Оқу-әдістемелік кабинеті «Компьютерлік графика» пәні бойынша


RGB моделінің түстік кеңістігі бірлік куб болады. Өкінішке орай, RGB



бет3/62
Дата23.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#159448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Компьютерлік графика

    Бұл бет үшін навигация:
  • Whiteness
RGB моделінің түстік кеңістігі бірлік куб болады.



Өкінішке орай, RGB моделінде кейбір түстерді алуға болмайды. Бейнені принтерден шығарғанда қағазға тек белгілі түсті көрсететін түсті бояу жағылады. Барлық қалған түстер сіңіп кетеді немесе күн сәулесі әсерінен жойылады.
Түстердің ақ қағаздан RGB модулінің негізгі түстері шағылысу нәтижесінде CMY -(Cyan, Magenta ,Yellow) моделі пайда болды. Сонда RGB моделімен CMY моделі арасындағы қатынасты келесідей көрсетуге болады.

CMY- субтрактивті модель болып табылады. CMY моделінен CMYK– ға (C-Cyan-циан, M-Magenta-пурпурлы, Y-Yellow – сары, K-Black-қара) ауысу үшін келесі қатынас қолданылады.
K = min(C, M, Y),
C = CK,
M = MK,
Y = YK.
Бұл модель полиграфияда көп қолданылады.
RGB және CMYK модельдері нақты құрылғылар мен нақты жұмыс істеуге ыңғайлы да адамның көзі қабылдауға қолайсыз. Қолданылатын техникалық құралдарға тәуелсіз түсті көрсетудің бірнеше модельдері бар.
HSB – бұл модельде әрбір түс түстің тонымен (hue), түстің шымқайлығымен (Saturation, насышенность) және түстің ашықтығымен (Brightness, яркость) анықталады. Бұл модельмен программалар жұмыс істейді. Түстер әріқарай экранға немесе принтерге шығару үшін RGB немесе CMYK моделіне келтіріледі.
HBW – бұл модельді еңқарапайым және түсінікті деп саналады. Бұл модель түстің тонын (hue) тандап, оған немесе ақшылдық (Whiteness) немесе қаралық (Blackness) қосуға негізделген.
HSV, HLS түстік модельдері тонның ашықтылығына және шымқайлылығына негізделген. HSV моделінде цилиндрлік координат жүйесі қолданылады.


HLS көбінесе түстерді сипаттау үшін бекітілген палитралар, яғни берілген түстер тізімі қолданылады. Палитралардың жиыны өте көп. Ең көп пайдаланылатыны, кең таралғаны PANTONE палитрасы. Палитраны қолдану жұмыс істеуді жеңілдетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет