8. Бақылау:
1. Сынау және оқиға деген не?
2. Оқиғалардың қандай түрлері бар?
3. Ықтималдықтар теориясының қандай негізгі теоремалары бар?
№15 тақырып
1. Тақырыбы: Кездейсоқ оқиғалардың түрлері. Қайталанатын тәуелсіз сынаулар. Бернулли формуласы.
2. Мақсаты: Кездейсоқ оқиғалардың түрлерін, қайталанатын тәуелсіз сынауларды және Бернулли формуласын қарастыру.
3. Тапсырма:
1. Үш рет оқ атқанда ең болмағанда 1 рет нысанаға дәл тигізудің ықтималдығы 0,875. Бір рет оқ атып, нысанаға дәл тигізудің ықтималдығын табу керек.
2. Төрт рет оқ атқанда ең болмағанда 1 рет нысанаға дәл тигізудің ықтималдығы 0,9984. Бір рет оқ атып, нысанаға дәл тигізудің ықтималдығын табу керек.
3. Егілген өсімдіктің дәнінің өніп шығу ықтималдығы 90 % болса, егілген 5 дәннің төртеуінің өніп шығу ықтималдығы қандай?
4. Жәшіктегі 15 детальдің 10-ы боялған.Кездейсоқ алынған 3 детальдің боялған болып шығуының ықтималдығын табу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |