Осы тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттердің мына беттерін оқу керек:
1.Омаров Т.Т., Танашева М.Р. Бейорганикалық химия.Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2008. 442--445 беттер.
2.Кулажанов К.С., Сулейменова М.Ш. Неорганическая химия. Учебник для студентов специальностей 5В072700 и 5В072800, обучающихся по кредитной технологии/ Алматы: 2012. 201-209 стр.
3.Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М.,Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар. – Семей,2012 – 67-69 беттер.
Модуль 6. Координациялық қосылыстар
6.1 Химиялық байланыстар, қасиеттері;
6.2 Комплексті қосылыстар
Дәрістер №14-15. Химиялық байланыстар, қасиеттері
Химияның негізгі мәселерінің бірі – химиялық байланыстың табиғаты жөніндегі мәселе. Химиялық қосылыстардың көп түрлілігін, түзілу мәнісін, құрамы мен құрылысын және қасиеттерін білу үшін түрлі элементтердің атомдарының бірімен-бірінің қосылып молекула түзілуінің, молекула мен молекуланың қосылуының себебін , яғни химиялық байланыстың табиғатын білу қажет. Химиялық байланыс түзуге валенттілік электрондар қатысады:
s- p- элементтерінде сыртқы, d- элементтерде сыртқы s пен қоса ішкі d –қабатшасындағы электрондар.
Химиялық қосылыстарда валенттілік электрондардың орналасу тәртібіне байланысты ковалентті, ионды, металдық байланыстар деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |