Оқу -әдістемелік кешен



бет9/22
Дата24.04.2017
өлшемі4,22 Mb.
#15171
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

Экзистенциализм - ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен обьектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм екі түрлі бағытқа бөлінеді, олар: діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: К.Ясперс (1883-1969), Г.Марсель (1889-1973) жатады. Ал атеистік экзистенциалистерге: М.Хайдеггер (1889-1976), Ж.П. Сартр (1905-1980) және А.Камю (1913-1960) жатады.

Экзистенция латын тілінен аударғанда «өмір сүру», «тіршілік» дегенді білдіреді. Экзистенциализмде осы «өмір сүру», «тіршіліктің» өзі обьект пен субьетінің тікелей бірлігі ретінде түсіндіріледі, субьектінің сыртқа бағыттылығын, бөгде адында ашықтықты, осы бөгделікке деген қозғалысты білдіреді. Діни экзистенциализмде осы бөгде – құдай деп түсіндіріледі де тұлға өз еркіндігінде осы құдайға қозғалып бағыттанады екен. Атеистік экзистенциализмде осы бөгде – ештеңе еместік деп түсіндіріледі, бұл дегеніміз адам өз еркіндігін жүзеге асыра отырып, өз өзін тудырады. Адамның алдында таңдау тұрады, оны жүзеге асыра отырып адам еркіндікті жасайды. Ол өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы керек, ең алдымен өз өзінің алдында және әрдайым осы жауапкершіліктің ауырпашылғын алып жүру де қиын. Өйткені адам өз-өзін тудыра отырып, сонымен қатар басқа адамдар мен әлемді тұтас тудырады. Өзінің шынайы мәнінде адам осы әлемге «лақтырылып тасталған» ол әрдайым болашақ пен өлімнің алдына бетпе-бет келіп тұрады, өзінің әрекеттеріне жауапкершілік танытатын жағдайда жүреді. Экзистенция қорқыныш ретінде, экзистенциалды үрей шекаралық экзистенциялдық жағдай ретінде көрініс береді және мұнда Камюдың ойынша ең негізгі философиялық мәселе ол өз-өзін өлтіру жөнінде болады. Менің өлуім шындық екенін түсінуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз күнәлілігім – бұлардың барлығы да «шекаралық жағдайлар» (Ясперс). Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға», яғни қоғамдық қатынастарға тәуелді. Экзистенциалистер болмысқа қарама қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды.



Персонализм – бұл тұлғаны алғашқы шығармашылық шындық және жоғарғы рухани құндылық деп, ал әлемді Құдайдың, жоғарғы тұлғаның шығармашылық белсенділігінің көрінісі деп мойындайтын қазіргі заманғы философиядағы теистік бағыт. Персонализм екі түрлі вариантта көрініс табады, олар: француз персонализмі, өкілдері: Э.Мунье (1905-1950) мен Ж.Лекруа және американ персонализмі, өкілдері: Б.П. Боун (1847-1910), Р.Флюэллинг (1871-1966) мен Э. Брайтмен (1881-1953).

Персонализмдегі негізгі зерттеу пәні адамның шығармашылық субьективтілігі болып табылады. Мұны тек адмның құдайға деген қатыстылығы арқылы ғана түсіндіруге болады. Адам ол әрқашан тұлға, персона; оның мәні оның жанында. Адамның жаны өзіндік саналы, ол өздігінен бағытталады. Тарих пен қоғам адамның тұлғалығы арқылы дамиды. Персонализмнің негізгі мәселесіне адамның адамгершілік тәрбиесі мен еркіндігі мәселесі жатады. Персонализмге сәйкес, егер де тұлға Құдайға, қайырымдылыққа ұмтылыс жасаса, ол дұрыс жолда келе жатыр. Моральдық өз-өзін жетілдіру, дұрыс адамгершілік пен діни тәрбие үйлесімді тұлғалар қоғамына әкеледі. Тұлға басқа адамдармен белсенді сұхбаттасу, қарым-қатынас процесінде персонаға айналады. Осыдан адамдардың әлемді өзгертуге қатыстыру ретіндегі коммуникацияның маңыздылығы көрініс береді.



Структурализм – (К.Леви-Стросс, Ж.Лакан, М.П. Фуко, Д.Альтюссор). Бұл философиялық ағымға әлеуметтік нақтылықтың, адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық құрылымдарын айқындау арқылы жалпы философиялық тұжырымдар жасау және осы негізінде, олардың мәнін түсінуге талпыну. Структурализмнің ілімінше, құрылымдық тәсілдің негізінде кез-келген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде олардың құрылымының бір қалыпты болатындығын мойындау жатыр. К.Леви-Стросс әртүрлі халықтардың тайпалардың аңыз, ертегілерін, мифтерін зерттей келе, кез-келген бір миф жер жүзінің бір аймағында ешқандай айна қатесіз қайталанып жатады. Олай болса мифологиялық әр халықта белгілі бір логикаға бағынады деп ой қорытады. ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап, структурализм ғылыми тәсіл ретінде лингвистикада, антропологияда, психологияда, социологияда, кейінгі кезде философиялық әмбебап тәсіл ретінде қолданылып жүр. Структурализм сыни рационализммен қатар позитивизмнің көрінісінің формаларының бірі болып табылады.

Фрейдизм және неофрейдизм – Австрияда кейін Европа мен Америкада ХХ ғасырдың 20 жылдары пайда болған психоаналитикалық философияның даму кезеңі болып табылады. Бұл философиялық бағыттың эмпирикалық базасы ретінде психоанализ көрініс береді. Алғашында Фрейдизм невроздарды түсіндіретін және емдейтін ілім ретінде қалыптасып, кейін келе дау-жанжалды жағдайға тап болған саналық пен санасыздық арасындағы қарым-қатынасты, санасыздықтың өзіндік заңдылықтары мен әрекетшілдігін түсіндіруге бағытталған теорияға айналды. Фрейд адам психологиясының динамикасын түсіндіру үшін, оның психологиялық үштүпнегізін қарастырады. Олар «Мен», «Жоғарғы Мен» және «Ол». Фрейд өзінің басты идеясын жеке адамның «психосексуалдық даму» жөніндегі теория төңірегінде өрбітеді. Бұл теория бойынша, адамның еркінен тыс ұдайы конфликтілер жасап отыратын бір күш бар, соның нәтижесінде сана мен санасыздық арасында қақтығыстар болып тұрады. Қақтығыс (либидо) құмарлыққа ұмтылушы санасыздық пен саналы қалыптасқан, толысқан «шындық принципі» арасында болады. Фрейдизмнің қазіргі жақтастары неофрейдизм болса, Адам өзінің даралығын жоғалтатын, сыртқы дүниеден және өзінен жатқа айналатын, адамдық өлшемдерден арылатын, жеке адамның азғындауының және қоғамдық мүдде мен жеке мүдде арасындағы қайшылықтардың себептерін аша алмайтын қазіргі батыс қоғамына сын көзбен қарады. Мысалы, психоанализ идеяларын жалғастырушы К.Г.Юнг инстинктер биологиялық емес, символикалық мәнге ие деді. Өйткені символика психиканың өзінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Ұжымдық санасыздық – барлық нәсілдер мен халықтарға тән, жалпыадамзаттық тәжірибе. Ол адамға дейінгі жануар сипатын және адамзаттың бұрынғы жадысының жасырын іздерін көрсетеді. Ол мифологияда, халық эпосында, діни сенімдерде тұрақталған және қазіргі заман адамдарында түс көру арқылы жоғарыға шығады, көрінеді.

Неофрейдистер – А.Адлер (1870-1937), К.Хорни (1885-1952), Э.Фромм (1900-1980) осы философияның түп негізгі идеялары арқылы адамдардың өмірінің әлеуметтік құрылымын түсіндіруге тырысқан. А.Адлердің ойынша тұлғаның жүріс тұрыс мотивтерін түсіндіру үшін оның ұмтылыстарын «санасыз өмірлік жоспарын» соңғы мақсатын білу қажет. Осылардың арасында адам өмірінің қиыншылығын немесе өзінің сенімсіздігін жеңуге тырысады.

Адлерге сәйкес, индивид өзінің денесінің мүшелерінің дамуындағы ақаулары үшін толымсыздық немесе аз толымсыздық сезімінде болады. Осы сезімді асып өтуге және басқалар арасында өзіндік негізделуге ұмтылғанда, ол өзінің шығармашылық потенциясын белсендетеді. Бұл белсенділік компенсация немесе жоғарғы компенсация деген атқа ие. Жоғарға компенсация ол толықсыздық сезіміне деген реакцияның ерекше формасы. Оның негізінде ерекше қабілеттерімен ерекшеленетін көрнекті тұлғалар, ұлы адамдар шығады.

Неофрейдизмнің көрнекті өкілі болып Э.Фромм саналады. Ол психоанализ, марксизм, экзистенциализм идеяларын біріктіруге тырысты. Ол тұлғада туа біткен ештеңе жоқ деді, ал барлық психикалық көріністер – ол тұлғаның әртүрлі әлеуметтік ортаға берілуінің салдары. Фромм тұлғаның әрбір түрінің қалыптасу сипатын әлеуметтік ортаның тікелей ықпалынан еместігін, ал адамзаттың өмір сүруінің екі жақтығын, яғни экзистенциалды немесе теоретикалықтан шығарады. Фромм тарихи қайшылықтарды жоюды жаңа гуманистік қоғам тудырумен байланыстырды.

Постмодернизм. Метафизиканың логикалық аяқталуын Хайдеггерден кейін Ж. Деррида (1930) жалғастырды. Метафизикаға сынмен қарап, ол сонымен бірге Ницше мен Фрейдтің ілімдерін дамытады. Осы ойшылдар сияқты Дерриданың метафизикаға сыны бір уақытта барлық батыс ойларына сын болып табылады. Деррида іштен «деконструкция» көмегімен сынауға тырысады. Деконструкция – мәтінге деген қатынаста ерекше стратегия, ол өзіне оның «деконструкциясын» және оның реконструкциясын қосады. Деконструкцияның бастамасы – ол мәтіннен тыс болмау мүмкінсіздігі. Зерттеушінің мәтінге әрбір интерпретациясы мен сыны болмайтын болып саналады. Деррида мәтін немесе хат ұғымын кеңейткенде соңында тіл және барлығы «жазу» болып түсіндіріледі. Ол бұл кеңейтуді мәтінді және «жазуды» іс әрекет ретінде интерпретациялай отырып жасайды, яғни анықтайды және бөледі. Дерриданың ойынша метафизиканың басты қателігі ол үнемі негізді іздейді және оны тіршіліктен табады. Хайдеггерге сүйене отырып, Деррида осында негізді іздеудің нәтижесіздігін көрсетуге тырысады. Дүниеде бұл мағынада негіз болмайды. «Болмыс» формасында «қатыстылықтың» негізін іздеу, қарастыру пайдасыз.

Осы аспектіде «жазу», «айырмашылықты» сипаттайды. Жазу жаңа айырмашылықтар арасындағы үздіксіз сайыс болса пайда болады. Бұл ашық сайыста «басқа» үнемі негізгі орында болады. Мәтінді «деконструкциялау» идеясы әдеби сыншылдар арасында кең тарады. Постмодернизм термині «постструктурализм» терминінің аналогымен пайда болды.

Мишель Фуко (1926-1984) өзінің «Сөз және заттар» (1966) еңбегі арқасында көпшілікке белгілі болды. Онда мына құрылымдық көзқарас қорғалады: адам - әлеуметтік конструкция. Өзінің өзіндік негізіндегі шындығы – ол құрылымдар. Леви – Стросспен бірге Фуко адамды автономды индивид ретінде түсіндіретін теорияларға сын айтады. Фуко «гуманитарлық ғылымдардың археологиясын», яғни осы дәуірдің негізгі құрылымдық байланыстарын іздейді. Ол осы дәуірге тән ойлауды, іс-әрекетінде анықтайтын детерминантын құрылымды эпистема деп атады. Фуконың «археологиялық» зерттеулерінің сипаты оның жұмыстарының терең ғылыми формасына қарамастан практикалық (саяси) негізде болатындығы. Негізі бойынша Фуко қоғамдық маргиналдар гомосексуалистер, тұтқындар, «психикасы дұрыс емес адамдар» т.б. жақтарында табылады.

Ричард Рорти (1931) аналитикалық философияны зерттеді. Ол эпистемология үшін дәстүрлі субъект пен объектінің айырмашылығын сынға алады. Сонымен қатар ол ақиқат ой мен зат арасындағы өзара бір қатынас ретіндегі идеяны сынға алады. Оның ұстанған жауабы прагматикалық сипатта, ақиқат идеясының пайдалылығын көрсетеді. Ол сол уақытта да ой спецификалық контекстте үнемі «ситуацияланғандығын» атап көрсетеді. Рорти осылайша контекстуалист болып табылады. Прагматизм мен контекстуализм бірге алынып Рортиді саяси дәстүрді философиядан гөрі жоғарырақ қоюға әкеледі. Солтүстік Америкадағы оның аумағына байланысты ол либералды және демократиялық дәстүрлерді жақтайды. Оның «контексті» анық базистік құндылықтарды және пайдалыны анықтайды. Сонымен бірге Рорти бұл құндылықтарды философиялық аргументтер көмегімен негіздеуге тырыспайды. Оның ойынша әрбір философиялық аргументация мүмкін емес. Классикалық аналитикалық философиядан контекстуализмге өткенде, Рорти философиядан саяси мәдениеттің жоғарғы екендігіне келеді.

Рорти аналитикалық философияның бұрынғы жақтаушысы ретінде деконструктивистердің жұмыстарының әдістерін, позицияларын жақтайды. Рортидің ойынша философиялық мәтіндердің әдеби мәтіндерден артықшылығы жоқ. Оларды оқу қызықты, олар бізге позицияларды және көріністерді ашады, бірақ ақиқаттылыққа немесе жалпыға қажеттілікті көрсетпейді.

Соңында Рортидің еркешелігі ол жеке және көпшілік аумақтарына шек қояды. Жеке адам ретінде ол ұлы классиктерді оқу барысында білім алады және осыған байланысты білімді тұлға болып табылады. Қоғамның ұйымдасуы барысында ол көпшілік сфераны айтады. Бұл жерде Рорти либералды қоғамның жақтасы. Ницше мен Хайдеггерді оқығанда ол олардың талаптарына ирониямен қарайды. Саяси адам ретінде ол Ницше мен Хайдеггер типтес филсофтарды қауіпті ретінде қарастырады. Ол саясатта ашық және ағартушы либералды қоғамның жақтасы болып табылады. Сондықтан ол француз деконструктивистерін өмір философиясын саясатпен араластырғаны үшін сынға алады. (Деррида және Фуко). Саясатта философияға негізделген радикальды сыншылдардың жақтасы емес, үнемі либерал болуы керек.



Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. XX ғасыр аяғы – XXI ғасыр басындағы рухани мәдениеттің ерекшеліктері.

  2. Жаңагегельшілдік, неопозитивизм, неотомизм.

  3. Иррационализм бағыты.

  4. Экзистенциализм. Позитивизм.

13 Дәріс тақырыбы: Болмыс философиясы.


Дәріс жоспары:

1. Онтология ұғымы.

2. Болмыстың түрлері.

3. Субстанция мәселесі.



«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: онтос – болмыс, логос – ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин ХҮІІ ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келеді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты.

Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды. Дүниеге келгеннен кейін адамды мынадай сұрақтар мазалайды: Қоршаған орта нені білдіреді? Оның шығу тегі қалай? Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?

Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады.

Болмыс материя философияның түбегейлі категориялары болып табылады, өзінің негізінде жалпы реалдылықты, табиғат пен адамның, материалдық әлем мен адамзат рухының біртұтас негізін бейнелейді. Болмыстың өзі әртүрлі формаларға ие:



  1. Заттардың, табиғат күйі процестерінің болмысы;

  2. Адам болмысы;

  3. Руханилық болмысы;

  4. Әлеуметтік болмысы;

Заттар мен табиғи үрдістер болмысы ғарыш пен жердің, табиғилықтың күрделі жүйесі ретінде көрінеді. Бұл болмыс – бастапқы және Адам болмысының тарихи алғашқы негізі. Философиялық тұрғыда алғанда табиғи әлем объективті, заңдылықты, қажетті, Адам санасынан тәуелсіз, бүтіндей алғанда ғарыш – мәңгі, шексіз, ал жекелеген құрамдастар – шектеулі, өткінші. Табиғат пен ғарыш әлемі субстанционалды. Барлығының негізі – материя. Материя атрибутивті: қозғалыс, даму, өзгеріс, мәңгілік, шексіздік, таусылмастық, объективтілік және т.б.

Материя диалектикалық-материалистік тұрғыдан алғанда, объективті нақты және түрі жағынан алғанда сапалық-сандық алуан түрлі, өзінің акциденциалдық-функционалдық көрінісінде таусылмайды. Ол жалпы универсум, онда танымдық-зерттеушілік тұрғыдан үш деңгейді айқындауға болады: мега әлем, макроәлем және микроәлем. Материяның күрделі құрылым екендігі айдан анық. Дамудың диалектикалық концепциясы – универсумды пайымдаудың мүмкін болатын бір ғана позициясын ұстанатын тек философиялық парадигма ғана, ал әр түрлі жаратылыстанымдық-ғылыми концепциялар әлемнің әр түрлі құрамдастары туралы біздің көзқарасымызды тек қана кеңейте алады, мұның бәрі әлемнің бірбеткей иерархиясы тұрғысындағы салыстырмалы түрдегі білім ғана.



Адам болмысы – болмыстың екінші формасы ретінде әлемдегі тікелей біздің материалдық-тәндік-организмдік және психикалық дүниемізге қатысты. Дене ретінде Адам өзінің табиғи саласына оның құрамдас бөлігі ретінде енгізілген. Нақты дене ретінде біз өз болмысымызды үнемі гомеостаз ретінде көрінеміз, туылғаннан бастап біздің болмысымыз Ешнәрсеге – барлық тірі жанның табиғи өліміне бағытталған нәзік, тірі бүтіндік қана. Нақты денедегі өмір уникалды, қайталанбайды, тұлғалық-индивидуалды және өзінің өткінші өмірін бойындағы тұқым қуалаушылықпен сақталып келген биопсихикалық инстинктер, таңылған мақсаттармен басып тасталатындай әлеуметтік-саяси-оқшауланған социумда өткізетін болса, бұл өмір трагедиялығымен, драмалығымен де сипатталады. Өмірдің мәні жоғалту, босқа өткізген өмір, болмыстың жалғандығы – мұның бәрі нақты индивид экологиясындағы апатқа айналады.

Әлеуметтік болмыс, әлеуметтік философияның ұғымында мәдени-өркениеттік әрекеттің объективті-жалпы үрдісі ретінде, индивидтің өмір қамы үрдісі ретінде көрінеді. Бұл сананың қоғамдық формалары болмысының күрделі ұйымдасқан үрдісі және индивид санасының интеллектуалды адамгершілік бағдарындағы нақты формасы ретіндегі рухани болмысының стихиясы мен онтологиясы.

Осылайша, әлемдегі Адам болмысы мәңгілік пен өткіншіліктің, шексіздік пен шектіліктің, тұрақтылық пен өзгермеліліктің, субстанционалды анықтық пен бос белгісіздіктің, мәнділік пен тіршіліктің және т.б. арақатынастарымен сипатталады.

Өз кезегінде болмыстың бұл формаларының өз деңгейлері болады. Әлемді философиялық тұрғыдан түсінудегі басты мәселе субстанция ұғымы, субстанция мәселесі «алғашқы бастама» жөніндегі идеяны негіздеуге бастаған ұмтылыс ретінде пайда болды. Субстанцияны қалай түсінуге байланысты – мәнділіктің өзі ретінде (антиктік гректерде) немесе жоғарғы және абсолюттік негіз құдай ретінде (ортағасырларда), немесе трансценденталдық негіз (Канта – тәжірибе мүмкіндігінің шарты ретінде), немесе Абсолюттік рухтың диалектикалық қозғалысы ретінде (Гегельде), немесе қоғамның экономикалық негізі ретінде (Марксте), немесе барлық табиғи түзілімдердің түпкі материалдық негізі ретінде (материалистерде), немесе билікке деген ерік ретінде (Ницшеде) және оны танудың әдістері мен тәсілдері мәселені баяндау мен мақсатты негіздеу ережелері ойлап табылып, жасалынды. Осы ұмтылысты жүзеге асыруда әр түрлі тәсілдер пайда болды, олар:


  1. Монизм / материалистік немесе идеалистік/

  2. Дуализм.

  3. Плюрализм.

Монизм – бүкіл дүниедегі нәрселердің бір ғана бастамасын мойындайтын философиялық ілім. Материалистік монизм идеясы бойынша, негізгі ұғым материя болып табылады. Ұзақ тарихи уақыт барысында материя ретінде белгілі бір заттың негізгі қасиетін таныды, бұл материяны жаратылыстың ғылыми тұрғыдан анықтауының белгісі болды. Сонымен бірге, материя ұғымы материяны философиялық тұрғыдан анықтауда көрініс беретін философиялық аспектіге ие.

Материя мәселесінің қойылуы сана мәселесін тудырады, нақ осы екі ұғымдардың қатынасы философияның негізгі мәселесі болады. Материя, олардың болмыс түрлері: қозғалыс, кеңістік және уақыт бір-бірімен де тығыз байланысты.

Идеалистер барлық құбылыстардың бірден-бір бастамасын рух, идея деп санайды. Идеалистік монизмнің ең дәйекті бағыты Гегельдің философиясы болып табылады.

Дуализм – материалдық және рухани субстанцияларды өзара тең құқылы бастаулар деп есептейтін, монизмге қарама-қарсы философиялық ілім. Дуализмнің түп төркіні – материализм мен идеализмді ымыраластыру. Дуалистік сананы материядан бөліп алу, идеализмге соқтырады. Әсіресе дуализм Декарт пен Кант философиясына тән.

Плюрализм – дүниенің бастамасы ретінде көп субстанцияларды мойындайтын философиялық ілім.

Бекітуге арналған сұрақтар:


  1. Болмыс тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым.

  2. Болмыстың негізгі түрлері: заттар, процестер болмысы, адам болмысы, рухани, әлеуметтік болмыс.

14 Дәріс тақырыбы: Философиялық антропология.


Дәріс жоспары:

1. Тарих философиядағы адам мәселесі.

2. Философиядағы тұлға мәселесі.

Адам болмысы философиядағы басты проблемалардың бірі болып табылады. Адамның табиғаты, мәні, бағыт-бағдары философиядағы антропологиялық мәселелердің өзектілігін және ерекшелігін анықтайды.

Адамның философиялық концепциясы ғылымдардың жалпы философияның негізі ретінде көрініс бере отырып, еңбек, сана, ұжымдылық деген сияқты адамның тектік мәнінің негізгі формаларын талдайды. Мұнда антропосоциогенез процесінде сананы, сонымен бірге заттық- практикалық қызметті қалыптастыратын негізгі факторлар болып табылатын тіл мен еңбектің роліне көп көңіл бөлінеді. Адамның тіршілігін үйлестіруге, оның құндылығы мен мәнін анықтауға деген ұмтылыстар идеалды адам концепцияларында жүзеге асырылып, философияда гуманистік дәстүрді тудырды. Адамның индивидуалды тіршілігінің ақыры, өмірі, өлім және өміршеңдік /бессмертия/ мәселелері, «өлуге құқылы» / Эвтаназия/ мәселесі, адам өмірінің әлеуметтік және биологиялық және әлеуметтік жалғастығы сияқты философиялық гуманизмнің классикалық мәселелері қазіргі заманымызда да актуальды.

Бірыңғай әлемдік қауымдастықты қалыптастырып, дамыту сияқты интеграциялық процестер қазіргі заманда адамзат тағдырын ғаламдық тұрғыдан қарастыруды біргейлі идеясын адам мен адамзаттың бір-біріне өзара қарым-қатынасының философиялық негіз етіп алады.

Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет берді. Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.

Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалды. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар мен құдайлар арасындағы шекара шартты және өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл Үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол әсерін тигізді.

Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Оның түпкі тұжырымы ретінде “аспан” концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адам дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғарғы рухани күшті де білдіреді. Бірақ оның философиясы негізін аспан, немесе жалпы табиғи әлем емес, адам, оның жердегі өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни антропоцентристік сипат алады. Конфуций ең алдымен адамның адамгершілік әрекетіне назар аударады. Ол аспан мархабатымен белгілі бір этикалық қасиеттерге ие болған адам мораль заңына - даоға сәйкес қылық жасауы тиіс және бұл қасиеттерді оқу үдерісінде жетілдіру тиіс деп жазады. Оқытудың мақсаты Конфуций концепциясына сай “идеалды адам”, “қайырымды ер” деңгейіне жету болып табылады. Ол деңгейге жақындау үшін әрбір адам бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі негізгісі “өзіңе қаламағанды өзгеге жасама” деген ережеге сай отбасы мен мемлекеттегі адамдар арасындағы идеалды қатынастар заңын білдіретін өмір концепциясы болып табылады. Келтірілген ереже адамгершілік императив ретінде кейінірек әр түрлі нұсқаларда Ежелгі Грекияда, Інжілде, Кантта кездеседі.

Ежелгі Шығыстың адам философиясын сипаттай отырып, оның маңызды бөлігі жеке тұлғаның әлеуметтік әлемге де бірдей өте құрметті және гуманды қатынас жасайтын бағдары екендігі атап өтуге болады. Сонымен бірге бұл философиялық дәстүр адамның ішкі әлемін жетілдіруге бағытталған.

Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір қатынастар жүйесінде өмір сүреді. Өзінің барлық табиғи және әлеуметтік ортасымен, көршілерімен, полиспен, жанды және жансыз заттармен, жануарлармен, құдайлармен бірге ол біртұтас, ажырамас әлемде өмір сүреді. Ғарыш түсінігінің өзі мұнда адамдық мәнге ие болады, сонымен қатар адам тірі ағза ретінде, макрокосмос ретінде, ғарыштың бір бөлігі ретінде пайымдалады.

Тікелей антропологиялық проблематикаға өту софистердің сыншыл, ағартушылық әрекетімен және философиялық этиканың негізін қалаған Сократтың еңбегімен байланысты болады. Сократ үшін негізгі мәселе адамның ішкі әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып табылады. Ол “игілік - білім” деп тұжырымдай отырып, алғаш рет этикалық рационализм принципін негіздейді. Сондықтан да қайырымдылық пен әділеттілікті таныған адам жаман және әділетсіз қылық жасамайды.

Демокрит – адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі. Оның ойынша, адам – табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады. Тәннің өлуімен бірге жан да жойылады. Оның айтуынша өмірдің мақсаты – бақыт, бірақ ол тәннің ләззат алуы мен өзімшілдік емес. Бақыт – бұл ең алдымен рухтың қуанышты және жақсы көңіл күйде болуы. Оның маңызды алғышары – ақыл-ой.

Аристотельдің концепциясында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Және адамның бұл әлеуметтік табиғаты оны жануарлардан да, “адамгершілік тұрғыда жетілмегендерден” де, “жоғарғы адамнан” да ерекшелендіреді. Сондықтан ол былай деп жазады: “егер кімде-кім өзіне өзін жеткілікті санап, ешқандай қарым-қатынасқа түсуге қабілетті болмай, оған деген қажеттілікті де сезінбесе, онда ол мемлекет элементін құрамайтын не жануар, не құдай болғаны”. Адамның тағы бір ерекше белгісі – оның ақылдылығы, “адам – бұл ең алдымен ақыл-ой”. Сонымен Аристотельдің пікірінше, адам – ақылға ие қоғамдық жануар.

Ерте грек философиялық антропологиясы да Ежелгі Шығыс философиясы сияқты мифология мен дін таңбасын өзімен бірге ала жүреді және олармен тікелей сұхбаттаса дамиды. Оның шығыстық философиядан басты ерекшелігінің бірі, мұнда адамның әлемге қатынасы ашық және қоғам мен оны өзгертуге қатысты белсенді позиция ұстанылады.

Ортағасырларда адам ең алдымен құдай бекіткен әлемдік тәртібінің бөлігі ретінде қарастырылады. Ал ол туралы көзқарас христиан дінінде көрсетілгендей, адам “құдайдың бейнесі және соған ұқсастығы” түсінігіне саяды. Әлеуметтік тұрғыда ортағасырларда адам құдіретті тәртіптің бей-жай қатысушысы деп жарияланды және құдайға қатынасында ол төмен әрі бейшара жан болып табылады.

Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми білімнің ықпалымен қалыптасты. Жаңғырту дәуірінің философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел бастағы күнәкарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның қайырымдылыққа, бағытқа және үйлесімділікке табиғи ұмтылысын бекітеді. Бұл философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән.

И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиги қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Сезімдік әлемнің құрамдас бөлігі ретінде ол қажеттілікке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ол ерікті. Кант адамды автономды және тәуелсіз бастау ретінде, өзінің теориялық, практикалық әрекетінің қожайыны ретінде айқындауға ұмтылады. Адам әрекеті мен қылығының түпкі принципі категориялық императив болуы тиіс. Категориялық императив – кез келген тұлғаның өзіндік мақсаты өзіндік жетілу болғандықтан, ол ешқашан да, қандайда бір міндеттердің, тіпті игілікті міндеттердің де жүзеге асу құралы ретінде қарастырылмауы тиіс деген тұжырымға негізделген формальды ішкі талап.

Гегельдің антропологиялық концепциясы, оның бүкіл философиясы сияқты рационализмнен тұнып тұр. Адамның жануардан артықшылығының өзі, ең алдымен адамзатқа оның адамдығы туралы хабар беретін ойлауында. Ол адамды рухани әрекет субъектісі және жалпы маңызды рух мен ақыл-ойдың тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын аса зор күш-жігермен дәлелдеп берді. Тұлға индивидпен салыстырғанда адам өзінің “шексіз, жалпы және еркін” жан екендігін сезінгенде ғана басталады. Әлеуметтік тұрғыда оның ілімі индивидтен әлеуметтік бүтіндіктің басымдылығы принципін айшықты түрде көрсетеді.

Маркс адамды түсінуде ең алдымен еңбек әрекетін алға тартады. Қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды. Қоғам тұлғаның қасиеттерін детерминациялайды.

Өмір философиясы (Дильтей, Ницше) адам ерекшелігін бірде органикалыққа, биологиялыққа жақындайтын, бірде мәдени-тарихи мәнде түсіндірілетін өмір феноменінен көреді. Өмір философиясы алдыңғы орынға ақыл-ойдан тыс қабілеттері шығады: сезім, ерік, интуиция. Көбіне санаға адам қылығының терең қайнар көзі болып саналатын бейсаналық қарсы қойылады.

Экзистенциализм, ең біріншіден, индивидуалды адам өмір сүруінің шынайылығына мазасызданады. Ол еркіндікті табиғилықтан да, барлық тұлғасыз күштерден де іздейді. Алдыңғы орынға сезім, бірақ жай ғана сезім емес, сезіну, алаңдау, мазасыздану үдерісі шығады. Бір мезеттік сезімдер орнына ұзақ уақыттарға созылатын сезімдік көңіл-күй келеді.

Гуссерль феноменологиясы тұлға тұйықтығын игеруге ұмтылады. Көңіл-күй әуел бастан сыртқы әлемге бағытталғандықтан, ол интенционалды деп есептеледі.

Өмір философиясы мен Гуссерль феноменологиясында негізгі қаланған үрдістерді дамыта отырып, ХХ ғасырдың 30 – жылдары Германияда Шелер мен Плеснер жұмыстары арқасында адам проблематикасымен айналысатын ерекше философиялық пән – философиялық антропология қалыптасты.

Тұлға мәселесі философияда және жаңа заманғы қоғамдық практикада маңызды мәселе болып табылады. Тұлғаның даму деңгейіне көбінесе олардың жалпы адамзаттық мақсаттарын түсіну мен өздерінің қоғамдық функцияларын атқарудағы жауапкершілік қатынастары әсер етеді.

Тұлға ұғымының мазмұны «адам», «индивид» деген ұғымдармен тығыз байланысты, бірақ олармен тең емес. «Адам» жалпы тектік статусты бейнелесе, «индивид» текке индивидуальдық тұрғыдан қатыстылықыты бейнелейді. Тұлға ұғымы өте терең және күрделі, сондықтан адамның өмірлік қызметіндегі қоғамдық көрсеткіштердің байлығын, яғни оның әлеуметтік мәнін бейнелейді. Сондықтан тұлғаның қалыптасуында әлеуметтік ортаның маңызы зор. Сонымен бірге тұлғаның қоғамнан салыстырмалы тәуелсіздігін ескеру керек,өйткені бұл тұлғаның қалыптасуындағы қажетті шарт болып табылады.

Тұлға қоғамдық өмірдің объектісі және субъектісі ретінде көрініс беруі мүмкін. Тарихтың барысында тұлғаның ролі көбінесе қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты болып, адамның ерекше белгісі ескерілмеді. Тұлғаның жан-жақты дамуы гуманистік идеал және адамзат тарихының мән-маңызын құрайтын бастама ретінде көрініс береді. Сондықтан, қоғамдық дамудағы тұлғаның еркіндігі мен тарихи қажеттіліктің диалектикасын ескерту өте маңызды. Қоғамдық өмірдегі еркіндік пен қажеттіліктің диалектикасы адамның еркіндігі мен жауапкершілігінің диалектикасында көрініс береді.

Тұлға мәселесін, оның сыртқы және ішкі еркіндігін қарастыру кезінде жатсыну мәселесін, оның себебін, мәні мен тарихи формаларын философиялық тұрғыдан талдау өте маңызды. Осы мағынада тұлғаның еркіндігін жатсынуды болдырмау, жою проесі ретінде қарастыру керек,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет