Жаппай тәжірибе өткізген кезде кезекшілер оқушыларға тәжірибе өткізуге қажетті жабдықтармен заттарды таратып береді.Оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша тәжірибе сипатталған бетті оқулықтан ашып оқиды,ондағы берілгендердің барлығы түсініктіме екен соны анықтайды.Олар нұсқау ретіндегі оқулықтағы сипаттаманы пайдалана отырып,мұғалімнің басшылығымен тәжірибені орындайды.Ең соңында оқушылар алынған нәтижелерді талдап,тиісті қорытындылар жасайды.
Оқушының өзіне жасату арқылы ауаның қасиетін тапқызу.
«Үш жарықты жағайық.Оларды стаканмен,банкамен,төбесі ашық банкамен жабамыз,қайсысы алдымен сөнеді? Неге?
Стаканмен жабылған сөнеді.
Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді,себебі ауа көптеу.
Төбесі ашық шырақ жана береді,оны ауа толық қоршап тұр.Олай болса ауа жанғыш.
Дүниетану сабақтарыда сурет салу. Дүниетануды оқытудың маңызды мақсаты -балалардың мақаладағы немесе суреттегі негізгі мәселені анықтауға үйрету.Бұл үшін мәтіндегі немесе сурттегі басты мазмұнды анықтауға көмек ететін тапсырмалар мен сұрақтарды пайдаланады.Дүниетану сабақтарында сурет салу қажет.Оқулықтардағы таблицалар,картиналар,суреттер табиғат құбылысы немесе обьекті туралы жалпы әсер тудырғанымен оларды мұқият көрсетіп,берілген құбылыстың себебін көрнекі түсіндіре алмайды.Осындай жағдайларда тақтаға салынған бөлшек бөлшек картиналар,схемалар,чертеждар мен суреттер мұғалімге жәрдемге келеді.
Тақтаға салынған сурет дегеніміз ол балаларға оқулықтағы мақалалардың мазмұнын,мұғалімнің әңгімесін,орындалған тәжірибені ашып көрсететін қарапайым схема.Мысалы,мұғалім 3-сыныпта бұлақ көзінің пайда болуын түсіндіргенде тақтаға су өтетін және су алмайтын қабаттардың орналасу схемасын сызып,су өткізбейтін қабаттың үстімен судың қозғалып ағуын көрсетеді.Балалар бастау көзінің бүкіл түзілу процесін көрнекі түрде түсініп алады.Сурет тек қана сабақтың мазмұнын түсіндіріп қоймай,оны оқушыларға жеңіл және қызықты етіп өткізеді.
Осы мәселені қарастыра отырып,А.А. Половинкин тақтаға салынған суреттің жәрдемімен оқушы мұғалім ұсынған пікірдің бүкіл барысын қадағалай алатынын баса көрсетті. «Есту және көру бірге қатысады.Бұл баяндалатын ойды тек тереңірек түсіну ғана емес,сондай ақ оны ойда берік сақтауға мүмкіндік береді».
4- сыныпта сабақтарда мынадай чертеждер мен схемаларды орындауға болады: көкжиек және көкжиек сызығы, қозғалу кезінде көкжиектің өзгеруі;чертежде бағыттың бейнеленуі;адамның қағаз пішінімен жұмыс істеу және күнге қарап көкжиек тұстарын анықтау (алаңда немесе мектеп ауласында жұмыс істеген соң);кішкене нәрселердің (қораптар,кубиктер және т.б) чертеж планы; масштабсыз және масштаб бойынша сынып бөлмесінің планы;оқушылардың экскурсиядағы жолы;төбелердің,бұлақ көзінің пайда болуының чертеж схемасы;жылғалармен өзендердің схемасы;жырадағы солтүстік және оңтүстік жарты шарлары,солтүстікпен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай бағыттарды көрсететін сызықтарды және т.б белгілей отырып,жер шарының чертежін сызу.
Суреттер мен чертеж схемалар себеп салдарлықтардың байланыстардың бастамаларын белгілеуге жәрдемдеседі.Мұғалімнің шөлдің беткі көрінісі туралы әңгімесі кезінде тақтаға салған суреті,шағылдардың қалай түзілуі,шағылдардың барлығы неге бір бағытқа қарап жататынын ,құмды төбелер түзуде қандай рөлі болатыны туралы түсіндірме мен қоса жүргізілуі қажет.
Педагогикалық схемалы суретті,әсіресе түрлі түсті борлармен жүйелі және белгілі мақсатқа пайдаланса,балалар тек картинаға немесе суретке қарауды үйреніп қана қоймай,олардың мазмұнын да көре білетін,табиғат құбылыстарын балаларға түсінікті деңгейде салыстырып,талдайтын қарапайым байланыстарды анықтай алатын болады.
Дүниетану сабақтарында сурет салу сабақ беруді жандандырып, сабақтың тақырыбын жақсы қабылдауға,оның мазмұнындағы аса маңыздыларын саналылықпен түсінуге көмектеседі.
Мұғалім дүниетану сабақтарында суретті үнемі қолдана отырып,балаларға обьектілер мен табиғат құбылыстарын дұрыс салуды үйретеді.