тамшылатқышты жуып, оны штативке тік жағдайда бекітіп, оған көлемі 2-3 мл тазартылған су құю керек.
2. Тазартылған судың температурасын өлшеп алып, сол температурадағы судың ρ0 тығыздығы мен σ0 беттік керілу коэффициентін арнайы кестеден анықтау керек. Ал зерттелетін сұйықтардың ρ тығыздыктары белгілі (осы сұйықтар құйылған ыдыстардың сыртында көрсетілген).
3. Кранды ашып су тамшысын санау керек. Тәжірибені үш рет қайталап тамшылар санының n0,орт орташа мәнін, әрі оның температурасын өлшеп соған сәйкес тығыздығын анықтау керек.
4. Тамшылатқышқа концентрациясы берілген ерітіндіні құйып, белгілі көлемдегі (2-3 мл) n тамшылардың санын анықтау керек. Тәжірибені үш рет қайталап, nорт орташа мәнін табу керек.
5. Концентрациясы белгілі қалған ерітінділер үшін тәжірибені жоғарыдағыдай ретпен қайталап шығу керек.
6. Әрбір ерітінді үшін беттік керілу коэффициентін , формуланың көмегімен есептеу керек.
Мұндағы ρ0, σ0 – тазартылған судың тығыздығы мен беттік керілу коэффициенті (олардың мәндері арнайы кестеден алынады); ρ – концентрациясын белгілі ерітіндінің тығыздығы (ол ерітінді құйылған ыдыстың сыртында көрсетілген).
7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге ендіру керек.



n0

0

0

C1= %

C2= %

C3= %

Cx= ?

n





n





n





N





1
2
3














































ср














































8. Беттік керілу коэффициентінің ерітінді концентрациясына тәуелділігін көрсететін  = f (C) графигін салу керек.
9.Тәжірибе нәтижесіне талдау жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет