Оқу -әдістемелік кешен


Бекітуге арналған сұрақтар



бет13/22
Дата24.04.2017
өлшемі4,22 Mb.
#15171
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Саясат философиясының мәні

  2. Қазіргі саясат ұғымына философиялық талдау

21 Дәріс тақырыбы: Оқу-білім философиясы.


Дәріс жоспары:

1. Білім беру философиясының пәні.

2. Білім философиясының қоғамдағы орны.

Білім беру сферасының болашақтағы алар орны мен атқарар қызметінің шексіз екендігі ол зандылық. Нақтырақ айтар болсақ болашақтағы әрбір адамның тұлғалық қасиетінің анықталуы, оның білімділігі, тапқырлығы, ақылдылығы, дүниеге деген көзқарасы мен адамгершілігі осы тиімді білім берудің негізінде сомдалады, демек қоғамның эконмикалық, руханилық потенциалы, жалпы тұтас өркениет осыған келіп тіреледі. Бүгінгі ХХ ғасырдағы туындап отырған ғаламдық тенденцияларды анализдеу өзекті және манызды мәселеге айналып, олардың болашақтағы адамзат өркениетінен келіп туындайтын алапат жағдайларына қарсы тұруға шақырады. Бұл жан айқай білім беру сферасынан тікелей орын алып, қоғамда, әлеуметтік ортада білім беру сферасын нақтылап, оның болашақтағы атқару қызметін айқындай түседі.

Тұлғаның және барлық адамзат қауымдастығының рухани дүниесінің, адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына тікелей байланысы бар біршама технологиялық сфераларды бір арнаға түсіруге тура келеді, дегенмен білім беру сферасы өзінің басты интегративтік қызметін, яғни рухани біртұтастық пен адамдардың бір бірін түсінудегі қабілеттерін әлі күнге дейін арттыра алмауда. Ол өзінің болашақтағы біршама манызды дүниелерді болжаудағы, мәдени білімділікті және діли ұқсастықты ұсынудағы міндетің атқаралмайынша өткір мәселелер өз шешімін таппай оның әртүрлі сфераларында сол күйінде қала бермек.

ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканың таң қалдырар айқын жетістіктерінің дәмін татқандар, білім беру сферасын әлемнің түкпір түкпіріне тез арада жеткізуге мүмкіндік тауып, технократтық бағыттағы білімге, тапқырлыққа және соған дағдылануға алып келді. Өзінің осы міндетін білім беру саласы мүмкіндігінше табысты атқаруда. Дәл осы бағытта ұстаздар өз мүмкіндігін көрсетуі тиіс, методикалық өнделген материалдар, әр түрлі жаңа компьютрлік құралдар мен ақпараттық техникалар және т.б. психологиялық оқытушылық позициялары әрдайым айтарлықтай анықталмаса да осы міндеттер ұстаздарға жүктелген. Адамдарды қоршаған материалдық және рухани дүниелердің тұтас бейнесі жас ұрпақтарды қалыптастыруда, олардың әрбірінің ұғыну қабілетіне тән тұтас адами қауымдастық, рухани, мәдени, ізгілік құндылықтарының ұрпақтан ұрпаққа берілуі, олардағы ұлттық және жалпы адамзаттық түсініктері, тәрбиелік, гуманитарлық білімдерде негізделіп жүзеге асуда.

Білім берудің философиялық статусын анықтау өте қиынға соғады. Бүгінгі танда білім берудің философиялық статусын анықтауда үш негізгі тәсіл нақты түрде ұсынылып отыр.

Олардың біріншісі, білім берудің философиясы деп, ерекше қолданбалы философия тұрғысында философияға қатысты білімдердің көп салаларының бірі ретінде таңыуы. Бұл тәсіл білім берудің статусымен және оның біршама тұтас бейнеде дамудағы зандылықтарын негіздеуде жалпы философиялық жағдайды пайдалану толықтай жеткілікті деп санап, осылайша білім берудің көп жоспарлы қызметтеріне жүйелі, мақсатты аспектлерін ұсынады. Осыдан келіп, білім берудің философиясы жалпы философиялық доктриналарды(позитивизм, антипозитивизм, эмпиризм, релятивизм, реализм, постмодернизм, экзистенциализм, прагматизм, неотомизм, персонализм және т.б.) «айналып өтуге» тура келеді, немесе оқытушылықпен түйісуге алып келеді(оқытушылық методологиясымен), яғни олардың өзіндік болмысының ішкі мәніне үнілу арқасында.

Білім берудің философиялық статусының екінші тәсілі, негізінен мобилизациялаудағы тәрбиелеу ресурстарын қорғауға, сақтауға бағытталып, оған қол сұғқандарға жол бермей дамуына шара жасап бағады. Білім берудің философиялық дамуының тұтастығына күмән туады, яғни оның жеке дара ғылым ретінде. Сондықтанда тәрбиелеу методологиясымен немесе жалпы тәрбие беру шенберінде философиялық негіздегі күрделі сұрақтарды шешу негізінен жеткілікті.

Білім берудің философиялық статусының үшінші тәсілі алдынғы екеуінен түбірімен өзгешерек келеді. Оның негізінде –білім беру философиясының қалыптасуындағы дедуктивтік және индуктивтік логиканың үйлесімділігі пән аралық ғылым салаларының толықтырушысы ретінде орын алады.

Әрине, жалпы философиялық идеялардың дедуктивтік таралуы және білім беру сферасының ерекше орын алуы мүмкіндік пен қажеттілікті тудырады. Сонымен қатар, плюралистік философиялық тәсіл қайда демократия және қызығушылық болса, сонда тек бір философиялық доктринаның жетегінде болуын қатан қадағалап жалғыз идеологиялық талаптармен тыйып отырады. Индуктивтік логика білім беру философиясының қалыптасуына толықтай ықпал етіп, білім берудің шенберін практикада ашып көрсету, жана идеялардың пайда болуына алып келеді және білім берудің философиялық мәніне назар аударып тіршілікке қолайландырады. Сонымен қатар логиканың дедуктивтік ойлау формасында теріске шығармайды. Білім берудің философиялық тұрғыдағы даму жолына осындай терен талдау жасау қажетті нәрсе болып танылады.

Осылайша, білім берудің философиясы – қолданбалы философиядан өзгешелігін көрсетеді. Бұл ғылыми білімнің толықтай өз бетімен дамып отыратын арнасы болмақ, яғни астарында тек қаншалықты жалпы философиялық ілімдердің болуынан емес, оның барлық қызметтеріндегі білім беру сферасының дамуына объективтік зандылықтардың орын алуынан(яғни олар әрине бұны ескеруге тиісті).

Ғылым ретінде білім берудің философиялық пәні болып мыналар, яғни білім беруге тікелей қатысы бар фундаенталдық негізгі функциялары мен білім берудің дамуын, пән аралық теорияларын, зандарын, зандылықтарын, категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, қағидалрын, постулаттарын, ережелерін, методттарын, гипотездерін, идеялары мен фактлерін жатқызуға болады.

Білім берудің құндылық сипаттарын бір бірімен байланыстағы үш негізде ұсынуға болады: білім беру бұл мемлекеттік құндылық ретінде; білім беру бұл қоғам құндылығы ретінде; білім беру бұл тұлға құндылығы ретінде.

Қоғам мен мемлекет ұғымдары бір біріне ұқсас емес, ал олардың арасындағы өзара қатынастар өте күрделі болып келеді. Білім берудің дамуы барысында мемлекет пен қоғам ұмтылыстары әрдайым сәйкес келебермейді. Мемлекет аясында білім берудін беделі алда тұрғанымен, яғни қоғам денгейінде де, мемлекет амалсыздықтан берген уәдесін орындағандай білім берудің даму қарқынына ат салысады. Қоғамның шындалуының анықталу мәні, білім берудің беделінің мемлекеттік сатыдан қаншалықты көрінуінен.

Білім берудің қоғамдық мемлекеттік мәнінің анықталуы барлығының белсенді түрде ұжымдасып әрекет етуіне тәуелді емес, олар ең басты - білім берудің тұлғалық құндылығын, яғни жеке өзінің біліміне бағытталған адамдар қатынасындағы талпыныстары мен индивидуальдық мотивтеріне түрткі болалмайды. Шектен шыққан кез келген көзқарастар анық тиімді шешімдерді тудыруға дәрменсіз. Олардың пайдадан көрі зиянды көбірек әкелуі таң қалдырмайды.

Барлығы метеп қабырғасынан алынған білімге және оның ықпалына етуіне тікелей байланысты, себебі мемлекет бұл тұтас социум, яғни қолдан жасалған, салыстырмалы, өтпелі құндылықтардан биік тұрған, мектеп қабырғасынан туындайтын жоғарғы абсолюттік ізгілікті құндылықтарды мойындауды жөн көреді. Қоғам мен мектеп арасындағы байланыс осылайша екі жақты болып келеді және осы өмірлік күрделі арнаны нығайту қиынға соғады.

Осылай бола тұрсада, қазіргі таңда мектептер идеологиялық және саяси сайлаулар мен тандауларды жүргізуге ұмтылуда, яғни саяси доктриналар мен адамгершілік идеалдарының келісулерінің нәтижесінде қалыптасатын гуманистік құндылықтар мен оның мәнің аша түсетін құқықтар және адамдар мен азаматтардың еркіндіктері алға тартылып, қажет болса оған “қарсы тұру” сапасында көтереді.

Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстардың тұрақсыз өтпелі тұсында, олар өздерінің саяси доктриналарын барынша білім беру сферасына орнықтыруға тырысады, осы кезенде жалпы білім беруден, мектептерден, оқытушылардан, өзінің жоғарғы гуманистік идеалымен гуманизмге қарсы бағытталған ұлтшылдық, шовинистік, неокоммунистік немесе діни фундаменталистік, өркниет идеалдары мен атқа мінерлерден адаспауына шешімділік пен ерікті болуын талап етеді. Бірақта басқаларға тәуелсіз шынайы білім берудің көрінер кезі көпшілік халықтың жоғарғы діли құндылықтарын, оның мәдениеттері мен атадан балаға қалған діли мұраларын қоғам құндылықтарына, өркениеттің идеалдарына және бетке ұстарына айналдырып, ары қарай дамыуымен және рухани саладағы социумның шайқалуына мүмкіндік бермеуінен.

Білім берудің философиясы кез келген елде қоғамдық өмір сүру саласына «тұтқа» болар өзіне тән ерекше мәнді және міндетті біршама жалпы мәселелерді қарастырады: яғни өнеркәсіп саласы мен адамдардың әлеуметтік мәдени және әлеуметтік-экономикалық ресурстарын қайта өндеуге мүкіндік береді, сонымен қатар тұлғалардың әрдайым өзгеріп отыратың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жол табады.

Кез келген жаңа дүниелер (соның ішінде реформа) жемістерінің төмен денгейде болып жатуының негізгі себебі, яғни білім беру саласындағы осы жаңалыққа сай дайынсыздық, нақтырақ айтқанда оқытушылар мен практика арасындағы алшақтықтан туындайтын шала білімділік. Педагогикалық білім беру жүйесінде әлі күнге дейін оқытушылдарды дайындау барысында прагматикалық тәсіл үстемірек келеді, олардың өзіндік философиялық тұрғыдан дүниеге көзқарасы, яғни тұлғаның дүниетанымын терендете түсетін әлсізірек. Сондықтанда, әлі күнге дейін педагогикалық оқу орындарынан қазіргі тандағы әлемде және елімізде өмір сүріп отырған стратегиялық сұрақтар мен білім беру саласындағы саяси өзгерістерге, яғни жалпы білім беру тәрбиесіне қызығушылық танытпайтың жай тұрпайы мұғалімдік қызметті атқаратың оқытушылар шығарылуда.

Қазіргі жағдайдағы білім берудің мақсаты белгілі диллеманың шеңберінде анықталады ма: білім беру – бұл білімдер мен мәдени қызметтердің жиынтығы деген? Бұл сұраққа қоғамдағы ұйымдасқан әлеуметтік қызметтің негізгі алгоритміне айналған жауапты ұсынуға болады. Яғни БТД -“білім-тапқырлық-дағды”- деп, аталатын жүйе социумға жат еріктегі айтқаның орындаушы болған кезде ғана жүзеге асып, субъект-объект парадигмасындағы қоғамның әдеуметтік өзін өзі ұйымдастыруна біршама сәйкес келеді. Бұдан келіп шығатын нәтиже білімнің көлемі, тапқырлықтың сыйпаты және дағдылардың жиынтығы оқушының өз бетімен қызығушылық танытуынан келіп шықпайды, білім берудегі шенеуниктердің тарапынан келіп туады. Осы кезенде білім беру сатысының ең төменінде орналасушы объект ретіндегі көрініске ие болса, ал жоғарғы сатысын иеленуші автоматты түрде субъектіге айналатындығына күмән жоқ.

Бүгінгі танда, нарықтық қатынастын беделі үстем болып тұрған шақта қызметтегі қабілетке деген тапсырыс, біздің көзқарасымызша барлық білім беру жүйесінің дамуы бақытын анықтауы тиіс. Соңымен қатар ол орын алып жатырған сыртқы және ішкі сұраныстардың байланыстарын реттеп, пайда болған сұрақтарды шешіп отыруы тиіс. Сондықтанда осы мәселелер қазіргі педагогикалық технологиялармен оларды жаңаша өңдеу барысындағы мәселелерді шешуге ат салысуы қажет. Бүгінгі уақытта барлық білім беру жүйесін қайта бағалап шығу міңдеті тұр, яғни құлдық ұрып басқаның жетегінен жүре беру емес, кез келген жағдайға өзін өзі ұйымдастыра алатын, көзі қырағы, қабілетке ие адамды дайындау.

Қанға сіңген түсінік бойынша, білім беру – бұл, күмәнсіз, жүйе. Оқу ошақтарының (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жүйесі, бір бірінен денгейіне және профилдеріне қарап бөлінеді. Бір жағынан, білім беру жүйесі білім беру ортасына қарай әлеуметтік экономикалық өзгерістерге төселіп икемделуі тиіс болса, екінші жағынан , - өзінің психологиялық – педогоикалық негізін мүмкіндігінше сақтауы қажет. Мына мәселені, яғни білім беру сферасы ғаламдық білім беру шенберінің аясында өрбуін естен шығармау керек. Бұл негізінен қызмет көрсетіп отырған кез келген жүйе өз мүмкіндігі шектелгенде, тұтас жүйенің ішінен өзінің байланысы арқылы ары қарай өмір сүруін жалғастыруы.

Білім берудің сапасына үнілер болсақ – бұл тек құндылық, жүйе немесе процесс қана емес. Бұл – мемлекет, қоғам және тұлғаның барлық құндылықтарының білім беру процесінде мағынаға ие болатын жемісі, яғни эконмикалық, адамгершілік, парасаттылық денгейінің көрінер айнасы болмақ.

Алдағы тұрған мақсат еліміздегі, әлеміміздегі барлық адамдардың материалдық-рухани манызды құндылықтарына талдау жасай отырып, білім берудің денгейін көтеру үшін барлық пән аралық мәселелердің кешенің қайта өндеу керектігі. Бұл міндет өз шешімін өркениеттің масштабында жүзеге асырады. Оның қажеттілігі күннен күнге арта түсуде. Білім беру жүйесінің шынайылығын мойындап, халықтардың рухани, мәдени және діли құндылықтарын, экономикалық бәсеке қабілеттілігін ескере отырып, әлем болып бірлескенде ғана кез келген ел терезесі тең денгейде өмір сүреді.

Педагогикалық білім беру, өзін өзі оқыту және педагогтардың сапасын арттырудың барлық жүйесі сол оқу орнында және сол қоғамда орын алып отырған әлеуметтік экономикалық жағдайдан көш бойы озық тұруы қажет. Оны себебі мынада, барлық білім берудің буыны, барлық білім берудің практикасы болашаққа, дамуға қызмет етеді, демек, дайындау жүйесі педагогтардың сапасын арттыру олардан әлде қайда биік тұруы тиіс.

Бекітуге арналған сұрақтар.

1. Білім беру философиясының маңызы

2. Білім берудің қоғамдағы орны
22 Дәріс тақырыбы: Диалектика теориясының мөселелері.

Дәріс жоспары:

1. Диалектика ұғымының тарихи қалыптасуы.

2. Неміс классикалық философиядағы диалектика мәселесі.

3. Даму ұғымы.



Диалектика – болмыстың әмпебап байланыстары, оның өзгеруі мен дамуы жөніндегі ілім. « Диалектика» ұғымының пайда болуының мәселесі дербес, өз алдына бір философиялық мәселе болып табылады. Диалектиканың ғылыми тұрғыда ұғыну ұзақ уақытты қажет етті және бұл ұғымның өзі терминінің әуелгі мағынасын өңдеу тіпті одан бас тарту барысында пайда болды. Ежелгі философияда дүниедегі нәрсенің бәрі де құбылмалы екендігі атап айтылған шындықты процесс деп есептеп, бұл процеске кез келген қасиеттің қарама-қарсы айналуының қандай роль атқаратыны тұжырымдалған. Бұл сияқты зерттеулерде диалектика термині әлі қолданылмады. Диалектиканың алғашқы мәні сұхбаттасу, әңгімелесу / грек тілінен dialegu mai/ деген ұғымды білдіреді. Аристотель диалектиканы ойлап тапқан Зенон Элейский деп есептейді, ол көптік және қозғалыс ұғымдарын ой елегінен өткізгенде келіп шығатын қайшылықтарға талдау жасаған болатын Аристотельдің өзі дәлелдеу туралы ғылым – аналитикадан диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым ретінде ажыратады.

Элеаттардың ізінше Платон шынайы болмысты бір қалыпты әрі өз өзімен барабар болады деп анықтайды. Әрі қарай диалектика қарама-қайшылықтар приципінен негізделеген шындықты меңгерудегі тәсілдер мен әдістер жүйесі деген мәнге ие болып, дамудың жалпы заңдары жөніндегі ілім деп анықталды. “Софист” және “Парминид” сұхбаттарында жаратылыстағы жоғарғы буындағылардың кез келгенін бар әрі жоқ, өз-өзіне барабар әрі барабар емес, өзіне тепе-тең және өзінің “басқа ” түріне өтіп отырады деп қана ойда көрсетуге болады деген диалектикалық тұжырымға келеді. Сол себепті болмыстың өзінде қайшылықтар болады: болмыс бірегей әрі көпше, мәңгі әрі өткінші, бірқалыпты әрі құбылмалы, тыныштық күйінде әрі қозғалыс үстінде болады. Қайшылық – рухты ойландырып – толғандыруға түрткі болатын қажетті шарт. Және бұл өнер, Платонның пікірінше, диалектикалық өнер болып табылады.

Неоплатоншылдар диалектиканы дамыту ісін жалғастырды. Феодалдық қоғамның философиясы – схоластикада – диалектика деп риторикаға қарсы қойылған формалдық логиканы атай бастады.

Қайта өрлеу дәуірінде қарама-қарсылықтардың үйлесімі туралы диалектикалық ойларды Н.Кузанский мен Бруно ұсынды. Жаңа тарих кезеңінде метафизиканың үстемдігіне қарамастан Декарт пен Спиноза диалектикғалық ой үлгілерін жасады.

18 ғасырда Францияда диалектикалық идеяларының сонылығымен Руссо мен Дидро ерекшеленді. Диалектикалық дамудың аса маңызды кезеңі неміс классикалық идеализмі болды, оның метафизикалық материализмнен айырмашылығы – шындықты танылу объектісі деп қана емес, іс-әрекет объектісі ретінде де қарастырғандығы еді. Сонымен қатар субъектінің танымы мен іс-әрекетінің шынайы материалдық негізін білместігі неміс идеалистерінің диалектикалық идеяларының өресіздігіне, жаңсақтығын көрсетті. Лейбниц монадаларының өздігінен дамуы туралы және таным принциптерінің қайшылықты бірлігі туралы ілімінде Кант физикалық және космогониялық процестердегі қарама-қарсы күштердің маңызын көрсетіп, алғаш рет метафизиканың шебін бұзды әрі Декарттан соң бірінші болып – табиғатты танудағы даму идеясын енгізді.

Классикалық неміс философиясы диалектиканы жеке мен жалпының, құбылыс пен мәннің, бөлік пен бүтіннің, элемент пен құрылымның, ұғым мен жүйенің, кездейсоқ пен қажеттіліктің, мүмкіндік пен шындықтың контекстінде, яғни детерминизм және диалектикалық заңдар концепциясында қарастырады.

Таным теориясында Кант диалектикалық идеяларды «антиномиялар» туралы ілімінде дамытты. Бірақ ақыл парасат диалектикасы Канттың пікірінше, алдамшы нәрсе және ойдың өзі құбылыстарды ғана танумен шектелген қолдану аясына оралысымен ақ диалектика жойылады. Бұдан кейін таным теориясында Фихте маңызды диалектикалық идеялары бар категориялар жасаудың «антитетикалық» әдісін жетілдіреді. Шеллинг Канттың ізінше табиғат процестерін диалектикалық тұрғыда ұғынуды ұсынды.

Диалектиканың асқар шыңы Гегельдің идеалистік диалектикасы болды. Гегель «тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуа деп таныды, сөйтіп осы қозғалу мен дамудың ішкі байданысын ашуға тырысты». Гегельдің ойынша диалектика бір анықтаманың басқа анықтамаға айналуы, онда бұл анықтамалардың сыңаржақты әрі өресіз екендігі, яғни олардың бойында өздерін өздері терістеу бар екендігін көрінеді, пайымдаудың дерексіздік анықтамаларынан диалектиканың ерекшелігі осында Гегель ілімі бойынша, сол себепті диалектика ойдың ғылыми тұрғыда өрістеуінің қандайының да болсын қозғаушы күші және ол ғылымның мазмұнына ішкі байланыс пен қажеттілік енгізетін бірден бір принцип болып табылады. Дүниедегінің бәрінің өзін өзі терістеуге келуінің қажеттігі туралы Гегель ілімінде, өмірді де ойды да революцияландыратын негіз болады, сол себепті алдыңғы қатарлы ойшылдар Гегель диалектикасын «революция алгебрасын» көрді.

Гегельдің диалектикалық жүйесі сандық және сапалық өзгерістердің табиғатын көрсетеді:қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, терістеуді терістеудің қайшылығы кез-келген жүйенің немесе құбылыстың даму процесі «прогресс», «регресс», «даму» ұғымы мен тығыз байланысты.

Сонымен бірге оның сыни – рефлексивтік фунциясын да айта кету керек. Диалектикадан басқа ойлаудың басқа да тәсілдері бар, олар: метафизика, софистика, эклектика. Болмыстың универсалды байланыстары диалектиканың заңдары мен катергорияларында көрініс береді. Диалектиканың негізгі заңдары бар, олар: сандық және сапалық өзгерістердің бір-біріне өту заңы; қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы , терістеуді терістеу заңы.

Қайшылық диалектиканың басты категориясы болып табылады. Диалектиканы қайшылықтар туралы ілімде дамудың қандай түрінің болса да қозғаушы күші мен қайнар көзін ашып көрсетеді: диалектикалық дамудың басқа да категориялары мен принциптерінің кілті осы ілімде, сандық өзгерістерінің сапалық өзгерістерге айналуы арқылы даму, біртіндеушіліктің үзілуі, секірістер, дамуың бастапқы сәтіне қатысты терістеудің өзін терістеу, бастапқы күйге тән белгілердің, қасиеттердің кейбірінің жоғары негізде қайталануы. Дамуды нақ осылайша түсіну диалектиканы реформистік теорияларға тән неше түрлі анайы - эволюционистік көзқарастардан ажыратады.

Даму – мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс. Кеңістіктегі орын ауыстырудың даму болатын себебі, онда уақыттағы өзгерістің түсірілген түрде сақталатындығында. Материяның өмір сүру тәсілі түріндегі қозғалыс еш нәрседен пайда болмайды және жоғалып та кетпейді,мәңгі өмір сүреді, басы да, аяғы да жоқ.

Жоғары өрлейтін және төмен түсетін даму болады. Сырттан ішке қарай, іштен сыртқа қарай, ескіден жаңаға және жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге және күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарғыға және жоғарғыдан төменгіге, кездейсоқтықтан қажеттілікке және қажеттіліктен кездейсоқтыққа дамулар болады. Даму спираль тәрізді, қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінде, санның сапаға ауысуы түрінде және керісінше өрбиді.

Дамудың әрбір жеке процесінің баспалдақтары: оның пайда болуының алғышарттарын әзірлеу, яғни, негізінен сыртқы қозғалыс; туу, яғни, ішкі қозғалысқа көшу; қалыптасу, Яғни дамудың жаңа процесі мен ол туған жағдайды өзгерту; өзіндік даму; немесе даму процесінің пісіп-жетілуі, яғни, оның өз бетінше өмір сүруі; процестің өшуі, күйреуі. Дамудың түпкі процесс ретінде әуел бастан ақ төмендегіден жоғарыға және жоғарыдан төменгіге жеткізетін тенденциялары жасырын күйде болады.

Диалектика табиғатты, қоғамды және танымды зерттеудің философиялық әдісі болып табылады. Тек диалектика тұрғысынан ғана объективтік ақиқаттың күрделі, қайшылықтарға толы қалыптасу жолын, ғылыми дамудың барлық сатыларында абсолюттік пен шарттылық, тұрақтылық пен құбылмалылық элементтерінің байланысын, тұжырымдаудың бір түрінен басқа, неғұрлым мазмұнды түріне өтуін түсінуге болады. Диалектиканың тоқырау мен сылбырлықтың қандайымен болса да ымыраласпайтын революция табиғаты оны қоғамдық дамудың тарихи мұқтаждарын, жаңа мазмұнға ескі формалардың үйлеспейтіндігін, адамзат прогресіне жағдай жасайтын жетілген формаларға өту қажеттігін объективті тұрыда ескеріп отыруға көмектесетін, қоғамды практика жүзінде қайта құрудың қаруы етеді.



Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Диалектика элементтері жөнінде.

  2. Диалектиканың заңдары мен категориялары.

23 Дәріс тақырыбы: Эпистемология.



Дәріс жоспары:

1. Ғылыми таным ерекшелігі.

2. Гипотеза ұғымы, түрлері.

Адамзат тарихының ұзақ уақыты барысында сана мәселесіне деген қызығушылық үздіксіз бақыланып келді, адамды өзінің мәні, дүниеге келуінің себептері және оның көптеген формалары қызықтырды. Бұл мәселенің философиялық аспектісі адамның саналы қызметінің тұтастығымен құндылығына бағытталған. Философия сананың адамның өмірлік қызметінің формасы, рухани бағыт-бағдардын тәсілі және танымдық қызметінің құралы ретінде қарастырады. Сананың пайда болуы жөнінде әртүрлі концепциялар бар, олар: 1. Теологиялық. 2. Идеалистік 3. Ғылыми-материалистік.

Теологиялық концепция бойынша сананың негізі мен бастамасы құдай. Идеализм рухтың бастамасы мен абсолюттілігін көрсетеді.

Материализм болса ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, сананы материаның ең жоғарғы ұйымдасқан қасиеті ретінде қарастырады.

Ғылыми тәсілдер бойынша материя сананы қалыптастырудың негізінде жатқан бейнелеу қасиетіне ие. Бейнелеудің эволюциясы оның жоғарғы формасы болып табылатын сананың пайда болуына әкеледі. Сана ойлау, жады, ерік, эмоция сияқты психикалық қызметтердің басқада формаларымен тығыз байланысты. Ең күрделі мәселелердің бірі санамен тілдің қатынасы жөніндегі мәселе болып табылады. Сананың өз құрылымы бар, оның негізгі элементтері қоғамдық және индивидуалдық сана. Қоғамдық сана өзін түрлі формаларда көрсетеді:


  1. Адамгершілік сана, моральдық қатынастар саласын қарастырады.

  2. Эстетикалық сана, әсемдік пен ұсқынсыздық саласын қарастырады.

  3. Діни сана, әлемді құдайға сенімнің символы арқылы бейнелейді.

  4. Саяси сана, қоғамдағы саяси қатынастарды идеологиялық және психологиялық тұрғыдан бейнелейді.

  5. Құқықтық сана, адамдардың қатынастарын заңда бектілген құқықтық ерекшелер арқылы бейнелейді.

Танымды жалпы түрде адамның әлемге әлеуметтік, тарихи тұрғыдан дамыған қатынасы деп анықтауға болады.Танымның деңгейі мен мәні қоғам дамуының деңгейіне байланысты. Сондықтан ол тарихи тұрғыдан өзгермелі болады. Танымдық процестің негізгі элементтеріне танымның объектісі мен субъектісі жатады. Осының барысында танымның объектісі табиғи объектімен сәйкеспейді, қайта адамның субъективтік мүдделері мен мақсаттары көрініс беретін бөлігі болып табылады. Таным сезімдік және рационалдық болып табылатын екі түрлі негізгі деңгейлерде жүзеге асырылады. Танымның сезімдік деңгейі мына формаларға ие – түйсік, қабылдау, елестету. Ал, танымның рационалдық деңгейіне ұғыну, пайымдау,ой қортындылау жатады.Танымның осы деңгейлерінің арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Таным процесіндегі негізгі мәселе ақиқат болып табылады. Ақиқат өзін абсолютті және салыстырмалы формада көрсетеді. Таным ғылыми және ғылыми емес деңгейлерде де жүзеге асырылады. Танымның ғылыми емес деңгейі- қарапайым, діни, көркемдік.

Ғылыми таным дегеніміз- жүйелілік, білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады. Ғылыми таным танымның әдістерімен формаларын екі түрлі деңгейде қолданады, олар:



  1. Эмпирикалық таным әдістері

  2. Теориялық таным әдістері

Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дәлділігімен ерекшеленеді деп айтылады. Бұл рас болғанымен шешуші роль атқармайды. Дәлдәі нақтылыққа қатынастың белгілі бір тәсілі ретінде күнделікті өмірге де енеді. Ғылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыда қарастырады деген пікір қалыптасады. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанымен, ол да ғылыми таным ерекшелігін көрсете алмайды. Бір жағынан, күрделіғылыми абстракциялар құрастырумен айналысатын ғылымға көрнекі бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан, суретшілер өз шығармашылықтарында дәл, логикалық, кіршіксіз ұғымдарға, пікірлер мен әдістерге сүйеніп отырады. Білім формасы түріндегі және оның өзге формалардан артықшылығын, ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Ғылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.

Теория – бұл тәжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Осы дұрыс па? Мысалы, суық бөлменің ішінде пешке от жаққанда, уақыт өте келе пештің суи бастағанын, ал бөлмедегі ауаның қыза бастағанын аңғарамыз. Біз мұны қорытындылай отырып мынаған келеміз: а) қыздырылған пеш жалыны жеткіліксіз болғандықтан суи бастайды; б) бөлмедегі ауа мен пештің температурасы бірдей болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл білім де қорытындылау нәтижемсінде алғанымен, оны теориялық деп айтуға келмейді. Кезкелген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және үрдістермен бірқатар бақылаулар, эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.

Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды. Оның себебі, ғылыми қорытындылар бақылаулар мен эксперименттердегі ортақ жалпылылықтарды ерекшелеп қана қоймай, бірқатар ерекше логикалық тәсілдерді қолдануында да болып шығады.

Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза формасында көрінеді. Гипотезалар бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өзінің логикалық формасында олар, әдетте мына түрдегі пікірлер кейпінде болады: «егер А және В арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады» және т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық. Алғашқылары – жекелеген заттар, жағдайлар мен үрдістер туралы болжамдар мен жорамалдар. Екінші топтағы гипотезаларға, мысалы, Д.И.Менделеевтың химиялық элементтер қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы жорамал негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжанады. Бұл болжамдар дәлелденгенннен кейін гипотезаны ұсыныс ретінде емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады.

Теориялық білімдер өз құрамына практикада дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық гипотезаларды да, әр түрлі эмпирикалық түйіндерді де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғарғы дәрежеде дәлелденген гипотезалар ғана белгілі бір теория құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Логикалық формасы жағынан өзара бір-бірімен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастар қатарына ең алдымен эквивалентті және туындамалы немесе логикалық жалғастық қатынастар жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз, дәлелденген, объективті шынайы болуы тиіс. Олар өздерінің шынайылығы мағынасында эквивалентті. Теорияның негізгі маңызы оны құрайтын пікірлердің бастапқы, түпкі ұсыныстардан таза логикалық немесе математикалық жолмен шығарылатындығында. Мұндай түйін нәтижесінде алынған пікірлер теория салдарлары деп те аталады.

Салдарлар өз мазмұны жағынан қарастырылар теорияның заңдары болуымен қатар, белгілі бір жағдайларды, ахуалдар мен үрдістерді сипаттайтын эмпирикалық тұжырымдар да болуы мүмкін. Салдардар туындайтын ұсыныстар әдетте теория постулаттары, принциптері немесе аксиомалары деп аталады.

Танымның ерекше түріне әлеуметтік танымды жатқызамыз. Мұндағы ең маңыздысы зерттелетін объектілерге объективті түрде сипаттама беріліп қана қоймай адамның құнды мәніне де көңіл бөлінеді.

Ғылым адамзат қызметінің басқа да салаларымен тығыз байланысты және қазіргі замандағы жалпы адамзаттық мәселелерді шешудегі жетістіктерді анықтайды.

Ғылыми танымның қандай артықшылықтары бар екенін айқын аңғаруға болады. Адамның кезкелген әрекеті қандайда бір міндеттерді және мәселелерді шешуді білдіреді.

Қазіргі ғылыми таным қалыптасуы барысында ғылыми теориялар көмегімен мұндай шешімдердің іске асу уақытын ондаған және жүздеген есе қарастыруға мүмкіндік туды. Ол үшін тек ғылыми теория ғана құру қажет, онан белгілі ережелерге сәйкес салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде көптеген берік салдарларды алуға болады. Шындығында теория құрудың өзі орасан зор күш-жігерді талап етеді және қоғам үшін қымбатқа түседі, яғни ғалымдарды дайындауға, құрал-жабдыққа, экспериментке орасан зор шығын кетеді. Оның есесіне, ең құнды нәрсе уақытты ұтуға болады. Бүгінгі күнгі техникалық дамудың өте жедел қарқыны күннен күнге ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар үдемелі жылдамдықпен өндіріске еніп жатуымен де сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет