Ситуациялық есеп №1
Ауру адам дәрігерге ұйқысыздық туралы шағым жасады. Көңіл күйі жеңіл оянған, жеңіл-дене қимыл қозғалыстары әртүрлі, көпбағытты, өмірге деген құштарлығы ашық, мінезі жеңіл ауыспалы.
Сұрақ:
А) жеке тұлғаның түрін анықтаңыз;
Б) темпераменттің түрін анықтаңыз;
Ситуациялық есеп №2
А) «Канцерофобия» терминін түсіндіріңіз.
Б) Таңдаған түсіңізбен адамның көңіл-күйін анықтаңыз.
1. Тақырыбы: Сана және өзіндік сана
2. Мақсаты: Адам сананың физологиялық қызметімен даму жүйесінің, өзіндік сана ұғымын түсіндіріп оқыту.
3. Оқыту мақсаты: сана мен өзіндік сана туралы ұғымды қалыптастыру
- сананың қызметі мен өзіндік санаың құрылымы туралы білім беру
- психологиялық өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау және бағалау дағдыларын қалыптастыру
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сананың философиялық және психологиялық анықтамалары
Қоғамдық сананың негізгі белгілері
Жеке сананың құрылымы
И.Канттың сана концепциясы
Сананың сапа мен тереңдік турғысынан ауытқулары
Санаың анықтылық белгілері сана бұзылуының жалпы белгілері
Филогенездегі өзін-өзі талдаудың дамуы
Психологиядағы өзіндік сана мәселесі
Өзіндік сананың құрылымы
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тестiк тапсырмаларды шешу, сабақ тақырыптарының сұрақтарын толқылау, психодиагностикалық әдiстемелердi орындау және талдау
6. Әдебиеттер:
1.Жарыкбаев К. Б. Жантану негіздері. Алматы, 2002
2.Сәбет Бап - Баба. Жантану негіздері. Алматы, 2001
3.Елікбаев Н. Психология. Алматы: База университеті;1992.
4.Илешева Р. Медицинская психология. Алматы, 1994, Санат
Достарыңызбен бөлісу: |