Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің
оқу-әдістемелік кабинеті
«Компьютерлік графика» пәні бойынша
дәрістер жинағы
Ақтау – 2016 ж.
«Бекітілді»
Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңесінің
№ _____ хаттамасы
«___» _______ 2016 ж.
Тақырыбы: «Компьютерлік графика» пәні бойынша дәрістер жинағы
Құрастырған: Ражабова А.Ж. - Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің арнайы пән оқытушысы
Пікір жазған: Жукенова С.С. - О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты
«Компьютерлік графика» пәнінен бұл оқу құралы үлгілік оқу жоспары және білім беру бағдарламасына сәйкес компьютерлік графиканын түрлерін, компьютерлік графиканың қолдану аумағын, графикалық файлдардың пішімдерін, компьютерлік графика айырмашылықтарын, графикалық редакторлардың интерфейсін, объект түрлерін және объектілермен жұмыс жасауды, екі өлшемді және үш өлшемді графика негіздерін қарастырады.
«Компьютерлік графика» пәні бойынша оқу құралы орта кәсіптік білім беретін оқу орнының III курс студенттеріне теориялық, зертханалық және бақылау сұрақтары, тест тапсырмаларын орындауға арналған.
«Ұсынылды»
Әдістемелік бірлестік
отырысының №____ хаттамасы
«___»____________ 2016 жыл
Алғы сөз
«Компьютерлік графика» пәнінен дәрістер жинағы 1304000 «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті орта кәсіптік білім стандартына сәйкес әзірленген жұмыстық оқу бағдарламасын негізге ала отырып жасақталған.
Оқулыққа қосымша оқу құралы «Компьютерлік графика» пәні мазмұнының міндетті минимумына және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының негізгі арнайы оқулық ретінде пайдалануға ұсынылады.
Жалпы көлемі – 65 сағат, соның ішінде:
-теориялық сабақтар-52 сағат;
-тәжірибелік сағаттар-13 сағат;
-бақылау жұмысы-2;
-сынақ-2.
Бұл оқу құралында барлық компьютерлік графикалардың қазіргі деңгейі, графикада ақпараттық технологияны және графикалық бағдарламаларды пайдалану, растрлық графикамен, векторлық графикамен және дельфи бағдарламасының canvas әдісімен жұмыс жасау, Corel Draw бағдарламасы бойынша графикалардың жіктелуі қарастырылады.
Пәннің теориялық және практикалық курсын аяқтағаннан кейін оқушылар осы пән бойынша бақылау сұрақтарын және тест тапсырмаларын орындайды. Сондықтан осы оқу құралында барлық қажетті жабдықтар бойынша толық мағлұматтар берілген, сондықтан оқушыларға көп көмегін тигізеді.
1304000 - «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының «Компьютерлік графика» пәні бойынша дайындау деңгейіне қойылатын талаптар:
Достарыңызбен бөлісу: |