Оқу -әдістемелік кешен


Бекітуге арналған сұрақтар



бет10/22
Дата24.04.2017
өлшемі4,22 Mb.
#15171
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Адам және оның болмысы.

  2. Адам проблемасының философия тарихында қойылуы.

  3. Адамның рухани әлемі, діни және ғылыми тұжырымдар.

15 Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік философия.


Дәріс жоспары:

1. Әлеуметтік философияның пәні.

2. Әлеуметтік философияның функциялары.

3. Қоғам ұғымы, дамуы.

«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын., пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.

Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың пайымдауына тоқталайық.

1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі - «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: “ әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді”.

С.Л Франктың әлеуметтік философияға қатысты негізгі ойлары мынадай сұрақтарға жауап беру төңірегінде:



  1. Қоғамдық өмір деген не?

  2. Адам өмірінде қоғамдық өмір қандай орын алады және оның шынайы мақсаты неде?

  3. Адам өзінің қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге ұмтылады және неге жетуі мүмкін?

  4. Адамның қоғамдық өмірі әлемдік, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмір болмыстың қай саласына жатады және оның нағыз мәні неде?

  5. Қоғамдық өмірдің жалпы өмір негізін құрайтын абсолюттік бастаулар мен құндылықтарға қатынасы қандай?

Оның айтуынша әлеуметтік философия – “қоғамдық болмыстың жалпы мәңгі негіздерін” зерттеумен айналысатын философиялық таным. “Әлеуметтік философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығында көруге ұмтылу болып табылады”. Мұнан шығатыны: әлеуметтік философия адамның қоғамдық өмірінің барлық “әлемдерінің” – тарих, мәдениет, дін, саясат, құқық, экономика және т.б. әлемдерінің түпкі, онтологиялық негіздерін зерттейтін философиялық ілім саласы.

Бұдан әлеуметтік философияны әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді танудың теориялық-методологиялық мәселелері, заңдылықтары, социум болмысының логикасы қызықтыратыны туралы тұжырымдаманы қосайық. Және ақырында, С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтік философияның зерттеу аймағы – қоғамдық өмірдің мәні, оның индивидуалды адам өмірімен қатынасы және қоғамдық өмірдің құндылық қырларының жалпы өмірдің фундаментальды құндылықтарына қатынасы. Осылайша, “әлеуметтік философияның” көпқырлы, көпөлшемді “түпкілікті формуласын” тауып және тегі жағынан тарихи, табиғаты жағынан философиялық болып табылатын әлеуметтанумен, мәдениеттанумен салыстырғанда оның немен айналысатынын біле аламыз.

Бұл формуладан шығатыны - әлеуметтік философия функцияларын тек философиялық жүйеде ғана емес, бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесінде де жеткілікті түрде айқын жеткізуге болатындығы. Ең алдымен, әлеуметтік философия бойынша оқулық және арнайы әдебиет авторларымен толық келісе отырып, оның дүниетанымдық қызмет атқаратынын тиянақтауға болады, өйткені ол “әлеуметтік әлемді” бейнелеп қана қоймай, оның саналы бейнесі ретінде “оны жаратады да”. Әлеуметтік философия әлеуметтік әлемнің тек картинасы, бейнесі ғана емес. Ол сонымен қатар, әлеуметтік идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмірмен байланысын анықтай отырып, осы әлемді жаратады да.

Екіншіден атқаратыны – методологиялық функция. Әлеуметтік философия мұны пәндік және теориялық форма ретінде қызмет ете отырып және әлеуметтік құбылыстарды тануда методологиялық бағдарлар мен жалпы философиялық принциптерді пайдаланудың үлгісі бола отырып жүзеге асырады. Олардың қатарында диалектика принципі мен синергетика принципі жатады. Әлеуметтік философия әлеуметтік-гуманитарлық білімдерді пәндік тұрғыда ұйымдастыра отырып, оның методологиялық өзегі ретінде көрінеді.

Әлеуметтік философияның үшінші функциясы оның танымдық, эвристикалық қызметі болып табылады. Ол танымдық мәдениеттің элементі ретінде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғамдық өмірдің заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырып, бір нәрсені ашуға қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерекшеліктерімен айрықшаланады.

Төртіншіден, әлеуметтік философия әлеуметтік болмыстың құндылық негіздерін пайымдай отырып, аксиологиялық қызметті атқарады. Оның ішінде белгілі бір дәрежеде тәрбиелеуші функция да кіреді: әлеуметтік функция, біріншіден, танымның, гуманитарлық ойлаудың белгілі бір мәдениетін тәрбиелейді; екіншіден, адамдардың және бүтіндей қоғамның белгілі бір құндылық бағдарларын тәрбиелейді.

Бесіншіден, әлеуметтік философия кейбір философиялық концепциялардағы әлеуметтік болжау сәтсіз және ғылыми негізі жоқ деп жарияланғанына қарамастан, болжамдық қызмет те атқарады.

Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен бірге басқада қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе болып табылады. Коғам мағналы ұғым болып табылады. Философия қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік тәсілі, адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің жемісі, адам шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастырады. Философия үшін қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастыру өте маңызды.

Қоғамға деген көзқарастардың тарихи эволюциясы нарутиализм, идеализм, материализм деген сияқты теориялық үлгілерде көрініс береді. Қоғам мәнін дұрыс түсіну үшін «материалдық», «руханилық», «практикалық» ұғымдарының ара қатынасы ең маңызды болып табылады. Қоғамдық дамудың негізінде қоғамның жүйелілігін құрайтын қоғамдық қатынастар жатыр, өйткені мұнда қызметтің экономикалық, саяси және т.б. формалары көрініс береді.

Қоғамның дамуы революциялық немесе эволюциялық сипатқа ие. Философия қоғамның дамуын әлемдік тарихтың бірлігімен алуан түрлі принципі арқылы қарастырылады, өйткені мұнда жалпылықпен жекеліктің бір-бірімен өзара байланысының жалпы диалектикалық заңы көрініс береді. Қоғамдық дамудың басты мәселесіне қоғамдық прогресс ұғымы мен оның өлшемдері жатады.

Қоғам дамитын жүйе ретінде өзінің қозғаушы болады. Тарихи процестің субъектісі және қозғаушы күші әр түрлі философиялық бағыттарда қоғамды рухани және материалдық тұрғыдан негіздеуде көрініс береді. Қоғам дегеніміз мүдделері, құндылықтары және мақсаттары әр түрлі адамдар қауымдастығымен әр түрлі әлеуметтік топтардың жиынтығы болып табылады. Осыған орай тарихи процесс күрделі және ықтималды сипатқа ие. Сондықтан тарихтағы жекелеген тұлғалардың, сонымен бірге әлеуметтік топтардың ролін зерттеу өте маңызды. Осы диалетиканың арқасында тарихи процесс стихиялық пен саналылықтың бірлігінде жүреді.

Әлеуметтік философия бүгінгі күні де сөздер мен пікірлер шырмауынынан шығып, адамның қоғамдық және индивидуалдық өмірінің мағынасы мен мақсаты, ерекшеліктері, принциптері, мәні туралы қандай да бір нағыз сөзге ұмтылуда. Бұл тұрғыда ол адамның өзіне өз санасы көмегі арқылы ие болу формасы ретінде, өзін «жинақтауға» деген саналы рухани жігер ретінде көрінеді. Мұның барысында ол қазіргі «дәуір талабына» жауап іздеу негізін құрайтындай кейбір сүйеніш болар теориялық-методологиялық конструкцияларды, терминдерді, категорияларды іздейді және табады.



Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Қоғам көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі.

  2. Әлеуметтік философияның негізгі принциптері, түсінігі.

  3. Қоғам жүйесі, әлеуметтік кеңістік және уақыт.

16 Дәріс тақырыбы: Мәдениет философиясы.


Дәріс жоспары:

1. Мәдениет ұғымы.

2. Мәдениет түрлері.

3. Өркениет ұғымы.

Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады. Неғұрлым тар мағынасында, әдетте, материалдық (техника, өндірістік, тәжірибе, материалдық қазыналар) және рухани (ғылым, өнер мен әдебиет, философия, мораль, ағарту және т.б.). мәдениет, сондай-ақ саяси мәдениет (қоғам, тап, топ, индивид қызметінің жеке адамның қоғамдық қатынастарын өзгерту субъектісі ретіндегі әлеуметтік дамуының шамасын сипаттайтын мақсаттары, құралдары, нәтижелері) жөнінде айтылады.

Мәдениет – қоғамдық экономикалық формациялардың алмасуына байланысты дамитын тарихи құбылыс. Рухани мәдениетті материалдық негізінен айырып алып, оны «таңдаулылардың» рухани өнімі деп түсіндіретін қате мәдениет теорияларына қарама-қарсы жаңа ілім материалдық игіліктер жасау процесін рухани мәдениет дамуының негізі және бастауы ретінде қарастырады. Материалдық жағдайларға тәуелді болатын рухани мәдениет өзінің материалдық негізінің ізінше өзінен-өзі өзгермейді, қайта біршама дербестігімен сипатталады (түрлі халықтар мәдениетінің дамуындағы сабақтастық, өзара ықпалы және т.б.).

Қоғамды дамушы жүйе ретінде талдау үшін мәдениетті философиялық талдау контекстінде де қарастыру керек. Мәдениет философиялық талдаудың пәні ретінде оның басқада әлеуметтік гуманитарлық білімдердің пәні аралық байланыс тұрғысынан қарастырумен ерешеленеді. Мәдениетті философиялық тұрғыдан талдауда өркениетті де қарастырамыз. Мәдениет пен өркениеттің арақатынасының концептуалды негіздерін О.Шпенглер, А.Тойнби, К.Ясперс, Х.Ортега-и-Гассет өңдеген болатын. Мәдениеттің феноменалдығын анықтаудың жалпы философиялық өлшемдері мыналар:Анықтылығы /сырттай және іштей/, мәдениеттің әлеуметтік функциялалары, типологиясы, қозғаушы күштері, мәдениет пен идеологияның диалектикасы, мәдениет пен шығармашылықтың диалектикасы, мәдениет пен демократияның диалектикасы, мәдениет пен білім берудің диалектикасы, мәдениеттегі ұлттық және интернациональдық, руханилық және интеллигенттілік, өзіндік сана мен өзіндік бақылаудың диалектикасы т.б.

Философия мәдениетті бірлікте және алуан түрлі формада қарастырады, мысалы материалдық және рухани мәдениет «бұқаралық және элитарлық мәдениет», дәстүрлік және жаңашылдық мәдениет. Көркемдік мәдениеттегі ең маңыздысы - шығармашылық мәселесі, оның мәні және оның жүзеге асырылу тәсілдері.

Өркениет әлеуметтік мәдени құрылым ретінде оны мәдениетпен байланысты философиялық тұрғыдан талданады. Қазіргі замандағы адамзат тіршілілігінің өркениеттік негіздері мынадай мәселелермен үздіксіз байланыста, олар: адам және техника, адам және ғылыми практикалық қызмет нәтижелері, адам және қоғам, дәстүрлік құндылықтар және олардың өзгеруі.

Эстетикалық мәдениет - өзінің көпқабаттылығымен сипатталатын күрделі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің іргелмері дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшеленетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді және т.б. кеңейтілген түрінде емес, жай ғана қайта өндіріп қоюмен шектеледі. Мәдениеттеануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі неде деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениет саласы өз құрамына материалдық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.

Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субъектінің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеберлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б. қолдануды талап етуі мүмкін. Адам өнері мен талантты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді роль атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғалылық қажет екендігі анық Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда, ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіру емес, әсіресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.

Өнер адамзат өмірқабының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан-да ең алдымен өердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.

Жекелеген ғылымдар мен рухани, практикалық әрекет салалары әлемнің әр түрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырлары қалыптасуына жағдай жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол әлемді өз тұрғысында қабылдау кепілі, адамзаттың өмірлік тәжірибесі мен мәдениеті тұтастығын сақтаушы.

Эстетикалықтың ең жоғарғы көрінісі өнер кейпіне енетін әсемдік болып табылады. Әсемдік – бұл «адам әлемі» туралы ұғымдардың бірі, өмірдің бүкіл күрделілігі мен тереңдігін қамтитын оның анықтамалыраның бірі. Тек нақты өмірді ғана емес, әсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде өзі тудырған өмірлік әлем шеңберінен шығып, адамзатты прагматикалық немесе утилитарлық өлшемдерге сыймайтын өзге бағамен бағалайтын рухани өмірді де қамтиды.

Асқақтық – бұл өзінің ерекше мағыналылығымен және құдіреттілігімен өзгешеленген әсемдікті сипаттайтын эстетикалық категория. Сондықтан да кейбір асқақ құбылыстар формалары өзінің сыртқы ұсқынсыздығына қарамастан шаттанудың, ерекше танданудың қоздырушы сезімдерін оятады. Әлемнің шексіздігі мен мәнділігі, табиғат пен адамның ішкі күш-қуатының құдіреті, әлемді игерудің шексіз мүмкіндіктері – мұның барлығын асқақтықты бейнелейді.

Егер әсемдік пен асқақтық эстетикалық құндылықтар бйнелері болса, онда тұрпайылық пен таяздық оның антиполдтары болып табылады. Жиіркеніштілік – асқақтықтың үнемі сыртқы сұлулығы бола бермейтін секілді, бұл да кейде сыртқы сұлулығы болатынына қарамастан антиқұндылықты білдіреді.

Белгілі бір ұлттық эстетикалық мәдениеттің бірте-бірте қалыптасуы ғасырлар бойына созылатын ұзақ үрдіс. Алайда бұл мәдениеттің қалыптасуы оның көптеген белгісіз жаратушыларының эстетикалық әрекеті нәтижесі екендігін ескеруіміз қажет. Тұрмыстық қатынастың эстетикалық элементтерінің, ұлттық әдет-ғұрыптармен қатар көркем шығармашылықтың кейбір салаларының негізін қалаушылардың атын біз атай алмаймыз.

Халықтар мен ұлттардың әстетикалық санасы қоғамда қалыптасқан эстетикалық көзқарастар, арнайы дәстүрлер негізінде құралады. Жалпы мәдениет сияқты эстетикалық мәдениет те қоғамның белгілі бір тарихи кезеңімен байланыстырылады. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде әрбір ұлт, әлеуметтік топ өзінің эстетикалық мәдениетін, әсемдік туралы өз көзқарасы мен ұғымдарын қалыптастырады. Адамдар кейпінде, олардың қатынастарында, киімінде, заттарында, тілі мен өнер туындыларында эстетикалық мәдениет ерекшеліктері, принциптері аңғарылады және олардың экономикалық даму деңгейі мен тағы басқа алғышарттарының ұлттың тарихи тағдыры туындайды. Сондықтан әрбір халық өз ерекшелігі мен күш-жігеріне орай әлемдік мәдениет қазынасына өз үлесін қосады.

Мәдениет терминімен өте тығыз байланыста өркениет ұғымы орын алады. Өркениет – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Жаңа заманғы философиялық тұжырымдамаларда өркениет ұғымы бүкіл дүние жүзінің тарихыи процеске талдау жасау тұрғысынан түсіндіріледі. Француз ағартушылары парасат пен әділеттілікке негізделген қоғамды өркениеттік қоғам деп атап, сол арқылы тұтастықты, қоғамдық үйлесімділікті қамтамасыз ететін факторлардың маңызын атап көрсетті. Ал Кантта мәдениет, Н.Я.Данилевскийдің, Шпенглердің тұжырымдамаларында өркениет ұғымы қарсы қойылады. Мысалы, Шпенглер органикалық-өмірлік құбылыстардың шыңы ретінде мәдениетті техникалық- механикалық элементтердің жиынтығы түріндегі өркениетке қарсы қояды. Осыған байланысты өркениетті олар қоғамның құлдырауы мен құрып кетуінің көрсеткіші ретінде қарастырады. Тойнби өркениетті зерттеу объектісі ретіндегі тарихтың бөліп қаралатын белгілі-бір кезеңі деп қорытты. Бір өркениеттің басқасынан шектеулі әрбір кезеңнің өзіндік даралығын анықтайды. Өркениет типтерінің антогонистік характерінің ашылуы дүниежүзілік тарихи қозғалыстың заңды сатылары ретінде қоғамдық-экономикалық формацияларға талдау жасау жөніндегі таптық көзқараспен байланысты.

Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Мәдениет болашақты танудың жолы.

  2. Мәдениет және өркениет ұғымы.

  3. Мәдениет және руханият.

17 Дәріс тақырыбы: Махаббат философиясы.


Дәріс жоспары:

1. Махаббат философиясындағы негізгі түсініктер.

2. Махаббаттың сипаттамалары.

3. Махаббаттың түрлері.

Егер де адам философияның негізгі обьектісі болса, онда адамзат махаббаты атты тақырып өте маңызды философиялық ой кешулердің бірі болуы керек. Маххабат ең алдымен өнердің обьектісі болып табылады, бірақ сонымен бірге философиялық тұрғыдан ойлануды қажет ететін махаббаттың өлшемдері болады. Өнер образдардың тілімен сөйлесе, философия ұғымдар тілімен сөйлейді, яғни өнер де философия да бір мәселе жөнінде айтып отырғанымен, мұны олар әр түрлі мағынада айтады. Махаббат философиядан бұрынырақ пайда болған, бұл екеуінің бұрынғыдан келе жатқан туыстығы маххабат ұғымының өзіне байланысты, сондықтан философия ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа деген құштарлықты білдіреді.

Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ.



«Эрос» сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.

«Рhilia» сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.

«storge» сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.

«Аgape» термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы махаббатты білдіреді.

Орта ғасырларда христиандық ілімі махаббатты адамның мәнін терең ашатын адамгершіліктің ең жоғарғы принципі ретінде анықтаған болатын. Христиандық ойшыл Аврелий Августин махаббаттың үш түрлі формаларын көрсеткен болатын, олар: адамның құдайға деген махаббаты, жақыныңа деген махаббат және құдайдың адамға деген махаббаты.

Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында махаббаттың төрт түрлі формаларын көрсетеді. Олар:


  1. Махаббат ол құмарлық;

  2. Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз және жүректе суық із қалдыратын ынтықтық сезім;

  3. Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын инстинктердің күтпеген жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты;

  4. Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана негізделген пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған махаббат. Мұндай махаббаттың иегерінің сезімдеріне келсек, олар модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды.

Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш түрлі типтерін ажыратады, олар:

1. махаббат ол көбінесе береді де, бірақ ештеңе алмайды, бұл ата-ананың балаға деген махаббаты;

2. махаббат ол көбінесе алады, бірақ ештеңе бермейді, бұл баланың ата -анаға деген махаббаты;

3. махаббатта осы жоғарыда көрсетілген белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл жыныстық немесе ерлі зайыптылардың махаббаты.

Енді махаббаттың сипаттамаларының ең маңызды ерекшеліктері неде? Осы сұрақтарды талдайық: Махаббаттың экзистенциалдық анықтамасы, яғни оның сезімінің терең осі – бұл сүйікті, ғашық адамыңды өзің сияқты көру, оған да өзіңе сияқты қарау, онымен өзіңді бір деп ұғыну. Мұнда сүйіп отырған емес, сүйікті адам маңыздырақ. Махаббат болашақты көруге меңзейді, алдағы перспективаларды көруге мүмкіндік береді; сүйіктіңнің, яғни ғашық адамыңның ерекше мүмкіндіктерін ашады. Махаббаттың басты құпиясының бірі – оның таң қаларлықтай, екі жақты оптика сияқты екендігінде. Сүйікті адамыңның жақсы жақтарын бинокльмен ұлғайтып көрсетіп, ал кемшіліктерін теріс айналдырылған бинокльмен кішірейтіп көрсететіндігінде. Адам өзінің сүйікті ғашығын әлемдік өлшеммен теңестіреді. Ғашық адамның іштей өзінің таразысы болатындай, ол таразының бір басына ғашығын, ал екінші басына бүкіл жер шарын қояды. Яғни бір жанды бүкіл адамзатпен тең дәрежеде қояды. Жақсы көру, сүю дегеніміз басқа адамды бүкіл әлемдік өлшем ретінде түйсініп, ұғыну, оны адамзаттың өкілі ретінде тану, оны бақытқа бөлеуге ұмтылу, оған адмзаттың шеңберінде қарым қатынас жасау, яғни оған шектен тыс қайырымдылықпен, мейірімділікпен және қамқорлықпен қарау. Шынайы махаббатта екі орталықтық, эгоистік қатынастар болмайды және бұл оның ең маңызды негізі болып табылады.

Махаббатта сезімділіктің үш түрлі типері бар, олар: біріншіден, жалпы сезімдер, бұл бүкіл ғасырға тән барлық халықтардың махаббатында кездеседі, яғни бұл махаббатты басқа да сезімдерден ажыратып тұратын ерекшелік. Екіншіден, типологиялық сезімдер, яғни махаббаттың бір ғана типімен жақсы көретін адамдардың сезімдері сияқты, бірақ та махаббаттың басқа типімен жақсы көретін адамдардың сезімдеріне тіпті ұқсамайды. (мысалы, холериктің махаббаты – «гейзер», флегматиктің махаббаты – «мұхит» сияқты). Үшіншіден, «индивидуалдық, жеке» – бұлар басқа ешқандай адамдарға ұқсамайды; мұнда ерекше қайталанбас сезімдер мен осындай сезімдердің қайталанбас үйлесімдері көрініс береді.

Махаббат бұл адам еркіндігінің көріністерінің бірі. Адамды ешкім біреуді немесе өз өзін жақсы көріп сүюге мәжбүрлей алмайды, өйткені оны жұмыс істетуге, тіпті зұлымдық жасатуға да мәжбүрлеуге болады, бірақ жақсы көргізуге емес. Жалпы махаббат дегеніміз, интуиция мен түсіну тәжірибесін талап ететін өнер болып табылады. Жақсы көруге, сүюге, махаббатқа деген қабілетсіздік биологиялық емес ол жанның, яғни психологиялық кемістік. Махаббат әр түрлі дәреже мен деңгейде дамуы мүмкін, махаббаттың болмауы мүмкін емес, махаббат болмаса адамзат та болмас еді.

Махаббат философиясында махаббаттың мынадай түрлері бар, олар: ата ана мен бала арасындағы махаббат, аналық махаббат, әкелік махаббат, ағалық махаббат, өз өзіне деген махаббат, құдайға деген махаббат және жануарларға деген махаббат және т.с.с.



Құдайға деген махаббат. Фрейдтің ілімінше, діни махаббат бұл жыныстық құмарлықты рухани қызметке бағыттау. Ол құдайға сенетін адамдарды діни қиялдар әлеміне беріледі дейді, өйткені ол адам ләззат алады. Сондықтан Фрейд кейде дінді жыныстық құмарлықтың сублимацияланған жемісі дейді, кейде алғашқы табиғи құмарлықтарды басып тастаудың салдарынан пайда болған ұжымдық иллюзия дейді.

Суфизмдегі құдайға деген махаббат. Суфизм ілімінде құдайға деген махаббат ең негізгі тақырып болатын. Құдайға деген махаббат идеялары Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен іс әрекеттері туралы аңыздарда белгіленген сунналарда да, құрандарда да айқын көрініс таппаса да, суфизмде бұл идея кең мағынада қарастырылды. Өйткені онда құдіретті күштің алдындағы табынып, бас ию мен оған мойынсұну мотиві өте басым болды. Христиандық пен иудаизмдегі сияқты исламда да құдайда жыныстық айырмашылық жоқ, мұнда құдай көбінесе еркектік сипатта болады. Араб тілінде де осылай, бірақ мұнда орыс тіліндегі сияқты құдайды анықтау үшін құдайдың өзіндік ерекшелігі мен мәні деген сөздер қолданылады. Араб тілінде ол формасы жағынан еркектік сипатта, ал грамматикасы жағынан әйелдік сипатта. Құдайдың ең басты мәні – ол әйелдік сипатта болуында. Суфизм ілімінде махаббат тақырыбы жан жақты қамтылған, Жартылай ортодоксальды құдай ілімінде Мұхаммед пайғамбардың сөздері бар, онда ол Құдай туралы былай деген: “Мен құпия болатынмын, және мен өзімді танығанын қаладым, сондықтан адамдар мені танысын деп әлемді, дүниені тудырдым” - деді. Жалпы, құдайды танушылар Құдайды танудың элементтеріне назар аударады. Бірақ, суфизм ілімінше, махаббат дегеніміз әлем мен дүниені қозғалысқа келтіріп, реттеп тұратын күш дейді. Құдай да бүкіл әлем мен дүниені махаббатты сияқты жаратты, дүние мен әлемдегінің барлығы мен кез келген махаббат, яғни әйел мен еркектің махаббаты, ата ананың балаға деген махаббаты – бұлардың барлығы өмірге мән мен мағына беріп тұратын осындай махаббаттың бір бөлігі болып табылады. Сондықтан өмірде махаббаттың алатын орны ерекше. Ал, енді осыдан тағы бір басқа мотивке әсемдік, яғни сұлулық жатады. Сондықтан, әсемдік пен сұлулықты жақсы көріп сүйіп, оған деген махаббатымыз оянады. Мұхаммед пайғамбардың - суфийлер соңына дейін дәледеп берген мынадай сөздері бар: “Құдай шын мәнінде көркем, сұлу және ол сұлулықты жақсы көреді”. Құдай дегеніміз бұл сұлулық. Сондықтан суфизмнің лирикасының барлығы Құдаға деген қатынасты махаббат арқылы жеткізуге негізделген, және мұндай махаббат кейде тіпті сезімдік образдарда көрініс беретіндігі соншалықты, мұнда мәселе физикалық эротика ма әлде рухани эротология жөнінде болып отырғандығын айыру өте қиын.

Суфийлік мистиканың тудырған махаббат жөніндегі өлеңдеріндегі обьектіге келсек, мұнда белгісіз бір сұлу бозбала жөнінде айтылып тұрғандай. Мынадай аңыз бар көрінеді: «Мұхаммед пайғамбар Құдайды сақалсыз, өте жас әрі сұлу бозбала образында өзінің әуеге саяхатында» - көріпті дейді. Құдай өзінің алуан түрлілігімен бізден жасырынады, егер де ол өзінің сұлулығын құпия ұстамаса, онда әлем жанып кетуші еді. Ол өзіне тән сұлулығын көрсетпейді, сондықтан бұл Құдайды барлық жерден іздестіруге деген мистиктердің құштарлығын оятады. Құдайдың ең жетілеген айнасы, яғни оның өзіне ең қолайлы келетіні ол - адам. Адам Атаның өзі Құдайдың айнасы, ол Хауа Анадан құдіреттің сұлулығының бейнесін көрген. Адам бұл дүниеден Құдайды көре алмайды, оның кейпін көру мүмкіндігі жоқ. Егер де Құдай өзінің кейпін ашса, онда оны көргендердің назары оның жарығынан өртеніп кетер еді. Бірақ оны тек пайғамбар ғана көріп қойған жоқ, сонымен бірге мистиктер де өңдерінде көрген Құдайдың көріністері жөнінде, көрген түстері жөнінде жиі жиі айтып жүреді. Мысалы, Хәкім Тирмізінің мәлімдеуінше ол түсінде Құдайды 1001 рет көріпті. Құдайдың образы мен кейпі жөнінде ешкім дәл айтып жатпаса да, Құдай адамзатқа кез келген формада көрінеді екен. Мұндай ілімдер мистиктер үшін өте пайдалы болатын, өйткені олар Құдайды сұлу әрі жас ер адам ретінде қабылдады. Жалпы Құдай жасампаздық әрекетіне қатыспайды, бірақ онда ол айнадағыдай болады.

Махаббаттағы келесі саты – бұл ғашық адамның атрибуттарының жоғалып кетуі, ал оның орнына ғашығының атрибуттарының пайда болуы. Махаббат дегеніміз өзінің атрибуттарымен бірге ғашық адамның өз өзін ұмытып, ал өзінің сүйікті адамының толығымен патшалық құруын білдіреді.

Суфийдің құдайға деген махаббаты алуан түрлі махаббат қатынастарында көрініс табады. Мысалы, екі классикалық жұптарды алсақ, бірі бұл – Ләйлә және Мәжнүн – бұлар суфизмнің өте маңызды сюжеттерінің бірі болып табылады. Ләйләға деген махаббаттан басы айналған Мәжнүннің махаббаты мынадай жағдаймен бітеді: Мәжнүн өзінің махаббатының обьектісін көруді қаламайды, өйткені Ләйлә оның жүрегінде, Мәжнүнге осының өзі жетіп жатыр. Және бұл махаббат Құдайға деген махаббаттың ең жоғарғы түрі ретінде сипатталады. Мұндай махаббатта сезімділік пен қоса асқақтық та кездеседі, бірақ бұл махаббат сезімдік махаббат ретінде жүзеге асырылмаған махаббат болып есептеледі. Дүниедегі әрбір сұлулық пен әсемдік Құдайдың сұлулығы мен әсемдігін білдіретіндей.



VIII ғасырдағы Суфизмнің алғашқы негізін қалаушылардың арасында әйел де болатын, оның есімі Рәбия. Ол күң және биші болатын. Мұсылман мәдениетінде Құдай бізді жақсы көреді, Құдайдың махаббаты барлығымызға жетеді деген түсінік бар. Бірақ та Құдайдың адамға деген қатынасын алып қарасақ, махаббат терминдерінде сөз етуге болмайтын. Суфизм ілімінде Рәбия бірінші болып Құдайдың адаммен арасындағы қатынасын құлы мен Құдайы арасындағы қатынас ретінде емес, құдай мен оны сүюші арасындағы қатынасты қалыптастырды. Рәбия былай деп жазады: “О Құдайым, егер де мен саған ұжмақтан орын берсін деген оймен жалбарынады деп ойлайтын болсаң, онда мені ондай ұжмақтан айыра бер, өйткені бұл жалбарыну тек саудагерлердің ісі» - дейді. «Құдайым егер де мен сенің тозағыңнан қорқып, саған жалбарынады деп ойлайтын болсаң, онда мені сол тозағыңа жібере бер, өйткені бұл жалбарыну тек құлдардың ісі» - дейді. Құдайым, сен көркем әрі сұлу болғандықтан, мен саған жалбарынып, мен сені жақсы көремін, дейді Рәбия. Егер де бұл осылай болса, онда мені сені кездестіру мүмкіндігінен айыра көрме дейді. Нақ осындай мотив суфизм ілімінің нормасына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет