2 Координаттық моделдердің негізгі түрлер
3 Нүктелік және сызықтық объектілер
4 Координаттық моделдер арасындағы өз ара байланысы
№8-9 дәріс
Тақырып: Геоталдау және моделдеу (2 сағат)
Дәріс жоспары
1 Моделдеудің негізгі түрлері
2 ГАЖ моделдеудің әдісемелік негіздер
3 ГАЖ моделдеудің ерекшеліктері
4 Жердің цифралық моделдері
1 Моделдеудің негізгі түрлері
ГАЖ моделдеудің төрт негізгі топтарын бөлуге болады: семантикалық, инварианттық, эвристикалық, ақпараттық.
Симантикалық моделдеу кодтау есептер және лингвистикалық қамтамасыз ету мен байланысты. Құрылым және мазмұны бойынша кіріс ақпараты әр түрлі болса, ол ең аз бірыңғалайған, - соншалықты көп көлемде жинау жүйесінде симантикалық моделдеуі қолданылады.
Инварианттық моделдеуі толық немесе бір бөлігі бірыңғайланған ақпараттық элементтері немесе құрылымдар мен жұмыс істеуге негізделген. Оның тиімділігі АБЖ және басқалай АЖ қолдану нәтижесі мен дәлелденген. Осы түрдегі моделдеуді топтық операцияларына қолдануды талап етеді, ол жеке моделдеу мен салыстырғанда еңбек өнімділігін жоғартады.
Эвтистикалық моделдеуі эксперттік шешімдер қажет кезде және арнай есептерді шешу кезде қолданылады. Көбінесе ол интерактивтік өңдеу кезде іске асырылады.
Ақпараттық моделдеуі әр формадағы ақпараттарды құру және қайта құру мен байланысты, мысалы, қолданушы мен берілетін графикалық немесе тексттік түрі. Ол интегрирленген ақпараттар негізін алдын-ала өңдеу және базаны қолдану кезде тиімді болады.
Кезкелген кластағы объекті моделін құру кездегі маңызды сипаттамасы өзіне екі топ көрсеткішін еңгізетін модел жарамдылығы болып табылады. Модел жарамдылықтың бірінші топ көрсеткіші объектіні көрсету құралдарын сипаттайды, екіншісі есептеу ресурс ретіндегі моделдеу құралдары техникалық мәліметтер мен анықталады.
2 ГАЖ моделдеудің әдістемелік негіздері
Қазіргі замандағы көз қарасы мен ГАЖ, ақпараттарды өңдеу, сонымен бірге моделдеу әдістерін кешенді қолдагатын интегрирленген ақпараттық жүйесі болып табылады.
Кешендігі өзіне ақпараттарды жинау, өңдеу, моделдеу, бірыңғай ұсыну және құжаттық қамтаасыз ету үдірістерін автоматтандыруын еңгізеді.
Моделдеу үдірісінде объектінің ақпарат моделінің бірлік принципі іске асырылады.
ГАЖ моделдеуі бастапқы ақпарат мәліметтерді декомпозициялау, одан әрі жалпы моделдік шешімді синтездеу негізінде іске асырылады.
Имитациялық моделдеу әдісі – тиімді шешімді таңдау жолдардың бірі. Осы әдісін ГАЖ тәжірибелік қолдануы имитациялық моделдеу жүйесі (ИМЖ) мен қамтамасыз етіледі.
Типтік моделдер жиынын және олардың элементтерін сақтау, ақпараттық анықтама ақпараттарын сақтау үшін арнайы мәліметтер базасын қолданады.
3 ГАЖ моделдеу ерекшеліктер
Бастапқы кеңістік мәліметтер және ГАЖ өңдеу үдірісінде алыңған мәліметтердің әр түрлі форматтар болу мүмкін. Формат түрі қолданылатын бағдарламалық құралдары мен анықталады. Форматтарды қайта келтіруі арнайы бағдарлама – конертердің көмегі мен іске асырылады.
Векторлеу. Мәліметтерде векторлық немесе растрлық ұсынысы болу мүмкін. Векторлық және растрлық бейнелеу арасындағы айырмашылығы ГАЖ үшін маңызды болып келеді. Растрлық бейнелеуі алаңдағы мәліметтерді көрсетеді, яғни алаңдық сипаттамасы бар. Векторлық бейнелеуі геоақпараттағы объектілерді көрсетеді, яғни объекттік сипаттамасы бар.
Проекция және проекциялық қайта келтіру. Кеңістік объектілердің нүкте координаталарын жер бетіндегі объектілердің орнын көрсету үшін қолданады. Жер бетінің формасы өте қиын. Картаны құру кезде нүктенің кеңістік орны жазықтық (екі өлшемді) түрде көрсетіледі.
Бір картографиялық проекциядан басқаға немесе кеңістік жүйесінен картографиялық проекцияға көшіруді іске асыратын ГАЖ математикалық процедурлар тобын проекциялық қайта келтіру тобы деп атайды. Осы топтар бір болкты құрастырып, моделдеу әдістер мен іске асырылады. Осы блокқа бастапқы мәліметтер негізінде жаңа проекцияны алу үшін кеңістік мәліметтерді өңдеу әр түрлі процедуралар кіреді.
Поликоникалық проекциясы (policonic projection). Оларда паралелдері ортасы орталық меридианда немесе оның жалғасындағы эксцентрлік шеңбер доға мен көрсетіледі, л меридиандар орталық меридианға симметриялы қисық пен көрсетіледі.
Кей бір жағдайларда поликоникалық проекциясы қосымша жағдайлар және эксцентриклық шеңбері мен доға түріндегі, меридианы мен шеңберлік проекцияларын қолдануға арналған проекциясы болып табылады.
Геометриялық талдау. ГАЖ бағдарламалық құралдары векторлық және растрлық моделдерін геометриялық талдау үшін бір қатар операциясын орындауға мүмкіншілігі береді. Векторлық моделдер үшін осндай операциялары: арақашықтықты, сынық сызықтардың ұзындығын, полигон центроидтар координаталарын анықтау, векторлық объектілердің алаңын есептеу, объекті нүктелерін трансформалау болып табылады.
ГАЖ технологиясында бір қатар растрлық моделдері келесі геометриялық талдау операцияларын орындауды қамтамасыз етеді: зоналарды салыстыру, зона алаңын есептеу, зона периметрін есептеу, зонаның шегінен арақышықтықты анықтау, зоналардың формасын анықтау, растрлық қабатты трансформалау.
Оверлейлік операция. Цифралық карталардың ерекшелігі оны көп қабаттар түрінде ұйымдастыруы болып табылады.
Оверлейлік операцияның мәні әр атау бар қабаттарды (екі немесе одан көп) туынды объектілерді генерациялап салу болып табылады. Оверлейдің ең көп таралған операциясы екі полигондық қабатпен салу.
Аудан және периметр полигон атрибуттар санына кіреді. Олардың мәндері бір класқа жататын полигондар шегін жою операцияларына және оверлейлік операцияларына қолданылады.
Буферлік зондарын құру. Буферлік зонасы нүктелер, сызықтар немесе ареал жаңында құрылу мүмкін. Оның нәтижесінде бастапқы объектіні өзіне еңгізетін жаңа ареал пайда болады.
Буферік зоналарды құру операциясы транспорттық жүйесінде, орман шаруашылығына, көл және суағын жерде қорғалатын зоналарды құру кезде, жол бойындағы ластану зонасын анықтау кезде, экологиялық жағдай өзгертуі мен байланысты, қазіргі бар немесе жобадағы транспорттық коммуникациясының әсер ету зонасын анықтауға және т.с.с. қолданылады.
Тораптарды талдау. Тоарптарды талдау операциялары тораптағы оптимисттік есептерін шешуге мүмкіншілік береді. Олар сызықтық кеңістік құрылымдағы координаттық және атрибуттық ұсыну векторлық моделдеріне және оларға топологиялық сипаттамаларын еңгізуге негізделген.
Координаттық векторлық объектілері (нүкте, сызық, полигон, ареал) х, у кординаталар мен реттелген векторлық моделдер жиыны мен анықталады:
• нүкте: (х, у);
• сызық: (х1, у1), (х2, у2), . . . ,(xn, уn);
• полигон: (х1, у1), (х2, у2), . . . ,(хn, уn).
Осы белгіленген үш кеңістік объектілерін цифрлік ұсыну бірдейлігін қамтамасыз етеді, кеңістік талдаудық топтық процедураларын қолдануға мүмкіншілік береді.
Рельефті цифрлік моделдеу. Ол зерттелетін жердегі рельефті жақсы көрсететін мәліметтер база моделдерін құру болып табылады. Осы үдірістер үш мөлшерлік моделдеу және кеңістік талдау есептері мен байланысты.
Рельефтің цифрлік моделдердің (РЦМ) нүкте координаталары жер бетінде қиын формада орналасқан. Осындай бетті анық көрсету үшін көп нүктелер қажет болады, сондықтан РЦМ жер бетін әр түрлі математикалық моделдеуі қолданылады.
4 Жер бетін цифрлік моделдеу
Кеңістік ақпараттарын өңдеу автоматтандырылған әдістердің дамуы моделдеудің жаңа бағыты – цифрлік моделдеудің пайда болуына тура келтірді.
Цифрлік моделдеудің негізгі элементі – әр түрлі технология көмегімен алынатын жер бетін цифрлік моделдеу (ЖБЦМ).
Жоғары да қарастырылған мәліметтер моделдерінен цифрліктің айырмашылығы оларды ЭЕМ өңдеуге арналған формасы болып келеді.
Цифрлік моделдер мәліметтер базасында немесе тәуелсіз файлдық құрылымда сақталуы мүмкін. Цифрлік моделдері ГАЖ, құрылыста, архитектурада көп таралған.
Қазіргі заманда ЖБЦМ көп анықтамаларын қолданады. Олардың арасындағы айырмашылығы ЖБЦМ құрылатын бастапқы моделдер мен есептердің айырмашылығы мен келтіріледі.
Жинақтау негізінде ЖБЦМ құру әдістері. Жинақтау негізінде құруы ЖБЦМ құрылымы, яғни «цифрлік моделі .... бөлігі» принципін қолданып, моделдің негізгі төрт қасиетін көрсетеді.
1 Нақты аймақтық саласындағы объекті моделі ретінде ол берілген аймақтық саласындағы объекті туралы арнай ақпараттары: моделдейтін объектілердің салалық аймақ және жеке қасиеттерін сипаттайтын координаттық және атрибуттық көріністер болу қажет.
2 ЖБЦМ модель ретінде белгілі кластағы моделі мен анықталу қажет, яғни оның толық анықталған құрылымы болу қажет және өзінде негізінде мәліметтер моделдер базасының біреуі болу керек.
3 ЖБЦМ цифрлік модел ретінде ЭЕМ қолдану кезде ыңғайлы және тиімді болу керек. Осы жағдай модельді толық іске асыру үшін оның физикалық құрылымы анықталу қажет.
4 ЖБЦМ мәліметтер базасының элементі ретінде моделдеуге, көп рет қолдануға, талдауға және әр түрлі есептерді шешуге жарамды болу тиісті. Осыдан қарасақ, оны көп реттік қолдану үшін қосымша ақпараттары болу керек.
Ұсынылатын әдебиеттері
1. Цветков В.Я. Геоинформационные системы и технологии.–М.:СИНТЕГ.Интерфейс ПРЕСС, 1996. – 226 с.
2. Королев Ю.К. Общая геоақпарат. Часть 1.Теоретическая геоақпарат. – М.: СП ООО Дага +, 1998. - 118 с.
3. Тикунов В.С., Капралов Е.Г., Заварзин А.В. и др. Сборник задач и упражнений по геоинформатике - М.: Издательский центр « Академия», 2005.-560 с.1
СДЖ арналған бақылау тапсырмалар (5 тақырыбы) [1, 2]
1 Проекциялар және проекциялық қайта келтіру
Достарыңызбен бөлісу: |